Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 13:35, курсовая работа

Краткое описание

Мектепке дейінгі мекемелерде, мектеп-интернаттарда, кәсіптік-техникалық оқу орындарында, балиғатқа толмаған тәртіп бұзушылардың еңбек колонияларында Тәрбиеші тағайындалады. Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады, көпшілік-мәдени жұмыстарын жүргізеді. Тәрбиеші пед. оқу орындарында даярланады.

Содержание

Кіріспе
І. Негізгі бөлімі
1-тарау:Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі ролі
1.1.Тәрбиешінің қызметі мен міндеттері
1.2. Тәрбиешінің жеке басына қойылатын талаптар
1.3.Тәрбиеші-педагогтың бейнесі
1.4.Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі және қызметінің ерекшелігі
1.5.Тәрбиешінің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының мазмұны
ІІ.Практикалық бөлім
ІІІ.Зерттеу бөлімі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

балабақшада тәрбиешінің ролі.docx

— 65.81 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу.

                «Болашақ-2007» балабақшасының жалпы  ережесі

   1.Жалпы  ережелері.

Тәрбиеші:

1.1.Қызметке Ж Б/Б директорының  бұйрығымен қызметке алынады  және қызметтен босатылады.

1.2.Әдіскердің басшылығымен  жұмыс істейді.

1.3.Әр жарты жылдықта  медициналық тексеруден өтіп  тұрады.

1.4.Өз жұмысында нормативтік  құжаттарды,осы қызметтік нұсқаулықты  және ішкі еңбек тәртібі ережелерін  басшылыққа алады.

1.5.Еңбек тәртібін сақтайды.

2.Қызметтік міндеттер:

2.1.Өздеріне сеніп тапсырылған  балалардың мекеме ішінде,серуен  алаңындарында балалардың денсаулығы  мен өмірін қорғау бойынша  нұсқаулық талаптарына қатаң  сақтауды іске асыруы керек.

2.2.Топтағы әрбір баланың  денсаулығын ныңайтуды және жағдайын  қарауды,медперсоналмен бірге балалардың  психологиялық деңгейін дамыту  жасы кішкентай балалардың гигиеналық  жағынан,денсаулығын нығайтуға көмектесетін  комплексті іс-шара өткізуін қадағалау  керек.Балабақшаға жаңа келген  балаларға ерекше назар аударуы  тиіс.

2.3.Оқу-тәрбие жұмысын  мекемедегі басқа тәрбиешілер  мен жұмыскерлер тығыз байланыста,бағдарлама  сәйкес жоспарды іске асырады.Сабақ   өткізуге дайындалып келуі керек.

2.4.Балалардың жеке қабілеттері  мен қызығушылығын ескеруі керек.Өзі  оқығандарын педагогикалық қызметінде  әр баланың дамуы үшін біліктілікпен  қолданады.Балалардың жеке ерекшеліктерін  ескеру негізінде өз тәрбиешіленушілерімен  коррекциялық-дамыту жұмыстарын  мамандар кеңесімен өткізіледі.

2.5.Белгіленген күн тәртібі  мен сабақ кестесін қатаң орындауды  қамтамасыз ету.

2.6.Баланың үйрену кезеңінде  мінез құлқын бақылау,жасы кіші  топтарды бақылау күнделігін  жүргізіледі.

2.7.Б/Б  директоры мен  медбикеге баланың денсаулық  жағдайындағы өзгерістердіхабарлап  отыруы керек.Медбикеге келмеген  балаларды хабарлап,келмеген себебін  анықтайды,келу табелінің есебін  жүргізеді.

2.8.Ата-аналармен отбасындағы  бала тәрбиесі жөнінде әңгіме  өткізіп,балабақшамен белсенді түрде  бірігіп жұмыс істеуін қарастырады.Білім  беру-тәрбие бағдарламасын табысты  іске асыру үшін,үлескіде,топта  керекті жағдай жасауды қамтамасыз  ету үшін жекелеген ата-аналармен  белсенді жұмыс істеуі керек.

2.9.Топтағы әрбір балаға  қамқорлықпен қарап,балалармен және  ата-аналармен қарым-қатынас жасағандапедагогикалық  тактілермен қажырлылық көрсетуі  керек.

2.10.Музыка жетекшісімен,әдіскерімен  бірге бос уақытында мекемелер  ұйымдастырады. 

2.11.Аусымдас тәрбиеші  ауырып қалса,ауырған уақытында  оны ауыстырады.

2.12. кесте бойынша мед.тексеруден  өтеді.

2.13.Балалардың денсаулығы  мен өмірін қорғау және педагогикалық  жұмыстарға байланысты әдіскердің,медбикенің,директордың  талаптарын орындайды.

2.14.Тәрбиешінің ұжаттарын  мергімінде жүргізеді.Жүйелі түрде  кәсіптік біліктілігі мен педагогикалық  деңгейін,курстарды,семинарларды,ашық  көріністерде жоғарлатады.

2.15.Балалармен бірге үлескіде  өз жасына сәйкес топта бағдарламаға  сәйкес көркейту жұмыстарын  жүргізеді.

2.16.Мекемедегі пед.кеңестерге,аудандағы,округтегі  бірлестіктеріне қатысып,ашық күндеріне  балалар жұмысының көрмесін,конкурстар  ұйымдастырады,ата-аналармен жиналыс  өткізіп,мерекелерге қатысады.

2.17.Еңбек тәртібі ережелері  мен еңбек тәртібін қатаң сақтайды.

2.18.Топта санитарлық-гигиеналық  тәртіпті қамтамасыз етеді.

2.19.Жұмыс аяғында ауысымын  аударғанда топ ішін тәртіпке  келтіруі керек.

2.20.Мекеме мүліктерін,әдістемелік  әдебиеттерді  сақтауы керек.

2.21.Тәрбиеші ауысымды  жеке кезекшіге балалардың тізімі  бойынша тапсырады.

3.Тәрбиеші маманы  білуі тиіс. 

3.1.Балалар құқығы жөніндегі  конвенцияны Мемлекеттің негізгі  Заңдарын.

3.2.Мекеменің жарғысын,ішкі  тәртіп ережелерін,балалардың денсаулығы  мен өмірін қорғау бойынша  нұсқаулық пен санитарлық-гигиеналық  нормаларды.

3.3.Жас ерекшеліктері физиолигиясы  мен гигиенасын ,педагогика,психологияны.

3.4.Дәрігерге дейінгі медициналыұқ  көмек негіздерін.

3.5.Тәрбие жұмыстарының  теориясы мен әдістерін.

3.6.Еңбекпен қорғау,техника  қауіпсіздігі  мен өрттен қорғау  нормаларын мен ережелері.

3.7.Балалардың өмірі мен  денсаулығына қауіп төндіретін  жағдайлардағы 

әрекет ету ережелерін.

4.Құқықтары:

   ҚР Еңбек туралы  Заңы,ҚР «Білім беру»Заңы,Мекеме  Жарғысы мен ішкі еңбек тәртібі  ережелерінде қарастырылған құқықтарды  білуге.

5.Жауапкершілігі:

5.1.Мекемеде болған уақытында  балалардың өмірі мен денсаулығына  жауапкершілік алады.

5.2.Осы нұсқаулықта көрсетілдген  барлық міндеттерді орындауға  жауапкершілік алады.

 

 

 

 

 

Баяндама.

   Қиқыр бала қайдан  шығады?

   Қыз асырап,ұл өсірген  халқымыз баланы өз өмірінің  жалғасы деп есептеп,оның тәрбиесіне  көп көңіл аударады.Әрбір ата-ана  өзі өсірген баласының,саналы  азамат болғанын қалайды.Сәби  жасында қалай тәрбиелесе,есейгенде  соны істейді.

   Ұрпағының өнерлі,өнерсүйгіш,үлгілі,ер-азамат  болуын қалаған қазақ халқы  қыз баланы төсек-орын жинау,ою-өрнек  тоқу,шай құю,су әкелуге;ұл баланы  мал бағу,түрлі қол өнерімен,шөп  шабуға,қобыз бен домбырада ойнауға,түрлі  ұлттық ойындарға баулыған.

   Сәби жаны білуге  құмар,көргеніне еліктегіш бұла  жанды,түсінбесе сұрағыш,қызықшыл  келеді.Оның жаны таза,шыншыл  болады.Баланың  осы қасиетін  сақтау үшін жан-жақты тәрбие  керек.

   Бала тәрбиесінде,олардың  мінез-құлықтарындағы кездесетін  қасиеттердің бірі «қиқырлық».Сәби «қиқыр болып тумайды,тәрбиеленеді».Кейбір ата-аналар қиқырлықты жәй еркелік деп түсінеді.

   Өзінің айтқанын  жасатуға тырысқан сәбилердің  бойында ерекше күш бітіп,жерге  жата қалу,аяқтарын-жан-жаққа сермеу,бар  даусымен шыңғыру,еденге басын  соғу қылықтары ата-ана «бірбеткей,айтқанынан қайтпас»деп мақтаныш сезімін қабылдайды.Өз дегеніне жетпей тынбайтын сәбилердің кейбіреулері естен танып,ештеңені көрмейді,естімейді,өздерін ұстай алмай қалады.

   Осы қылықтарының  нәтижесінде олар жеңіске жетіп,қалаған  нәрсесін орындатады.Сол кезде  «сәби өзінің сезімін игере алмай қалады» деп жазады (сезім баланы билейді) психолог ғалым Лилли Кеммлер.Бұндай сәтте бала тез шаршап,өзінің әлсірегенін сезеді.Ата-ана өзінің қиқырланатынын сезбей қалады,сондықтан сәбиге рухани еркіндік беруге тырысу қажет.Мүмкіндігінше ойнап жүрген кезінде кілт үзбеу керек.

   Ата-ана да баласын  қиқырланатын кезде «тыныштандыруға немесе одан бір нәрсе сұрап,талап етуге бола ма?» деген мәселе төңірегінде ойланғаны дұрыс.Ендеше,қиқырлықтың алдын-алу үшін,бірнеше жағдайларды есімізге алғанымыз жөн.Кейбір ата-аналар тым еркінсітіп жібереді «Өзіміз көрмегенді баламыз көрсін деп не қаласа соны әперіп,айтқанын орындайды».Сондықтан сәби тәрбиесіндегі осындай аяқылықты болдырмауды ерте кезден қолға алған жөн.

   Сәбиіңіз қиқырланып  жылай бастаса өте мән беріп,алаңдамаңыз.Бірақ  ол сіздің де мазасызданып  отырғаныңызды білсін.Осы кезде  ананы-мынаны айтып немесе ұрысып-жекуге  болмайды.Қиқырлықтың әсерінен бала  сізді түсінбейді.Балаңызға айтқан  «жоқ» деген сөзіңізден айнымаңыз.Қиқырлықтың әсерінен ол сізді түсінбейді.Тіпті қоғамдық орындарда автобуста,дүкенде бірбеткейленіп тырыссада,айтқанына көнбеңіз,сол жерден қолынан жетелеп шығарып кетіңіз,соған тырысыңыз.

   Бала тәрбиесінің  баспалдағы отбасынан басталады  десек,ондағы әке мен шешенің  орны ерекше.Олардың әрбір сөзі,қимылы,іс-әрекеті  балаға әсер етпей қоймайды.Көп  нәрсені білсем деген құштарлығы  артып,ата-анасынан не болса соны  сұрай береді.Ол қоршаған ортаны  білсем,танысам деген талпыныс.Әке-шеше  осыған қуанып,ерінбей,түсінігіне  сай толық жауап беруі керек.Ата-ана  мүмкіндігінше сәбидің сұрақтарына  ренжимей,шаршамай жауап қайтарса,қиқырлықтың  алдын алған болар еді.Өйткені  іке-шешенің дұрыс жауап қайтармағанының  өзі қиқырлыққа жатады.Бірақ бұл  әрекеттерді кейбір ата-ана өз  бойынан байқамай қалады. «Есі кірген соң бәрі ұмытылады »деп өздерін жұбатады.Ғалымдардың дәлелдеуінше неғұрлым ата-аналардың ақыл-ой дәрежесі жоғары болған сайын,сәбидің тәрбиесі жоғарлай түсетінін дәлелдеген.Ата-ана біріншіден-баланың ұнамды мінез-құлық белгілерін мадақтай отырып,кейбір кемшіліктерін ескертіп,жақсы қасиеттерін қалыптастыры,дағдыға айналдырса;екіншіден-ата-анаға еліктеп,одан үйреніп,үлгі алса;үшіншіден-баланың ішкі дүниесін,талап тілегін дұрыс түсіну әңгімесі бір төбе,ал зекіп,қарам-қатынас жасау баланың басқа адамға деген жылу сезімін қалыптастыра алмауы өзінше басқа әңгіме.

   Олай болса, «қиқыр баланы» тәрбиелеудің бір ұшы отбасында,әке-шешенің басында екен.

   Сәбилердің тек  сөйлескен кезде ғана оған  ақыл айтқанды немесе бұйрық  берген кезде ғана тәрбиелейміз  деп ойламайық.Сәбидің алғашқы  айларында-ақ жылай бастаған кезде  не сұраса соны әперіп,айтқанын  орындап,баланың алдында құрдай  жорғалаудың қажеті шамалы.Мүмкіндігінше  болып жатқан жағдайда салқынқандылықпен  қабылдауңа тырысыңыз.Олар ата-анасының  қалай киінеді,адамдармен қарым-қатынас  кезінде өзін қалай ұстауды,тіпті  қалай қуанып,күледі,ренжиді,бәріне  мән береді,еліктейді.Сондықтан  ата-ана баласына үлгі-өнеге көрсетуі  тиіс.

Зерттеу әдісі:құжаттарды зерттеу.

Мақсаты:Озат тәрбиешінің жеке іс құжаттарын зерттеу арқылы іс-тәжірибесімен танысу.

Зерттеуші:Малшиева Тілектес.

Зерттелінуші:Чапаева Тұрсынхан.Болашақ-2007 балабақшасының Бәйшешек тобының тәрбиешісі.

Білімі:жоғары.

Еңбек өтілі:20 жыл.

Зерттеу барысы:Озат тәрбиешінің ата-аналармен арналған құжаттарымен таныстам.

 

№2 хаттама.

       «Бәйшешек»  ересектер тобындағы ата-аналар  жиналысы .

   Күн тәртібінде:

1.«Қиқыр бала қайдан шығады?»-баяндама.

2.Кезектен тыс мәселелер.

Қатысқан ата-аналар саны:18.

 Баяндама бойынша сөйлегендер:

Ертаева Ақмарал:

   -«Менің қызым осы  топқа 2ай бұрын ғана келген  болатын,жалпы балабақшада тәрбиеленген  бала мен үйде тәрбиеленген  баланың айырмашылықтары өте  көп екен.Менің қызым өте қатты  ерке болатын,біздің айтқанымызды  мүлдем тыңдамай,өз айтқанын,білгенін  істететін.Баалабақшаға келгелі  бері одан көптеген өзгерістер  байқадым:үлкендермен сыпайы сөйлеседі,жаңадан  туылған інісіне қамқоршы,мағанда  көмектеседі.Балабақшаға келгенді  ұнатады,күнде таңертең қуана  келеді балабақшаға,бұл яғни тәрбиешінің  зор еңбегінен деп баға бергім  келеді».

 

Жалғасова Сәуле:

  -« Әрине,баланы өмірге әкеліп,бар-жоғын түгендеуден басқа,біздер,ата-аналар көп нәрселерді біле бермейміз.Балаға ойын арқылы көп нәрселер үйрету мысалы:ертегілер арқылы адамгершілікке тәрбиелеу,белгілі бір өлең жолдары арқылы соған сәйкес би қимылдарын билеу,тіптен саусақтармен нерв жүйелерін тыныштандыру дегенді кім білген?!Ұлым-Мирас аздап қабілетті,дегенмен арнайы мамандардан,тәрбиеші апайлардан,көпшілік ортада тәрбие алып өсуі мен үшін қуаныш».

Қарымсақова Гүлнәр:

   -«Бүгінгі жиналыстан,өз басым біраз тәрбиешіден біздің балалрымыз үшін қойып отырған талабы орынды.бізде біраз сабақ алдық.Барлық ата-аналар осы балаларының бойындағы жаман қылықтарды жоюға дайын,сондықтан бәріміз,тәрбиеші апайлар және ата-аналар осы қиқыр қылықтарымыздан айырылайық дегім келеді».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдістемелік нұсқау

    1. Тәрбиеші- тәрбие жұмысын ұйымдастыру, реттеу, жетекшілік жасау және осы жұмыстарды іске асырумен айналысу керек.
    2. Балаға балабақшада психологиялық қамқорлық жасау
    3. Баланың ойнауына , еңбек және білім алуына жағдай туғызу
    4. Баланың дамып жетілуіне ат салысу
    5. Өз білімін көтеруімен шұғылданып , білімін жетілдіру керек.

Информация о работе Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі ролі