Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Орталық Азия мемлекеттерінің мәдени үрдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 12:30, курсовая работа

Краткое описание

Әлемнің бүкіл елдері сияқты, Орталық Азия елдеріде баяғы заманнан келе жатқан құнды мәдени мұрасы мол. Бүкіл әлемге танымал Орта Азия елдер аймағында табылған ғимараттар, жазбалар, мүсіндер белгілі.
Әрбір мәдени және экономикалық даму сатысы тікелей тарихында болған оқиғалар мен жеткен жетістігіне сүйеніп дами алады.
Мәдени дамудың ең жоғарғы жетістігі ол әр бір адамдардың ой өрісі, адамгершілік қасиеті бір ұрпақта ғана қалып қалмай, ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып дамуы, оның адамдарға деген этикалық, интеллектуалды, адамгершілік қасиетін дамытуы. Ол әрбір адамның жақсы ой қалыптастыруына алып келуі.

Содержание

I. Кіріспе
1. Орталық Азия елдерінің мәдени дамуына әлеуметтік – экономикалық әсері

2. Орыс мәдениетінің Орталық Азия мәдениетінің дамуына ықпалы.
3. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін және қазіргі кезеңге дейінгі Орталық Азия мемлекеттерінің мәдени тұрғыда қол жеткізген жетістіктері. мәдениеттану процесі
3.1 Тәуелсіз Қазақстанның ғылымы, білімі және мәдениеті

3.2 Тәуелсіз Өзбекстанның мәдени даму процесі

II. Қорытынды
III. Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Орталық Азия .docx

— 59.16 Кб (Скачать файл)

 

               АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҚАТЫНАСТАР

                                     ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ТІЛДЕР УНИВЕРСИТЕТІ 

 

Факультет:     Шығыстану

Кафедра:  Әлемдік мәдениет және  өркениет

 

 

«Қорғауға жіберілді»

_____________кафедра меңгерушісі Есеркепова Ж.О.

 

 

 

 

 

Жоба  жұмысы

 

Жоба тақырыбы:     Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Орталық Азия

мемлекеттерінің мәдени үрдістері

 

    Мамандық бойынша 050209 -Шығыстанушы

 

 

 

 

Орындаушы: Копбаев С.А. Сейдаева Э.А

 

Ғылыми жетекші:

т.ғ.к.,  доцент Есеркепова Ж.О.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2013

 

 

Жоба тақырыбы:     Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Орталық Азия   

                              мемлекеттерінің мәдени үрдістері

 

 

  • Мәселе: Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Орталық Азия мемлекеттерінің мәдени тоқырауы.
  • Жобаның басты ойы: Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Орталық Азия мемлекеттері мәдениетінің тоқырауы және олардың даму үрдісін ашып көрсету.
  • Жобаның мақсаты: Орталық Азия мемелекеттерінің мәдени даму процесіне аналитикалық талдау жасай отыра,  мәдениеттің дамуына жаңа жолдар табу.
  • Жобаға қойылған тапсырма:

1-  Орталық  Азия елдері мәдениетінің  әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

2 - Орыс мәдениетінің Орталық Азия мәдениеті дамуына ықпалы.

3 – Кеңес  Одағы ыдырағаннан кейін және қазіргі кезеңге дейінгі Орталық Азия мемлекеттерінің мәдени тұрғыда қол жеткізген жетістіктері.

 

 

                                       

          

                                                ЖОСПАРЫ:

 

I. Кіріспе

1. Орталық Азия елдерінің  мәдени дамуына әлеуметтік – экономикалық әсері

 

2. Орыс  мәдениетінің Орталық Азия мәдениетінің  дамуына ықпалы.

3. Кеңес Одағы  ыдырағаннан кейін және қазіргі кезеңге дейінгі Орталық Азия мемлекеттерінің мәдени тұрғыда қол жеткізген жетістіктері. мәдениеттану процесі

3.1 Тәуелсіз Қазақстанның  ғылымы, білімі және мәдениеті

 

3.2 Тәуелсіз Өзбекстанның мәдени  даму процесі 

 

II. Қорытынды

III. Қолданылған әдебиеттер

 

                                                 I. КІРІСПЕ

Әлемнің бүкіл  елдері сияқты, Орталық Азия елдеріде баяғы заманнан келе жатқан құнды  мәдени мұрасы мол. Бүкіл әлемге танымал  Орта Азия елдер аймағында табылған ғимараттар,  жазбалар,  мүсіндер белгілі.                                   

Әрбір мәдени және экономикалық даму сатысы тікелей  тарихында болған оқиғалар мен жеткен жетістігіне сүйеніп дами алады.

Мәдени  дамудың ең жоғарғы жетістігі  ол әр бір адамдардың ой өрісі, адамгершілік қасиеті бір ұрпақта ғана қалып  қалмай, ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып дамуы, оның адамдарға деген  этикалық, интеллектуалды, адамгершілік қасиетін дамытуы. Ол әрбір адамның  жақсы ой қалыптастыруына алып келуі.

 Қоғамда  Орталық Азия елдерінің дамуына  үлкен үлес қосқан фактор ол  Рессеймен одақтасуы болып табылады. Бірақ Орталық Азия елдері  Рессейге тек шикі заттар базасы  болғанымен, Орталық Азия елдері  Рессей арқылы Еуропа мәдениетіне  қол жеткізді. Сонымен қатар сол  арқылы Орталық Азия елдерінде  мәдениеттің дамуына  мектептердің  ашылып, жазба мен ойын толықтай  жеткізе айта алуын үйрететін  жерлер ашылып дамыды. Одан бөлек  әр бір елдің өз ерекшелігіне  байланысты өзіндік салт дәстірін  оқытты.

Өзіңнің туған жеріңді тереңірек оқып білсең одан да ыстық болады. Сондықтан  алдыңғы болашақты болжау үшін және ұлттық  мәдениет шедеврлерін жасау  үшін өз еліңнің тарихын жетік  білу қажет.

Бұл жобаның  басты мақсаты: Кеңес Одағы ыдырағаннан  кейінгі Орталық Азия елдерінің  мәдени даму процессі.

Оның  тапсырмасы: Орталық Азия елдер мәдениетінің  әлеуметтік, экономикалық және саяси  шарртар дамуына  анализ.  Бұл  жобада одан басқа орыс мәдениетінің жергілікті Орталық Азия мемлекеттер  мәдениетімен тығыз байланысып кетуі. Орыс мәдениетін Орталық Азия елдерінде  мектептер ашу арқылы оқытып уйрерту, мәдени жағынан жетіктіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Орталық Азия елдерінің  мәдени дамуына әлеуметтік – экономикалық әсері

ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы Орталық Азия елдерінің  оқудан бұрын, «Орталық Азия» терминінің түсінігіне тоқталып кету керек. Ол ХIХ  ғасырдың ортасында әдебиет пен  география көлемінде үлкен орын алды. Сол уақыттағы неміс географы және саяхатшысы Александр Гумбольдтың  жазып шығарған «Орталық Азия» атты кітабы жарыққа шықты. Ол бірінші  болып Орталық Азия елдерінің  шекарасын сызып көрсетпекші  болған. Ол Орталық Азия деп ортаңғы  Азия материгіндегі аумақты айтты.

  30 жыл өткен соң басқа неміс белгілі қытай зерттеушісі, ғалымы Фердинанд Рихтгофен Орталық АЗияға жаңа ат беруді ұсынды. ХIХ ғасырдың орыс әдебиетінде орталық Азия аумағын екі терминмен қолданды. «Орта Азия» және «Орталық Азия». Біріншісі екіншісінен ертерек пайда болып кең көлемде болған.   Бізге ол Еуропа ғылымна Шығыс ғылымынан келген де аударылғанда «Орталық» деп мағына берген. Ал орыс тілінде ол «Орта»  деп қалды. Орталық Азия деп тек Александр Гумбольдтың кітабы жарыққа шыққанда Ресейде қолданыла бастады.

 Орталық  Азия жерін терең зерттеген  зерттеуші И.В. Мушкетов Орталық  Азия туралы  былай жазған: Егер  Азия жерін бөлетін болсақ  онда үлкен теңізге шыға алатын  су қоймаларының бар немесе  жоқтығын қарау керек дейді.  Сол принципке сүйене отыра  ол Азия материгін екіге бөлген. Ол бірінші бөлігін теңізге  шыға алмайтын аумақты айтты.  Оған Тибетпен бірге Орталық  Азия, Кіші Азия мен Иран және  Түркістан мен Арал, Каспий аумағы. [18]

   Сонымен  ХIХ ортасында «Орталық Азия»  термині берлігілі бір аумақты  білдіретін болды. 

 ХIХ ғасырдың екінші жартсында  Орталық Азия елдірінің географиясын, этнографиясын, тарихын, мәдениетін  жаппай зерттеу басталды.

Оны зерттеушілер экспедиция құру арқылы іске асырды. Оның құрамына көп деген мемелкеттер  ғалымдары кірді. Көптеген мемлекеттерде  шығыстанушылар пайда болып Орталық  Азия елдерінің мәдениетін, жерін, дінін  зерттеп отырды.

  Орталық  Азия елдерінің Ресей құрамына  кірген соң   саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайлар Орталық  Азия елдерінің алдыңғы даму  эволюциясына әсер етті де  прогрессивті ойларға жақсы бастама  болды. 

ХIХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасырдың басында әдебиеттер мен қоғамдық ойшылары Ахмед Донша, Фурхата, Мукими, Аваза, Отара, Завки  демократиялық, антиклерикалық, материялдық  мативтер халықта орын алды. Ол жерде  ең басты этникалық байлық ол жұмысты  жақсы көру, ой, жақсылық жасау, өмірге деген сүйіспеншілік, оптимистік көз  қарас бүкіл фольклорде қолданды.  Бұл гуманистік және рационалистік  ойлар: Рудаки, Фирдоуси, Джами, Навои, Омара Хаяма, Саади сияқты әдеби  жазба классиктерінде айтылды. Бұл  Ресей аумағынан келген ғылыми және мәдени жетістіктер жергілікті Орталық  Азия тұрғындарының ойлау қабілетін  кеңейтіп, оған дейінгі өмірге деген  көз қарасты өзгертті.

 ХХ ғасырда  Ресеймен келген капитализм сол  уақытта нақты орын алды.

Орталық Азияда дін ұлттық салт-дәстүрмен, халықтық фольклормен тығыз байланысты болды.

 Ислам  діні басшыларың Орталық Азия  елдеріндегі мектепте сабақ беру  методикасы  және оқыту түрі  өте нашар болғанын айтады.

 Ал енді 1917 жылғы жаңа оқыту методикасымен  ашылған мектептер туралы айтатын  болсақ, орталық Азияда  92 ғана  мектеп болды және ол жерде  8 процент дінімен ғана шектелді. Ол жерде оқып бітірген адамдардың  ой өрісі жоғары болған туралы  айтады. Ал жаңа оқу бағдарламы  бойынша мектептерде жазуды, оқуды,  белгілі ақындарды оқытумен болды.  Ондай жерлерде тек байдың  балалары оқыған болатын. 

 

2.    Орыс мәдениетінің  Орталық Азия мәдениетінің дамуына  ықпалы

 

Орталық Азияның Ресейге қосылуына дейінгі  әдеттегі көрініс парсы-құлдардың  орыс қорғаншылық бекіністеріне  қашуы болды. Мысалы, 1865-1867 жж. 17 қор  құлдыққа сатылған мыңдаған тұтқындардың арыздары тіркелген 202 бетті құрайды. Бұл құжаттар езілуші адамдардың зорлық-зомбылықта және қорлауда жүргенін; күйзелген құлдардың алып-сатылып, қайтадан әр түрлі адамдарға сатылғандығын  куәландырады.

Құранға сәйкес "дінгесенушіге", егер құл "кәпір"-"опасыз" болған жағдайда, құлдыққа айналдыруға, құлдарды сатып  алуға және сатуға рұқсат етілген.

Егер  құл мұсылман болса, онда мұсылман иесі оны құл ретінде ұстауына болмайтын  еді. Алайда мұсылман руханияты құлиеленуші  шонжардың атағына орай "кәпір" ұғымының казуистикалық түсінігі арқылы Құранды да айналып өту мүмкіндігін  тапты. Сенуші мұсылмандарды шынайы сенуші молдалар жорыды, ал олар Бұқара мен Хивада мұсылман-сунниттер деп  жарияланды.

XIX ғ.  екінші жартысындағы құжаттарда  көрсетілгендей, ересек және дені  сау құл үшін төленетін әдеттегі  баға 3 р.80 т. күміс ақшаға теңестірілген  12 тилеге (алтын ділдәлар) жеткен. Дегенмен, Вамбери "құлдардың бағасы  түркмендердің саяси жағдайларына  сәйкестендіріле өзгеретінін белгілеген.

Құлдықтың біртіндеп жойылуы, ал кейінірек  оның толығымен жойылуы тек Орталық  Азияның Ресейге қосылуынан кейін  ғана болды.

1868 ж.  орыс әскерінің жеңісі нәтижесінде  қоқандық ханмен (1868ж. 20 қаңтар) және  бұқарлық әміршімен (1868 ж. 18 шілде)  бейбіт келісімшарт бекітілді. 1873 ж. 12 маусымда орыс билеушілері  құлдарды азат етті, және де  алдағы уақытта оларды сатуға  және иемденуге тыйым салды,  Хива Ресей егемендігіне бағынды. [29]

Сол 1873 жылдың қыркүйегінде Бұқарада да құлиеленушілік жойылды.

Орыс  генералы М.А.Терентьев "Орта Азияны жаулап алу тарихы" атты еңбегінде " Хандықта 30 мыңға жуық құлдар және ертерек босатылған 6500-ге жуық адам болған деп есептеледі" деп көрсеткен.

1884 ж.  Азиядағы құлдардың негізгі нарықтарының  бірі болып табылатын Мерв  алқабы Ресейге қосылды.

Зайырлы білім негізі тек XIX ғ. аяғы - XX ғ. басында, дін негіздерінен сабақ беру зайырлы  ғылымдар бастауынан сабақ берумен  үйлестірілген жаңа-әдістемелік  және орыс-жергілікті деген атауға ие оқу орындары пайда болған кезде  ғана туындады. Бұл мектептердің пайда  болуына дейінгі бірден-бір негізгі  оқу орындарының бірі түрлі конфессиялық мектептер болды. Негізгі оқу  орындары болып мактабтар және конфессиялық білім берудің жоғарғы сатысы болып танылатын - медреселер болды.

Хандық  өкімет те аймақтағы білім беру жүйесінің  өзгеруіне қызығушылықта болды. Әлбетте, бұл мәселеде үкіметтің  ресми саясаты өзіндік пайдакүнемдік  мақсаттарды көкседі. Бір жағынан, патшалық Орта Азия халықтарына мұсылман руханиятының ықпалын әлсіреткісі  келді, себебі ол халық арасында магометандық (мұсылмандық) нанымды таратушы болып  қана қоймай, жаңадан қайта қосылған аймақта Ресей ықпалының таралуына  кері әсерін тигізетін қарсылас та болды. Екінші жағынан, үкіметке жергілікті ұлттар арасынан беріліп адал жұмыс  атқаратын шенеуніктер дайындауға үміттенуге болатын сауатты, орысша сөйлеп-жаза білетін адамдар қажет  болды. Ол шенеуніктер, патшалық үкіметтің  ойы бойынша, Орталық Азияда патшалықтың  Орталық Азияда патшалықтың колониалдық саясатының барлық акцияларының белсендi жетекшілері болуға тиіс еді.

1876 ж.  Патшалық Үкімет Түркістандағы  мектеп саясатын іске асыру  үшін Түркістан аумағы білім  мекемелерін басқаруды ұйымдастырды.

1884 ж.  соңында «Ташкенттің азиялық  бөлігінде» алғашқы мектеп ашылған  болатын. Бұл мектеп үшін мекемені  Сеид – Корим – Сеид Азимбаев деген бай өзбек кісі өз үйінен бөліп берді. Сондықтан мұндай мектептер орыс-жергілікті училищелер атауына ие болды.

Түркістан аумағының білім мекемелерін  ұйымдастыру (1876-1896 жж.) уақытынан бастап 20 жыл ішінде оқушылардың саны 675-тен 5003-ке дейін артты, оның ішінде жергілікті ұлттардың саны 158-ден 842-ге дейін.

В.И.Ленин  елдің барлық аумақтарында міндетті түрде мемлекеттік (орыс) тілді енгізуді талап еткен либералдарды сынап, былай деп жазған: «Біз сенімдіміз, Ресейдегі капитализмнің дамуы, жалпы бүкіл қоғамдық өмірдің  барысы барлық ұлттардың бір-бірімен  өзара жақындасуына әкелуде. Жүздеген мың адам Ресейдің бір шетінен  басқа шетіне ауыстырылып, халықтың ұлттық құрамы араласуда, жекеленушілік  және дөрекілік жойылуы керек. Өз өмірі мен жұмысының шарттарына сәйкес орыс тілін білуді қажет ететіндер  еш кедергісіз үйренеді.»

Информация о работе Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Орталық Азия мемлекеттерінің мәдени үрдістері