Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 21:38, курсовая работа

Краткое описание

Оқыту процесінде халық педагогикасының құрамды бір бөлігі - ұлт ойындарын пайдаланудың маңызы жөнінде жазылған еңбектерде аз емес. Олардың қатарында Қ.Б. Жарықбаевтың, С.Қ. Қалиевтың, С.А. Ұзақбаеваның, Р.Қ. Төлеубекованың, Е. Сағындықовтың зерттеу жұмыстарын жатқызуға болады. Бірақ бұл еңбектерде ұлттық ойын элементтерін бастауыш оқыту процесінде пайдалану мәселесі арнайы зерттеу мақсаты ретінде қойылмағандығы белгілі.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................................................3

1 Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері..........................................................................................................................................5
1.1 Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы.................................5
1.2 Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы..........................................................................................................................................13

2 Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері...............................................................................................................................18
2.1 2-сынып ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдалану жолдары……………………………………………....................................................................18
2.2 Озат мұғалімдердің тәжірибесі……………………………….................................21

Қорытынды………………………………………………………...............................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………..........................................28
Қосымшалар............................................................................................................................29-35

Вложенные файлы: 1 файл

КР-Бастауыш оқыту проц.ұлттық ойынд. қолдан.педагог.негіздері.docx

— 99.26 Кб (Скачать файл)

Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде халыққа білім беру саласында адал еңбегімен алға шығып, жас ұрпақтарды оқытып, оларды тәрбиелеуде игі істерді жүзеге асырып келе жатқан ұстаздарымыз қаншама. Олардың бәрі де оқу–тәрбие процестерінде ұлттық ойын элементтерін қолдануда әріптестерінің озық та, үлгілі тәжірибелерін тиімді пайдаланып, кейінгі артынан ілесіп келе жатқан жас ұстаздарға, мұғалімдерге мұра етіп қалдыруда.

Ұлттық ойын - ойын арқылы іске асатын, оқыту әдістемесі болып табылып, екі түрде қарастырылады: ойын сабақ және дидактикалық ұлттық ойындар. Бірінші түрінде басты рөл тәрбиешіде, ол баланың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі ойын амалдарын пайдаланады, жарыс элементтерін қосуды, тағы басқа ойын элементтерін қосу арқылы әр түрлі сұрақтармен, нұсқаулармен, түсіндірмелермен байланысты. Ойын сабақ көмегімен мұғалім тек қана нақты білім бермейді, олардың ойын қалыптастырып, ойнауға үйретеді. Ал дидактикалық  ұлттық ойында, оқушыларға тапсырмалар жұмбақ түрінде, сұрақтар түрінде беріліп, сабақта қоршаған орта жайлы білімдері кеңейтіледі. Дидактикалық ұлттық ойын баланы жан - жақты етіп тәрбиелеуде зор қызмет атқарады. Оның ішінде негізгі қызметі: ақыл-ой тәрбиесінде зор қызмет атқарады. Дидактикалық ұлттық ойын мазмұнына қарай білімділік,  тәрбиелік, көрнекілік, сөздік, іс - әрекеттік міндеттер атқарылады. Сондықтан да өзіне тән әдістемелік жолдары бар:

1. Дидактикалық ұлттық  ойындарды өткізгенде мұғалім  ойын мақсатын сақтай отырып, балаларды оқытады. Бұл үшін алдымен  мұғалімнің өзі көңілді, қызықты  ойынға ықыласпен араласып, қуаныш  сезімінде болуы керек.

2. Дидактикалық ұлттық  ойынды ұйымдастыруда мұғалім  алдымен ойынға баланы қызықтырарлықтай  мүмкіндік жасап, сол негізде  баланың ақыл-ой белсенділігін  арттырады.

3. Мұғалім белгіленген  ережені орындауда қатаң талап  қоюы керек. Бұл баланы талапты  орындауға, ережені бұзбауға үйретеді.

4. Егер барлық бала  ойынға белсенді түрде қатынасқанда  ғана ұжымның дидактикалық ұлттық  ойынның алдына қойған мақсатына жете алады [19].

Дидактикалық ұлттық ойында білім беру мен оқыту бір-бірімен тығыз байланыста бірлікте жүргізіледі.

Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда дидактикалық ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше.

Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Себебі, бастауыш сыныптағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ондай ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындайтын болады.

Сонымен қатар сабақ үстінде дидактикалық ұлттық ойын элементтерін қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырып, оған белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуіне мүмкіндік жасайды.

Сабақ үстінде ойын элементтерін орынды, оқылып отырған тақырыпқа лайықты, баланың білімін ұштай түсінуіне пайда келтірерліктей етіп жүргізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Сонымен, дидактикалық ұлттық ойын дегеніміз-жеке пәнге, тақырыпқа байланысты баланың білімін нығайтуға, пысықтауға, бекітуге әсер ететін ұжымдық ойын.

Дидактикалық ұлттық ойын – балалардың білімді игеруін, ақыл-ой қызметін дамытып, өз ара қарым - қатынас жасауда жеткен жетістіктері дәрежесінің көрсеткіші.

Дидактикалық ұлттық ойында көрнекілікті мұғалімнің сөзін, балалардың іс - әрекеттерін, ойыншықтары мен ойын құралдары, заттар мен суреттер тағы басқаларды дұрыс ұштастыру қажет екенін ескеру қажет.

    1. Балалар ойнайтын және ойынның, материалдың орталығы болып табылатын заттар.
    2. Заттарды және олармен не істеу керек екенін бейнелейтін заттардың неге арналғанын, негізгі белгілерін, материалдардың қасиетін анық көрсететін суреттер.
    3. Ойын әрекеттерін және ойын ережелерін орындауды нақты көрсетіп және сөзбен түсіндіру.

Дидактикалық ұлттық ойындар сабақ уақытында өтетіндіктен оқу жүйесіне санасады.

Демек, ұлттық ойынға алынатын дидактикалық материалдардың «Ана тілі» оқулығындағы тақырыптар мен үндес келуі білімділік, тәрбиелік тұрғыдан оң нәтиже берері сөзсіз.

Ендеше, оқулық құрылымын талдау, әр тақырып мазмұнына сәйкес келетін ұлттық ойын түрлерін іріктеп алу – зерттеу жұмысымыздағы негізгі міндеттердің бірі.

2-сыныпқа арналған оқулыққа  іріктеліп алынған материалдар  негізінен халық ауыз әдебиеті  үлгілері, көрнекті ақын – жазушыларымыздың  шығармалары мен үзінділері, сонымен  бірге танымдық маңызы жоғары  кейбір ғылыми очерктер мен  мақалалар болып табылады. Оқулыққа  енген материалдар құрылысы жағынан  тақырыптық принципке сәйкес  орналастырылған. Осыған орай оқулықтарда  төмендегідей бөлімдер қамтылған.

  1. Туған елім – Қазақстан
  2. Асыл сөз
  3. Адам болам десеңіз…
  4. Еңбек түбі – береке
  5. Табиғат – тіршілік бесігі
  6. Өнегелі өмір
  7. Біздің тілегіміз – достық

Әр бөлім оқулыққа арнайы енгізілген – Зерделі мен Талапбектің сөздерімен басталған. Кейіпкерлер 1 - сыныпты аяқтап, балармен бірге 2 - сыныпқа көшкен ұл мен қыз. Бөлімді кейіпкерлер сөзімен бастаудың себебі - оқушыларға түсінікті тілмен осы бөлімде берілетін білімдердің мақсатын түсіндіру, әрі оларды әрекетке бағыттайтын әсерлер туғызу, сондай – ақ осы бөлімнен оқушылардың алатын білімдерінің қажеттілігіне олардың зейінін аудару. Одан әрі оқушылардың жаңадан берілген оқу материалын қабылдауы, оның оқушы жадында сақталып, ойлау елегінен өткізілуі, санасында қорытылып, белгілі бір тұжырымдар жасалуы, берілген білімнің оқушы санасына енуі, оны бала өзінің атқаратын істерінде қолдана алатындай деңгейге жетуі мұғалімнің оқытуды дұрыс ұйымдастырып, әдістер мен талаптарды жете пайдалануы мен бұлжытпай орындалуына байланысты болады.

Әр бөлімнің соңында тағы да кейіпкерлердің (Зерделі мен Талапбектің) қатысуымен оқушылардың білімі, біліктілігі мен дағдысы алуан түрлі сұрақтар, тест – тапсырмалар арқылы тексеріліп, бекітіледі. Бұл жұмыс түрлерін «Көкпар», «Орамал тастамақ», «Теңге алу», «Кім жылдам ?» т.б. ойындар арқылы ұйымдастыруға болады.

Е.Сағындықов «Ойынның тіл дамытудағы рөлі ерекше. М.Горькийдің сөзімен айтар болсақ... бала сөзбен де ойнайды. Осы сөзбен ойнағанда, өз ана тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғынады. Сонымен нақтылай айтсақ, ұлттық ойындар, тіпті жалпы ойын атаулы, біздің пікірімізше, тіл меңгерудің негізгі құралдарының бірі болып табылады», - дей келе, ойын үстінде бала тілдің ішкі өрімдерін, халықтың ойлау жүйелерін, сөз қолдану әдістерін, сөйлеу дәстүрлерін, тілдік, психологиялық ерекшеліктерін жете түсініп, еркін білуге мүмкіншілік алатындығын баса көрсетеді.

Өлең құрастыру тапсырмасы оқулықтағы жыл мезгілдері, сол сияқты ана, Е.Сағындықов Қазақтың ұлттық ойындары Алматы: Рауан, 1991 жыл, 14-бет. ата туралы, Отан, туған жер т.б. туралы топталған шығармалардан кейін беріліп отырылады. Бұл жұмысты мұғалім түрліше ұйымдастырып, басқаруына болады. «Орамал тастамақ» ойын арқылы тақырыпқа сай дайын ұйқастар ұсынылады [20].

Көктем тақырыбына берілген «көктем – төккен», «жетіпті - кетіпті», «тыраулар – жер арнап» деген ұйқастар бойынша оқушылар мынандай өлең жолдарын орамалды бірінен екіншісіне тастап, кезекпен құрастырады. Бірінші оқушы «Армысың, көктем», - деп, орамалды келесі оқушыға тастайды. Екінші оқушы «Күн нұрын төккен», - деп орамалды үшінші оқушыға тастайды. Тапсырмада берілген ұйқас сөздер таусылғанша балалар ойынды жалғастыра береді. Кімде – кім ойын шартын орындай алмаса, қарызын өлең оқу, жұмбақ жасыру, жаңылтпаш айту арқылы өтейді. «Орамал тастамақ» ойын арқылы ұйқас бойынша өлең жолдарын құрастыруға балалар құлшына кіріседі. Бұл жұмыс өлең шумақтарын, одан әрі тұтас өлең құрастыруға ұласады.

Мұның өзі оқушылардың өлең, оның құрылысы, қара сөзден айырмашылығы туралы білімдерін нығайтып, поэзия әлеміне құштарлық сезімін туғызады. Оқушылардың сөздік қорын молайтып сөзді еркін, өз мағынасында қолдануды ұлттық ойындар бірден – бір таптырмайтын құрал.

Ізденуден жалықпайтын, жаңашылдар ізімен жүріп келе жатқан Ш.Уалиханов атындағы № 12 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алыпкенова Алтынай Раулқызы былай дейді: «Балалардың таным қабілетін жетілдіріп, логикалық ой - өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда ұлттық ойын элементтерін ұжымда пайдаланудың маңызы зор. Сондықтан да өзім сабақта ұлттық ойынды кең қолданамын. Ойын түрлерін сабақ мазмұнына қарай белгілі бір мақсатта таңдап аламын».

Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырудың маңызды құралы.

Ұлттық ойындар – бастауыш мектеп балаларының негізгі іс–әрекеті, оқудың маңызды құрамды бөлігі, дидактикалық ойынның бір түрі.

Ұлттық ойын – оқушылардың оқу әрекетін жандандырады, еңбекте дербестік пен инициативаны, жолдастық пен өзара көмекті дамытуға жол ашады. Ұлттық ойынның ең басты ерекшеліктерінің бірі балалардың білімді игеруде ақыл ой қызметін дамыта отырып, өзара қарым - қатынас жасауға жеткен жетістіктерінің дәрежесінің көрсеткіші. Екіншіден, оның ұжымдық сипатта болатындығы. Ұлттық ойын көп жақты, қиын педагогикалық құбылыс.

Ұлттық ойынның негізгі мақсаты оқыту барысында баланы қызықтыра отырып, білімдік, тәрбиелік мақсаттарына жеткізеді.

Ұлттық ойын – тәрбие құралы, ақыл-ойды кеңейтіп, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, сезімдерін күшейтеді.

Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін оқу процесінде үздіксіз дамыту, сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше. «Ана тілі» сабақтарында ойын элементтерін пайдалану мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың тиянақты меңгеруіне көмегін тигізеді. Ойын оқушыларды сергітіп, тапсырманы тез, әрі ынтамен орындауға, өз беттерімен жұмыс істей білуге үйретеді.

Қай баланың болмасын мінез-құлқы ойын үстінде қалыптасады. Яғни ойынды ойнаған кезде біреуі әділ ойнайды, екінші бірін алдайды, үшіншісінің шамасы келмейді, келесісі қарсылық көрсете алмайды. Сондықтан, бастауыш мектеп мұғалімдері ұлттық ойындарды қолдануды тәрбие құралының негізі ретінде пайдалану керек.

Бастауыш мектептердің сабақтарында бағдарлама бойынша материалдарды өткен кезде оқушылардың ой-өрісі, ойлау қабілетін жетілдіру, мұғаліммен қарым-қатынасын нығайту, тілін дамыту, дене жағынан даму процестері баса ескеріледі. Демек, сабақтың мақсатына қарай арнайы іріктеліп алынған ұлттық ойын элементтерін оқушылар белсене қатысып, орындай алатындай болу керек. Ойынға оқушылар белсене қатыспаса немесе дұрыс орындамаса, ойынды тоқтатпай-ақ, сол оқушыға ғана ескерту жасап, орындауын, қалай ойнайтынын өзіне ғана көрсетіп беруге болады. Тіпті олай болмаған күнде, бала ойынды дұрыс орындап, ойнап жатқан құрбысына көңіл аударуына болады.

Жалпы сабақтарда қолданылатын ұлттық ойындардан оқушыларға төмендегідей қасиеттер қалыптасады

  1. Оқушылардың қызығушылығын арттыра түседі.
  2. Сабақта көп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
  3. Балаларды достастырады, қарым-қатынасы нығаяды.
  4. Бір-біріне ынтымақ көмек көрсетуге баулиды.
  5. Ой-өрісі кеңіп, жылдамдыққа үйренеді.
  6. Оқушылар өз ойын, пікір талабын ортаға сала біледі.

  
2 Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері

 

 

2.1 2-сынып ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдалану жолдары

 

 

Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасында «білім берудің мақсат приоритеті түбегейлі өзгеруі керек бірінші кезекте, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады1» - делінген.

Бұл мақсат білім мен тәрбие мазмұнына ықпал етіп, оны жанартудың басты бағыттарын айқындайды, оқыту процесін тиімді ұйымдастырудың жолдарын қарастырады.

Сабақтың тартымды да, қызықты өтіп, оқушылардың оқу еңбегіне ынтасын арттыруда дидактикалық ойындардың алатын орны ерекше.

Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан халқымыздың ұлттық мұрасының озық мәдениетін, ізгі әдет-ғұрып, салт-санасын жастардың бойына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Ал оқушыларды жан–жақты қабілетті азамат етіп өсіруде ұлттық ойындардың тәлім–тәрбиелік, білімдік, танымдық ролі орасан зор.

Бастауыш мектеп ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін тиімді қолдану оқушылардың оқу материалын түсінуіне, сол пәнге қызығуына, ұлттық сезімнің оянуына, сөйлеу тілінің жетілуіне, сөздік қорының болуына мол мүмкіндік береді.

Ана тілі сабақтарында ұлттық элементтері бар дидактикалық ойындарды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді:

  • ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады;
  • оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;
  • оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;
  • оқу әрекетіне ойын жұмыс элементтері ретінде кіреді;
  • ойын нәтижесі бірден шығарылып отырылады.

Информация о работе Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері