Жаңа білім жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 23:14, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 20 жылында еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуымен қатар білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында кезең-кезеңімен реформалар жүргізіп келеді. Сол білім беру жүйесіндегі реформаларды жүргізу Егемен Қазақстанның алғашқы құқықтық құжаттарының бірі – Тәуелсіздік Декларациясында бекітілген болатын. Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде қазақстанның білім беру жүйесінің негізін қалаған екі іргелі стратегия қабылданды. Олар: 2000 жылғы «Білім беру» бағдарламасы және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы еді.

Содержание

Кіріспе
1.Жаңа білім жүйесі
2.12 жылдық мектеп
3.Дистанциондық оқыту
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

Жаңа білім жүйесі.docx

— 66.48 Кб (Скачать файл)

Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: білім берудің бір тұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейі көтеруі.

Қашықтықтан оқытуды білім саласындағы міндеттері:

Бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып, мемлекеттік (республикалық) деңгейдегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;

Құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;

Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекеленген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орны ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғарғы оқу орындары жергілікті және аймақтық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент-сервер, мультимедиа, компьютерді оқып – үйренуші жүйелерге, электрондық оқулықтарға, әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытқа оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы оқулықтарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.

Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушылардың атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап,  оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгендей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту әсілі бойынша істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.

Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:

  • Оқытушы компьютермен жоғарғы дәрежеде сауатты істей білуі қажет

Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдыңғы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет.

  • Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет
  • Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылану қажет.
  • Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.
  • Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.
  • Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.

Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесінде баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез-келген әлеуметтік-экономикалық саланы алға басуы мүмкін емес.

Республикалық білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығы ақпараттық қарым-қатынастық технологиялардың білім берудегі педагогикалық мүмкіндіктерін зерттеу жолында ЮНЕСКО институтының тірек нүктесіне жатады және онымен бірге қашықтықтан оқытудың спутниктік бірлескен жобасын жүзеге асыруда.

 

                                    Дистанциондық оқыту

Қашықтықтан оқыту (ҚО) – білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір  бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Қашықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.

Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуына интернеттің әсерінен бағалау қиын. Ол ара қашықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен студентке анағұрлым көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы немесе студент тапсырмалар және тесттен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұнын жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы – біздің білім бері жүйесінің болашағы болып  табылады. Шетелде күндізгі немесе қашықтықтан білім берудің қайсысының дұрыстығы жөнінде сөз де болмайды. Өйткені, басты орынды қашан да сапалы білім алады.

Қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмысты сөз жұмбақтар, шарада немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды меңгеру үшін өте ыңғайлы. Қашықтықтан оқытудың жетістігі – оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсына электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын-ала жоспарланып, алдын-ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жүргізіледі.

Қашықтықтан оқыту жүйесін әрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде қарастыруға болады. Олар:

-Дидактикалық жүйе

-Технологиялық жүйе

-Қамтамасыз ету жүйелері

-Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалық бес әдісін қолдануға болады:

-Ақпараттық – рецептивті;

-Репродуктивті;

-Мәселелік мазмұндау;

-Эвристикалық;

-Зерттеу.

 

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиясы

 

         Білім беру  жүйесін ақпараттандырудың негізгі  бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына  сәйкес қоғамды дамытудың жоғарғы  тиімділікті технологияларына сүйенген  жаңа білім стратегиясына көшу  болып табылады.

         Білім беру  жүйесін ақпараттандыру бағыты  жаңа ақпараттық технологияларды  пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтықтан оқыту, дара тұлғаға  бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге  асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің  барлық деңгейлерінің тиімділігі  мен сапасын жоғарғылатуы көздейді.

         Қашықтықтан  оқыту ұғымын кең мағынада  алсақ, бұлт тыңдаушылар мен оқытушылардың  бір-бірімен кеңістікте алыстатылған  оқу формасы. Ал, тармағындағы қашықтықтан  оқу ұғымы тыңдаушылар мен  оқытушылар арасындағы, сонымен  қатар тыңдаушылардың өзара белсенді  ақпаратпен алмасуын қарастыратын  және жоғарғы дәрежедегі қазіргі  жаңа ақпараттық технологияларды (аудио-визуальды құралдар, дербес  компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б ) пайдаланатын белгілі бір  тақырыптар, оқу пәндері бойынша  ұйымдастыратын оқу процесі.

         Қашықтықтан  оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі  технологиялары бар: Кейс-технология  – оқытушы-тьюторларды дәстүрлі  және қашықтықтан консультацияларды  ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды  және мультимедиялық оқу-әдістемелік  материалдарды жинау және оларды  пайдаланушылардың өз бетінше  меңгеруі үшін жіберуге негізделген.

         Кейс технологиясы (ағылшынның саse-портфель) оқытуда  жасалынған әдістемелік материалдарды  іске асырады.

Кейс технологияға арналған материалдар түрлері мыналар:

Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдарымен глоссарий. Оқушыларға оқу жоспарындағы пәндер бойынша электрондық тапсырмалауышта (СD ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге:

-Жұмыс дәптері

-Анықтама

-Оқу, аудио, бейне материалдары

-Бақылау және емтихан материалдары

Қашықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:

Курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;

Пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.

Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ. Кең тараған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.

Оқушы оқулықтың кез-келген бетін қағазға шығара алады.

Оқушы оқу материалдарына кез-келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, СD ROM).

Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.

Оқулық бетін Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.

Желілік технология – білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген.

Оқытудың желілік-технологиясына жатады:

-Интернет желісін пайдалану;

-Электрондық поштаны пайдалану;

-Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;

-Мултимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желілік компьютерлік класс.

Электронды почта тыңдаушыларға курстың негізгі мәселелері бойынша конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді. Электронды почта арқылы ақпаратты жоғарғы жылдамдықпен жіберу мүмкіндігінің арқасында тыңдаушыға көмек дер кезінде, сұранысты алған соң бірден көрсетіледі. Интернет көмегімен тыңдаушылармен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады.

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрлерін орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тыңдаушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде  оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның құралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Сонымен,қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

 


Информация о работе Жаңа білім жүйесі