Жетім балаларды қоғамға әлеуметтік бейімдеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 11:53, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың міндеті:
– Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтік бейімдеу ерекшеліктерін талдау.
– Тәрбиеленушілердің әлеуметтік бейімделу сәттілігіне қандай жағдайлар әсер ететінін анықтау.
– Тәрбиеленушілер тұлғасының қалыптасу ерекшеліктеріне балалар үйінің жағдайында болу қалай әсер ететінін қарастыру.
– Тәрбиеленушілердің психикалық даму ерекшеліктері олардың әлеуметтік бейімделу жетістігіне қалай әсер ететінін анықтау және әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмыстың түзету дамыту функцияларын көрсету керектігін негіздеу.
– Тәрбиеленушілерді әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмыстардың түзету-дамыту функцияларын практикалық іске асыру бойынша нұсқаулар өңдеу және берілген нұсқаулықтар эффективтілігінің тәжірибелік тексерілуін жүргізу.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
І БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІ ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ОЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ЖЕТІСТІГІНЕ ӘСЕР ЕТУІ
1.1. Қазіргі кездегі жетім балалар сипаттамасы және балалар үйінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік бейімделуінің ерекшеліктері ........................5
1.2. Балалар үйінде тәрбиеленуші жетім балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері және олардың әлеуметтік бейімделу жетістігіне әсер етуі ...............................................................................................................10
1.3. Астана балалар үйінде тәрбиеленуші балалардың әлеуметтік бейімделу ерекшелігі ............................................................................................................15
ІІ БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІ ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ БОЙЫНША ТҮЗЕТУ–ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ
2.1. Балалар үйіндегі тәрбиеленуші жетім балалардың әлеуметтік бейімделуі бойынша түзетушілік-дамытушылық бағыттау жұмыстарының қажеттілігі ...........................................................................................................19
2.2. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтік бейімдеу жұмыстары бойынша түзету- дамыту функцияларын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар ...............................................................................................................................22
2.3. Педагогикалық психологиялық ұсыныстар...............................................26
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................34

Вложенные файлы: 1 файл

Балаларды оңалту проплактикасы.docx

— 73.27 Кб (Скачать файл)

Үкімет бізге жетім  балалар туралы заң алып келуі  керек. Онда қандай бала, қай жасқа  дейін «жетім бала» статусын алуы керек, қай жасқа дейін ол Үкімет тарапынан қаржыландырылып, қамқорлықта  болуы керек, одан кейін 18 жасқа толған соң олар қайда баруы керек, қалай  күн көруі керек, олардың жұмыс  орны, тұрғылықты жері болып, әрі қарай  жұрт қатарлы өмір сүріп кетуі  үшін не істеуіміз керек – осының бәрі қамтылуы тиіс.

Бір өкініштісі «Неке және отбасы туралы» заңды алып келіп, жетім балаларымыздың шетелдіктерге  берілуін заңдастыра түсуге үш рет  қадам жасаған Үкімет бір рет  те жетім балалардың мүддесін қорғайтын  заң алып келмеген. Ол біздің Үкіметтің ойына да кірмейді. Толып жатқан керегі жоқ заңдарды шығарып жатыр. Миграция туралы деп шеттен келген жұмысшылардың құқын қорғайтын заң қабылдадық. Балық шаруашылығы, тіпті ара туралы заң қабылдадық. Оның қасында біздің айтып отырғанымыз, адам баласы ғой. Балалардың мүддесі ғой. Ара асырап күн көретіндер мен балық аулап ақша табатындардың мүддесін қорғағаннан өзіміздің елімізде, Қазақстанда туған балалардың, жетім балалардың мүддесін қорғайтын заң қабылдау әлдеқайда сауапты емес пе? «Жетім көрсең, жебей жүр» демейтін бе еді қазақ. Ендеше, жетім балаларымыз өз Отанынан өгейлік көріп, 18-ден соң далада қалып жатқанда, оған неге жүрегіміз ауырмайды?

Жаңағы жетім балалар  мәселесін шешу үшін бізге тұрғын үй бағдарламасы мен еңбек туралы заңға да өзгеріс енгізу керек. Еңбек  туралы заң арқылы біз жеке меншік болсын, үкіметтік болсын, әрбір  мекеме жетім балаларды жұмысқа  алып, баспанамен қамтамасыз етуі үшін арнайы квоталар бөлуіміз керек. Ал тұрғын үй бағдарламасы арқылы оларды бастапқы салымсыз 30-40 жылдық несие негізінде  баспанамен қамтамасыз етуге болады. Бірінші салымды Үкімет төлеп, оларға бірден баспана беру керек. Бұл аса  қиын нәрсе емес қой. Елде 195 мың жетім  бала бар десек, соның жыл сайын  шамамен 10-15 мыңдайы мектепті бітіреді. Бұл көп емес. Сонымен қатар  бізге жетімдерді болдырмаудың жолын  қарастыру қажет. Жыл сайын неге тастанды балалар көбейіп жатыр? Неге Қазақстан азаматтары жетім  бала асырап ала алмай отыр? Осылардың  себебін анықтап алуымыз керек  қой. Бізге осы қазақ даласына кіндік қаны тамған, әр сәби қымбат, әр бала керек болуға тиіс. Мына сауда-саттық жасап келіп, Қазақстанда қалып  қойып жатқан өзбектерден де, қытайлардан  да патриотизм күтуге болмайды. Патриотизм болса, сол өзімізде туған балаларда болады. Оларды неге ойламаймыз? Қыздарымыз бөбектер үйлеріне жас нәрестесін тастап кетіп жатыр. Неге? Бұл қазақтың қанында болмаған нәрсе ғой. Бұл әлеуметтік тұрғыда қысым болғандықтан. Мынау Ресей, мысалы, бірінші туған баласына 253 мың рубль береді. Олар «халық азайып бара жатыр» деп, демографияны қолға алып отыр. Қысқасы, бізге «жетім балаларды қорғау және сақтау туралы» деген арнайы бағдарлама керек. Ол жетім балаларымыздың ертең патриот болып өсіп, өз еліне қызмет етуіне ықпал ететін нәрсе. Оның дәлелі де бар. Мысалы, кешегі депутат, жазушы ағамыз Шерхан Мұртаза интернатта өсті емес пе? Өзіңіз де білетін шығарсыз, біздегі көптеген үлкен-үлкен тұлғалар баяғыда жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленіп шыққан. Бүгінгі арамызда отырған Валерий Доскалов та, мысалы, «мен балалар үйінен шыққам», деді кешегі отырыста» [63].

Қазір республикада, оның ішінде мұнайлы түбекте тұқым қуалау арқылы берілетін аурулар қатары көбейіп барады. Осының салдарынан тастанды балалар, ойрандалған отбасылар саны да күннен-күнге артуда. "Балалар үйіндегі" жетімдер қатарына биыл қосылған 15 нәрестенің тағдыры осы тұқым қуалайтын, туа бітетін дерттерге байланысты.

Өмірге дені сау ұрпақ  келуін қамтамасыз ету мақсатында елімізде медикалық-генетикалық кеңес беру орталықтары қызмет етуде. Медицина қызметінің бұл түрі өңірімізге биылғы шілдеде ғана жетті. Мамандар осы  орталықтар қызметі жетілдірілген сайын, дүниеге жарымжан не кеміс балалардың келуі де сирей түсетіндігін айтады. Демек, шетелдіктерге берілетін ауру балалар азаяды деген үміт бар.

Мемлекетімізде жетім  балаларды қамқорға алатын «Бөбек»  қоры 1994 жылдан бастап жұмыс атқарып  келеді.

«Үміт» балалар үйлеріне  жас аналар бас тартқан балаларды  қабылдайды. Ол келісімшарт бойынша 7 жылға жасалады, егер анасы мүлдем бас тартқан болса, отбасы үлгісіндегі  балалар үйіне жіберіледі.

Әлеуметтік жетімдікке әкелетін себептер: анасының алкоголизмді қолдануы, ата-анасының ажырасуы, босқындар мен  қашқындар отбасыларына жату, ананың мүгедектілігі, ата-ананың баланы тастап кетуі, ата-аналық құқықтың орындалмауы, әкесінің өлімі, бас бостандығынан  айыру орындарына түсіп қалу. Кейбір әдебиеттерде жетімдіктің себептерін келесілерге бөледі:

1. табиғи – географиялық, экологиялық, биогенетикалық, табиғи  апаттар: жер сілкінісі, су  тасқыны, борандар, таудағы қар  көшкіні.

2. техногендік – авариялар,  апаттар, өндіріс орындарынан  травма алу.

3. әлеуметтік - әлеуметтік  және халықаралық қақтығыстар,  соғыстар.

4. әлеуметтік-экономикалық  – «кедейшілік» факторы: ашаршылық,  кедейшілік, аурулар, тұрғын үйлерінің  жоқтығы, өмір сүру деңгейінің  төмендігі, медициналық қызмет  көрсетулер мен әлеуметтік қорғаудың  болмауы.

5. әлеуметтік-психологиялық  – қоғамдағы моральдың, мәдениеттің  төмендігі, тәрбие, білім беру  жүйесінің жеткіліксіздігі.

6. криминалдық факторлар  – қылмыс, ішімдік, нашақорлық.

7. тұлғалық факторлар  – құндылық бағдарларының жоқтығы,  ажырасулар, баладан бас тарту.

 

 

 

 

1.2. Балалар үйінде  тәрбиеленуші жетім балалардың  психикалық дамуының ерекшеліктері  және оның әлеуметтік бейімделу  жетістігіне 

әсер етуі

Балалар үйлерінің пайда  болуы балалардың психикалық дамуына  қаншалықты ықпал ететіндігін қарастыруға  ұмтылу және аса қалыпты емес қатынасын, сонымен қатар «институализация»  мәселесін, яғни қоғамдық балалар үйлерін  аралайтын баланың тұлғалық мінез-құлығын  қалыптастыру ерекшеліктері туралы мәселесін туғызды. Шетелдегі капиталистік мемелекеттерде ұзақ уақыт бойы бұл  мекемелердегі балалардың дамуы  өте төмен  деген пікір кең  таралған. Көптеген ғалымдар мекемелердің балалар психикасына жоюшылық және теріс әсер етуін анық көрсетті. Р.Заззо (1967) француз жұмысшылары  ясли және бала бақшаларының құрылуына  бастапқыда қарсы болғанын жазған болатын. Өйткені оның пікірінше олар балалардан «ақымақтар жасап шығаратынынан» қорықты. Отбасы мен ата-ана қамқорлығынан  айрылған балаларды тәрбиелеу жағдайлары ерекше алаң туғызды. Р. Спиц (1945) баланың  ақырғы «институализации»  формасы  – «госпитализмнің драматикалық бейнелерін сипаттады, оның мәліметтері  бойынша. Аналарынан айрылған жабық  мекемелердегі шамамамен 70% дейінгі  балалар өмірінің алғашқы жылдарында қайтыс болады,  ал қалғандарының  ойлау қабілеттері төмен. Автор  мұндай байқауларды Батыс Германияның  балалар үйлерінде байқады.

Ағылшын психологы  Дж.Боулби жарты ғасырдан астам аналық қарым-қатынастан айрылғанн балалардың даму мәселесімен  айналысты. Оның пікірнше баланың жастайынан дұрыс дамуы үшін тек биологиялық  анасымен байланыс қажет.

Кеңес психиатры М.И.Буянов байқағандай, «Жарты ғасырдан аса Боулби жазғандары ішінен тек бір нәрсені: Бала мінеінің үйлесімді дамуы үшін ана қамқорлығы қажеттігін мойындауға болады, бірақ  бұл қандай қамқорлық, бұл неден байқалу қажет және т.с.с. – бұл әлі шешілмеген және нақтылауды қажет етеді»[6].

У.Денис и П.Наджарьян (1957) Ливандағы 100 жетімді зерттеуге  алды. Приюттағы балалар отбасындағы  балалардан өмірінің алғашқы жылдарының соңында шынымен лезде қалып  қойғандарына олардың көздері жетті. Оның себебі берілген приютқа тән  және толығымен жоюға болатын  нақты жағдайлар. Авторлар тәрбиешілердің балаларға деген немқұрайдылығын, ал балалалрдың керісінше құштарлығын  байқады. Бұдан басқа приютта өте аз ойыншықтар болды, балалар негізгі уақытын төсекте қабырғаға қараумен өткізеді.

Л.Ярроу (1972) «аналық депривациямен» қатар жабық балалар мекемелеріндегі  тәрбиеленушілердің артта қалуының көптеген себептерін анықтаған. Сонымен  қатар Л.Ярроу анасыз және анасымен тәрбиеленетін балалар арасындағы айырмашылықты анықтады.

М.Раттер (1972) жабық түрдегі  мекемелердегі ерте балалық шақтағы  және емшектегі балаларды тәрбиелеудің теріс салдары анасының күтімінің  болмауынан  туындамайтынын, ал баланың  ересектермен қазіргі әрекеттері мен  эмоционалдық байланыстары жетіспеушілігі нәтижесінен болады деген қорытындыға  келді.

Кейбір психологтар  ана  күтімінің мағынасын қоғамдық тәрбиелеу  жағдайларында іске асыру мүмкін емес ұстанымынан түсінуге тырысты. Мысалы, балалар мекемелерінде бірнеше  тәрбиешілер болса, отбасында ана  әрқашан балаға қамқор болатын тек  жалғыз ересек. Бала тұлғасы мен  жүріс тұрысының дамуына оның анасын алмастыратын көптеген тұлғалар кедергі келтірмей ме?

Г.Х.Рейнгольд және Н.Бейли (1959) «көптеген аналардың» балаға  психологиялық зейінін анықтауға  тырысты.  Олар  З ай қатар өмірінің алтыншы айынан бастап сегізінші  айына дейін балаларды әдеттегідей  төрт тәрбиеші күтетіндей тәжірибелік  топты ұйымдастырды. Тәжірибе соңында  тәжірибелік топ балалары бақыланушы топтағы өзінің құрдастарымен салыстырғанда  жоғары әлеуметтік реакивтілікті байқады. Бірақ бір жылдан кейінгі жүргізілген  зерттеу олардың арасындағы айырмашылық  жоғалып кеткенін көрсетеді. Авторлар балаға қамқор жасайтын жалғыз ересектің  болуы оның дамуына ерекше әсер ете  алмайды дегенді бекітеді.

Кеңес ғалымдары ана мен  баланың қатынасын зерттеуге  көп көңіл бөледі, бірақ оны  биологиялық себепті деп санамайды. Керісінше, баланың  қоршаған ересектермен көпжақты қатынасы маңызды болып  табылады. Балалар үйінде балалар  мықты ұйымдастырылған педагогикалық  жұмыс жағдайында сәтті дамиды, ал тәрбиелеудің  тапшылығы анасынан айрылғанынан емес, ол баланың ересектермен қарым-қатынасы процесінде алатын әсерлер  санына, әртүрлі іс-әрекеттерді игеруге  тәуелді болады, - деп А.В.Запорожец  жазғанын 30жылдардың өзінде Н.М.Щелованов  көрсетіп кеткен [28]

Чехословак психологтары Й.Лангмейер мен З.Матейчек көпжылғы балалар үйіндегі балалардың психикалық дамуын зерттеу негізінде психикалық депривация немесе психикалық мұқтаждық  ұғымын енгізді, ол белгілі бір уақыт  ағымында субъектіге кейбір психикалық қажеттіліктерді жеткілікті мөлшерде қанағаттандыруға мүмкіндік берілмейтін  осындай өмірлік сәттерде туындайды (1984) [21].

Балалар үйлеріндегі өмірлік  ерекше жағдайлар баланың психикалық артта қалуына себеп болады. Балаларда  ерте жастан отбасындағы олардың  құрдастарында болмайтын енжарлық байқалады; ол балалардың бастамасының жоқтығынан және эмоционалдық күйсіздігінен  көрінеді.

Бұл балаларда жалпы көзқарас, олар отбасында өмір сүретін әрбір  балаға жақсы таныс қоршаған ортадағы құбылыстармен, тіпті тұрмыстық  заттармен таныс емес. Тәрбиеленушілерде  мектепке дейінгі кезеңде қалыптасатын көрнекі-бейнелік ес мектептік бағдарламаны толық игеруде қажетті іргетас  болып табылады. Көптеген тәрбиеленушілерде  өзінің жүріс-тұрысын өзі басқара  алу қабілеті мәнді дамымағандығы, өз еркінсіздікке, ұйымсыздыққа әкелетін ересектер жағынан бақылаудың артта  қалуы кезінде тапсырмаларды  өз бетінше оындауы анықталған. Е.И.Афанасенко мен И.А.Капров «Интернат-мектептерге  бес жыл» жинағының кіріспе мақаласында  мектеп интернаттарда балаларда  «бөтен ақылмен», бұйрық бойынша өмір сүру әдетін дамыту шынайы қауіпті  екендігін келтіреді.

Ересектермен жоспарланған және ұйымдастырылған әрқашан достарының ортасында болу, айқай-шу, бос уақыт  жүйкелік қажуды,жоғары қозғыштыққа  алып келеді. Я.Корчак балаларды назар  аударып бақылай отырып, тәрбиелік  мекемелерде біріншіден, балалардың өмірін ұйымдастыру керек деген  қорытындыға келеді. Балалардың балабақшада  құрдастарының ортасында болуы  оларда ұйымшылдықты тәрбиелеуде, тұлғаның әлеуметтік жақтарының құрылуына маңызды  әсер етеді.

Жасы ұлғайған сайын балалардың өмірінде олардың ересектермен араласуы маңызды орын алады. Отбасында әр жастағы екі-үш бала болса, жабық  мекемелерде 10-12 жастағы 25 тәрбиеленуші болуы мүмкін. Сондықтан балалар  мекемелерінде тәрбиеленушілерде  достық қатынастың қалыптасуы өзіндік  ерешелікке ие.

Бала толық, толық емес отбасында, балалар мекемелерінде  болса да, жанында ерте жастан оның өмірдегі алғашқы жетістіктерін  байқайтын және «бағалайтын» адам болуы  қажет. Ақылды және мейірімді тәрбиеші баламен оның үйлесімді дамуы үшін және баланың әлеуметтік қажеттіліктерін толық қанағаттандыруды қамтамасыз ететін тығыз сенімді қатынас орната алады. Бірақ тәрбиешіге баламен анасы сияқты жеке эмоционалдық қатынас орнату қиындау болады, себебі топта баланың көп болуы, олармен тек жарты күндік уақыт өткізу т.с.с. Ал бұл баланың тұлғалық және психикалық дамуындағы мәнді бұзылыстарға әкеледі.

Чехославак психологтары біреу баланың бірінші күлкісіне, оның алғашқы қадамына қуануы керек, оның жаңалықтары мен шығармаларына  белгілі бір мін беру қажет. Мұнсыз балаға тек физикалық емес, сонымен  қатар моральдық қиын болады.

Ересектермен қарым-қатынас  бала дамуында маңызды фактор бола отырып, әр жас кезеңінде өзіндік  ерекшеліктергеие болады. Жасөспірімдердің ересектермен қарым-қатынасының нәтижелілігі біріншіден, ол олардың болашақ өз еркіндік өміріне қажет білімдерді беруімен байланысты. К.Маркс тұлғаның дамуы  тікелей және жанама қарым-қатынаста  болатын басқа тұлғалардың дамуына  себепті болады және жүз әртүрлі  бір-бірімен қатынасқа түсетін  тұлғалар өзара байланысты, яғни кейінгі  ұрпақ алдыңғылар қарым-қатынасының  сақиалған формаларын тұқым қуалайды.

Әрбір жас кезеңінде балаға аса күтіммен қарау керек. Белгілі  бір жас кезеңінен келесісіне ауысу біріншіден, жетекші қызметтің  ауысуымен және осы негізде тұлғалық жаңа құрылымдардың туындауымен  сипатталады. Бірақ бұл жаңа құрылымдар өз-өзімен туындамайды, олар – баланы онтогенездің алдыңғы сатыларында  тәрбиелеу мен үйретудің нәтижелері. Бала басқа адамдардың тілектері  мен қызығушылықтарын, сезімдерін өзінің мінез-құлқында ескеру үшін біріншіден, ол жақындарының, оны қоршағандардың қайғысына ортақтас білуді үйренуі  қажет.

Әдебиеттерде «әлеуметтік  бейімдеу» ұғымының назарды бұл  құбылыстың әр түрлі жақтарына шоғырландыратын  көптеген анықтамалары бар. Бұдан басқа  әртүрлі ғылымдарда – философия, әлеуметтік психология, әлеуметтік педагогика, әлеуметтануда бұл ұғымды ашудың өзіндік нұсқалары бар. Жалпы  қарастыра отырып бұл ұғымның  мынадай анықтамасын шығаруға болады: әлеуметтік бейімдеу бұл әлеуметтік орта жағдайларына белсенді үйрену процесі  және нәтижесі. Әлеуметтік бейімдеу тұлғаны  әлеуметтендірудің жүргізуші механизмдерінің  бірі [25, 30].

Психологиялық жағынан әлеуметтік бейімделу аккодомация және ассимиляция бірлігі ретінде көрінеді. Орта тұлғаға әсер етеді, ал  өзінің ішкі табиғатына сәйкес бұл әсерлерге жауап беретін, өңдейтін,таңдай отырып  қабылдайтын  тұлға немесе топ ортаға белсенді әсер етеді. Бейімделудің мұндай механизмі тұлғаның әлеуметтену процесінде жинақтала отырып, оның жүріс тұрысы мен іс әрекетінің негізі бола бастайды [25].

Информация о работе Жетім балаларды қоғамға әлеуметтік бейімдеу