А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2015 в 15:57, реферат

Краткое описание

Зерттеудің көкейтестілігі. ХХІ ғасырда елімізде жаңа білім беру парадигмасының өзгеруі оның басты ұстанымдары болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа міндеттер артып отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, әрбір мұғалім А.С.Макаренко сынды әдіскер, педагогтардың педагогикалық мұраларын мектептің оқу үдерісіне ендіріп, пайдаланып отырғаны жөн.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Бастауыш сынып оқушылары ұжымын ұйымдастыру мен оған педагогикалық ықпал жасау......................................................................5
2. А.С.Макаренконың педагогикалық идеяларын бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулуда пайдалану.............................................10

Қорытынды..............................................................................................................15

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................17

Вложенные файлы: 1 файл

А.С.Макаренко.doc

— 110.00 Кб (Скачать файл)

А.С.Макаренко жас ұжым жетекшiлерiне үнемi қамқор ұстаз бола отырып, өзiнiң ақылшы–ұстаздық кеңесiн беруден бiрде бір жалыққан емес. Ол ұжым келешегi оның белсенділікке алдын ала тәрбиелеу мен баулу, тек содан кейiн ғана оларды өз жәрдемшiлерi ретiнде пайдалану ұжым тәрбиесiндегi ең тиiмдi педагогикалық ықпал деп тұжырымдады. А.С.Макаренко: - Мен мұны тездетуге асықтым (белсенділерді iрiктеді). Мен бұл балалардың немесе қыздардың өздерiнiң де көптеген кемшiлiктерi бар екендiгiне қараған жоқпын, менiң талаптарымды жалпы жиналыста сөйлеген сөздерiнде, өз топтарында өздерi де талап қою, пiкiр айту арқылы қостап отыратын белсенділерді тезiрек жинап алуға тырыстым, - дейді [4, 52 б.].

Белсенділермен жұмыс iстеу және оларды таңдау әлi де болса өзара шынайы қатынастын орныққаны емес, сондықтан да ұжым белсенділері алдын-ала өз нысандары мен ықпал ететiн көмек туралы мәлiметi болуы керек және тындырған iстерi жөнiнде ұжым өкiлдерi алдында ұдайы есеп берiп отыруды әдетке айналдыру керек.

Тәрбиенің қай түрі болмасын, ондағы аса маңызды мәселелердің бірі – тәрбиенің алдына қойылатын мақсат перспективаларды таңдау. Осыған орай, А.С.Макаренко педагогикалық мұрасына сүйене отырып, бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын дамытудағы мектеп пен отбасы біріккен жұмысында оның жақын және орта, қашық перспективаларын шығармашылықпен пайдаланған жөн деп ойлаймыз [5].

Ұжымды мүшелерiндегi белсендiлiк пен шығармашылық қатынас атқарылатын iстiң нәтижесiн тез арада көруден болатынын әрбiр болашақ бастауыш сынып мұғалiмі естен шығармауы керек. Бұл арада жақын перспективаны тiптi дамудың бiрiншi сатысында тұрған ұжым алдында да қоюға болатынын ескеруіміз қажет.

Орта перспективаға тән ерекшелiк - мерзiмi жөнiнен бiрқатар қашықталынған iс-әрекет жобасы. Мысалы, мектеп ауласын тәртiпке келтiру, мектептегi спорт жабдықтарын жөндеу, сабаққа қажеттi көрнекiлiк құралдар мен жазғы еңбек лагерiне қажеттi құрал саймандарды алдын-ала дайындау т.с.с. Орта перспективаның iске асуындағы жетекшi рөлдi атқаратындар жеке пән мұғалiмдерi мен сынып жетекшiлерi екендiгiн әрдайым еске сақтауымыз керек. Алыс перспектива - бұл әлеуметтiк - педагогикалық проблема. Отанымыздың келешегiне байланысты А.С.Макаренко - адамды тәрбиелеу дегенiмiз оның бойында перспективалық, бағыт-бағдарды тәрбиелеу екенiн ескерте келiп, ұжым перспективасы неғұрлым ауқымды, кең болса адам да соғұрлым жаны сұлу, құлашы кең, көреген, алдын болжай алатын болып қалыптасады деп пайымдаған

  Қашық перспектива - бұл жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Оған келешек мамандықты таңдау, білім алу не болмаса белгілі бір істің шебері - дарынды болуға талаптану т.б. жатуы мүмкін. Ал бұған дейінгі перспективалар қойылған мақсатты жүзеге асырудың кезекті бөлімдерінің қызметін атқарады. Мұндағы мектеп пен отбасының атқаратын рөлі, нақтылы тапсырмалар қоя отырып баланы сол мақсатқа жетуіндегі іс-әрекетін бір жүйеге қою, осылай жақын мақсаттарды жүзеге асыру арқылы тәрбиедегі ортақ мақсатқа қол жеткіземіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. А.С. Макаренконың педагогикалық идеяларын бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулуда пайдалану

 

Өскелең ұрпақтың моральдық бейнесiн қалыптастырудың мемлекет белгiлеген бағдарламада еңбекке тәрбиелеу, еңбекке қатынасты тәрбиелеу А.С.Макаренконың педагогикалық жүйесiндегi басты проблемалардың бiрi болғандығына оның “Ұстаздық дастан” атты шығармасындағы келелi пiкiрлер мен жүйелi педагогикалық тұжырымдар толық куә боларына ешбiр күмән жоқ [3]. Мiне, осы тұрғыдан оның жас ұрпақты өнiмдi еңбекке араластыра отырып баулуына тән озат тәжiрибенi оқып үйрену және мұғалiмдермен мектеп практикасында пайдалану өзiнiң жаңа мектеп реформасы жағдайында зор мәнге ие бола бастайды. Бұл мәңгi жасайтын мұрада еңбекке тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың еңбегiн ұйымдастыру тәрбиенiң өмiрлiк негiзi ретiнде қаралады.

Бүгін  мектеп қабырғасында отырған жас буынды ұлттық менталитет пен мәдени дәстүрлерге негіздей отырып тәрбиелеуде және еңбекке баулуда  бастауыш мектепте жүргізілетін іс-әрекеттің мынадай түрлері бар:

  • өзіне қызмет ету;
  • қоғамдық пайдалы еңбек;
  • өнімді еңбекке баулу.

Іс-әрекеттің бұл түрлері еңбек тәрбиесі барысында оқушылардың жас ерекшелігіне сай іске асырылады. Еңбек тәрбиесі жүйесінде баланың өзіне-өзі қызмет етуі маңызды. Олар үйінде өзінің төсек-орнын жинайды, тамақ пісіру ісінде ата-анасына көмектеседі, сыныпта кезекшілік міндетін атқарады. Осының әсерінен бала бұлшықетінің күші артады, сүйек жүйесі қалыптасады, миының үлкен жарты шарының функциясы  дамиды. Бұл жастағы балалар үшін А.С.Макаренко ойынның маңызын атап көрсетті. Оның ойынша, балаларды еріктілікке, батылдыққа тәрбиелеп  қана қоймай, ол жолдастық сезімге, ұжым мүддесі үшін әрекет етуге тәрбиелейді.

Бастауыш сынып балалары үшін еңбектің маңызы зор. 7-12 жастағы  балалар ұзақ уақыт дене еңбегін, күш түсетін жұмыстарға қабілетсіз болғандықтан, еңбекке баулуды ойын, дене еңбегі барысында іске асырған жөн [6].

А.С.Макаренко балалардың тәрбиесi туралы тоқтала келiп, ой еңбегi мен дене еңбегiнiң арасында түбiрлi, принципиалды айырмашылықтар жоқ, өйткенi қандай да болсын еңбек жұмыстарының ойсыз, өзiнен-өзi келетiн еңбегi емес, ең алдымен, ақылға қонымды шығармашылық еңбек болуға тиiс екендiгiн атап көрсетедi. Оның пікірінше, адам қандай жұмысты атқармасын, оның нәтижелiгiне барлық жiгері мен зердесiн салуы керек, тек мұндай еңбекке деген қатынас қана адамның нағыз iс-әрекетке деген, өмiрге деген шығармашылық сипатын бере алады.

А.С.Макаренко  - баланың мектептегi кезеңiне еңбек қызметiне қашан, неше жастан, қалай даярлау керектiгi туралы түрлi көзқарастарға үзiлдi-кесiлдi жауап берген ұстаз, педагог-ғалым.

Ол жас ұрпақты қалыптастыруда тек бiр ғана еңбектi бес аспап құрал деп қарау қате дей келiп, “… еңбек ету арқылы бiлiм алу, саяси көзқарасын қалыптастыру қатар жүрiп отырғанда, ол құдiреттi тәрбие құралына айналады”, -  дейдi [7, 12 б.].

А.С.Макаренко өз шәкiрттерiмен әңгiмесiнде, еңбек - материалдық және рухани қазынаны молайтушы, сондықтан да ол адамгершiлiк принципiне айналған деп екертiп отырды. Оқушыларға еңбек тәрбиесiн берудiң жақсы тәжiрибелерi қалыптасқан жағдайға айналу үшiн, мектептерде, оқу орындарында жанұяда, өндiрiстiк ұжымға күш жiгер мен ынта бiрлесе отырып қоғамдық қажеттiлiкке айналуы шарт деп ескертедi.

Өзiнiң педагогикалық жүйесiнде, еңбек тәрбиесiне тәрбиенiң бiр буыны ретiнде, жаңа қоғам қалыптастыруда айрықша рөл атқарады деп есептеп, оқытуды ұйымдастыру, бастауыш сынып оқушыларын  өмiрге бейімдеп, жоғарыда аталған  еңбекке баулудағы іс-әрекет түрлеріне даярлап, олардың қоғамдық белсендiлiгi мен бастамашылдығын дамытуға барынша ықпал жасап отыру қажет дей келiп, бұл салада мектеп пен жанұяның қарым-қатынасын барынша нығайтып, баланы сенiмдiлiк, жоғары ұлтжандылық рухында тәрбиелеуде бiрiгiп күш жұмсағанда ғана педагогикалық жұмыс өз нәтижесiн бередi. Сабақ барысында, оқыту үдерісiнде сыныптан, мектептен тыс жұмыстарында бастауыш сынып оқушыларына бастауыш сынып мұғалімдері еңбек дәстүрiн түсiндiрiп отыру керек.

А.С.Макаренко тәрбиелеушiлердiң өнiмдi еңбек арқылы бiр-бiрiмен тығыз байланыста болуы бастауыш сынып оқушыларына тән адамгершiлiк қасиетiнiң қайнар көзi, даму мен кемелдену жолы болып танылды, ол оқушылар атқаратын жұмыстың ұжымдық формаларына ерекше назар аудара келiп, бiрлесе отырып атқарылған еңбек қана адамның рухани өсуiне жеткiзетінін айтады. Мұндай кезеңде, - деп жалғастырды өз ойын, -  балалардың еңбекке деген шынайы қатынасы нақты тәрбиеленуге де, олардың барлық ықыласы жолдастық пен шынайы көмекке негiзделген ортақ еңбектің ажырамас бөлiгi екендiгiне көздерiн жеткiзедi. Тек қоғамдық еңбек пен баланың шығармашылық қабілетін дамытуға септігін тигізетін пайдалы еңбек қана олардағы қабiлет пен жеке талаптарды толық, жан-жақты дамытады деп сендi [8].

Еңбек әрекетінде оқушыларды тәрбиелеу нәтижесінің жемісті болуы, негізінен оның педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылуына байланысты.

Бастауыш мекгептегі еңбек тәрбиесінің негізгі жүйесіне бастауыш сыныптағы «Еңбекке баулу» пәні мен оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбек әрекеті жатады.

Оқушыларды еңбек үдерісіне қажетті жалпы білімдер мен біліктілік пен дағды мәселелерімен қаруландыру еңбекке оқытудың негізгі педагогикалық міндеттерінің бірі болып саналады.

Бастауыш сыныптағы «Еңбекке баулу» пәнінің мақсаты:

  • еңбекке үйретуді бала тұлғасын дамытудың құрамды бөлігі ретінде мәнін ашу;
  • еңбекке үйретудің теориясы мен әдістемесінің қазіргі жағдайын ашу;
  • техникалық, тұрмыстық, қоғамға пайдалы еңбектердің қолданылуына байланысты, әр түрлі материалдарды көркемдік өңдеудің әдістемелерінің негіздерін үйрету;
  • еңбекке үйрету сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушыларды ұйымдастыруда түрлі формаларды пайдалануды, құралдар мен әдістерді дұрыс іріктеуге үйрету;

- еңбек тәрбиесін, ақыл-ой, мінез-құлық эстетикалық және дене тәрбиесін біріктіру.

Еңбекке баулу арнайы ұйымдастырылған педагогикалық үдеріс ретінде бастауыш сынып оқушыларында еңбек біліктілігі және дағдысын тәрбиелеуге, еңбек әрекетінің практикалық тәсілдерін меңгеруге бағытталған.

А.С.Макаренко мектеп пен отбасы біріккен жұмысын  ұйымдастыру мәселесіне өз еңбектерінде баса назар аударған. Сөйтіп отбасы тәрбиесін жетілдіруге қосқан үлесі мол, оның осы мәселе жөніндегі «Ата –аналар кітабы» және «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар» балаларды жанұяда тәрбиелеу жөніндегі өте маңызды ғылыми және көркем әдебиеттер болып есептелінеді. Бұл еңбектер ата-аналар арасында жүргізілетін үгіт жұмысынан бастап, оны өрістетуге және бүкіл тәрбие жұмысының құлаш жаюында ерекше рөл атқарады. «Жанұя - өте үлкен аса жауапты жұмыс, бұл жұмысты ата-аналар басқарады, бұл үшін қоғам алдында, өз бақыты және балалар алдында жауап береді», - деді Макаренко [9, 17 б.].

Макаренконың пікірінше, жанұя тәрбиесіне керекті басты жағдайлар: жанұядағы еңбектің дұрыс ұйымдастырылуы, дұрыс режим, ата-аналар мен ересек жанұя мүшелерінің беделінің болуы.

 Мектеп пен отбасының  ынтымақтастығы тұрақтылығын ұйымдастырып, бағыт беруші сынып жетекшісі  болғандықтан, ең алдымен оның  өзі отбасы тәрбиесі мәселелері  саласынан жан-жақты білімді болуы тиіс, мектеп пен отбасы біріккен жұмысында сынып жетекшінің рөлі әрқашан басым.

Әрбір адам бала кезден өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Адамда ерте кезден бастап жеке белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқалады (сурет салады, билейді, өлең айтады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін салады). Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды.

“Азамат - дейдi - А.С.Макаренко, тек еңбекшiлер ғана бола алады, бұл – олардың ар-ожданы, қуанышы мен адамгершiлiк қасиетi”. Ал оның еңбекке деген қамқорлығы тек өмiр сүру үшiн, азық iздеу емес, ол оның этикасы, оның философиясы еңбекшiлер ынтымағы туралы ой, бағыты, болашақ жолындағы ынтасы сондықтан да болашақ азамат тәрбиелеу үшiн оларды жас кезiнен бастап, яғни алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан бастап еңбекке қамқоршы болуға жаттықтыруымыз керек. Бұдан шығатын қорытынды пiкiр еңбек - тек еңбектің қай түріне болсын үйрету құралы ғана емес, сонымен бiрге аса маңызды өмiрлiк қажеттiлiк ретiнде барған сайын көбiрек көрiнiс берiп отыратын да балалар  бойындағы дүниетанымын, өмірге деген  көзқарасын калыптастыру құралы да [9]. Сондықтан да ол өзiнiң педагогикалық жүйесіне негiз етiп, еңбектiң мазмұндағы, сипаты мен ұйымдастыруындағы сапасы жөнiнен жаңа әлеуметтiк экономикалық және техникалық элементтердiң бүкiл жиынтығын күшейту жеке адамның жан-жақты дамуына игi әсер етiп, еңбек қызметi үшiн, ұжымының өндiрiстiк iстерiн басқаруға еңбекшiлердiң барған сайын белсене қатысуы үшiн неғұрлым қолайлы жағдайлар жасайтыны туралы зор көрегендiлiкпен айтты. А.С.Макаренконың бұл пікірі қазіргі ақпараттың тасқындаған заманында, Республикамыз жаңа техникалық, телекоммуникациялық, экономикалық прогресске енген заманда өз өзектілігін жойған жоқ.

А.С.Макаренконың педагогикалық, оның iшiнде еңбек арқылы тәрбиелеу жүйесiне, қызығушылар одан “сiздiң балаларыңыздың шаруашылық жұмыстарына көп қатысқаны, бұл тәрбие үдерісiн ұйымдастыруға кедергi келтiрмей ме?” деген сұрағына А.С.Макаренко “мектептiң iргетасы ретiнде, еңбек - жұмыс iстеу емес, еңбек адам үшiн қамқорлыққа айналуы керек” деп жауап бередi [9, 16 б.]. Ғұлама ғалым педагогтың бұл пiкiрiнiң қазiргi мектеп реформасының негiзгi мақсатына айналғандығының бірден-бір дәлелі.

А.С.Макаренко өз шәкiрттерi мен ұйымдастыратын қоғамдық пайдалы еңбектiң қоғамдық әлеуметтiк мәнiн бiр сәт есiнен шығарған емес. Ол еңбекке деген қамқорлық тек тәрбиешiлер мiндетi ғана емес, ол тәрбиешiлердiң қызметінің мақсаты мен мәнi болуы керек. Себебi, оқушылардың еңбек етуге мiндеттiлiгi, олардағы еңбекке деген ынта мен өз еңбегiнiң нәтижесiн бiлуге деген ұмтылысы өз  пайдасын береді.

Ұлы педагогтың бұл пiкiрiне қосыла отырып, Н.К.Крупская “балалар егер өзiне тапсырылған iске белгiлi бiр ықылас көрсететiн болса, онда еңбекке саналы қатынасты тәрбиелеу кiшкентай жаста да неғұрлым жемiстi болды” деп көрсеттi [9, 28 б.].

А.С.Макаренко еңбек үдерісiне қатысушы балалардың тек жұмыс iстеуге ғана машықтанып қоймай, сол сияқты олардың өндiрiстiк қиыншылығын, оның нақты жоспарын, олардың орындалуына себепшiлер кiмдер деген ой қалыптасуын да естен шығарған жоқ. Мұндай еңбек үдерісiнiң мәнiнiң, өндiрiстiк үдеріске деген қатынастың балада ерте қалыптасуы баладағы қоғамдық пайдалы еңбекке деген жаңа қатынас iс пен ынтаның және талғампаздықтың пайда  болуына ықпал етедi.

А.С.Макаренко пікірінше, еңбекке баулу дегенiмiз –тек байлықтын ғана емес сол сияқты эстетикалық тәрбие құралы болу керек. Мысалы, балалардың еңбек орындарының тазалығы тек өнiмдiлiктiң қайнар көзi емес, сол сияқты жоғары сезiм мен жағымды эмоцияны қалыптастырудың да көзi болмақ дейдi [9, 30 б.]. Себебi: әсемдiктi сүймей, жинақты, талғамды өнер мен ғылымға жаны құмар жеке адамда қалыптаспақ емес деген едi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              Қорытынды

 

А.С.Макаренко бала тәрбиесiне байланысты тыңғылықты, ойлы және мақсатты iстiң қаншалықты ерте басталса, оның нәтижесiнiң де ұзатпай жемiс беретiнiн зиялы ұстаз ата-аналарға үнемi ескертiп отыруды бiр сәт те есiнен шығарған емес. Ол … “тәрбиенiң негiзi бес жасқа дейiн қаланады, бес жасқа дейiн жүргiзiлген барлық тәрбие iсiнiң – бүкіл тәрбие үдерісiнiң тоқсан пайызы, одан кейiн адамды тәрбиелеу, қалыптастыру үдерісi жалғаса бередi, ендi сiз жидек дәмiн тата бастайсыз, ал гүл иiскеу ләззатын бес жасқа дейiн өткiзгенсiз” деген болатын. Осылайша А.С.Макаренко орыс педагогтарының iшiнде алғашқылардың бiрi болып өз зерттеулерiнде мектептiң, жұртшылықтың өзара бiрлесе отырып әрекет етуiнде мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектептегі тәрбиенiң жүйесiнiң ғылыми негiздерiн жасаған.

Информация о работе А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану