Тәрбиенің мақсатын жүзеге асыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 08:51, курсовая работа

Краткое описание

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.

Вложенные файлы: 1 файл

Негізгі бөлім.docx

— 65.00 Кб (Скачать файл)

Мақсаттың өзгермелі қозғалысы  педагогикалық процесте өте айқын  көрінеді. Себебі, баланың сыныптан сыныпқа қарай, жастан жасқа дамып  өзгеруі қас қағымдай, сондықтан  өсіп келе жатқан жеке адамның әлеуметтік-психологиялық жаңа құрылымдары бір мақсаттың ысырылып, орнына екіншісінің қойылуы табиғи талаптар дамуының нәтижесі болып есептеледі.

Ал, соңғы нәтижені көздеген жалпыланған сипатты мақсат жастық өзгерістер байланыстылығын сақтап, ''тәрбиелі адамның'' жеке образын баламаластырып қарауға, айқындауға мүмкіндік береді.

Момын да, айдағанға көнгіш бастауыш сынып оқушысы да, тынымсыз, беймаза жасөспірім де, менмен-сінген ''данагөй'' жоғары сынып шәкірті  де - бәрі де мұғалім бастаған бір  даму жолын басып өтеді, әңгіме сол  жолдың кең болып, күтілген жеке адамдық  әртүрлілікті сыйғыза алуында. Осы  мысалда көптеген әр жас деңгейіне  бай-ланысты күтілген нәтиже - нақты  мақсатқа байланысты 6 жастағы балаусаның мектеп жолын түгелдей басып, 17 жасында  жетілетін нәтижесі - жалпы мақсат өнімі.

Мақсаттың қозғалмалылығы мен  ауыспалылығы оның ешқашан шектелмейтінін көрсетеді. Мақсатты, көр-кемдеп айтсақ, жақындаған сайын, алыстай түсетін  жұлдызбен теңестірген жөн. Мақсаттың  бітуі - рухани не заттай жойылу деген  сөз. Мақсат өзін белгілейтін субъект - адаммен бірге дамып отырады, себебі ол сол субъектіде жасалады, сондықтан да субъектінің өрлеуімен  мақсат та жоғарылай бастайды. өссем  деген кәсіпкерге тән қасиет: көңіл  толмау, күйзелу, алас ұру; ал тоқтаған кәсіп иесі - мәңгі тыныштықтағы өлі жан. Міне дамудың бір көрінісі.

Жеткізбес мақсат - мақсат болып қала беру үшін, оған жетем дегенді шарш атып, шалдықтырмас үшін, шексіз мақсатқа жетудің қиындығынан адам бас тартып, бос арманшылдардың қатары толыспас үшін, мақсат жалпы сипатқа ие болуы керек, сонда ғана ол ілгерілеген сайын ұлғайып, іс-әрекетке бағыт-бағдар бола алады. Қарапайым мысал, бір кісі кіріп, жасасам болар дегендей, баспана жоспарлап, бастады. Бірақ көпті көрген бір көршісі келіп: ''Бөлмелеріңді былай жаса'' - деп ақыл берді: мақсат туды - бөлме өзгерді, екінші көрші тұрып ''Айна, есіктеріңді олай ет''- деп ақыл айтты. Мақсат өзгерді - айна, есіктер көрік алды. үшіншісі келіп: "Шатырыңды сен олай қылма, былай қыл''- деп және бір кеңес қосты: сәнді шатыр шықты. Ақыр аяғында кісінің жалпы мақсаты - баспана да бітті, бірақ әншейін баспана емес, көз тойдырар үй болды. үй салушының мақсатқа орай жоспары мен әдісі негізінен сақталды, бірақ ол жасаған өнім бастапқы күтілген нәтижеден айрықша болып шықты, оның себебі - мақсаттың жалпы сипатындағы шығармашылық еркіндіктің болуынан туындады. Іскер мақсат аймағында әрекет етті, бірақ осы аймақ тар болғанда оның шеберлікке жетуі күмәнді болар еді.

Сонымен, мақсат - өз қызметін атқару үшін жалпы сипатқа ие болуы  тиіс. Сонда ғана тәрбие мақсатының жалпы тәрбие процесіне байланысты орны нақ көрінеді: мақсат - бастау көзі, педагогтің кәсіби қызметінің бірінші элементі. Схема түрінде бұл былайша сипатталады.

Бұдан туындайтын ой - мақсат тәрбие процесінің мазмұнын айқандайды, мақсат тәрбие нәтижесіне негіз болады, мақсат - педагогтің кәсіби іс-әрекетінің баға-өлшемі, мақсат - педагог санасының  үздіксіз айналымда жүретін ой объектісі. Бұған қосымша, тәрбие жүйесі толығымен  мақсатқа тәуелді, оған орай өз мән-мағынасына ие болады.

Сонымен, педагогикадағы мақсат болжау анықтамасы:

Мақсат болжау - бұл қазіргі заман өркениетінде жасап жаңартушы қабілетке ие осы дәуір жеке адамының қажетті даму деңгейін қамтамасыз ететін объектив, әлеуметтік-психологиялық және мәдени жағдайларды түсіну; бұл сондай адамның жалпы идеал бейнесін мейлінше нақтылайтын сөз жүйесін іздестіру; бұл тәрбие мақсатын қабылдауға мүмкіндік беретін шарттар ретінде балалық шақ табиғатына, жеке адам даму мәніне және даралық болмысына талдау, баға бере алу; бұл нақты бала жасаған нақты жағдайларды талдай отырып, оларды қойылған мақсат мазмұнымен орайластыру.

 

Мақсат категориясына  қарама-қарсы категория - арман. Екеуінің бір-біріне ортақ ұқсастығы олардың  санада туындап, әрі жасайтын идеялық  бейне болуында. Ал айырмашылығы - осы  бейнеге субъект қатынасының  әртүрлілігі.

Арман - елестің немесе қиялдың субъектіге берер біршама қанағаттану сезімі. Арман адамды шындық болмыстан алшақтатады.

Мақсат - бұл да бейне, бірақ онан келетін қанағаттану тек ішкі қабылдаудан емес, сол бейнені іс-әрекетке қосып шындыққа айналдырудан. Бұл бейне субъекті белсенді әрекетке бағыттайды, ықпал жасайды. Туындай отырып, мақсат ойға алған, көздеген нәтижеге жетпей, өз қанағатын таппайды. Бұл арада бейне-нәтиже тек іштей қызығу үшін емес, нақты жетістік үшін қажет.

Арман субъекттің енжарлығынан келіп шығады, әркетсіздікке байланысты, ал мақсат - іс-әрекет, белсенді қызметтің  бастау көзі.

Бірақ өзіміз жасап отырған, қарама-қайшылығы қабысқан барша  дүниеміздегідей - бұл екі шекті  құбылыс - арман мен мақсат өзара  тығыз байланысқан. Арман - мақсат түзу үшін негіз, арман - мақсаттарды қайта  қарас-тырып, үйлестіріп отыруға ықпал. Мақсат та өз кезегінде жаңа мақсатқа жетелейтін жаңа арманға жол ашады. Мақсатқа жетудің жолы тұп-тура болмақ емес, ол үшін талай міндеттерді  іске асыру қажеттіліктері туындайды.

Міндет - бұл мақсатқа жету жолдарындағы бір саты, орындалуы қажет нәтиженің бір бөлігі, осы бөлік өзінің іс-әрекеттік бітімін таппаса, жалпы нәтиже де жоқ. Міндет мақсаттың өзін құрайтын элементтерге бөлінуінен пайда болады. Кейін сол элементтердің бәрі бірігіп, іс-әрекеттің жалпы нәтижесін алуға жұмсалады. Іс-әрекеттің барысын-да субъект, әдетте, мақсат жөнінде ойламайды, оның есінде тек міндеттері, өз іс-әрекетін сол міндеттердің кезегімен шешілуі деп біледі.

Мақсаттың ұмыт болуы - жалпы стратегиялық бағыттың жойылуына әкеледі, ендеше, міндеттер де тактикалық бағдар ретінде өз маңызын жояды. Мысалы, бағбан адамдарға ләззат берер бақ бергісі келді (жалпы мақсат). Бірақ нақты істерді (міндеттерді) орындау күй-беңімен жүріп, тиісті орынға гүл егуді ұмытты, соның салдарынан бақ ләззат беру сипатынан айрылды, яғни негізгі мақсат іске аспады, сонымен атқарылған міндеттер (атызды дайындау, суғару, күтім жасау - бәрі де) босқа кетті.

Мақсат болжау - мақсат пен міндеттердің өзара байланысын тану нәтижесі.

Міндет - мақсаттың бір бөлігі, құрылым бірлігі. Міндет көрер көзге дербес, өз алдына жасағанымен, мақсат бағытында орындалып барады. Мысалы, педагог баланы күнделікті адамгершілікке баули отырып, қоғам азаматын тәрбиелеу бағдарындағы мақсатты мүлде естен шығармауы тиіс, өмірде адамның тұлғалық мазмұнын оның әр секунд, минут, сағаттағы белсенді тіршілігі қалайды, - дегендей философиялық тұжырымды бетке ұстау лазым.

Кәсіптік еңбектің ажырамас бөлігі ретінде мақсат болжау мұғалімнің, жоғары оқу орны оқытушысының қызметінің құрамды бөлігі. Осыдан, ертең ұстаздық іске араласамын деген студент мақсат болжау проблемасының ғылыми мағынасын, педагогикалық қызмет құрылымын-дағы мақсат болжаудың мәні мен мақсаттың  орны мен маңызын, мақсаттарды әртүрлі  негізде сараптауды жете түсініп, игеруі міндетті.

Әрбір міндет өзінің орындалу сәтінде субъект үшін нақты бір  мақсатқа айналады да, ол мақсат өз кезегінде  төменірек деңгейдегі жаңа міндеттерді  жүзеге әкеледі. Педагог жалпы мақсат бағдарын жаздырмай отырып, таңғажайып үздіксіз міндетке, міндеттің мақсатқа өзгерісі мен ауысу аймағына тап  болды. Осыдан да, педагогикалық тәжірибеде түсініспестік орын алып келе жатыр: нені мақсат, нені міндет деп танимыз?

Егер тәрбие мақсатының жалпылығы  сақталса, онда педагогтің қадам сайын  алға қойып, әр сәт сайын шешіп  отыратын әрекеттінің бәрі - міндеттер. Жалпы мақсаттық бағдар назардан ғайып болып, педагог бір міндет бағытында жұмыс істеп, ойлай  бастағаннан, дәл осы міндет мақсат мазмұнына ие болып, өзіне қажетті  ендігі міндеттерге ие болады.

Міне, осыдан педагогикалық  сөздікте ''Тәрбиенің мақсаты мен  міндеті'', ''Тәрбиенің мақсаттары мен  міндеттері'' тіркестерін жиі кездестіреміз. Бұлардың бірін таңдауымыз белгілі  мақсаттың жалпы бағдарына байланысты да, бір жағдайдың өзінде де мақсаттық  мәнге де, міндеттік мәнге де ие бола беретінінен. Мысалы, мұғалім сабақты  дайындауда нақты сабақ ''мақсатын'' белгілейді, ал енді осы мақсаттың  өзі жалпы тәрбие мақсатының міндеті  болып шыға келеді. Сондықтан, дайындалып жатқан сабақ келесі аталған көп ''міндеттің'' орындалу құралына айналады: мәдени, саясат бойынша жасау қабілетін  қалыптастыру, адам бола білу қабілетін  жетілдіру, әлеуметтік қатынастарға араласа  алу қабілетін түзу, салауатты  өмір салтын қалыптастыру, өмірлік  бағыт қалыптастырып, өз тіршілігінің мазмұнын реттей алу қабілетін орнықтыру; тұрмыстық міндеттерге дайындау: өмірлік еңбекке дайындық, отбасылық  өмірге дайындық, бос уақытын мазмұнды өткізуге дайындау, өзін шығармашылықпен  баулуға дайындау.

1.3. Тәрбиенің мақсаты мен тәрбиелік кәсіби қызметтерінің  мотивтері.

Мақсат пен мотив адам іс-әрекетінің мәндік бірліктері.

Мақсатсыз әрекет жоқ. Ал мотивсіз мақсат белсенділігі қарапайым әрекет шеңберінен аспайды.

Әрекетке итермелеуші  ықпал - мақсат, ал сондай ықпалдық мотивтерде де бар. Мақсат пен мотив әрдайым  бірге, іс-әрекеттің мазмұны мен  сипатын анықтайтын құбылыстар. Мақсат -''субъект не істеп жатыр?'' дегенге  жауап. Мотив болса ''субъект мұны не үшін істеп жатқанын'', яғни ықпалдық себебін ашады.

 Субъект, жалпылама  болса да, мақсат пен мотивті  айқындамағанша, іс-әрекетке бара  алмайды. Мақсат болжастыру аймағында  мотив екі себептік маңызға  ие. Біріншіден, мотив іс-әрекет сипатына  әсер етеді: қуат, күш салу, адалдық,  нәтиже жолында белсенділік деңгейі,  субъектің психологиялық қалпы.  Екіншіден - мақсаттың мотивпен  бірлесуі, мотивпен орын ауысуы. Мысалы, тұрмысын жақсарту ниетімен  жігіт педагогикалық кәсіпті  таңдады. Алдыңғы мақсат мотивпен  ауысты, енді оның мақсаты кәсіптік  шеберлікті игеру болды, ал  мақсатқа деген ұмтылысты әлеуметтік  бағыт мотиві қолдап-қуаттайды. 

Педагогтің тәрбие ұйымдастыруға  байланысты кәсіби қызметінің мақсаты - тәрбие мақсатын анықтау, оны іске асыру. Ал осы педагогикалық іс-әрекеттің  мотивтері неде?

Бұл тұрғыдан, педагогикалық  мақсат мотивтері келесідей: 1. Қайшылығы  көп, күрделі өмірге еніп жатқан сәбидің  бақыты үшін қамқорлық; 2. Балалық шақтың сәулелі өтуіне көмек беру және адамға деген инабатты қатынас. Мұндай сипаттағы мотивтер педагогке кәсіптік және әлеуметтік келеңсіздіктерді елей бермей, ізгі мақсатқа жетуге жол ашады.

Педагогикалық қызметке араласуға  түрткі болатын қарапайым мотивтерді де жоққа шығаруға болмайды; мысалы, қаражат табудың көзі, демалыс  уақыттарының ыңғайлығы, бүкіл өмір бойы балалар мен жастар арасында жүріп, өзінің де рухани кәрілікке берілместігін  сақтап қалу т.с.с. Бірақ бұлардың бәрі де кәсіп таңдаған тәрбиеші-педагогтің балаға деген қамқорлығы мен оны  азаматтық кемеліне жеткізуге байланысты ықлас-ынтасына күш-қуат бере алмайды. Жоғары сезімнен шыққан ізгі ниет тәрбиешінің  кәсіби ісінің сипатына үлкен ықпал  жасайды; осыдан мұғалім-педагог қарадүрсін әрекетке бармауға тырысады, баланы көптің бірі деп қарамай, онымен жеке тәрбие жұмысын өткізуге ұмтылады. Балаға деген қамқорлық мұғалімді әлеуметтік аласапыран кезеңдегі келді-кетті, жалған қоғамдық құндылықтарды бала тәрбиесіне қосудан сақтайды.

Сонымен, педагогтің адами-имандылық  бағыт-бағдары оның ұстанған мақсат, мотивтеріне ерекше сипат береді де, бір-бірімен іргелес жасап, педагог  қызметінде өзара байланысты болады.

Ал, осы педагогтің мақсаты  балаға белгілі ме? Мектепке аяқ  басқанда ертең ұлағатты азамат болып  шығатынын ол сезіне ме?

Әлбетте, оның төңірегіндегілердің  бәрінің де әңгімесі баланың келешекте  адам болуы жөнінде. Ал, оның өзі  оқу, сызу, жазу, сурет салу тағы басқалармен  әуре, өзінің тәрбиеленіп жатқанымен тіпті ісі жоқ, ол педагогті өзінің жақсы досы, кеңесшісі, қайырымды  ұстаз-мұғалім деп таниды. Педагог  болса жасырын педагогикалық ''тақта'' ол мақсат белгілеп, оны балаға жария  етпестен, іске асырудың жолында болады.

Бала бақытына деген жанпидалықтан  туындайтын мотив ''жасырын'' педагог  бағытының жүзіне келуіне себін  тигізеді; баланың тәрбиеленуі емес, жасауы қажет, бала өмір ләззатына дайындалуға  тиіс емес, ол ләззатқа бөленіп өсуі керек; бақытты болу үшін бала педагогикалық  басшылықты танып баруға тиіс емес, өмірдің әрбір қасқағым сәтін  жоспарлаған дамудың элементтеріндей  қабылдамай, өз өмірінің болмысы деп  білгені жөн. Есейе келе әр бала тәрбие мақсатын өзіндік тәрбие мен өзіндік  дамудың мақсаты сипатында қабылдап, педагогтан тәрбие эстафетасын қолына алып, тәрбие субъектісіне айналуы  қажет. Осыдан, педагог рөлі жаңа кейіпке  енеді.

Балаға деген қамқорлық  қазіргі заманның өте күрделі  аймағында өз орнын иелеп, педагогтің өз кәсіптік деңгейін көтеруіне, өз педагогикалық  шеберлігіне жаңа әдістеме-лерді  қосуына, мамандық белсенділігі мен  рухының ұзақ жасауына күш-қуат береді.

Педагогикалық қызметтің  имандылық мотивациясы балалармен ұйымдастырылатын іс-әрекеттің қажет  септігіне негіз болады. Педагог  өзінің кәсіптік міндеттерін орындай  отырып, балалардың дене және рухани дамуына  байланысты әрқандай жұмыстарды атқарып  барады. Бірақ бұл жұмыстар баланың  саналы кемелденуіне бағытталып, механикалық  жаттықтырудан (дрессировка) аулақ  болғаны әбден қажет.

1.4 Педагогика  тарихындағы ой-тұжырымдардағы тәрбие  мақсатының мәселесі.

Тәрбие мақсаты төңірегіндегі  пікір-талас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің  мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды  тәрбиелеу деп түсінді. Ал, "рақым" туралы пікірде олардың ойлары бір  жерден шықпады. Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты- заттардың табиғатын  зерттеу емес, өз-өзінді тану, аса  қүлыктылықты жетілдіру. Сократтың  шәкірті Платон ақыл-ой, ерік және сезімді  тәрбиелеуге көп ықылас білдірді.  Ол тәрбиені өкіметтің өзі ұйымдастыру  керек, үстемдік етуші топтар — философтар мен жауынгерлердің талап-тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінді. Платонның шәкірті Аристотель, тәрбиенің  мақсаты жан рақымы - ақыл-ес пен  ерік-жігерді дамыту деп білді.

Информация о работе Тәрбиенің мақсатын жүзеге асыру жолдары