Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2015 в 08:27, реферат
Барлық хирургиялық аурулардың арасында сынықтардың алар орны өте жоғары. Сондықтан да олар травматологиялық науқастардың 39-50% құрайды. Жарақаттың бұл түрінің алдын алу мен емдеу қазіргі заманғы травматологияның кезек күттірмес міндеттерінің бірі.
Әрбір хирургтің травмотология негіздерін терең зеріттеп, игере білуін күнделікті тәжірибеде көз жеткізуге болады. Теориялық және практикалық білімсіз хирург бұл салада түрлі жарақаттарды толық емдей алмайды, сонымен қатар әскери және бейбітшілік уақытындағы сынақтарды да анықтап, алғашқы көмек көрсету оңай емес.
Сынық – дегеніміз патологиялық үрдістің (ісік, остеомиелит) немесе жылдам әсер етуші күштің ықпалынан болған сүйек тұтастығының бұзылуы мен жұмсақ тіндердің зақымдалуы жатады.
Әрбір емдеу мекемесінде және жедел жәрдем машинасында транспораттық, құрсау (шина) жабдықтары болуы керек. Бұл құрсау жабдықтары (шина) жетерліктей мықты, қолдануға қарапайым болулары керек. Сымнан жасалған құрсау жабдығы ең қолайлы да ынғайлы болары сөзсіз.
Крамер жабдығы тоқпақ жілік, білек және сирақ сүйектерінің зақымдануында құрсаулап бекіту үшін жұмсақ мақталы жаялықпен қоса пайдаланылады. Ортан жіліктің сынуында Дитерихстің транспорттық құрсау жабдығын жиі қолданады. Кейбір кемістіктеріне қарамастан жамбас, сан, тізе, сирақ буындарының сынықтарында қолданатын құрсау жабдықтарының барлығынан қолайлысы осы жабдық болып табылып келеді. Дитерхис құрсауын қайың, қарағай ағаштарынан жасайды. Кейінгі кездері тот баспайтын жеңіл металлдан жасалып жүр. Транспорттық құрсаулап бекіту үшін лонгеттік гипсті таңғыштарды қолданады. Жалпы транспорттық құрсаулап бекіту алғашқы дәрігерге дейінгі көмек болып саналады. Оны төтенше жағдай болған жерде салады (цехта, шахтада, құрылыста, көшеде, егін жайда). Көп жағдайларда арнайы құрсау жабдықтарының болмауына байланысты сәтсіздікке ұшыраған жерде қолға түскен нәрселерді (бұйымдарды) қолданады (таяқтар, тақтайшалар, ағаш бұтақтары, мылтық, шаңғы, т.б.). Бұл бұйымдардың ұзындығы 2 буынды қамтуға жетуі қажет болуы шарт. Мұндай үлгілі емес (нестандартные) транспорттық жасанды құрсаулар «ойдан шығарылған» (импровизорованные), - деп аталады. Қолға түсер бұйымдар болмаған жағдайда зақымдалған аяқты сау аяққа байлайды. Бұл жағдайда сау аяқ бекітуші, құрсаушы жабдық қызметін атқарады. Жабдықтарды қолданып, құрсаулап, бекініс жасағанда аяққа физиологиялық дұрыс қалып берілуі тиіс.
Сүйек сынықтарын емдеудің негізгі қағидалары
Сүйек сынығы бар ауруларды емдеу мәселесі - сырқат өмірін сақтау, сүйек анатомиясының тұтастығын қысқа мерзімде қалпына келтіру, сырқаттың еңбекке жарамдылығын, аяқ-қолдың қызметін қалпына келтіру сияқты мақсаттарды алдына қояды.
Сүйек сынығы бар жарақаттарды тиімді емдеу мынандай негізгі қағидаларға негізделген:
Сынығы бар сырқаттарды емдеу кезек күтпес хирургияның көмегіне негізделуі керек. Емдеу мекемесіне түскен ауруды тәуліктің қай уақыты болмасын клиникалық, рентгенологиялық зерттеуден өткізіп, сыныққа алғашқы жедел өңдеу шараларын жасайды. Мұндай кезек күтпес шараларға хирургиялық араласу, ішкі ағзалардың зақымдануында көрсетілер шаралардан басқа жараны алғашқы хирургиялық өңдеу де, сынық бар жерді жансыздандыру, сынықтарды түзету мен гипстік таңғышты қолдану да жатады. Жарақат алғаннан кейінгі ертерек кезеңде сынықты қалпына салып дұрыстау оңай болса, кешіктірілген уақытта жиналған қан (гематома) мен ісіктің ұлғаюынан және еттің қайта тартылуынан кәдімгі тәсілдермен сынықтарды орнына салып, түзету қиынға соғады, ал кейбір кездері тіпті іске аспайды. Көпке созылған ауыру сезімі, зақымданған аяқ-қолының тағдырына деген қорқыныш уақытша құрсаулап бекіту жасалғанына қарамастан сырқаттың психологиялық жағдайын нашарлатады.
Сүйектің сынуы туралы түсінік және олардың белгілері
Сүйек тұтастығының бұзылуы — сыну деп аталады. Бұл механикалык күш өсерінен болып, жұмсақ тіндердің зақымдануымен сипатталады. Сьшыктьщ жабьщ және атттық түрлері бар. Ашық сыныктарда сынған жерде жара болады. Бұл өте қауіпті, өйткені жараға инфекция түсу қатері жоғары. Егер сынык екі жарықшакты болса, онда ол:
Жабық (бейбіт уақытта — терінің закымдануынсыз);
толық (сүйектің бүкіл түтастығының бөлігі бүзылуы),толық емес (сүйек шыбығының белгілі бір бөлігі бұзылуы)
болып бөлінеді.
Закымданған сүйектің өзінде едөуір езгерістер болуымен бірге, оның айналасындағы жүмсақ тіндер де (тері, бұлшык ет, буын жүйке) өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Сынық белгілері:
—сынған жердің катты ауруы (шұғыл, сол жердің ауруы);
— аяқ-кол функцияларыньщ бүзылуы — толық сыну кезінде анық, ал толық емес сыну кезінде жөне шаншылған немесе аяқ-қол сүйегінің бірі сынуы кезінде онша білінбейді;
—аяк-кол сүйектерінщ кыскаруы (тексеру немесе өлшеу кезінде);
аяқ-қол сүйектері формасының езгеруі (деформация-майысу);
зақымданған жердегі қалыпсыз козғалыстың болуы (силалап көру кезінде);
кейде сықырлау немесе сүйек сықырлауы (сынықтардың қажалуы — қолмен сезуге немесе естуге болады);
кейде дене қызуыньщ көтерілуі (алғапгқы күндері —38°С-қа дейін);
бас сүйегі, қабырға, омыртқа мен жамбас сүйектері сынған кезде бас пен омыртқа кемігі, өкпе, қуық, тік ішек жөне басқаларының закымдану белгілері айқындалады.
Сынық түрлері мен олардың асқынулары
Толық сынық түрлері:
келденең сыну сызығы — сүйек ұзындығына келденең келеді (түтікті сүйектерде, қысқа сүйектерде — біяек, балтыр,табан сүйектері, тізе тобығы, өкше сүйегі және т.б.);
қиғаш сыну сызығы — сүйек ұзьшдығына көлденең (аяк-колдың ұзын сүйектерінде жиі кездеседі);
бойлық сыну сызығы — сүйек ұзындығьша параллель (көбіне саусақ сүйектерінде немесе аяк-қол ұзын сүйектерінің буын ұштарында);бұранда төрізді сыну сызығы — бұранда төрізді сызық түрінде (үзын сүйектердің бұралған кезінде — көбінесе аяқ, иық сүйектерінде);
аралас сыну (сызықтарының бірнешеуі Т—төрізді,Ш—төрізді, сына төрізді жөне т. б.) сызығы. Көбінесе ішкі
жөне буын айналасы сүйектерінің сынуы;
шаншылған сүйек сынығы — басқа сүйекке еніп ("шаншылып") кетеді. Сүйек тұтастығының бұзылуы саныбойынша жекеленген жөне көптеген, жарыкшақты болады (сүйектің үш жөне одан да көп сынуы, көбінесе ок тиген жараларда).
Сыну кезінде сүйек сынықтарының орны ауысуы мүмкін (бұлшық еттің жиырылуы сүйек сынығына жабысып түрған) инфекцияның дамуы (жұмсақ тіндердің іріңдеуі, зақымданған сүйекте іріңді некротикалық процестің дамуы —оқ тиген жара остеомиелиті).
Балаларда ерекше сынықтар жиі байқалады — мертігу-лер сүйек дөңесі бетіндегі сыньщ сүйек асты-үсті аз жылжуы, эпифизиолиздер, сүйек ұштарындағы сүйектенбеген эпифизарлы шеміршек аумағындағы сынық.
Сынық кезінде зардап шегушіні толық тыныш қалыпқа келтіру керек. Бұл шоктың пайда болу себептерін азайтады, жұмсақ тіндер мен тамырлардың сүйек сынықтарымен зақымдануының алдын алу кажет. Егер сынықтар ашық болса, онда алдымен қан кетуді тоқтатып, жараға таңғыш салады. Киім мен аяқкиім шешіледі немесе тігісінен сөгіледі. Жарақаттық уыттану туралы түсінік (жұмсақ тіндердіц ұзақ уақыт бойы шаншылып қалу синдромы) және оның белгілері
Жұмсақ тіндер көбінесе (аяқ-қолдың) киратылған ғимараттар, кұрылыстар, шахталардағы опырылған тау жыныстарының сынықтарымен шаншыльш калуы мүмкін.
Үзак уақыт бойы шаншылып қалу синдромы төтенше жағдайларда (жер сілкіну, шахтадағы опырылу, соғыс уақытында) кездеседі. Үзак уақыт бойы шаншылып қалу синдромының апаттар кезінде ауыр формалары жиі болады (зақымданудың бірдейлігі, шаншылып қалудың ұзақ-тылығы, зақымданушьшы іздестірудің киыншылығы жөне оларға өз уакытында жөрдем көрсету).
Бұлшық еттердің үзақ уакыт бойы шаншылып немесе олардың жаншылып, дененің амалсыз жағдайында ұзақ уақыт бойы ишимияға ұшырауы кезінде:
1) алғашкы екі күнде (ерте кезеңде) закымданған бұлшық еттердің көлемді өлі еттенуі мен жүрек-қан тамыр кызметінің жеткіліксіздігі өсерінен аяк-колдьщ ісінуі;
2) бүйрек кызметінің жеткіліксіздігі (2-3 күннен соң байкалып, 3—5 аптаға созылады) (аралық кезеңі);
3) буындардағы сіресімдермен, көп козғалмаушылыкден, некроз аумағындағы жаралар мен жарақаттанудан жүйке қабынуы (кеш кезең) байқалады.
Үзак уақыт бойы шаншылу синдромының клиникалык өту ауырлығы шаншылудың көлемі мен ұзақтығына байланысты төрт түрге бөлінеді:
— аса ауыр (8 сағаттан астам уакыт бойы қол-аяқтың шаншылып қалуы; бұл кезде ауыр шок кұбылысы байқалып,1-2 тәулікте жүрек-қан тамыр қызметі мен өкпе қызметінің жеткіліксіздігі салдарынан өлімге соқтырады);
— ауыр (4—6 сағат бойы аяктың немесе колдың шаншылып калуы; бұл кезде шок құбылысы байқалады,14—21 тәулік бойы бүйрек кызметінің бұзылуы, өлім-жітім 50—70 пайыз жағдайда);
— орташа ауырлық (кезугінде 4 сағат бойы қол немесе аяқтың шаншылуы, жеңіл шок кұбылысы артериялык қысымның тұрақсыздануы, жедел бүйрек кызметінің жеткіліксіздігі омегоанурия ұзақтығы — 5—14 күн, станционарлық емдеуден кейінгі жазылып шығуы — 2—2,5 ай, өлім-жітім жағдайының мөлшері 30 пайыздан аспайды);
— жеңіл, кемінде 4 сағат бойы (аяқ-қол шеткі белшектерінің жұмсак тіндерінің шаншылуы). Шок қүбылысысимптомы өлсіз білінеді, қысқа уакытты олигоанурия (1—2 күн), ауру жазылады.
Ұзақ уақыт бойы шаншылу синдромы кезіндегі өзгерістер бүлшық ет, бүйрек, бауыр, өкпе және бүйрек үсті безінің зақымдану жағдайында байқалады.
Белгілер: зақымданған қол-аяқта байқалады—көлемінщ ұлғаюы, ісіну, жара, қанталау, сүйықтыкка толған көпіршіктер, жарақаттанған заттан калған іздер; сонымен қатар бұлшық еттердегі, бүйрек жөне бүйрек үсті бездеріндегі патоморфологиялық өзгерістер.
Үзақ уақыт бойы шаншылу синдромы кезеңдері бойынша негізгі клиникалық белгілер
Ерте кезең (жаракат алған соң 1—3 төулікте) шок құбылысына төн қан айналым бұзылуы басым болады.
Білінуі — ауру сезімі, қозғалыс шектеулігі жөне қол-аяктың ісінуі, жаншылуы, қанталау, соңына карай — ісіну, кол
аяктағы тамырдың соғуы өлсіз. Одан ары қарай ісіну мен ауру сезімі ұлғайды, көбіршік пен өлі еттену учаскелері пайда болады, кол-аяк суынып, козғалыс шектеледі,сезгіштік бұзылады (жарақаттар мен жүйке тамшығының ишимия есебінен); жалпы жағдайы нашарлайды, кан қысымы төмендейді, тамыр соғуы жиіленеді, оған өлсіздік,енжарлық, талғаусыздық косылады, дене қызуы төмендейді.
Аралық кезең (2—3 күннен соң): жедел бүйрек қызметі жеткішксіздігінщ клиникалык симптомдары өсе түседі, ауру сезімі, терінің жансыздануы мен жұлынып қалуы азаяды,дене қызуы мен қан қысымы көтеріледі. 4—5 күннен кейін аурудьщ жағдайы нашарлайды (олигоанурия, ОЖЖ, тыныс алу органдары, жүрек-қан тамыр жүйесі жағынан өзгерістер).
Кеш кезең (жаракат алған соң 1—1,5 айдан кейін): жарақат симптомы мен сол жердің білінуі басым болады;
бүйрек қызметі біртіндеп қайта калпына келеді; кол-аяқтың ауруы мен сезгіштігі өте баяу өтеді.
Соғып алу, буынның шығуы, сіңірдің созылуы, олардың белгілері
Соғып алу—жұмсақ тіндердің бұзылуы, көбінесе құлау немесе бір нөрсеге ұрьш алу кезінде пайда болады; бұл кезде тері, ұсақ тамырлар зақымданады; тіндерде кан қүйылуы немесе жиналуы (канды ісік) пайда болады.
Белгілері: ауру сезімі, ісуі, қанталау, қол-аяқтың козғалысының аздап шектелуі, тек кейбір жағдайларда (ішті, жұмыртқаны соғып алу) шок кұбылысы немесе дене кызуының аздап көтерілуінің байкалуы мүмкін.
Буынның шығуы — буын айналасындағы сүйек ұш-тарының жылжып кетуі, иық, шынтак жөне жамбас буындарының жиі шығуы, ал кейбір жағдайда қол саусақтарының жөне теменгі жак сүйек буындары шығып кетеді. Буьш қапшығының жарылып кетуі мүмкін, буын айналасындағы байламдардың, бұлшык еттін, сіңірдің, терінің, тамырдың, жүйкенің, сүйектің зақымдануы.
Белгілері: зақымданған буынның ауыруы, қол-аяктың қозғалысқа келмей қалуы, буынның өзгеруі, буын басы-ның баска жерден табылуы, тексеру кезінде созылмалы болуы.
Буын аралығының созылуы мен үзілуі — буын тұсындағы шұғыл козғалыс кезінде буын аралығының созылуы жөне үзілуі мүмкін көбінесе аяқ-басы — балтыр буынынын тұсында, ал баска жерлерде (тізе, көрі жілік, білезік буынында жөне т.б.) сирек болады.
Белгілері: соғып алу кезіндегідей, бірақ буын аралығы бекітілген жерлерде жанға батарлық жөне қатты ауру: кол-аяқ козғалысы шектеліл, кейде буьш қуысына кан күйылуы (канды буын) мүмкін.
Ашық және жабық сынықтар кезінде алғашқы меди-циналық жөрдем көрсетудің (АМЖК) жалпы ережелері
АМЖК кезінде сыныктардың аскынып кетпеуіне (жаракатты шок, қансырау жөне т.б.) көп көңіл бөлінеді. Ең алдымен, шок немесе артериядан кан кету кезінде (аз уақытка жгут салынады) жөрдем көрсетіледі. Үлкен түтікті сүйектердің (жамбас жөне т.б.) сынуы кезінде зардап шегушіге шоктың алдын алу жөне ауыру сезімін азайту үшін ауыруды басатын дөрілер (промедол, морфин жөне т.б.) енгізіледі. Морфинді қабырға, жамбас жөне т.б. сынуы кезінде колдануға болады.
Зақымданған кол-аяқты иммобилизациялау керек (уакытша бекіткіш таңғыш немесе қол-аяқтың, дене бөліктерінің козғалысы мен тыныштығын қамтамасыз ететін тасымалдағыш жақтаулар салынады). Олар:
ауыру сезімін (шоктың алдын алу) азайтуға ;
жаракаттық бүлінудің (жұмсак тіндер мен ішкі органдар) пайда болуына жол бермеуге;
ашық сынық кезінде жара жүщіасы пайда болуы мен дамуының қаупін азайтуға;
4) сынық сүйектерінің бітіп кетуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға көмектеседі.
Егер ашық сынык болса, онда жақтауларды салмас бұрын жараны еңдеп, стерильді тащыш салу керек. Жараға жүкпа түспеу үшін, сүйек сынықтарын түзетуге болмайды.
Зақымданған ошақта стандартты жақтаулардан басқа жасаңды (колда бар) жақтаулар (ағаштан, шыбықтан, ағаш қабығынан, кабықшадан, сабан байламынан, картон қағаздан, қолшатырдан, күректен, сүңгі пышактан, мылтықтан жасалған) колдануы мүмкін.
АМЖК қолдануындағы түрлі стандартты жақтауларды пайдалану керек: металдан жасалған (мысалы, Крамер сатылы жақтаулары) ағаштан жасалған (Дитерихс типті жақтаулар), кейде пластмастан жасалған (кол-аяқты ыстык суға түсіргеннен соң оларды реттейтін).
Жақтаулар — алдын ала мақта немесе баска матамен оралады; жақтаудың бір бөлігін киім үстінен (соғыс немесе кыс кезінде) салады, оның астында жараға салынатын стерильді таңғыштар қалады.