Педагогикалық менеджменттің мақсаты мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2014 в 16:03, реферат

Краткое описание

Басқару өнері және басқару туралы ғылым адамдардың топ болып жұмыс істеу жағдайында және қоғамның үш саласында – саяси, экономикалық және сыртқы қауіптен қорғану кезінде қолданылған.
Ертеден-ақ адамдар тобын шоғырландырып, белгілі бір бағытта жұмыс орындауға жетекшілік ететін ерекше қабілеті бар адамдар қажет болған.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Менеджмент ұғымы, ғылыми менеджмент мектептері
2. Педагогикалық менеджменттің мақсаты мен міндеттері
3. Кәсіптік білім беру жүйесіндегі менеджменттің рөлі мен орны
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

ПМ.docx

— 41.53 Кб (Скачать файл)

Педагогикалық менеджмент − бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принципі мен технологиялық тәсілдер, ол тек білім мекемелеріне тиімді басшылықтың творчествалық потенциялын көрсетіп қана қоймай, педагогтар, студенттер мен тыңдаушыларға да өзіне тән міндеттер ауқымын жүктейді. Кез-келген ғылымда, оның ішінде педагогикада да менеджмент сөзінің негізі антропоцентрлік көзқарасты құрайды, оған мына үш талап қойылады:

  1. Өз қарамағындағы қызметкерлерге сыйластықпен қарау;
  2. Оларға сенім білдіру;
  3. Олардың іс-әрекетінде табысқа жету мүмкіндігін жасау.

Антропоцентрлік грек сөзі, аудармасы адам деген мағынаны білдіреді. Көзқарас дегеніміз басқару ісінің мақсаттары мен міндеттеріне мәнді түзетулер ендіруді білдіреді. Басқару қызметінің негізгі өзегі болып адамның творчествалық мүмкіндігін мейлінше өнімді пайдалану болып табылады. Осыған байланысты менеджменттік стратегияның жаңа қызметімен жүзеге асыруда мынадай базалық негізде арқа сүйейді:

  • творчествалық топтарды іске тарту арқылы қабылдаған шешімнің сапасын арттыру;
  • қызметкердің жауапкершілік сезімін күшейту;
  • инженер - педагог қызметкерлер арасында ақпарат жариялылығы мен өзара сенімділікті арттыру арқылы оқу орнында дұрыс ахуал қалыптастыру;
  • оқушылар мен өндірістік оқыту шеберлердің еңбектерін дер кезінде бағалап, оның шығармашылық идеялары мен инновациялық іс-әрекеттеріне қолдау көрсету;
  • студенттер мен оқушыларды шешім шығаруға қатыстырып, оның оған жауапкершілігін арттыру.

Педагогикалық менеджмент міндеттері басқару мазмұнымен анықталады. Басқару мазмұны функцияланының мына төмендегі компоненттердің өзара үйлесімділігі:

    1. Жоспарлау;
    2. Ұйымдастыру;
    3. Реттеу;
    4. Бақылау;
    5. Есеп жүргізу;
    6. Талдау.

Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады ( шешімді қабылдау мен орындауда):

    • қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын жоспарлау, яғни іс-қимыл стратегиясын әзірлеу;
    • жиналыстар, педагогикалық кеңестер, семинарлар өткізу туралы нұсқаулар беру;
    • басқару шешімдерін рәсімдеу, оқыту мазмұнына сәйкес  бағдарламалар  мен жоспарлар дайындау, оның орындалу мерзімі мен жауапты қызметкерлерін көрсету;
    • басқару шешімдерін дайындау және қабылдау, кадрларды іріктеу және оның кәсіби біліктілігі мен психологиялық ерекшеліктеріне қарай өзара міндеттерін бөлісу, кеңестер беру, т.б..

 

 

Кәсіптік білім беру жүйесіндегі менеджменттің рөлі мен орны

 

Педагогикалық менеджмент адам қызметін ғылыми тұрғыда басқару принциптеріне сүйене отырып, объектінің білім беру аясындағы қызметі арқасында мына екі бағытты бірлікте ұстайды:

    1. Педагогтар мен студенттерді басқару;
    2. Оқу тәрбие процесін жетілдіру.

Басқару принциптері дегеніміз – білім беру ісінің басшы қызметкерлері өз жұмысында ұстануға тиісті мақсатқа жетуге көмектесетін негізгі, іргелі ережелер.

Демократиялық принцип бойынша білім беру ісі орталықтан басқарылуымен қатар, басқару ісіне халық, мектептің қызметкерлері тартылады, олардың шығармашылық күштері қолданылады. Осы принцип негізінде Білім және ғылым министрлігінің облыстық, т.б. білім беру басқармасының, педагогикалық кеңестің мәжілістері өткізіліп, онда оқыту және тәрбиенің маңызды мәселелері талқыланып, қаулы-қарарлардың орындалуын білім беру ұйымдарын басқару органдары қадағалап отырады.

Ғылымилық, теория мен тәжірибенің тығыз байланысы принципін ұстанған мектеп басшылары өз жұмысында ғылымның жетістігін қолданып, еңбекті ғылыми ұйымдастырып, озат тәжірибені зерттеп, жинақтап және таратып отырады. Басқару жұмысының табыстылығына ұйымдастыру жұмыстары көмектеседі. Оның маңызды бөлігі – кадрларды іріктеу, дайындау, әрбір қызметкердің қызметіне деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ақпараттардың шындығы және жеткіліктілігі принципін ұстанған мектеп әкімшілігі өз ұжымының оқу тәрбие жұмысындағы қол жеткен жетістіктерін асыра бағаламайды, кемшіліктерді түзетіп отырады.

Мектептегі басқару органдарының құрылымы алуан түрлі. Шартты түрде оларды төрт топқа бөлуге болады.

Бірінші топ: мектептің лауазымды өкілдері - мектеп директоры, оның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мектептің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, балалар мен жастар ұйымдарының жетекшілері.

Екінші топ: мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар өкілдері қатысатын жалпы мектептік конференция, педагогикалық кеңес және әдістемелік бірлестіктер.

Үшінші топ: оқушылардың өзін-өзі басқару органдары (оқушылар комитеті, сыныптың, пән үйірмелерінің, түрлі қоғамдардың жетекшілері).

Төртінші топ: мектептің және сыныптың ата-аналар комитеті.

Осы органдар мектепті басқару үшін ғылыми тұрғыдан дәлелденген ұстанымдарды (принциптерді) басшылыққа алып жұмыс істеуі тиіс. Олардың ішіндегі мәндірегі төмендегі ұстанымдар:

•    мектептің алдында тұрған басты міндеттерді анықтау кезінде барлық басқару органдарының келісіп, іскерлік, ынтымақ жағдайында жұмыс істеуі;

•    барлық басқару органдары және лауазымды адамдардың өз міндеттері мен қызметтерін атқару кезіндегі демократиялылығы, жариялылығы, мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың қоғамдық пікіріне сүйену;

•    мектеп басшыларының, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің жауапкершіліктері;

•    мектептегі жақсы және пайдалы психологиялық  микроклиматты, шығармашылық белсенділікті және бастама көтерген адамдарды қолдау, оқу-тәрбие жұмысының сапасына жоғары талап қою;

•    оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру туралы жоғарғы органдардың қабылдаған шешімдерінің орындалуына әдепті және тұрақты түрде басшылық ету;

•    педагогикалық шығармашылықты, инновациялық ізденістерді мадақтау және озат педагогикалық тәжірбиені меңгеруге ұмтылған мұғалімдерді, сынып жетекшілерін қолдау.

Мектеп басшысының жұмыс бағдарламасы:

•    мектепке жалпы басшылық ету;

•    мектеп кеңесін (педагогикалық кеңесті) басқару;

•    жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асыру;

•    мектеп жұмысын жоспарлау;

•    оқу және тәрбие жұмысындағы мектеп, отбасы, жұртшылықтың ынтымақтастығын тексеру және орнату;

•    ата-аналар комитетінің жұмысын қадағалау;

•    мектеп директоры орынбасарларының жұмысына басшылық ету және оны бақылау;

•    оқытудың барысын және оқушылардың білім сапасын бақылау;

•    мектеп кітапханасымен жұмыс;

•    мектептің шаруашылық және қаражат жұмысын бақылау;

•    мектепшілік бақылау жүйесіне басшылық жасау;

•    мектеп директоры жанындағы мәжілісті өткізу;

•    мектеп асханасымен жұмыс;

•    демеуші мекемелермен байланыс орнату;

•    баланың денсаулығына қамқорлық жасау;

•    техникалық қауіпсіздік талабын орындауды қадағалау;

•    халық арасында педагогикалық білімді насихаттау.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының жұмысының мазмұны:

•    жалпы білім беруді жүзеге асыру;

•    оқу бағдарламасының орындалуын қадағалау;

•    мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптың және сабақ жоспарларын бекіту;

•    сабақ кестесін педагогикалық талапқа сай жасау;

•    пән бойынша жүргізілетін әдістемелік жұмысты бақылау;

•    сынып журналдары және оқушылардың күнделіктерінің, дәптерлерінің талапқа сай безендірілуін тексеру;

•    оқытудың барысына, оқушылардың білім сапасына бақылау жасау және басшылық ету;

•    оқушылардың арасында жазбаша бақылау жұмыстарын жүргізу;

•    оқушылардың білімін бақылау. Баға қою жүйесін қадағалау;

•    пән үйірмелерінің және факультативтердің жұмысын бақылау;

•    кітапхананық жұмысы. Сыныптан тыс окуды тексеру;

•    зертханалық және тәжірибелік жұмыстардың өткізілуіне басшылық жасау;

•    еңбекті оқыту, еңбек тәрбиесі және мамандық талдау жұмыстарын, өнімді еңбекті ұйымдастыру;

•    оқушылардың аудандық, қалалық жарыстарына қатысуына көмектесу.

Директор және оның орынбасарларының оқу-тәрбие жұмысын бірлесіп бақылауы:

Бақыланатын нысандар:

•    оқытудың барысы және оқушылардың білім сапасы;

•    оқу кабинеттерінің жұмысы;

•    оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптар;

•    үлгермеушілер болайын деп тұрған сыныптар;

•    тәрбиеден тыс қалған оқушылармен жұмыс;

•    педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, қорытындылау және шығармашылықпен тарату;

•    мұғалімдердің біліктілігін көрсету, әдістемелік және жас мұғалімдермен жұмыс;

•    мектеп құжаттары;

•    педагогикалық оқу;

•    адамгершілік тәрбиесі;

•    дене тәрбиесі;

•    құқықтық тәрбие, т.б. тәрбие салалары;

•    техника қауіпсіздігі.

Мектеп басшысына қойылатын талаптар:

Басшының жеке тұлғасы маңызды рөл атқарады. Басшының жеке тұлғасы, оның жалпы ой-әрісі, кәсіби дайындығы, әдептілігі, ұйымдастырушылық қабілеті мектептің бет-бейнесін, мұғалімдер мен оқушылар ұжымының іс-әрекетін айқындайды.

Мектеп басшысының жеке тұлғасын қалыптастыруға керекті сапалар:

•    жоғары мәдениеттілік, адамгершілік жағынан таза болу;

•    терең, жалпы дайындығы, еліміздегі, шетелдердегі басты оқиғаларды білуі;

•    қазіргі педагогика мен психологияны терең білу;

•    педагогикалық шеберлік; талант;

•    ғылым мен мәдениеттен хабардар болуы;

•    биік, көркем талғам;

•    ұйымдастырушылық қабілет;

•    талап қою;

•    экономикалық дайындық;

•    болашаққа үмітпен қарауы;

•    балаларды жақсы көруі;

•    еңбексүйгіштікқ;

•    арнайы тәжірибе;

•    кәсіптік білім;

•    біліктілік.

Мектеп басшысы міндеттерді дұрыс бөліп, жұмыс істеуге жағдай жасап, нақты көмек беріп, тексеріп, басшылық етіп отырады. Ұжымның белсенділігін көтеріп, мектепті қажетті материалдармен, құралдармен жабдықтап, табандылық және талап қойғыштық танытады. Оқу-тәрбие және шаруашылық жұмыстарын қатар жүргізу мектептің жұмысындағы қиын мәселе.

Мектептегі педагогикалық кеңес. Біліктілікті көтеру жұмыстары педагогикалық кеңестің жұмысын ұйымдастырудан басталады. Педагогикалық кеңесті құру үшін мектепте кем дегенде үш мұғалім болу керек. Ол оқу-тәрбие жұмысының негізгі мәселелері қарастырылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Педагогикалық кеңестің құрамына мектеп директоры (төрағасы), оның орынбасарлары, мұғалімдер, тәрбиешілер, кітапханашылар, дәрігер, ата-аналар комитетінің төрағасы, мектеп кеңесінің төрағасы енеді.

Педагогикалық кеңесте екі түрлі мәселе қаралады: а) өндірістік, жұмыс бабына байланысты: мектептің жылдық жоспарын бекіту, мектептің бір тоқсанда істелген жұмысының қорытындысын шығару, емтиханға дайындық және өткізу жоспарын бекіту, оқушылардың бір сыныпты бітіріп, екіншіге көшуі, оқу жылының қорытындысы, оқушылармен істелетін жазғы жұмыстың жоспары; ә) ғылыми-педагогикалық: басшы органдардың нұсқауларын және ғылыми зерттеулерді, озық тәжірибені талдау, мектептегі педагогикалық процестің нәтижелерін шығару және оған баға беру.

Егер педагогикалық кеңесте ғылыми-әдістемелік жұмыстардың нәтижелері қаралатын болса, онда педагогикалық ұжымның кәсіби біліктілігі жоғары. Мұндай мектепте өндірістік мәселелер тез шешіледі.

Педагогикалық кеңеске әзірлену және өткізудің төрт кезеңі бар:

•    педагогикалық кеңестің жылдық жоспарын жасау;

•    нақты педагогикалық кеңеске алдын ала әзірлену;

•    педагогикалық кеңесті өткізу;

•    педагогикалық кеңес шешімдерін орындау үшін жұмыс істеу.

Педагогикалық кеңесті жоспарлау:

Әдетте бір оқу жылы ішінде бес педагогикалық кеңес өткізіледі; әр тоқсанда бір рет және оқу жылының аяғында. Бесінші педагогикалық кеңестің 3 мәжілісі өткізіледі. 1) емтиханға жіберу; 2) емтихан қорытындысы; 3) мектеп бітірушілер тапсырған емтихандардың қорытындысы.

Бірінші педагогикалық кеңес жаңа оқу жылы басталмас бұрын, тамыз айының аяғында өтіп, әдетте мектептің жылдың жоспарын бекітуге, өткен жылғы жұмыс талданған директордың баяндамасын және жаңа оқу жылының міндеттерін талдауға арналады. Негізінен 3 мәселені қарауға болады: еңбекті ұйымдастыру, оқу және тәрбие жұмыстары.

Информация о работе Педагогикалық менеджменттің мақсаты мен міндеттері