Қазақстан Республикасының
Білім және Ғылым министрлігі
Қарағанды Мемлекеттік Университеті
Реферат
Тақырыбы: Жаңа білім жүйесі
Орындаған:
КА-13 группа студенті
Сағат М.А. |
|
|
|
Қабылдаған: |
Аяған Е.С.
Қарағанды 2015
Мазмұны
Кіріспе
1.Жаңа білім жүйесі
2.12 жылдық мектеп
3.Дистанциондық оқыту
Қорытынды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің
20 жылында еліміздің экономикалық және
әлеуметтік дамуымен қатар білім беру
жүйесін жаңғырту мақсатында кезең-кезеңімен
реформалар жүргізіп келеді. Сол білім
беру жүйесіндегі реформаларды жүргізу
Егемен Қазақстанның алғашқы құқықтық
құжаттарының бірі – Тәуелсіздік Декларациясында
бекітілген болатын. Тәуелсіздік алған
20 жыл ішінде қазақстанның білім беру
жүйесінің негізін қалаған екі іргелі
стратегия қабылданды. Олар: 2000 жылғы «Білім
беру» бағдарламасы және Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы еді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының
басым бағыты» атты халққа арнаған кезекті
Жолдауында мемлекетіміздің барлық салаларына
қатысты мәселелер жан-жақты қамтылып,
жүзеге асырылуға тиісті он нақты міндеттерді
айқындап
берді.Осы жолдаудағы маңызды мәселелердің
бірі жетінші бөлімдегі білім беру мен
денсаулық сақтау саласы. Дәл қазіргі
жаһандану заманында білім беру жүйесін
одан әрі дамытуға қатысты мәселелерді
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев осы жолдауда айқындап берді.
Атап айтар болсақ, бұл жолдауда Президенті
Н.Ә.Назарбаев былдай деген болатын:
«Білім беру жүйесін жаңғырту
барысында біз үшін келесі іс-шараларды
жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден,
оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер
мен технологияларды енгізу. Бүгінде халықаралық
стандарттар негізінде Назарбаев университеті
мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс
істеуде. Кәсіптік-техникалық білім берудің
озық мекемелерінің желісі дамып келеді.
Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық
білім беру жүйесіне таратып, барлық білім
беру мекемелерін солардың деңгейіне
тарту қажет.
Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын
арттырудың маңызы зор. Арқаулық педогогтык
білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер
мен жобалар оқытушыларының біліктілігін
арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр
өңірде педогогтардың біліктілігін арттыратын
интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі
тиіс.
Үшіншіден, біліктіліуті бекітудің
тәуелсіз жүйесін құру қажет. Мемлекет
бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге
әрі олардың сапасына баға беруге тиіс
емес.
Үкіметке үстіміздегі жылы
қанатқақты режімде салалық ассоциациялар
арқауында1-2 салаларда тәуелсіз Біліктілікті
бектіу орталықтарын құруды тапсырамын»,
-деді Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев.
Еліміз дамуының жаңа кезеңі барлық салалардың
инновациялық-индустриялық дамуына көшуді
қарастыратын жаңа міндеттерді алға қойды.
Бұл жаңа талаптарға сәйкес білім беру
жүйесінің барабар өзгерістерін талап
етті. Осы мақсаттарды іске асыру үшін
2011 жылы Мемлекет басшысы Білім беруді
дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын
бекітті. Бұл стратегиялық құжатта Қазақстан
Республикасы мемлекеттік саясатының
2011-2020 жылдарға арналған білім беру саласының
ұйымдастыру негізі қаланды. Сонымен бірге
тиімді адами капиталды құру, инновациялық
жобаларды іске асыру үшін жоғары білікті
кадрларды тәрбиелеу және жаңа технологияларды
құруға ерекше назар аударылды.
Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтой жылы
білім беруді дамытуды іске асырудың алғашқы
жылымен тұспа-тұс келуі жай емес. Бұл
жыл білім және ғылым жүйесіне терең және
маңызды өзгертулер әкелді деп айтуға
болады. Биылғы жылдың басты жетістіктерінің
бірі – одан арғы жұмыстың құқықтық негізін
қалаған «Білім туралы» және «Ғылым туралы»
екі Заңның бекітілуі болып табылады.
Оларды іске асыру үшін 2011 жылғы бірінші
жартыжылдықта 83-тен астам нормативтік
құқықтық актілер бекітілді, 48 акт әзірлену
үстінде.
Білім беру үдерісіне оқытудың
заманауи әдістемелері мен технологияларын
ұдайы енгізіп отыру аталған саланы жаһанданудағы
ең басты міндеттердің бірі ретінде алға
тартты. Сонымен қатар, педогогикалық
құрамның сапа-деңгейін арттыру мәселесі
де маңызды шаралар қатарынан орын алды.
Биылғы жылдан бастап базалық педогогикалық
білім стандарттары мен біліктілікті
арттыруға қойылатын талаптарды күшейту
бойынша көптеген ұйымдастыру шаралары
қолға алынғалы отыр. Сондай-ақ педогогтардың
біліктілігін растайтын тәуелсіз мекемелер
қызметіне жүгінетін боламыз. Қысқаша
айтқанда, кадр сапасын сараптау міндетін
сол кадрды даярлаған ЖОО-дан өзге бейтарап
мекеме атқарғаны өте дұрыс деп ойлаймын.
Елбасы Н.Назарбаев белгілеген
Қазақстанның даму стратегиясы еліміздің
әлемдік қауымдастықтағы бәсекеге қабілеттілігін
арттыруға бағытталған. Жалпы алғанда,
ұлттық білім беру жүйесінің, оның ішінде
жоғары мектептің ілгері дамуы Президент
қойған міндеттердің табысты түрде жүзеге
асырылып жатқандығының дәлелі болып
табылады. 2010 жылы Қазақстанның Болонья
декларациясына қосылуы еліміздің тарихындағы
маңызды оқиға болып, отандық жоғары оқу
орындарын еуропалық білім беру кеңістігінің
толық құқылы серіктесі етті. Мұндай серіктестік
белгіленген өлшемдерді ұстануға міндеттейді.
Аккредиттеу арқылы білім беру қызметінің
сапасын қамтамасыз ету осылардың ішіндегі
басым бағыт болып табылады. Бүгінгі таңда
әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай,
жоғары оқу орны үшін аккредиттеуден өту,
оқу орнының жұмыс жасауы мен заңды түрде
қызмет етуінің міндетті шарттарының
бірі болып отыр. Еуропалық академиялық
қауымдастық аккредиттеуді ұйымдастыру
мен өткізу мәселесіне өте мұқият қарайды.
Себебі, аккредиттеуден өту арқылы жоғары
оқу орны өзі тәріздес оқу орындары арасында
беделінің жоғары екендігін дәлелдейді
және бұл оның «сапа белгісі» болып табылады.
Жетекші еуропалық елдердің аккредиттеу
агенттіктері (олардың ішінде EQAR, ENQA) жүйелерінің
салыстырмалы стандарттары білім беру
бағдарламаларының жоғары сапасына кепілдік
және жоғары оқу орнына жұмыс берушілер
мен білім беру қауымдастығы ортасында
танылуына мүмкіндік береді.
Еуропалық жоғары оқу орындарында
ұлттық және халықаралық аккредиттеуді
өткізу тек сапа кепілдігі ұйымдарының
еуропалық тізіміндегі арнайы агенттіктерге
ғана сеніп тапсырылады. Отандық жоғары
мектеп осыған ұқсас жолмен келе жатыр:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі отандық жоғары оқу орындарына
өз қызметін тәуелсіз бағалауды жүзеге
асыруға мүмкіндік беретін аккредиттеу
мен саралаудың ұлттық үлгісін құрды.
Бүгінгі таңда жиырмадан астам отандық
жоғары оқу орны ұлттық институционалдық
аккредиттеуге ие болды. Ал, бұл халықаралық
аккредиттеуден өтудің міндетті шарттарының
бірі болып табылады. Қазақстандық жоғары
оқу орындарының халықаралық тұрғыда
танылуға деген ұмтылысы қазіргі кезде
қоғамдық-кәсіби аккредиттеуді дамытуға
байланысты болуда. Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы елімізде
тәуелсіз аккредиттеу құрылымын дамыту
бойынша шарттарды құруды қарастырады.
Президент білім беру жүйесін
жаңғырту бағытында алдымызға ұлан-ғайыр
міндеттер қойды. Оқыту үдерісіне қазіргі
заманғы әдістемелер мен технологияларды
енгізу уақыт талабы екенін ұғынатын мезгіл
жетті. Сонда ғана қазақстандық білім
беру жүйесі одан әрі өркендеп, халықаралық
стандарттарға теңесетін болады. Елбасы
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында
оқу үдерісіне осы заманғы әдістеме мен
ақпаратты технологияны енгізу қажеттігін
атап көрсетті. Бүгінде оқу-әдістемелік
базаны кредиттік технологиясыз көзге
елестетудің өзі қиын. Оқу үрдісіне оқытудың
интерактивті технологиясын енгізу, оның
ішінде, бейнеконтентпен қашықтықтан
оқыту технологиясын қолдану, инженерлік-техникалық
мамандықтар бойынша материалдық-техникалық
базаны нығайту, электронды оқу залдарының
санын көбейту, ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыру
кеңінен жалғасып келеді.
Қазақстандықтарды жұмыспен
қамту деңгейін жоғарылату жоғары білім
беру жүйесіндегі жаңашылдықсыз іске
аспайтынын қазір екінің бірі түсінеді.
Академиялық ұтқырлық орталығы осы мақсатпен
құрылған. Ол, екінші жағынан, академиялық
ұтқырлық дамуының орталықтандырылған
жобасын жүзеге асыру қажеттілігінен
туындаған болатын. Қазақстан Республикасының
білім беру ісін дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасына
сәйкес Болон декларациясының бір қағидаты
осылайша жүзеге асып отыр.
Қазіргі таңдағы адамзаттың
тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім
болып табылады. Тәуелсіздік алғалы бері
жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне
енгізіліп отырған реформалар біздің
болашағымызға салынып жатқан даңғыл
жол деп айтуымызға болады. Себебі, қай
мемлекеттің болсын даму жолы, яғни экономикалық-әлеуметтік
жағдайына тікелей апарар жол – сол елдің
білімінің дамуы болып табылады. Яғни,
болашақта бәсекеге қабілетті мемлекеттер
қатарына ену міндеті бәсекеге қабілетті
жас маман мойнына жүктелетін абыройлы
да, жауапты міндет болып отыр. Бүгінгі
жас ұрпақ – ертеңгі мемлекет тұтқасын
ұстаушы білікті маман, ел тағдырын шешуші
азамат. Олай болса еліміздің болашағы
болып табылатын жас мамандарға білім
беретін ЖОО-дың білім жүйесін дамыту
заман талабы, — деп айтуымызға болады.
12 жылдық мектеп
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы
12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға
бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды,
«жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге
өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік
білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз
етуді мақсат етеді.
2008 оқу жылынан бастап 12 жылдық
білім беруге кезең-кезеңмен көшуі
басталды. Бүгінгі күні білім
беру мазмұнын жаңартуды көздейтін
Қазақстан Республикасының білім
беру тұжырымдамасы жан-жақты
талқыланып, Білім және ғылым
министрлігінің алқа мәжілісінде
мақұлданды.
Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» Заңына; «Қазақстан Республикасын
2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық
жоспарына», «Қазақстан Республикасында
білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың
мемлекеттік бағдарламасына», Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік,
саяси жаңғырудың қарқынды жолында» атты
Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім
министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз
білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес
әзірленді.
Біздің еліміздегі қалыптасқан білім
жүйесі академиялы, түбегейлі деп бағаланатынын
айта кетуіміз керек. Бірақ жыл асқан сайын
оқу бағдарламалары бойынша 11 жылда берілетін
білім көлемінің ауқымдылығы оқу жүктемесінің
шектен тыс көбеюіне әкеліп, білім сапасы
мен оқушылар денсаулығына кері әсерін
тигізіп отыр. Қалыптасқан бұл жағдай
оқушылардың оқуға ынтасын да төмендететінін
тәжірибеден байқап жүрміз. Осыған орай
қазіргі білім беру тәжірибесінде білім
көлемін жинақтай отырып, оқу материалын
жеңілдетуді, сондай-ақ құзырлылыққа жетуге
бағдарланған білім мазмұнын қарастырып
отыр. Бүгінгі таңдағы еліміздің білім
ұйымдарының басты міндеті – баланың
денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін
білім беру ортасын құру. Біз өмір сүріп
отырған уақыт алдыңғы толқынның заманына
мүлдем ұқсамайды. Бала болашағы оның
жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай
білуіне, дұрыс таңдау жасауына, бүкіл
өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез
икемделе білу қабілетіне байланысты
болмақ. Осыған байланысты мұндай тұлғаға
қойылатын бірінші кезектегі нақты талап:
ойлылық, салмақтылық, белсенділік, әлеуметтік
жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби
сауаттылық т.б. Бұл оқушының бойында қалыптасатын
түпкілікті мақсат, міндеттерін айқындауға
тікелей мұрындық болады.
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі
– баланың жан-жақты дамуына,
өз пікірі мен ойын ашық
жеткізуіне, әр адамға табиғатынан
берілген шығармашылық әлеуетін
толық іске асыруына ықпал
ететін, өзін-өзі танып, келешегін
айқындауға саналы түрде дайын
болуға, қоғамның экономикалық, мәдени,
саяси, өміріне белсенді араласуға
мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық
институт ретінде қалыптасуында
болып отыр. Оның жаңа құрылымына
тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім
беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады.
Бүгінгі күні осы құрылым мен
жаңа мазмұнға негізделген жалпыға
міндетті білім стандарттары
әзірленуде.
Бүгінгі күні әлемде жалпы білім берудің
12-жылдық мектепке арналған халықаралық
стандарты қалыптасып отыр. Орта мектептегі
12-жылдық білім АҚШ, Канада, Жапония, Швеция,
Францияда; Германия, Чехия, Италия, Швейцарияда
– 13 жылдық ; Голландияда – 14 жылдық жүйе
қабылданған.
12 жылдық білім берудің негізі
адамның жеке тұлғалық қасиетін
қалыптастыру болып табылады. Адам
тұлға болып тумайды, ол өмір
сүру барысында тәрбие арқылы
қалыптасады. Тұлғалық туралы адам
өзін-өзі танып, өз өмірін өзі
жасай бастағанда сөз ету керек.
Білімді, шығармашыл, бәсекелік қабілеті
мол тұлға тәрбиелеу негізінде
Қазақстан Республикасында 12 жылдық
жалпы орта білім беру тұжырымдамасы
жасалып отыр. 2020 жылға арналған
орта жалпы білім беру орындарының
құрылымы мен мазмұнын құруда
республикалық эксперимент шеңберінде
тәжірибелік-эксперменталды жұмыс
жүргізілуде. Егер 2020 жылға бұл экспериментке
52 мектеп қатысса, олардың саны 104
ке жетті, ал ауылдық жерлерде
олардың 45-і, қалалық 59 мектепті құрайды.
Қазірдің өзінде 12-жылдық білім
модельдерін байқаудан өткізу
жөніндегі эксперименталды ұйымдар
туралы оң деректер бар.
12 жылдық білім 3 сатыдан тұрады.
Бірінші – бастауыш (1-4 сыныптар)
сыныптардың педагогтары олардың
оқуға деген ынтасын арттыруға
көп көңіл бөледі, екінші – (5-10)
сыныптар оқушылардың базалық
білімін анықтап, қарым-қатынас мәдениетін,
ғылыми әдістерді түсінуге баулу,
ал үшінші – (11-12 сыныптар) болашақ
мамандық таңдауды негізге алады.
Бұлардан басқа да толықтыратын,
өзгертетін проблемалар, 12 жылдық
оқуға ауысудың басқа да әдістерін
табу мәселелері толып жатыр.
Осы іспеттес тапсырма дәл
осы мақсатта арнайы құрылған
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің «12-жылдық
білім мәселелерінің Республикалық
ғылыми-тәжірибелік орталығы» республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның
құзырына берілген.
12 жылдық білім беру жүйесіне
көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер
мен адамдар арасындағы қарым-қатынас
құралдарының қарыштап дамуына
байланысты жаңа адамды қалыптастыруды
көздеген заман талабы.Әлемдік
білім кеңістігіндегі оқытудың
озық технологияларын қамтитын
жаңа білім мазмұны шынайы
жарыс, адал бәсекеге қабілетті
адам тәрбиелеуді қамтамасыз
етуге тиіс.
12 жылдық оқытудағы басты мақсаты
— қарқынды дамып келе жатқан ортада
өмір сүруге қабілетті;
— өзін-өзі дамытуға;
— өз ойын еркін айта білуге;