Сауда,үнемшілік туралы мақал-мәтелдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2012 в 15:37, практическая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерлік отандық экономиканы дамытудағы маңызды құрал қарым-қатынас екендігі айқын.
Нарықтық экономикаға көшу монополизмнің алдын алу, бәсекелестікті дамытуға бағытталған өндіріс құрылымын қайта құру тәрізді радикалды өзгерістерді талап етті. Ал бұл әлемдік тәжірибе көрсеткендей меншіктің, ұйымдық-құқықтық формасының әр түріне бағытталған кәсіпкерліктің дамуынсыз нәтиже бермейді.

Содержание

Кіріспе
1. Қарым – қатынас және оның түрлері
2. Сауда. Сауда түрлері
3. Аукцион
4. Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі
5. Сауда,үнемшілік туралы мақал-мәтелдер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

СРСП САУДА.docx

— 112.78 Кб (Скачать файл)

   МЕРКОЗУР сексенінші жылдардағы Аргентина мен Бразилияның тығыз ынтымақтастыққа ұмтылуынан пайда болды. 1990 жылдың 6 шілдесінде екі елдің президенттері Жалпы нарық құру туралы актіге қол қойды. Ол күшіне 1995 жылдың 1 қаңтарында ену керек болатын. 1991 жылдың 26 наурызында осы интеграциялық процесске Парагвай мен Уругвай қосылды. Келісім оңтүстіктің Жалпы нарығы үшін (180 млн. адамдай) 1994 жылдың 31 желтоқсанында кедендерді ликвидациялау және тарифтік емес сауда шектеулері арқылы тауарлар мен қызметтердің еркін айналымын, ал бір жылдан соң капитал айналымының либерализациясын жұмыскерлердің жұмыс орнын еркін таңдау мүмкіндігімен бірге қарастырды. Келісім бойынша жалпы сыртқы кеден құрылып, жалпы сауда саясаты жүргізілуі керек. Келісімді жүзеге асыру мақсатында Жалпы нарық Кеңесінің басқарушы мүшесі және Жалпы нарық тобының атқарушы мүшесі құрылды. 11 техникалық жұмысшылар топтары және Монтевидеода орналасқан басқарушы секретариаты бар. Келісімнің атаққұмар мақсаттары жартылай тек 1994 жылдың аяғында ғана орындалды. Шындығында, 1995 жылдың 1 қаңтарында Жалпы нарық әлі құрылған жоқ болатын, тек толық жетілмеген көптеген шектеулері мен қосымша келісімдері бар кедендік одақ болды.

Халықаралық ерткін сауда түрімен айналысудың  тағы бір ерекше түрі -   FOREX.

FOREX (ағылш. foreing exchange — шетелдік айырбас) — бұл іс жүзінде ғаламдық айырбас орны әрі ондағы мәмілелер    электрондық    сауда-саттық жүйесі арқылы Интернет желісінің көмегімен жүргізіледі.

Көп адамдар FOREX — бұл  биржаның аналогы деп түсінеді, алайда бұл қате пікір. Олардың ұқсас жақтары да бар, бірақ елеулі айырмашылықтарға да ие. Сондықтан осы ерекшеліктер кәдімгі биржадағы қызметпен салыстырғанда, FOREX-те жұмыс істеу — бұл қызықтырақ әрі қол жетерлік деп мәлімдеуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. САУДА,ҮНЕМШІЛІК ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

 

  • Сау басын  саудаға  салды

 

  • Сауда сақал сипағанша

 

  • Саудаға достық жүрмейді

 

 

  • Сауда түбі – борыш, шаруа түбі – кеніш

 

 

  • Базарда мың кісіні көреді,

         Әркім сүгеніне  сәлем береді. 

 

  • Үйдегі есепті,

Базардағы нарық бұзар. 

 

  • Сөзіңе қарап саудагер екеніңді білдім.

 

 

  • Теңге тиынна өсер.

          Жылқы  құлыннан өсер. 

 

  • Есепсіз дүние жоқ.

 

 

  • Жыраққа қойсаң жақыннан аларсың.

 

 

  • Түстік өмірің болса, кештік мал жина.

 

 

  • Алтын тапсаң санап ал.

 

 

  • Ақша кетуге тырысады,

          Есеп  ұстауға тырысады. 

 

  • Ескі киімді баптағаның,

         Жаңа киімді  сақтағаның. 

 

  • Қолда барда алтынның қадірі жоқ.

 

 

  • Тамшыдан тама берсе дария болар.

 

 

  • Судың да сұрауы бар.

 

 

  • Есептемегенге бәрі түгел.

 

 

  • Сауа ішсең мың күндік,

         Сойып жесең бір күндік. 

 

  • Үзіп жеген үнемге жатпайды.

 

 

  • Қасықтап жинағанды шөміштеп төкпе.

 

 

  • Базары жақын байымас.

 

 

  • Қолдағының құны жоқ.

 

  • Жаман қойшы жайлауынан бір күн жейді,

         Жақсы қойшы жайлауынан        

          мың күн жейді. 

 

  • Шашу оңай, жинау қиын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Өндіруші және тұтынушы салалармен тығыз қарым-қатынаста болатын  және елдің барлық ауқымында, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмет шеңберінде тауар мен қызмет жылжытуды қамтамасыз ететін экономиканың жүйелі  секторы ретінде сауда маркетингтік, логистикалық шығындарды азайтып, түптеп келгенде көтерме және бөлшек сауда бағасын төмендету арқылы мультипликативтік нәтиже береді. Сөйтіп, сауданы дамыту тауар өндірісінің өсуіне жәрдемдеседі.

        Нарықта кім артық төлем ұсынса, бұйым және т.б. зат соған сатылатын бәсекелес, жариялы сауда аукцион деп аталады. Бұл латынның auctіo, яғни бәсеке сауда деген сөзінен шыққан. Аукцион тұрақты не уақытша белгіленген орында, алдын ала хабарланған уақытта аукциондық сауда кезінде бұйым көрмеге қойылады. Аукцион тауарлардың, бұйымдардың белгілі бір түрлері бойынша өткізіледі. Аукционның бағаны көтеріп немесе бағаны төмендетіп жүргізетін түрлері бар.

 Ішкі сауданы дамыту үшін қазіргі заманғы пішімдердегі сауда алаңдарының санын және олардың бөлшек сауданың жалпы айналымындағы үлесін ұлғайту, электрондық сауданы дамыту, шалғайдағы, әсіресе, ауылдық жерлердегі өндірушілерді тауар қозғалысының негізгі арналарымен жақындастыру, сауданың ашықтығын арттыру және нарық қатысушыларын хабарландыру, сондай-ақ олардың кәсіби деңгейін арттыруды қамтамасыз ету қажет. Сыртқы сауда саясатында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, кедергілерді жою, өндірістің дамуын және әлемдік сауда кеңістігіне ықпалдасуды оңтайландыру мақсатымен Кеден одағы елдерінде арнайы заңнама әзірлеу көзделіп отыр.  Қазақстанда сауда саласын жаңғырту оны қазіргі заманғы халықаралық талаптарға сәйкестендіруге және аз транзакциялық шығындармен тауар қозғалысының тиімді үдерісіне жәрдемдесуге бағытталған. Бұл шараларды іске асыру халықтың мұң-мұқтажын қанағаттандырып қана қоймай,  өндірушілер үшін де тиімді жағдайлар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Халықтың өмір сүру деңгейінің өсуіне, басымдықтардың өзгеруіне байланысты  тауар айналымының үлесі тауарлар мен сервистің анағұрлым жоғары сапасының пайдасына қарай ауысады. Дегенмен, нарықтың белгілі бір үлесі халықтың қорғалмаған жіктерін басқа сауда пішіндерінде іске асырылмайтын қол жетімді тауарлармен және арзан азық-түлікпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ ұсақ өндірушілердің өнімдерін өткізуге  мүмкіндік береді. Осыған байланысты, бір жағынан тауарлар мен қызметтер саласындағы нарықты қайта даярлау үдерісін жеделдетіп, реттеу, екінші жағынан, олардың деңгейін әлемдік стандарттарға барынша жақындату қажет.,

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. ↑ Бес жүз бес сөз.—Алматы: Рауан, 1994. ISBN 5-625-02459-6
  2. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
  3. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  4. ↑ Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым ми- нистрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2

 

 
  1. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым ми- нистрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-
  2. 601-215-003-2
  3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы: «Атамұра», 2010, 752 бет, суретті, карталы. ISBN 978-601-282-055-3, т. 4 ISBN 978-601-282-026-3
  4. ↑ Балалар Энциклопедиясы, II- том
  5. ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6
  6. ↑ Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9

 

 

 


Информация о работе Сауда,үнемшілік туралы мақал-мәтелдер