Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 14:05, курсовая работа
Баланы жан-жақты тәрбиелеу, оның дүние-танымын жетілдіру, сөздік қоры мен сөйлеу тілін, ой өрісін дамытып, еңбекке баулу – балабақшалардағы барлық топтарға бірдей ортақ басты міндеттер. Мектеп жасына дейінгі балаларды ауызекі сөйлеуге үйретіп, олардың ой өрісін кеңейтудің негізі –айналадағы орта мен табиғат құбылыстарын бақылату. Сөйлеу бала үшін қарым-қатынас құралы болып табылады, оның ойлау қабілетін және мінез-құлқын реттеуде маңызды рөл атқарады. Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Кіріспе.........................................................................................................3 - 4
І-бөлім.
Оқиғалы рөлді ойынның тәрбиелік мәні...........................................5 - 7
Оқиғалы рөлді ойынның кезеңдері....................................................8 - 13
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Мектепалды даярлық тобында өткізілетін оқиғалы рөлді ойынның түрлері мен мазмұны...........................................................................14 - 18
2.2. Оқиғалы рөлді ойынды ұйымдастыру және
өткізу ерекшеліктері............................................................................19 - 27
ІІІ. Қорытынды.........................................................................................28 - 29
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................30
Оқиғалы рөлді ойын баланы әлдейқайда икемді етеді, яғни тілдік мінез-құлыққа шеберлікке қол жеткізе отырып, ол алынған дағдылар мен икемділіктерді жаңа жағдайларда оңай қолдана алады.
Мұғалімнің
міндеті - нақты материалдағы
қажет ситуациялар
2.2. Оқиғалы рөлді ойынды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы, «Дүкен», «Аурухана», «Ұшқыштар», «Отбасы» және т.с.с болып ойнайды.
Ойынның сюжеті, мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын - бала үшін нағыз өмір. Олай болса тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастыра білуі қажет. Ол балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуы керек.
Ойын көбіне серуен кезінде ұйымдастырылады. Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар (кемелер, автобустар) көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуы тиіс. Ойын сонымен бірге сабақ кезіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызығушылығын жоғалпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рөлді, драматизиялық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Оқиғалы рөлді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Оқиғалы рөлді ойындарының ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа болуы мүмкін. Оқиғалы рөлді ойында бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы, «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Аурухана» ойынын ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді.
Драматизиялық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б сюжеті мен мазмұнына сәйкес болады. Ол оқиғалы рөлді ойынға ұқсас. Драматизия ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.
Бала ойында заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір рөлді алады да, соған сәйкес, іс-әрекет жасай алады. Өзін аттың немесе қорқынышты аңның орнына қояды, көбіне ересек адамдарды, анасын, тәрбиешісін, ұшқышты, шоферді бейнелейді. Айналасындағыларға қатысты міндеттер – баласының өзіне алған рөлді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан алған рөлін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушыны ойнаған бала өзінің заттары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігер рөлі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя білуге міндеттейді. Дәрігер өзіне құрмет пен сенімділік қарым-қатынасты, өзі берген нұсқауларды емделушілердің орындауларын талап етуге құқы бар.
Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет. Тіпті бала жай дем алып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Өмірдегі түсінігі еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады.
Рөлдік ойынды пайдалану – мұғалім тарапынан үлкен дайындықты талап етеді. Орындалатын рөлдік ойынды таңдап, ондағы кейіпкерлерге қажет болатын көрнекіліктерді дайындау да тәрбиешінің міндетіне кіреді.
Рөлдерді үлестіру барысында басты назарды балалардың қызығушылықтарына, психологиялық ерешеліктеріне, олардың мінез-құлықтарына, сонымен қатар олардың топтағы позицияларына көңіл аудару қажет. Осы аталғандардың барлығын ескере отырып, топта үнемі инициативаны жаулап алатын балаға қарапайым баланың рөлін ұсынсақ, ал ұялшақтау, сабақта пассивті болып жүретін және пәнге аса қызығушылығы жоқ балаға мұғалімнің, ата-ананың рөлін ұсынуға болады. Кез келген бала ертерек балалық шақтан арылып, ересек адам болуды армандайтыны белгілі, сол себептен ұяңдау, пассив балаларға басты рөлдерді, яғни мұғалім, ата-ана рөлін орындағаны жөн. Мұндағы басты мақсат - осы рөлдер арқылы балаларға артылған үлкен жауапкершілікті сезіндіру, сол арқылы осы рөлдерді барынша жақсы орындауға итермелеу, қалай да болса олардың тілін дамыту. Топтағы қалған балаларға екінші рөлдік ойын біріледі.
Оқиғалы рөлді ойынның мәні рөлді орындаушының өзіне қойылған міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты құқықтарын іске асыру болып табылады. Ойынның сюжеті мен мазмұны: балалар ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көсетеді. Олар үй тұрмысынен үлкендердің іс-әрекеті мен олардың еңбектегі қарым-қатынасынан көрініс көрсетіп, замана оқиғаларын бейнелейді. Көбінесе шындық – рөлді ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым сан алуан келеді. Сондықтан кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. 5-6 жастағы балалар қонақтар, қызы мен анасы, балабақша ойындарын ғана емес, көпір салу, космос корабльдерін ұшыру сияқты ойындарды да ойнайды. Ойын сюжетінің әр алуандығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады. Мысалы, 3-4 жастағы балалар ойынының ұзақтығы бар болғаны 10-15 минут болса, 4-5 жастағы балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа, мектепке дейінгі жастағылар ойыны бірнеше сағатқа созылады. Ойын сюжеттері балалардың бәріне ортақ болғанымен ойынның ойналу сипаты түрліше. Сюжетпен қатар рөлді ойынның мазмұнында ажырату қажет. Ересектер іс-әрекетінен бала нені негізгі сәт деп бөліп көрсетсе, ойынның мазмұны сол болып табылады. Әр түрлі жастағы балалар тобы ортақ сюжетті ойынға түрліше мазмұн береді. Рөлді ойында затқа байланысты ойын сюжеті пайда болады. Мәселен, баланың қолында түтік болса, ол дәрігер, ал термометр болса, онда ол медбике болады. Балалар арасында ойынның мазмұны ретінде көбіне адамдар арасындағы қарым-қатынас көрінеді. Естияр бала түскі тамақ ішу ойынын ойнаса, ол нанды кесіп үстел үстіне қояды. Мектепке дейінгі ересектердің рөлді ойынының мазмұны өзі қалаған рөлден туындайтын ережелерге бағыну болып табылады. Ойын сюжеті мен мазмұнның дамуы айналасындағы үлкендердің өмірін баланың барған сайын тереңірек ұғына түсінгенін бейнелейді. Балалар өзара сюжет туралы және рөлдерді бөлісу жөнінде келіседі, ойын барысында пайда болатын мәселелер мен түсініспеушіліктерді талқылайды. Ойын кезінде балалар арасында ынтымақтастықтың белгілі бір түрлері пайда болады. Бірлескен ойында балалар қарым-қатынас жасау тілін, өз іс-әрекетін, басқалардың іс-әрекетімен үйлестіреді, өзара түсінуді өзара көмектесуді үйренеді. Ойын үстінде балаларда тәжірибе алмасу пайда болады, ересектерден көмек сұрайды. Нәтижесінде ойын қызғылықты да, сан алуан болады. Егер балалар өзара келіспесе, ойын бұзылады. Ойынға деген қызығу, оған қатысуға деген тілек балаларды өзара келісімге де келтіреді.
Оқиғалы рөлді ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка арқылы (тақтада, парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Тәрбиеші балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.
Оқиғалы рөлді ойын да үлкен оқыту мүмкіндіктеріне ие. Оқиғалы рөлді ойынды қарым-қатынастың ең нақты үлгісі ретінде бағалауға болады. Ол шындыққа оның ең маңызды белгілерінің ұқсауын болжайды. Сол себепті психологтар мектепалды даярлық тобында оқытуда «театрдан үйрену» тезисін ұсынады. Оқиғалы рөлді ойындарда өмірдің өзіндегідей әріптестердің сөздік емес мінез-құлықтары тығыз негізде қиысады.
Оқиғалы рөлді ойындардың оқыту мүмкіндіктері.
1. Оқиғалы рөлді ойын себепті қоздырушы жоспардағы үлкен мүмкіндіктерге ие. Қарым-қатынас ешқандай себепсіз, яғни мотивсіз мүмкін еместігі белгілі. Бірақ оқу жағдайларында пікір айтуға себеп тудыру оңай емес. Қиындық келесі сатылыққа негізделеді: тәрбиеші жағдайды қарым-қатынас атмосферасы қалыптасатындай етіп суреттеуі тиіс, яғни ол өз кезегінде оқушыларда өз ойын көрсете білуге ішкі қажеттілік тудыруы қажет.
2. Оқиғалы рөлді ойын жеке тұлғаның барлық болып жатқан нәрсеге жанасуын күшейтеді. Тәрбиеленуші өзінің «мені» арқылы болмаса да, бірақ тиісті рөлдің «мені» арқылы жағдайға кіреді және мұнда әртістің өзі ойнайтын кейіпкерге қатынасы көрінеді. Әдетте әртістер оларға үлкен қызығушылық білдіреді. Жеке тұлғаны анық түйсіну (тіпті кейіпкер жағымсыз болса да) «әртістің» эмоциялық тонусын көтереді, ал бұл нәтижеге, тілін дамытуға оңтайлы әсер етеді.
3. Оқиғалы рөлді ойын тіл материалын меңгеру кезінде ассоциативті қорды кеңейтуге ықпал етеді. Есте сақтайтын нәрсе - оқу пьесасы театр пьесасының типі бойынша құрылады, ал ол қалыптасқан жағдайдың сипатталуын, әрекет етуші тұлғалардың мінез-құлқын, олардың арасындағы қатынастардың сипатталуын болжайды. Сондықтан әрбір пікірдің артында нақты шындық үлгісінің кесіндісі тұрады.
4. Оқиғалы рөлді ойын белім беру ынтымақтастығы мен әріптестігін қалыптастыруға ықпал етеді. Өйткені этюдты орындау балалар тобын қамтиды, онда олар бір-бірінің көзқарасын ескере отырып, өзара бірігіп әрекет етуі, бір-біріне көмектесуі тиіс. Рөлдерді бөлу балалардың тілдік, сондай-ақ әртістік мүмкіндіктерін ескеру қажет, біреулеріне вербалды, екіншілеріне ым-ишара рөлдерді тапсырып, үшіншілеріне мәтін негізінде айтып отыруға құқық беретін «суфлер» рөлдері тағайындалады.
5. Оқиғалы рөлді ойын білім беруші мәнге ие. Білім алушылар қарапайым нысанда болса да театр технологиясымен танысады. Кез келген жаналық қолдау табады, өйткені білім беру жағдайларында мұндай мүмкіндіктер шектеулі, ал ойлап тапқыштық үшін үлкен кеңістіктер ашылады. Басқа күйге енудің өзі психологиялық диапазонның кеңеуіне, басқа адамдарды түсінуге ықпал етеді.
Оқиғалы рөлді ойындардың ерекшеліктері: оқиғалы рөлді ойынды қарым-қатынастың нақты үлгісі ретінде бағалауға болады, өйткені ол шын мәнінде өте маңызды белгілерімен ұқсауға тырысады және онда өмірдегі сияқты әріптестердің сөйлесуі және басқа мінез-құлықтары кездеседі.
Рөлдік
ойын оқу ынтымақтастығы мен
әріптестігін қалыптастыруға
Мұғалімдер
де, тәрбиешілер де және ата-
Ойын
әрқашан шешім қабылдауды –
қалай істеу керек, не айту
керек, қалай ұту керек
Оқиғалы рөлді ойын оқыту мақсатында қолданылатын, сөзге араласу жағдайын ұйымдастыратын құрал десек те болады.
Бұл рөлдік ойынды балаларға түсіндіріп, әрқайсысына рөлдер үлестірілген соң, оларға дайындалуға бес минут уақыт беріледі. Дайындыққа берілген уақыт аяқталған соң, балалар өздері даярлаған рөлдік ойынды орындап шығады. Осы рөлдік ойынға дайындалу барысында балалар өздерінің сөздік қорын кеңейтеді. Балалар тапсырманы барынша жақсы деңгейде орындауға тырысады және нәтижесі жақсы шығуы мүмкін. Оқиғалы рөлді ойын орындалып жатқан кезде әдетте сабақ үстінде өздерін тұйық ұстайтын, үнемі пассивті отыратын балалардың өзі өздеріне ұсынылған рөлдерді беріліп орындайтынын, яғни ешқандай да қысылусыз, қамығусыз, ең бастысы өздерін белсенді ұстауға тырысатыны белгілі. Себебі ұсынылған рөл олар үшін бетперде тәрізді, осы рөл арқылы олар өздерінің осал тұстарын жасырып, өздерін басқа қырынан танытуға тырысып жатады. Сонымен қатар, олардың сабақта танытқан мұндай белсенділігінің басты себебі - оларға ұсынылған рөлдер. Бір бала мұғалімнің рөлін сомдап жатса, екінші бала ата-ананың рөлін сомдайды. Бұл рөлдер оларға артылып отырған үлкен жауаркершілікті сезіндіруге көмектеседі. Кез келген оқушы мұғалімнің немесе өз ата-анасының орнында бір рет болса да болуды армандап көрмеген емес. Осындай мүмкіндікті пайдаланып олар неге сөйлемеске? Әрине, кез келген бала мұндай тапсырмаға қуана-қуана келіседі және жақсы орындап шығуға бар күшін салады. Екінші оқиғалы рөлді ойынды орындау барысында да балалардың бойынан өз рөлдеріне деген жоғары қызығушылықты, рөлдерді орындауда белсенділікті байқаймыз. Бұл рөлдік ойын оқушылардың арман-қиялына негізделеді. Аталған тапсырмада балалардан жақсы балабақша қандай болуы керек? деген сұрақ ұсынылып, олардан өз ойларын айтуға тапсырма береледі. Осыған орай, бір бала балабақша тәрбиешісі болса, екіншісі балабақша директоры және басқасы балабақша жасындағы балалар болып рөлдерін орындайды. Ешқандай бала үндемей қалған жоқ, әрқайсысы бір сөйлемнен болса да айтуға тырысады. Әрбір бала өз қиялындағы балабақшаны сипаттайды, бірі балабақшаның тәртібі жайлы айтса, екіншісі топтардың жаңашалануын қалайтынын, асханада тамақ тегін болғанын қалайтынын айтады. Осылайша балалар өз ойларын айтып, арман-қиялдарымен бөлісіп жатады. Оқиғалы рөлді ойындарды қолданғанда, балалар рөлдік ойынды тек ойын ғана деп қабылдап, оның оқытушылық қызметіне назар аудара бермейді.
Оқиғалы рөлді ойындарды орындауға берілген түрлі тапсырмалар, біріншіден, балалардың жоғары мотивациялық қызығушылығын тудырады, екіншіден, тапсырмаларды орындау барысында топтағы балалардың өзара интерактивті тілдесу әрекеті жүзеге асады, үшіншіден, балалардың шынайы тілдік жағдаяттар үшін қажетті коммуникативтік және тілдік біліктері дамиды. Оқиғалы рөлді ойын тиімділігінің дәлелі осылар. Оқиғалы рөлді ойындар арқылы балаларды оқытып қана қоймай, сонымен қатар оларды тәрбиелейміз. Кез келген бала өзіне тапсырылған рөлді мүмкіндігі келгенше барынша жақсы орындап шығуға тырысады, бұл бала өзіне артылған жауапкершілікті түсініп отыр деген сөз. Яғни, рөлдік ойындар балаларды жауапкершілікке шақырады.
Алынған бақылау жұмыстарының нәтижелері мен қорытындылары сыныптарда мектепалды даярлық тобында оқиғалы рөлді ойындарды қолдану әдістемесінің балаларға сөйлесім әрекетінің түрлерін бір-бірімен байланыста меңгертудегі тиімділігін дәлелдеді.
Сабақ үдерісінде рөлдік
- қысқа уақыт ішінде балалардың тыңдау, оқу, айту, лексика-грамматикалық дағдылары қалыптасады;
- өзін оқу қызметінің субъектісі ретінде сезінеді;
- оқу үдерісін ұйымдастырудағы жағымды психологиялық ахуалдың арқасында еркіндікті сезінеді.
Оқиғалы рөлді ойындарды сабақта пайдаланғаннан кейін оқушылар үшін сабақтың келесі тілдік біліктерін дамыту кезеңінде жұмыс жасау аса қиындық келтірмейді. Себебі оқушылардың тілдік ортадағы сөйлесу, тілдесу әрекеті үшін қажетті тілдік және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру рөлдік ойынды қолдану барысында тиімді жүзеге асырылды.
Оқу барысында қолданылған рөлдік ойындар келесідей үш маңызды фактормен анықталады:
• тиімділік
• жемістілік
• нәтижелік
Оқиғалы рөлді ойынды пайдаланудың тиімділігінің көрсеткіші:
- балалардың пәнге деген қызығушылықтарының өзгеруінде;
- рөлдік ойынның балаларға тек білім алуға ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік жағынан әсер етуі;
- тәрбиеші мен баланың арасындағы қарым-қатынастың нығая түсуі, балалардың үйреніп жатқан тілге деген көзқарастарының одан әрі жақсаруы, сабақта жағымды ахуалдың орын алуы.
Ал рөлдік ойындарды қолданудың жемістілігі балалардың өтіп жатқан сабақтарға деген қанағаттық сезімінің күшеюінен байқалды.
Оқиғалы рөлді ойындарды қолданудың нәтижелілігінің көрсеткіші:
- оқушылардың сөйлеу дағдысының дамуымен;
- олардың оқу-танымдық мотивациясының жоғарылауымен байқалады.
Қорытынды.
Қорыта айтқанда, ойын - баланың жан серігі. Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал, іс-жүзінде бала ойынға қатысу үшін басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуінің, денесінің дамуы мен ой дүниесінің еркін жаюы ойынға тілкелей тәуелді.
Информация о работе Оқиғалы рөлді ойынды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері