Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 14:48, курсовая работа
Т.И. Шамова, П.И.Третьякованың еңбегінде «Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс – тәсіл мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әр түрлі анықталады. Зерттеушілердің айтуынша: «инновация» – педагогикалық категорияларға жатады және ол мектептегі құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс – тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады.
І.Кіріспе бөлім
1.1. «Инновация» терминінің ғылыми сипаттамасы
1.2.Білім берудегі инновациялар
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық іс-әрекет
2.2. Білім берудегі инновациялық процестер, педагогикалық технологиялардың тиімділігі
2.3. Инновациялық үрдістерді оқу үрдісіне енгізу
2.4.Бастауыш мектепте білім берудегі педагогикалық инновация
2.5.Білім берудегі инновациялық процестерді болжамдау
ІІІ.Тәжірибелік бөлім
ІҮ.Қорытынды
4.1.Инновациялық іс – әрекеттің теориялық негіздері
Кез келген инновациялық үрдістің көзделген мақсатқа апару – апармауы жорамал түрінде болатындығын ескерсек, осы бағытта кездесетін көптеген қиындықтардың барлығы сөзсіз, бірақ оны алдын –ала анықтау мүмкін емес.Жоба деңгейінде көптеген қателіктер мен ескермеушіліктің алдын алу үшін тәжірибеден өткен инновациялық жоспарды жан- жақты талдап, соның негізінде қорытынды бағдарлама жасаған дұрыс. Бұл бағдарламаны зерттеуші жасауды да, ол ғылыми- әдістемелік кеңесте талдаудан, сыннан өткізіледі. Жаңалық енгізудің жоспарын сыннан өткізуде төмендегі көрсеткіштердің ескерілуін қатты қадағалау қажет.
- жоспар мазмұнының біртектілігі;
-
оның бөлімдері мен
- оның бір жүйелілігі, қисындылығы, құрылымдылығы;
- қателігі, жетіспеушілігі;
- бағдарламаға қосымшалар мен ұсыныстар енгізу;
- сындық қорытынды (жүргізуге, қабылдауға немесе ескертпелер негізінде толықтыруға ұсынылады)
Инновациялық үрдісті енгізуде мұғалімдердің өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы үлкен роль атқарады. Сондықтан болашақ ұрпақ үшін білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр ұстаздың міндеті екені сөзсіз.
2.4.Бастауыш мектепте білім берудегі педагогикалық инновация
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешуде, әрбір орта мектептің бастауыш сатысында білім беруде оқу-тәрбие үрдісін жаңа технологияларға сай ұйымдастыру әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Жеке тұлғаны
жан-жақты дамыту шеңберінде бі
Бастауыш мектепте
қазіргі педагогикалық
Оқу-тәрбие
үдерісін жетілдіру мақсатында
педагогикалық технологияларды
ұсынған Н.П.Гузиктің, В.М. Монаховтың,
Ф. Шаталовтың, Т.Галиевтың, Л.
«Инновация»
ұғымын қарастырсақ,
Инновация
термині қазірде білім берудің
теориясы мен тәжірибесінде
«Инновация»
ұғымы ең бірінші XIX ғасырда
мәданиеттанушылардың
Инновация
латыншадан аударғанда жаңа, жаңалық,
жаңарту дегенді білдіреді екен
. Яғни, С.Ожегов сөздігіне сүйенсек,
инновация бірінші рет шыққан,
жасалған жуық арада пайда болғ
«Инновация» ұғымын әр елде әр түрлі түсінген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Индерланды) бұл термин кең тараған, ал Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылыс-қа қандай көз қарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылымы- педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шетелдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда «инновация» ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз.
Ресейде
«инновация» ұғымына өте
Ал Америка
ғалымдары Биль және Болен
педагогикалық инновацияны «
Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы жеті жылдың енші-сінде. Ең алғаш «инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Н.Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз- білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деп жазады. Ал инновация негізінен құраушы ұғымдардың: «инновация», «нововедение», «новшество», «новое» т.б. қазақша аудармаларын жасаған Ы.Алтынсарин атындағы білім мәселелерін ғылыми зерттеу институтының әдіскері Қ.Құдайбергенова болып табылады. Ол өз еңбектерінде инновацияны» нақты қойылған мақсатқа сай салынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған: «инновация» - жаңарту, «нововедение» - енген жаңалық, «новое» - жаңа, « новшество» - жаңалық, «инновациялық процесс» - жаңарту үрдісі.
«Инновация» сөзі - қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданылып жүрген термин. Қазір «жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да « жаңа, жаңаша өзгерудің» мазмұны терең және анық екендігі белгілі.Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану ар-қылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады. Мұның ерекшеліктері негізінен мыналар:
-үйренушінің белсенділік іс- әрекетін дамыту;
-оқыту мен үйретудің өзара үйлесімдігін қалыптастыру;
-мұнда үйренушінің
дербес қабілетін дамытуға
-үйренушінің
танымдық үрдіске белсенді
-көрнекілік құралдарын көбірек пайдалану арқылы сезімін жоғарлату.
Жаңа педагогикалық
технологияның негізгі
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті құрылымын қарас-тырған кезде, "инновация" және "педагогикалық іс-әрекет" деген негізгі түсініктердің мәнінің мағынасын талдауды қолдану керек деген ғалымдардың (В.А.Сластенин, Л.С.Подымова) ой-пікіріне қосыламыз. Белгілі зерттеушілердің (А.А.Бодалев, Ф.Н.Гоноболин, В.А.Кан-Калик, С.В.Кондратьева, Н.В.Кузин және т.б.) еңбектерінде педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы туралы түсінік жан-жақты қарастырылған. Олар мұндай қасиеттерге жатқызатындары: жалпы және кәсіби мәдениет, педагогикалық бағдарлылық, моральдық қасиеттер, ди-дактикалық қасиеттер, ерік қасиеттсрі. Сөйлеу қабілеттері, ұйымдастырушы-лық, коммуникативтік, педагогикалық елестету.
Бұл ғалымдардың еңбектерінде іскерліктің екі үлкен тобы жіктелгені көрсетілген: операциялық және жеке бас. Бірінші топ білім беру үрдісіне жататын болса, екінші балалармен, ата-аналармен, мектеп оқушысымен нәтижелі қарым-қатынас құруға қажетті әлеуметтің және жеке бас іскерліктері жатады.
И.Ф.Исаева, И.М.Шиянова,
А.И.Мищенконың зерттеулерінде инновация-лық
іс-әрекеттің құрылымында іс-
Инновациялық іс-әрекет сонымен қатар, жаңашылдықты іздеп шешугедайын болу қасиетімен де тығыз байланысты.
Ал іс-әрекеттің
"негізгі құрастырушысы" ретіндс
Б.Ф.Ломов мыналарды бөліп
Біздің ойымызша, жалпы іс-әрекеттің осы құралы бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетіне тән. Автордың айтуы бойынша, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің диагностикасында ескерілетін бірнеше ережелер қатары бар:
1. Өз қызметін
және әріптестерінің қызметін
оның жоғарыда сөз болғандай
тиімділігін бірізді талаптар
бойынша жан-жақты бағалауға
2. Ұжымдық істі ұжымдық талдау жасауға, өз жұмысының өзіндік талдауына үйрету маңызды.
3. Өзінің кәсіби қасиеттерін өзіндік бағалау мен өзіндік тануға көшу, өзіне және басқаға талап қоя білуге үйрету.
4. Мұғалімдердің инновациялық қызметін бағалау белгілеріне сүйеніп, педагогикалық кызметті сараптау бағалауға тарту.
Осы жұмыстардың барлығында диагностика өзіндік мақсат емес, педагогикалық қалыптасудың алғы шарттары мен шығармашылықпен еңбек ететін мұғалімдерді тәрбиелеу тәсілдері. Инновациялық іс-әрекет — педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру үрдісі. Педагогтың инновациялық іс-әрекеті келесі белгілермен сипатталады:
♦ өзінің жеке касиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілеті;
♦ жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола отырып, өз жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігінен;
♦ жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзегс асуын үздіксіз тәжірибеге енгізумен;
♦ педагогикалық инновацияның жаңа әдістері мен тәсілдерін өз бетінше жасаумен;
♦ педагогикалық кертартпалықпен, догмамен, артта қалушылықпен белсенді күрес жүргізумен.
Айтылғандарды есепке алғанда, педагогтың өнімді инновациялық іс-әрекетінің көрсеткіштері мыналар:
♦ педагогикалық еңбектің тиімділігі;
♦ оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылардың педагогикалық талаптары мен бағыттарының бірлігі;
♦ жеке тұлғаның шығармашылық тұлғасының қалыптасуы;
♦ мұғалім беделінің өсуі;
♦ оқушылардың істі талдау әдіс-тәсіліне, диалектикалық ойларға үйренуі;
♦ оқу және тәрбие үрдісінде зерттеу тәсілінің педагогикалық қызмет үлгісіндегі ашылулары.
Педагогтың инновациялық іс-әрекетін сараптау бағасы В.К.Криллов, М.Р.Львов, Н.В.Путилин, А.А.Талмачев және т.б. көрсеткен белгілері негізінде жүзеге асады. Мұнда методологиялық мәдениет кіреді, оның құрамында мы-налар кездеседі, дейді зерттеушілер: қазіргі білім берудегі философиялық білім; негізгі ұғым жайлы педагогика ғылымы мен осы түсініктердің озара қатынасы
жайлы педагогикалық терминология; педагогикалық ақпаратты қолдану, өңдеу, алу әдістерін меңгеру; педагогикалық құбылыстың диагностикалық тәсілі (ди-алектикалық ойлау); педагогикалық үрдіс пен құбылыстарға, өзінің педагоги-калық тәжірибесін баяндауға жүйелі амал жасау; педагогикалық қызмет жайлы, тұлға мен ұжым құрылымы жайлы білімі; оқу-тәрбис құбылысындағы, үрдісіндегі факторлар мен шарттарды, қозғаушы күштерді, қарама-қайшылықтарды табу, талдау, баяндау қабілеттілігі; педагогикалық жаңашылық салдары: баланың жеке тұлғасын, оның өзіндік көңіл-күйін, денсаулығын, белсенділігін дамыту, мұғаліммен ынтымақтастығын нығайтатын жаңа педагогикалық бағыттар.
Қазіргі кезде әрбір қоғам мамандарының алдына қойған талаптарына сәйкес "маман моделін" маман профессиограммасын жасау міндеті — жұртшы-лықтың назарын өзіне аударуда.
Бұл міндетті шешуге байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдар, педагогтар, психологтар бар (Н.В.Кузьмина, Ф.Н.Гоноболин, В.А.Сластснин, А.И.Щербаков, Н.А.Сорокин). В.А.Сластениннің пікірі бойынша, мұғалім профессиограммасы мыналарды қамтиды:
1) қоғамның саяси сапалары;
2) әлеуметтік-психологиялық,
этикалық-педагогикалық және
3) психологиялық және педагогикалық даярлық;