Қостанай мемлекеттік педагогика
институты
Сырттай оқыту факультеті
Педагогика кафедрасы
Есекеева Раушан
Мамандық «Математика»
2 курс
Сынақ кітапшаның № 8217
Курстыңаталыу: ««Педагогикалық
шеберлік негіздері»
Тақырыбы «Мимика және пантомимика,
олардың эмоциялық маңыздылығы»
Тексерд : аға оқытушы Акбидаш Капановна Абдиркенова
Орындау уақыты – 27.10.2014ж.
Тексерілуге жіберген уақыты
29.10.2014 ж.
Жоспар:
1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім.
A) Эмоция және сезімдер туралы
жалпы түсінік
Б) Педагогикалық шеберліктегі басқару
техникасы, өзінің психофизикалық
жағдайын меңгеру. Мимика және пантомимика.
3.Қорытынды
Кіріспе.
Эмоция деп айналадағы заттар мен құбылыстарға
жағымды жағымсыз қатынастын сәулеленуін
айтамыз. Эмоциялар шындықтын жүйкеде
сәулеленуін айрықша бір түрі .
Сыртқы дүниенің әсері адамның
миында тек қана сәулеленіп қоймай, оған
толғанып тебіреніп, өзінің қатысын білдіреді.
Бұдан адамға жағымды не жағымсыз
сезімдер туып отырады. Эмоция адамның
сыртқы келбеті, бет әжімі қимылдары, дауысы
арқылы айқын көрінеді. Эмоция үшін адам
организімің ішкі мүшелері әрекетінің
әсері зор . Мысалы қанның жүруі тамырлардың
жүрекке ерекше соғуы, бездер әрекетіне
Физиологиялық әрекеттерге эмоция үлкен
әсер етеді. Эмоция хайуанаттарда да бар
олардың эмоциясы, инстикт деп
аталады. Олар мұқтаждықтарын биологиялық
қанағаттандырумен байланысты, мысалы
мысық пен иттің еркеленуі, олардың үйреленіп
бір нәрседен қорқуы, олардың сыртқы келбетінен
жақсы көрініп тұрады. Адам эмоциялары
хайуанат эмоцияларына қарағанда өте
бай болып келеді, әрине адамдардың эмоциялары
біркелкі болмайды, өйткені олардың айналадағы
нәрселерге қатынасы бірдей емес. Әрбір
адамның темпераментіне, мінезіне олардың
басынан кешкен тәрбиесіне қарай сыртқы
дүние әсеріне жауап қайтару түрліше болады.
Адам эмоцияларынын бір бірінен айырмашылығы
сезімдердің күш жағынан, әрекет ету мерзімінің
уақыт мөлшері жағынан, олардың сыртқы
қимылдары, бет әжімі арқылы білініп көрініп
тұрады. Эмоция адамның тұрмысында үлкен
орын алады, олар адамға адамдық сипат
беріп, оның әрекетін жылытып көрік беріп
отырады.
Эмоция және сезімдер
туралы жалпы түсінік
Жеке адамның еріктік қасиеттері.
Оқылған кітап, орындалған жүмыс Сізді
қуантуы не рснжітуі мүмкін. Яғни қоршаған
ортаға деген қатынасыңызды білдіресіз.
Шаттану, мұң, үрей, қуаныш, қорқу, масаттану,
өкіну, - бұлардың бәрі сезімдер мен
эмоциялар. Егер қабылдау, түйсік, ой жөне
елестерде сан алуан заттар мен құбылыстардың
әр түрлі сапалары мен қасиеттері, әр түрлі
байланыстары, тәуелділіктері бейнеленсе,
эмоция мен сезімде адам танып білетін
заттар мен құбылыстардың мазмүнына өзінің
қатынасын білдіреді. Адамның қоршаған
ортасы мида бейнелене келіп, сезім затына
айналатын объективтік қатынас пайда
болады. Эмоция мен Сезімдерден адамның
өз мінез-қүлқына, қылығына, пікіріне,
әрекеттеріне қанағаттануы немесе қанағаттанбауы
көрінеді.
Эмоция және сезім — бұл
адамдардың айналадағы өмір шындығына
және өз басына деген өзіндік қарым-қатынасы.
Сезім —
адамдардың бір-бірімен қатынас жасау
қажеттігінен туындайтын және біртіндеп
дамып қалыптасып отыратын жан қуаты.
Мәселен, достық, адалдық сезімдері, адамда
бірден қалыптаса қоймайтын белгілері.
Ал, эмоция болса,
адамның түрлі органикальіқ қажеттіліктеріне
байланысты оқтын-оқтын туып отыратын,
кейде шағын, кейде күрделі, ситуациялы
көріністері. Мәселен, адам қуанғаннан
немесе қамыққаннан козіне жас алады,
не болмаса бір нәрсеге мәз болып шек сілесі
қатқанша күледі, әрине мұндай жағдайдың
ұзаққа созылмайтыны белгілі. Бұл сезім
мен эмоцияның бірінші ерекшелігі. Сезімдерде
мәнерлі қозғалыстар (мимика, пантомимика)
жөнді байқалмайды, тұрақты терең әсерлі
сезім адам психологиясындағы басты белгілердің
бірі, ал эмоция болса мәнерлі қозғалыстарға
бай келеді, мұyда адам өзін тек организм
тұрғысынан көрсете алады.
Мимика (гр. мімікос - еліктеушілік) – бет әлпеттің
қозғалысы, адам сезімін білдірудің бір
формасы, адамның ішкі сезімін, көңіл-күйінің
әр алуан сәттерін (көңілдену, қайғыру,
ашулану, т.б.) білдіретін бет - әлпеттің
мәнерлі қимыл-өзгерісі.
Мұғалімнің мимикасы оқушыларға оның сөзінен гөpi
қатты әсер етеді. Балалар мұғалімнің
бетінен оның көңіл-күйін, қарым-қатынасын
біледі. Сондықтан педагог балаларға мимика арқылы іске
қатыстыны ғана білдіре алуы қажет.
Пантомима (гр. pantomіmos – еліктеу арқылы немесе
дене қимылдарымен ғана өнер көрсететін
актер) – сахналық өнердің көркем образ
мәнері дене қозғалысы, қимыл мен ым арқылы
жасалатын түрі.
Педагогикалық жұмыста мақсатты
тәрбие ісі мұғалімнің тәрбиелік қызметі арқылы
- Педагогикалық шеберліктегі
басқару техникасы, өзінің психофизикалық
жағдайын меңгеру. Мимика және пантомимика.
Педагогикалық шеберлік жүйелерінің
тағы бір маңызды бір түрі – педагогикалық техника.
Педагогикалық техника дегеніміз – педагогтық
іс-әрекетті ұйымдастыра білудегі мұғалімнің
ішкі және сыртқы қасиеттерінің жиынтығы,
іскерлігі.
Педагогикалық техникалық
іскерлік – алдымен, педагогтың
өзін-өзі басқа- ра білуі; екіншіден
– педагогтық міндетті жүзеге
асыру үшін өзара әсер ете
білуді меңгеру. Бұл ұстанымдарды
талдай айтсақ: біріншіден, педагог
өз денесін, эмоциялық сезім дүниесін,
сөйлеу техникасын меңгеріп басқара
білуге тиісті. Екіншіден, педагогтың
өзін-өзі ұйымдастыра білуі, өзара
үйлесімділікті жүзеге асыруы, дидактикалық
талаптарға сай болуы.
Педагогикалық
техника - мұғалімнің қызметінде түрлі
жағдайларда тәрбиеленушілермен нәтижелі
әрекеттесуге, өзінің тәртібін, көңіл-күйін қадағалауға
мүмкіндік беретін жалпы педагогикалық,
психологиялық іскерлік және дағдылар
жиынтығы. (Г.М.Коджаспирова).
Педагогикалық
техника - жеке оқушыға, ұжымға тәжірибеде
нәтижелі ықпал жасау үшін мұғалімге қажетті
БІД жиынтығы. (пед. энциклопедия).
Педагогикалық техникаға үш топты іскерліктер
енеді:
1. Оқу-тәрбие процесін,
тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыру.
2. Әр түрлі іс-әрекет
процесінде оқушылармен өзара
әрекеттестікке
түсу, оларды
қадағалау, басқару.
3. Өзін-өзі басқару - өзінің
эмоциялық күйін, денесін, сөйлеуін,
яғни мінез-
құлқын
басқару.
Педагогикалық
техниканың компоненттері:
Өзін-өзі меңгеру - түрлі жағдайда өзінің эмоциясын,
тәртібін адамның шамадан тыс кетпеуіне
байланысты әрекеті.
Өзін-өзі меңгеру
тәсілдері - қызметте өзін босаң ұстау,
релаксация, ауто- тренинг жасай білу,
өзін басқаларға жақсылық жасауға дайын
болуға тәрбиелеу, ісіне оптимизммен қарау
(еңбектерапиясы, музыкатерапиясы, кітаптерапиясы,
имитациялық ойын т.б.).
Мимика - бет қимылы арқылы өзінің ойын,
сезімін, көңіл күйін көрсете білу. Мимиканың
шешуші деталі көз және қабақ.
Пантомимика - дененің, қолдың қимылы,
жүріс-тұрыстың, жесттердің сырттай көрініс
алуы.
Мұғалімнің мимика мен пантомимика ишараларының (жест) мәнерлі
негіздері.
1. Мимика
а) өзіне - өзі сенімділік, сабырлылық.
б) сөйлескендегі көзқарасыңыздың
әңгімелесушіге бағытталуы.
в) эмоциялық мәнерлілік
г) бет әлпеттің айтар ойға сәйкестігі.
2. Пантомимика
а) жест (табиғилығы)
б) жүрістің ритмикалы, жеңіл,
айқын болуы.
в) қозғалыс (еркін)
г) қозғалыста селқостықты болдырмау,
әр уақытта сергек жүру.
д) шусыз отырып, тұру.
Педагогикалық қарым – қатынас
мәдениеті.
1. Қарым – қатынасқа
сабырлы, мәнерлі, мейірімді тонның сақталуы.
а) әңгімелесушіні тыңдай білу.
б) сұрақ қоя білу.
в) өз сөзіңді талдай білу.
г) басқа адаммен бірінші болып
қатынақа түсуді үйрену.
д) келесі адамды түсіне білу.
е) кез келген жағдаяттық қарым
– қатынаста өзіңді бақылай
Назары – белгілі затқа, бейнеге, пікірге
бір уақыт мөлшерінде ықылас қою, оның
екі түрі бар: ерікті, еріксіз. Назары,
зейіні дамыған мұғалім бір уақытта сыныптағы
оқушылар немен айналысып отырғандарын
аңғара алады.
Дамыған педагогикалық
зейін - бір уақытта көп объектілерді,
тұрақты және жедел көңіл қойып ұстай
білу.
Мұғалімнің имиджі - киінуі, гримі, прическасы.
Мұғалімнің сөзі – сөз арқылы мұғалімнің өзінің
тұлғалық сапалары көрініс беріп, объектілердің,
құбылыстардың, қатынастың мәні ашылып,
оқушының тұлғалық қасиеттерінің дамуына
мүмкіндік туады.
Педагогикалық іскерліктер
оқытушының кәсіби позициясының қалып-
тасуына, педагогикалық техниканың жетілуіне
көмектеседі, мақсатқа сай нәтижелерге
жетуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық техникаға
қатысты іскерліктер:
- өзін-өзі басқару,бақылау;
- денесін меңгеру;
- эмоциясын меңгеру, әрдайым
жақсы көңіл-күйде бола білу;
- әлеуметтік перцепция
(назары, елестете білу қабілеті,
басқаларды түсіне,
қабылдай білу
қабілеті).
- сөйлеу техникасы (дем
алуы, дауысы, дикциясы, темпі, тембрі ).
- дидактикалық іскерлігі;
- ұйымдастырушылық қабілеті;
- коммуникативтік қабілеті;
- баға беру, талап қоя
білу қабілеттері;
- мимика, пантомимика, жүрісі,
көзқарасы,сыртқы мәдениеті;
- просодика және экстралингвистика:
интонация, дауыстың естілуі, тембр,
пауза, дем алу, күлкі,
жөтел (дауыстың сипаты);
- такесика: қол ұстау, арқадан
қағу, сипау;
- проксемика: оқыту кезінде
мұғаліммен оқушының арасындағы арақашықтық.
Мұғалім сөз екпінін, мәнерлігін
сақтауға тырысуы маңызды. Эстетикалық
сезім де педагогикалық шеберліктің негізгі
компоненттерінің бірі болып табылады.
Жай ғана хабарлама түрінде ешбір әсер,
сезім тудырмайтын құрғақ оқыту, жалаң
сөйлеп, тәрбие жөнінде насихат айту оқу
үрдісінде де ешбір нәтиже бермейді. Сондықтан
оқытудың, тәрбие берудің әсерлілігін,
оқушының сезімін өзіне тарта білетін
күшін тудыра білу керек. Зейінді бір мезгілде
бірнеше іс-әрекеттерге тарату қабілеті
мұғалім жұмысы үшін ерекше мәнге ие. Қабілетті,
тәжірибелі мұғалім материалдың мазмұны
мен формасын, өз ойының (немесе оқушы
ойының) өрісін мұқият бақылайды, сонымен
бірге оқушылардың барлығын көз алдында
ұстайды, шаршау, назар аудармау, түсінбеу
белгілерін, тәртіп бұзуды байқап отырады
және де өз мінез-құлқын қадағалап отырады
(жүріс-тұрысы, мимикасы және пантомимикасы).
Мұғалім сөйлеу техникасын
меңгеру үшін дұрыс дем алуын, дикциясын,
сөйлеу шапшаңдығын, дауыс ырғағын, бояуын,
құлаққа жағымды- лығын жетілдіруге ұмтылуы
қажет. Мәнерлі сөйлеу үшін дұрыс дем алудың
маңызы зор. Төрт түрлі дем алу түрі белгілі:
жоғарғы дем алыс, онда кеуденің жоғарғы
жағы, иық көтерілу арқылы дем алу, екінші
- кеуде арқылы, яғни, қабырға арасындағы
бұлшық еттердің көмегімен, үшінші - диафрагма
арқылы, төртінші - диафрагма мен қабырға
арасындағы бұлшық еттің қатысуы арқылы
дем алу. Ең дұрысы соңғы, төртінші түрі.
Мұғалімнің дауыс ырғағы
оқушыларға түрлі әсер етеді. Егер ол өз
сөзіне немқұрайлы, қалай болса солай
қарайтын болса, оқушылар мұны бірден
байқап қалады. Сондықтан, мұғалімнің
сөзі түсінікті, құлаққа жағымды, анық,
ашық, жағымды әсер ететіндей болуға тиіс.
Ол үшін көптеген жаттығулар жүргізу қажет.
Педагог үшін дауысты билей білудің маңызы
зор. Дауысты мұғалімнің жұмыс аспабы
деп атайды, ал бұл аспапты арнайы түрде
ұштап отыру керек деген пікірді А.С. Макаренко
өзінің «Менің педагогикалық көзқарастарым»
деген еңбегінде сөзге тиек еткен. В.А.
Сухомлинский оқушыға ықпал ете білу
үшін «өзіне оқушының қатынасын қалыптастыру
қажет»,- деген. Мұғалім мен оқушының
арасындағы дистанция: жеке оқушымен -
45-120см, лауазымды қатынас - 120-400см,
аудитория алдындағы 400-750 см дейін арақашықта
болуы керек.