Жергілікті басқарудың теориялық аспектісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2015 в 16:39, курсовая работа

Краткое описание

Үшінші тарауым «Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары» деп аталады. Бұнда мен мемлекеттік басқаруға енгізілуі мүмкін болатын жаңашылдықты да қарастырып, оның республикалық деңгейде маңыздылығы мен тиімділігін атап өткім келді.
Жалпы қазақстандықтардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін жағдай жасалуда, азаматтарымыз ендігі кезекте кез келген салада, мейлі кәсіпкерлікте, мейлі мемлекеттік қызметте мүмкіндіктерді пайдалана алатындарына сенімім мол!

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................
3

1
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУҒА ТЕОРИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАС


1.1
Басқару түсінігінің қалыптасу мен даму тарихы....................
5

1.2
Қазіргі заманғы басқару және оның элементтері...................
6

1.3
Мемлекеттік басқару жүйесі....................................................
9

2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (биліктің 3 тармағы негізінде)


2.1
Заң шығарушы билік – биліктің мемлекеттік түбірі ретінде.........................................................................................
12

2.2
Атқарушы биліктің құрылымы................................................
18

2.3
Сот билігінің ұйымдастырылу ерекшеліктері........................
24

3
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ


3.1
Жергілікті өзін-өзі басқару: болашаққа апаратын жол.........
30
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................
37
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................

Вложенные файлы: 1 файл

мемлекеттiк баскарудын теориялык аспектiсi курсовая 2009(весна)-.doc

— 181.50 Кб (Скачать файл)

Атқарушы билік органы деп – мемлекеттік биліктік механизмінің мынадай буыны түсініледі, билікті бөлу принципіне сәйкес мемлекет оған қоғамның шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси өмірінің әр түрлі облыстарында атқарушы-өкім етуші қызметін іс жүзінде жүзеге асыруды тапсырады.

Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің принциптеріне тоқтала кететін болсақ, оларға келесілер жатады:

    1. Заңдылық мемлекеттік-басқарушылық қызметтің заңға тәуелсіздігінен, сондай-ақ Конституция мен заңдардың жоғары тұратындығынан туындайды.
    2. Мемлекеттік-басқарушылық қызмет объектілерінің ерекшеліктерін ескеру принципі. Мұның маңыздылығы мемлекеттік объектілермен қатар көптеген мемлекеттік емес құрылымдардың жеке меншік институттарының, әр түрлі қоғамдық бірлестіктердің пайда болуымен, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының одан әрі кеңейе түсуімен байланысты.
    3. Атқарушы билік оргындарын ұйымдастыру мен қызметінде алқалық пен дара басшылықты дұрыс үйлестіру мемлекеттік-басқарушылық қызметтің негізгі мәселелерін шешкен кезде ұжымдық пікірді ескеруді қамтамасыз етеді.
    4. Жоғарыдағы принциптен келесі – тұтастай атқарушы билік органдарының және әрбір мемлекеттік қызметшінің оларға тапсырылған жұмыс бөлігі үшін жауапкершілігі туындайды.
    5. Атқарушы билік органдары жұмысының жриялылық принципі өзінің жұмысының аса маңызды нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жария етуді, жалпы жұртқа хабарлап жеткізуді болжайды.

Атқарушы билік органдары өз қызметінің мазмұны және нақтылы бағыты бойынша ажыратылады. Оларды төмендегідей түрлі топтарға бөлуге болады:

    1. Қызметінің аумақтық көлемі бойынша атқарушы билік органдарының екі деңгейін бөлуге болады: республикалық және жергілікті. Бұл белгі унитарлық мемлекеттік құрылыспен және Қазақстан Республикасын әкімщілік-аумақтық бөліністерге бөлумен байланысты.
    2. Ұйымдастыру – құқықтық нысандары бойынша, бұл ең алдымен олардың аттарынан көрініс табады.
    3. Атқарушы билік органдары құзыретінің сипатына байланысты мыналарға бөлінеді: жалпы құзыретті, салалық құзыретті, салааралық құзыретті.
    4. Өз ведомствосына қарасты мәселелерді шешу тәртібі бойынша мыналар ажыратылады: алқалы органдар, дара басшылық органдары.

Қазақстан Республикасының Үкіметі – Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері Конституцияның V-бөлімінде бекітілген.

Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының тәртібі Президенттің “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” 1995 ж. 18 желтоқсандағы конституциялық заң күші бар Жарлығымен және осыған өзгерістер мен тлықтырулар енгізу туралы 1999 ж. 6 мамырдағы Конституциялық заңмен белгіленген.

Үкімет – алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері – Премьер-Министр, оның орынбасарлары, министрлер және республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді.

Үкіметтің негізгі конституциялық өкілеттіктеріне:

    1. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
    2. Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсыну, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;
    3. Мәжіліске заң жобаларын енгізу және заңдардың орындалуын қамтамасыз ету;
    4. мемлекеттік меншікті бақаруды ұйымдастыру;
    5. Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлеу;
    6. Министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасау;
    7. Республиканың министрліктері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қоданылуын толықне бір бөлігінде жою немесе тоқтата тұру;
    8. Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындап, қызметтен босату;
    9. Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен және жүктелген өзге де қызметтерді орындау жатады.

Қазақстан Республикасында әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып, қызмет атқарып жатқан мына төмендегідей орталық атқарушы органдардың түрлері бар:

    1. Қазақстан Республикасының министрліктері. Министрлік мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасауды, сондай-ақ заңдарда көрсетілген шектерде – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады.
    2. Қазақстан Республикасының агенттіктері. Қазақстан Республикасының агентігі Үкімет құрамына енбейтін орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттікті Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша Президент құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
    3. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары. Республиканың орталық атқарушы органының Комитеті тиісті орталық атқарушы органның ведомствосы болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен Үкімет құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Ведомство Республиканың орталық атқарушы органы құзыретінің шегінде арнайы атқару және бақылау-қадағалау міндеттерін, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың ішкі саласына басшылық жасауды жүзеге асырады.

 

 

 

2.3 СОТ БИЛІГІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Қолданып жүрген заңдарда “құқық қорғау органдары” деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес сипаттағы әр түрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болы табылады.

Жалпы құқық қорғау қызметіне тән белгілер:

    • құқық қорғау міндетінің болуы;
    • құқық қатынастарының субъектілеріне ықпал етудің арнаулы заңдық шараларын қолдану;
    • заңмен қатаң түрде регламенттеу;
    • белгіленген рәсім – іс жүргізу тәртібі болып табылады.

Құқық қорғау қызметінің мақсаты – құқықпен міндетті қорғау – олардың қолданылу пәрменділігін қамтамасыз ету, нормаларды сақтау және олардың сақталмағаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану. Міндеттер айқындалған соң, оның негізгібағыттары (нысандары):

конституциялық бақылау;

сот төрелігі;

прокурорлық қадағалау;

әділет органдарының қызметі;

қылмыстық қудалау;

адвокатура органдарының қызметі болып бөлінеді.

Құқық қорғау қызметінің айрықша ерекшеліктері бар. Ол конституциялық принциптерге – оның мәнін және мазмұнын айқындайтын, жалпы басшылық идеялары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Ең алдымен оларға мыналар жатады:

    1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 34-бабында баянды етілген жалпы құқықтық заңдылық принципі, оны барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың Конституция мен заңдардың нұсқамаларын бұлжытпай сақтауы деп түсіну керек.
    2. Екінші бір негізгі принцип – адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында адамның ар-ожданы, қадір-қасиеті, құқықтары мен бостандықтары қымбат қазына деп жарияланған.
    3. Азаматтар мен заңды тұлғалардың заң және сот алдындағы теңдігі принципі (Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы). Шыққан тегі, әлеуметтік, қызметтік және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, нанымдары, тұрғылықты жері есебі бойынша немесе өзге де кез келген өзге жағдайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
    4. Жариялылық принципі құқық қорғау қызметі, бұл мемлекет немесе жеке бастың мүдделеріне залалын тигізуі мүмкін жағдайларды есептемегенде, ашық және көпшілік алдында жүзеге асырылатындығын білдіреді.
    5. Жан-жақтылық, толықтық және уәжділік принципі. Құқық қорғау органдары өз жұмыстарында қателіктер мен басқа да жолсыздықтардан аулақ болу үшін осы приниптерді бұлжытпай орындап отырулары керек.
    6. Ұлттық тіл принципі (Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы). Ол біздің көпұлтты еліміздің ерекшелігін көрсетеді және Республикамызда тұратын барлық халықтардың құқықтары мен бостандықтарын сыйлыуға негізделген.
    7. Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру кезіндегі кәсіпқойлық принципі. Ол мұндай қызметті, негізінен алғанда, заңгерлік жоғары білімі бар, арнайы дайындықтан өткен, белгілі дәрежеде өмірлік және құқықтық тәжірибесі бар адам жүзеге асырады дегенді білдіреді.
    8. Әркімнің білікті заңгерлік пен қорғаным құқығына кепілдік принципі (Қазақстан Республикасы Конституциясы 16-бабының 3-тармағы). Әрбір адамның заңда белгіленген тәсілдер мен құралдарды қолдана отырып қолдануға, сондай-ақ азаматтық және өзге де кез келген істерді шешкен кезде білікті заңгердің, оның ішінде адвокаттардың қызметін пайдалануға құқығы бар.

Қазақстанның 1995 жылғы 30 тамыздағы жаңа Конституциясының 3-бабы мемлекеттік биліктің біртұтастығын және оның заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармағына бөлінуін, сондай-ақ тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалана отырып, олардың өзара іс-қимыл жасауын бекітіп берді. Сол сәттен бастап сот билігін нығайту процесі шынайы көрініс таба бастады. Бұл тәуелсіз судьялар корпусының тәуелсіз болуына жағдай жасаудан, судьялар мен соттардың материалдық қамтамасыз етілуін арттырудан, сотты сыйламағаны үшін жауапкершілік белгілеуден, сот өкілеттігін айтарлықтай кеңейтуден айқын байқалды.

Сот билігі деп соттар жүзеге асыратын адамдардың мінез-құлқына және әлеуметтік процестерге ықпал ету мүмкіндігі мен қабілетін айтамыз.

Сот төрелігі конституциялық принциптерге – сот қызметін ұйымдастырудың және реттеудің мәні мен мазмұнын анықтайтын жалпы басшылық идеялары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Оған құқық қорғау қызметінің барлық жалпы принциптері жатады.

Оның тек қана өзіне тән сапалары бар, мәселен:

    1. Сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. (Қазақстан Республикасының Конституциясы 75-бабының 1-тармағы). Ол мыналардан көрініс табады: соттардың айрықша юрисдикциясына жатқызылған істерді ешқандай басқа органдар қарай алмайды; сот құзыретін, оның юрисдикциясының аясын, сот ісін жүргізуді жүзеге асырудың тәртібін заң белгілейді және оны ешкім өз бетінше өзгерте алмайды; қандай да бір атаумен төтенше немесе арнаулы соттарды құруға жол берілмейді; адамдық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп табуға тек соттың ғана құқығы бар; қылмыстық жаза тағайындауға тек соттың ғана құқығы бар; сот қаулыларын тек жоғары тұрған сот қана белгіленген тәртіп бойынша бұзуы мүмкін.
    2. Судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады (Қазақстан Республикасы Конституциясы 77-бабынан 1 және 2-тармақтары) сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандайда болсын араласыға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады.
    3. Сот төрелігі тараптардың тартысы және тең ққықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Қылмыстық қудалау, қорғау және қылмыстық істі сот арқылы шешу бір-бірінен бөлінген және әр түрлі органдар мен лауазымды адамдар арқылы жүзеге асырылады. Мұның ащзаматтық процестердегі тараптарға да бірдей қатысы бар. Сот құқық мүддесінен басқа біреулердің сойылын соқпайды және қандай да бір мүдделерді қолдамайды.
    4. Қылмыстық істер бойынша да, азаматтық істер бойынша да сот төрелігі сот актілерін қайта қарау мүмкіндігіне жол береді. Сот үкімі мен аппеляциялық қадағалау тәртібімен немесе жаңадан ашылған айғақтар бойынша шағым берілуі және наразылық келтуріу мүмкін.
    5. Барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін сот төрелігі актісінің міндетті күші бар. Заңды күшіне енген сот қарулары Қазақстан Республикасының барлық аумағында орындалуға тиіс.
    6. Сот төрелігін жүзеге асыруда судья мынадай ережелерді басшылыққа алады: бір құқықбұзушылық үшін ешкімде де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды; өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды; сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы; ешкім өзіне-өзі, жұбайына және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес; қылмыстық заңды ұқсастығына қарап қолдануға жол берілмейді.
    7. Сот төрелігінің кінәсіздік презумпциясы принципін ерекше атап өту керек. Оның мәні адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған кінәлі емес деп есептеледі.

Өздерінің құзыретіне және алдарына қойған міндеттері мен мақсаттарына сәйкес орналасқан соттар жиынтығы сот жүйесін құрады. Қазақстан Республикасы Конституциясы 75-бабының 3 және 4-тармақтарына және “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” 2000 жылғы 25 желтоқсандағы заңының 3-бабына сәйкес, республикадағы сот жүйесін Жоғарғы Сот және жергілікті соттар құрайды.

Сот жүйесін мынадай тұтастық сипаттайды: сот төрелігінің конституциялық принциптері; заңдарда бекітілген сот ісін жүргізу нысандарында сот билігін жүзеге асыру; соттардың бірыңғай заңдар қолдануы; соттарды құрудың тәртібі; заңды күшіне енген сот шешімдерінің бүкіл Республика аумағында орындалу жүйесі; барлық соттарды республикалық бюджет есебінен қаржыландыру.

Сот жүйесін шартты түрде үш буынға бөлуге болады:

    1. негізгі (аудандық, қалалық соттар, гарнизондардың, құрамалардың, армиялардың әскери соттары);
    2. орта (облыстық соттар, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың соттары, әскерлердің әскери соттары);
    3. жоғары (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты).

Сот инстанциясы деген ұғымды сот істерін шешумен байланысты (істің мәні бойынша шешім қабылдау немесе осы шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексеру) қандайда бір сот функциясын атқаратын сот деп түсінген жөн.

Бірінші инстанция соты деп қарайтын және сол іс бойынша нақты шешім қабылдайтын сотты айтады. Ондай сот аудандық, облыстық немесе Жоғарғы сот болуы мүмкін.

Екінші инстанция соты деп бірінші инстанция соты қабылдаған сот сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеретін сотты айтады (аппеляциялық инстанция).

Аппеляциялық инстанция деп, бірінші инстанция сотының заңды күшіне енген үкімдеріне, шешімдеріне және қаулыларына аппеляциялық шағымдар және наразылықтар бойынша істер қарайтын екінші инстанция сотын айтады.

Бұлардан басқа қадағалау инстанциясы бар – ол алдыңғы сот инстанцияларының заңды күшіне енген сот шешімдеріне шағымдар немесе прокурорлық наразылықтарбойынша қадағалау ретінде іс қарайтын сот.

 

 

3.1 ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ - БОЛАШАҚҚА АПАРАТЫН ЖОЛ

 

Қай елде болмасын басқарудың екі сатысы – мемлекеттік және жергілікті басқару  бар екені, ал жергілікті басқару жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудан тұратыны бесенеден белгілі. Мәселе, осылардың қай елде қалай қалыптасып, қалай жетілуінде. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен демократияның жетілуі осыған байланысты болмақ.

Информация о работе Жергілікті басқарудың теориялық аспектісі