Тәрбиенің мақсатын жүзеге асыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 08:51, курсовая работа

Краткое описание

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.

Вложенные файлы: 1 файл

Негізгі бөлім.docx

— 65.00 Кб (Скачать файл)

Я.А. Коменский тәрбиенің  күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзінді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі  мақсаты (азаматты қалыптастыру).

-"өз істерін ақылмен  және байыппен жүргізетін адам". Ж.Ж. Руссо қоғамдық құндылықтарды  қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының  бағыт-ұстанымынан айныған емес.

Пестолоццидың тәрбие мақсаты, адамның табиғи күш-қуаты мен  қабілеттілігін дамытуға негізделуді, сонымен қатар, бұл даму жан-жақты  және үйлесімді болуының биігінен көрінуі  кажеттілігіне тоқгалса, ал И. Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптастыруға, қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген  тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар деген түйінге келеді. Тәрбиенің ең жоғарғы мақсатын А.Дистерверг "ақиқат, сұлулық және мейірімділікке өз ынтасымен қызмет" ету деп  анықтаған.

Ерте заманнан бері тәрбие мақсаты жайлы пікір жалғасып келеді. К.Д. Ушинский жазғандай: "Егер сізге айтса, тәрбие мақсатымен адамды бақытты етуге болады деп, онда сіздің дауласуға әбден қақыңыз бар, ал тәрбиеші "бақыт" дегенде нені түсінеді; өйткені, бәрімізге белгілі, өлемде бақытқа үмтьшмайтын пенде  жоқ: біреуге бақыт болып көрінетін  жағдай, ал ол басқа адамға жай бір  оқиға сияқты көрінеді, кейбіреуі  тіпті бақытсыздық" .- деп те түсінеді.

Осыған орай сұрақ туады, балаға әрқашан бақытты болу пайдалы  ма, бұл әлеуметтік мәселелерді шешуде дәрменсіздікке, қайратсыздыққа әкелмей  ме? Сөз тек осы күнгі тәрбие мәселесі жөнінде емес: педагогтар жастардың бүгіні мен болашағын  ескере отырып, өмірдің күрделі де қиын мәселесін шешуге дайындауға ынталану деп ұққан жөн.

Көп уақытқа дейін тәрбие мақсаты идеалды адам мұратына, жан-жақты  үйлесімді дамыған, рухани байлығы  мол, моральдық қылықтары таза және дене күші дамыған тұлға ретінде  түсінді. Әрине, бұл позиция-тәрбиенің  негізгі мақсаты. Бірақ, тәрбиенің  мақсаты біржақты қарастырылып, күнделікті тәжірибеде тәрбие жұмыстарының нәтижелері алға қойған мақсаттан біршама ерекшеленуіне  әкеп соғады

 

 

  1. Тәрбие процесі ұғымының анықтамасы 

Тәрбие процесі (ТП) –  бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпалы мен тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеуін  кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі.

Тәрбие процесі – бұл  өзара байланыстағы ұдайы дамып  отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы  нәтижелер есебінен құралады. Бұл  түсінік бойынша тәрбие процесі  өзіндік даму жүйесі ретінде қарастырылады  және оның бірлігі болып дамушы тәрбиелеу  жағдайында есептеледі. Мұнда тәрбиеленушілер, тәрбие іс - әрекеті, тәрбиеші, оның тәэрбиеленушілерімен өзара әрекеті ғана дамып қоймай, келешек күрделі жүйе қалыптастыратын  біртұтас объектіні дамытады.

Тәрбие процесі  көпқырлылық, иерархиялық, статистикалық, өзін - өзі  басқару сияқты қасиеттермен сипатталады.

Тәрбие процесі – де мазмұндық және процессуалдық жақтары  анықталады. Бұлардың бірлігі тек  тәрбие іске асатын нақты жағдайлар  төңірегінен шығуға мүмкіндік беретін  жоғары дәрежедегі абстракциялау арқылы жасалады. Оқу пәні мұғалімнің, сынып  жетекшісінің, ұжымның тәрбиелік  іс-әрекеті – бұлар бәрі тәрбие процесі болып табылады. Бұлардың арғы жағындагы тұтастықты көру үшін педагогикалық абстракциялау қажет. Абстракциялаудың жеткілікті дәрежесі – тәрбиелеу теориясының аса  маңызды әдіснамалық проблемасы. Өйткені, төмен дәрежедегі абстракциялауда  тәрбие процесі тексеріле алмайды, ал өте жоғары болса, шындықтан алшақтау қаупі туады.

    1. Тәрбие процесінің мәні және заңдылықтары

Тәрбиенің мақсатқа бағытталған  ықпалын қиындататын жағдайлар  мыналар: түрлі әсердің бала табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән  белгілі бір жинақталған көзқарасы  мен ынта-ықыласы, әдеті мен талғамдарының  болуы. Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы бір  педагогикалық ықпал нәтижесінің  әр түрлілігінен, баланың қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан  келіп туады.

Тәрбие диалектикасы дегеніміздің өзі сыртқының ішкі жағдайдың  игілігіне айналатын адам санасының  шеңберіне өткізілуі. Келешекте  іс-әрекет нәтижесінде көрінетін  құбылыс. Адамның қоғамдық мәні дамудың  қай жағдайда жүруіне байланысты қалыптасады. Дегенмен, адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында, оның осы  жағдайлардағы нақты орны, қатынасы және сол жағдайлардағы іс-әрекетінің сипаты маңызды роль ойнайды. Бұл  дамудың әлеуметтік жағдайы деп  аталып кеткен. Тәрбие процесінде адамның  қоғамдық мәнін қалыптастырудың  қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама-кайшылықтар тән. Олар сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар болуы  мүмкін.

Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері  болады.  Ең алдымен, оның тәрбие мақсатына бағытталған ықпалы көптеген жағдайларға байланысты қиындай  түсетін өте күрделі диалектикалық  сипатынын болуы.

Тарбиенің мақсатқа бағытталғани ықпалын киындататын жағдайлар  мыналар: түрлі әсердің бала (мектеп, үйелмен, көше, ресми емес топтар т. с. с) табиғатына үйлеспеуі, әр баланың  өзіне тән белгілі бір жинақталған  көзқарасы мен ынта-ықыласы, әдеті  мен талғамдарының болуы. Сондықтан  оқушының  ішкі рухани жан дүниесін  ашудың   қиындығы (оқушылар өздері тап болған жағдайдын себептерін, әрине, біле бермейді) бір педагогикалық  ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен, баланың  қоғамдық мәнінен, өзіне  тән әрекеті сипатынан келіп  туады.

Тәрбие диалектикасы дегеніміздің өзі сыртқынын (объективті) ішкі жағдайдын  (субъективті) игілігіне айналатын  адам санасының шенберіне өткізілуі. Келешекте іс-әрекет нәтижесінде  көрінетін  құбылыс. Адамның қоғамдық мәні дамудың  қай жағдайда жүруіне  байланысты қалыптасады. Дегенмен, адамның  коғамдық мәнінің қалыптасуында, оның  осы жағдайлардағы нақты орны, қатынасы және ол жағдайлардағы іс-әрекетінің сипаты маңызды роль ойнайды. Бұл  дамудың  әлеуметтік жағдайы деп  аталып кеткен. Тәрбие процесінде адамның  қоғамдык мәнін қалыптастырудын  қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама-қайшылықтар тән. Олар сыртқы және ішкі қарама- қайшылықтар болуы  мүмкін.

Сыртқы қарама-қайшылыктар  коғамда объективті белгіленген  ережелер мен баланы қоршаған адамдардың тәртібі арасындағы үйлеспеуден  көрінеді. Көп жағдайда оқушы өз құрда-тары мен ересектердіқ қоғамдық ережелерге қайшы келетін қылықтарынын куәсі болады. Сыртқы қарама-қайшылыққа оқушының, өзіне қойылатын талап пен нақты тәртібінің арақатынасы да жатады. Мысалы, үзіліс кезінде мектеп ішінде жүгірме деген талап қойылғанымен, бастауыш сынып оқушысы бұл талапты орындауға әлі дайын емес. Ішкі қарама-қайшылықтарға оқушының талабы мен оны орындауға мүмкіндігінің  арақатынасы жатады. Адамның  қоғамдық мәнінің дамуындағы негізгі көздерінің бірі қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру тәсілдері арасындағы қарама-қайшылық болып табылады. Қарама-қайшылықтың әртүрлі сатыларынан өтіп адамның қоғамдық мәні өз дамуында жаңа басқышқа көтеріледі, яғни жана сапаларға, күрделірек міндеттерді шешу дайындығына ие болады. Іс-әрекет  пен тәртіптің  жетілген тәсілдерін  меңгереді.

Тәрбие процесі адамның  қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды  сапаларын қалыптастыруға, оның коғамға, адамдарға, өзді-өзініқ қатынастарын жасауға  және олардың  шенберін кеңейтуге  бағытталады. Адамның  қоғамдық, мәнінің, өмірдің түрлі жақтарына қатынасының  жүйесі неғұрлым аумақты, кең болған сайын, оның  рухани жан-дүниесі соғұрлым жазиралы, бай болады. Тәрбиенің  мәні—адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен практикалық  қатынастарының  жүйесін құру. Өзінің  табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық  міндетердің  төмендегідей  бірқатар  мәселелерін шешуді камтиды:

1. Педагогикалық жағдайлардың  тәрбиелік әсерлердің нәтижесін  талдау, жоспарлау жұмысын реттеу. Сөйтіп, оқушылар  тәрбиелілігінің  деңгей анықтауды,   оның қоғамдық  мәні мен  ұжымның дамуын  белгілеуді,   нақты  педагогикалық   міндетті  бөлуді және қалыптастыруды, оны  шешудің  жолдарын анықтауды,  тәрбиенін құралдары мен  әдістерін   таңдай білуді т, б.  қажет  етеді.

2. Тәрбие процесінің жобасын  құру және жүзеге асыру. Бұл

өзінің мазмұны  жағынан  педагогикалық іс-әрекетті  пайдалы

бөліктерге және ыкпалдарға бөлудің, окушылардьщ іс-әрекетіне  педагогикалық басшылық етудің оқушылар ұжымдары мен шағын топтардың, жеке  оқушымен  дқрыс  қарым-қатынастарды

бекітудің, оқушылар тәртібінін әлеуметтік-психологиялық шарттары мен себептерін аңғара білудің оқушыларға жеке тұрғыда  қатынас жасау бірлігінін болуын талап етеді.

3. Тәрбиелік ықпалдарды  реттеу және оларға түзетулер  енгізу. Бұл мазмұны жағынан педагогикалық  міндеттерге енгізілген түзетулерді  орынды жүзеге асыруды, сыртқы  ықпалдардық  қалыпты жағдайға  өтуін немесе  қабылданбауын  қамтамасыз  етеді, қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін қажетті материалды таңдап алуды, ұжым мен адамдар арасындағы қарым-

қатынасты реттеуді, бағыттауды,   дамытуды,   пайда   болатын

жеке шиеленістерді жоюды, оқушылар арасындағы достық пен  жолдастық  қатынастарды нығайтуды, педагогикалық  жағдайға  байланысты талап логикасын  түрлендіруді, өзгерген жағдайларда  тәрбиелік ықпал жасаудың бағытын  дұрыс анықтауды және  тәсілдерді қайта күруды т. б. талап етеді.

4. Қортынды есепке алу  және бақылау.  Мұның  мазмұны

әдепкі берілгендермен салыстырып, кол жеткен  нәтижені талдау, қолданылған  тәрбие әдістерінің тиімділік шенберін  анықтау, балалардың дамуындағы және тәртібіндегі ойластырылмаған, қажетсіз құбылыстардың  туу себептерін белгілеу, орынды  құралдарды, әдістерді, тәсілдерді  жинақтау, өз  тәжірибесіне  'енгізу мақсатында басқа   мұғалімдердің   іс-әрекетін   зерттеу,  педагогикалық  теория мен тәжірибені сәйкестендіре  білу деген  сөз.

Тәрбие-бұл педагогикалық  құбылыс. Олай болса педагогикалық  құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін  қарайық. Бұл  жерде кейбір зандылықтарды атауға болады.

 

 

2.2. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылылығы.

Тәрбиенің  алдына қоғам  болашағына берік сенімі бар азаматтарды  қалыптастыру міндеті қойылады. Мектептің  бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық  өмірі  осыған қызмет етуі керек. Кез-келген тәрбие жұмысының  құндылығы оқушылар ұжымының идеялық өмірін байытумен,  оқушылар санасын ғылыми білімінін дұрыстығына  берік сендірумен, қоғамдық саяси  белсенділігін, жоғары моральдык және  азаматтық сапаларын қалыптастырудағы ықпалымен бағаланады. Әрбір тәрбие жұмысына дайындалу үшін ен алдымен  олардың  мақсаттары мен міндеттерін  нақты ойластырып, анықтаған жөн. Мақсатсыз тәрбие жақсы нәтиже бермейді. Өйткені  тәрбие әдістері олардың  мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымының ерекшеліктерін еске алып, мұғалім тәрбие жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп  алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру  мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінін  үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі  әсер етеді.

Тәрбненің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрылысының практикасымеы  байланыс принципі. Бұл принциптің мәні коғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын, өмір шындығының моралі және әсемділікке көзқарасын тәрбие ісінде қолдану болып табылады. Осы принципті жүзеге асыру оқушыларды өмірге, еңбекке, мамандықты саналы таңдауға толық дайындаудық шынайы алғышартын жасайды. Кейде тәрбиенің өмірмен байланысы тек оқушылардың тәрбие жұмысындағы өнімді енбегімен байланысын жүзеге асыру деп қараушылар да бар. Бұл жеткіліксіз пікір, себебі қоғамдық өмір ұғымы өндірістік еңбек ұғымына қарағанда кеңірек және мазмұндырақ. Оқушыларды еңбектік іс-әрекеттің түрлеріне қатынастырып, ол әрекеттің қоғамнық түпкі мүддесі үшін, материалдық  және рухани игіліктерді байыту үшін  күресетін құрамды бөлігі екенін  қабылдайтындай жағдайға келтіруіміз керек.

 Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу. Бұл тәрбие жұмысының  жетекші принциптерінің бірі. Педагогика ғылымы балалар мен жас өспірімдердін топтық және ұжымдык. өмірін, олардын, тұлғасының рухани байлығынын, әлеуметтік белсенділік пен жауапкершілік сезімі қалыптасуынын міндетті шарты деп қарайды. А. С. Макаренко ұжымды адамның біртұтас түрлі сапалары жаттығып, қалыптасатын гимнастика залы, сондықтан тәрбие жүйесі «ұжым болып» ұйымдастырылған педагогикалық іс-әрекет процесін басқаларынан жоғары қояды—деп көрсетті. Бірлескен іс-әрекетте, орынды ұйымдастырылған ұжымдық қозғалыста ғана өзара тәуелді, өзара жауапкерлікті қатынастар туындайды, баланың тәжірибе және ұжымдық өмір дағдыларын жинау процесі жүреді, оның қоғамдық мәнінін ұжымшылдық  сапалары  қалыптасады.

Тәрбиеленушінің тұлғасына  қойылатын талаптар мен көрсетілетін құрметтің бірлігі. А. С. Макаренко  кезінде  «Егер біреу-міреу педагогикалық  тәжірибенің мәнін  қысқаша ғана  формуламен қалай анықтар едіңіз деп сұрай қалса, мен оған адамға мүмкіндігінше үлкен талап кою  және құрмет көрсету деп жауап  берер едім», — деген екен. Мұғалім  осы принципті басшылыққа  алып, оқушы күш-қуатына ерік беретін, орынды әрекеттеріне және қылықтарына  тербеліс туғызатын, өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне жауапкерлігін  ұғындыратын өзіндік өрнегі (стилі) мен сарыны (тоны) бар қатынастарды тандап алады. Егер талап ету ізденумен, қате түсінікпен, уақ-түйекпеи байланыссыз  болса, онда ол адамға деген  құрметтің  ең жоғары өлшемі болып табылады. А. С. Макаренконың айтуына қарағанда, белгілі бір шамада қателесу бола тұрса да, адамға үміт болжамы тұрмысынан қарау керек.Оқушы бойындағы орынды — рухани нәрсені жобалай біліп, оған сүйеніп, оның сеніміне иек артуымен қатар, мұғалім оқушының өз тәжірибесін  дамытумен айналысуға дайындығын іске қоса білуі керек.

Информация о работе Тәрбиенің мақсатын жүзеге асыру жолдары