Тәрбиенің мақсатын жүзеге асыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 08:51, курсовая работа

Краткое описание

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.

Вложенные файлы: 1 файл

Негізгі бөлім.docx

— 65.00 Кб (Скачать файл)

Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, беріктігі және үздіксіздігі. Бұл принципті ұстау әрбір  бөліктері мен элементтері түгел  бір тұтастықты құрайтын  педагогикалык  жүйенің болуын талап етеді. Тәрбие  саласында  жүргізілетін түрлі  тәрбиелік  шаралар бір-бірімен сабақтас болуы  тиіс. Жаңадан  өткізілетін тәрбие жұмысының мазмұны   өткізілген   тәрбиелік  шаралардың  логикалық жалғасы болуы қажет. Демек, өткізілген тәрбие жұмысының мазмұны онан әрі қарай да дамып, тиісті сатыға көтеріледі. Сонда ғана  аталған принциптер  жүзеге  асады. Педагогикалық ықпалдардың жүйесіздігі, кездейсоқтығы, бейтараптығы, келісімсіздігі, ретсіздігі  тәрбие  мақсатына үзілді-кесілді қарама-қайшы келеді. Тәрбие үшін оқушыға қойылатын талаптардық ала-құлалығынан бетер зиянды нәрсе жоқ. Мәселен, мектеп пен үйелменнің, сынып ұжымы мен жұмыс істейтін мұғалімдердің оқушыларға қоятын талаптарының үйлеспей- ала-құла болуы. Тәрбие көп адамдар қатынасатый  ұзақ  іс-әрекеті. Сондықтан  олардың жұмыстарында  тізбектестік  пен үласымдылықтың сақталуы, оқушылардың тәрбиелік дәрежесінің  дер кезінде анықталып отыруы  аса маңызды  мәселе.

Тәрбие жұмысының барлығы  білім  мен сенімнін, сөз бен  істің  үздіксіздігі негізінде құрылуы  қажет.

2.3. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Тәрбие іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші ролі..

Оқушы тұлғасының дамуы мен  қалыптасуына белсенділіктің ролі зор. Іс-әрекет барысында белсенділіктің бірнеше түрлерін  байқауға болады. Олар: қарым-қатынас белсенділігі, таным  белсенділігі және өзін-өзі   тәрбиелеу  белсенділігі.

Қарым-катынас белсенділігі арқылы бала жолдастарымен, кейбір адамдармен қарым-қатынас жасайды, өзіне дос  іздестіреді, тілектес дос табуға тырысады. Қарым-қатынас белсенділігінің нәтижесінде  тұлғаның, бойында мінез-құлық қасиеттері (қамқорлык, қайырымдылық, ілтипаттылық, жауапкершілік сезімі т. б.) қалыптасады.

Тұлғаның даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі сапа жағынан ішкі факторға айналады. Оқушы үлгі аларлық  сөздермен, ережелермен  толтырылған сауыт емес, ол шырак,  оны өзін-өзі тәрбиелеудің аса  мейірімділік ынтықтығымен тұтандыру  керек. Демек, жеткіншектер тек айналадағы дүниені  танып қкана қоймай, олар өзіне және өзінің ішкі дүниесіне  үңіле  қарай білулері қажет, яғни оқушы бір жағынан тәрбие объектісі, ал екінші жағынан тәрбие субъектісі болады.

Тәрбие, окьггу және білім  беру іс-әрекетіне байланысты іс-әрекетінің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оку еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық саяси іс-әрекеттері т. б. жатады. Осы  іс-әрекеттердің нәтижесінде баланын  ақыл-ойы, дүниеге көз-қарасы дамиды, мінез-құлық және эстетикалық қасиеттері қалыптасады еңбек етуде жауапкершілік  сезімі артады.

Іс-әрекетінің барысында  қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-қатынас  бұл адамдардың өзара әрекеттесіп, әр түрлі коммуникациялық құралдардың  көмегімеи бір-бірімен пікір алысуы. Қарым-қатынас әлеуметтік өмір күбылысы, ол хабарламалық нормативтік және таным процесі ретінде сипатталады. Қарым-қатынас оқушыларды мінез-құлқы, іс-әрекеттері, білім, әдебиет, өнер, қоршаған орта туралы, мол хабарламалармен байытып, ой-өрісін дамытады.

Қарым-қатынасты нормативтік  процесс тұрғысынан қарастырсақ  оқушылардың қарым-қатынасы белгілі  нормалар жинағымен  реттеледі. Ол нормаларды қоғам реттейді. Қоғамдық нормалардың  көзі-идеология, қоғамиың әлеуметтік-саяси  және экономикалық практикасы.

Қарым-қатынас — таным  процесі. Таным және карым-қатынас  өзара байланысты, мұны оқушылардың  іс-әрекетінен көруге болады.

 

2.4. Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу.

Қалыптасып келе жатқан оқушы  тұлғасы тәрбие субъектісіне айналады. Ол педагогикалық талаптарды орынды белсенді қабылдайды және өзінік сапалық  қасиеттерін өзі жетілдіруге  тырысады. Өзініқ тұлғалық сапарларын өзі жетілдіру және кемшіліктерін  жою мақсатындағы оқушының іс-әрекеті  өзін-өзі  тәрбиелеу деп аталады. Бұл өзгерістер қоршаған ортамен  шын өзара қатынас барысында  жүреді.

Өзін-өзі тәрбиелеу оқушы  тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу мен  дамытуға ықпал етеді. Мысалы, оқушы  дамуы мен қалыптасуына байланысты өзінің тәртібі және мінез-құлқындағы кемшіліктерімен іс-әрекетіндегі сәтсіздіктеріне  сын көзбен қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіреді.

Тұлғаның сапалық қасиеттерінің  қалыптасуының шын деңгейін есепке алмай жалпылама жүргізілген  тәрбие жұмысының  салалары тәрбие міндеттерін шешуде кемшіліктер  жібереді. Өзін-өзі тәрбиелеу осы  кемшіліктердін. орынын толтырады.

Педагогикалық талаптарды мойындауға мәжбүр болған оқушы тек сырт көзге  ғана тәртібін жөндеген түр білдіреді  де, өзінін, теріс қасиеттерін жасыра түседі.

Оқушылардың, өзін-өзі тәрбиелеуін  басқаруда олардың жас ерекшеліктерін есепке алу керек. Өзін-өзі тәрбиелеу  нышандары тіпті кіші мектеп жасындағы  оқушылар бойынан байқалады. Мысалы, бастауыш сыныпта оқушылар күшті  батыл болғысы келеді, немесе теріс  қылықтарына кешірім сұрап жақсы  боламын дейді.  Бұл олардың  өзін-өзгертуге, жақсы болуға, түзелуге деген алғашқы ынтасы.

Жас өспірімдік шақтағы бала өз бетіндікке ұмтылуын байқатады, ел тәрбиенің пәрменсіз объектісі  болғысы келмейді, өз мінез-құлқын өзі  анықтайтындай әрекет иесі, тәрбиенің  субъектісі болуға ұмтылады. Егер тәрбиешілер  осыны еске алмай, оның  құқығын  шектесе, оқушының педагогикалық талаптарға қарсылығын тудырады.

Қыздар мен бозбалалар өзін-өзі тәрбиелеуге саналы түрде  ұмтылады. Тәртібі мен мінез құлқының пісіп жетілу, шағында берік сеніммен адамгершілік мұраттары қалыптасқан  болады.

Дүниетанымның қалыптасуы, өз абыройын және кемшіліктерін ұғыну  өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын  мазмұнды, жан-жақты, шындыққа жуық құруға мүмкіндік береді. Жастар өз еркін  тәрбкелеуге ерекше зейін аударады. Бұған өзінік өзбетіндігін табиғи ұмтылысы ықпал етеді. Қыздар  мен  бозбалалар  білім  мен күш куаты өздерін  ересектермен теңбіз деп есептеуге  алып келеді. Олар барлық нәрсені жоғары сөзіммен қабылдап, сәл нәрсені өз дербестігіне құрметсіздік деп карайды. Жоғары  сынып оқушыларына өз білімдерін байыту,  өздерінің  ақыл-ой   қабілеттерін дамыту ұмтылысы да тән. Қыздар мен бозбалалар  мораль мәселелеріне ынтамен қызығады, мінез құлық  мұраттарына ұмтылып, өз тұлғаларының  рухани сапаларын дамытады.

Оқушылардың өздерін  өздері тәрбнелеуін ұйымдастыру  мақсатында мұғалім ен алдымен төмендегідей өзара байланысты міндеттерді жүзеге асыруы керек: оқушылардын, өзін-өзі  тәрбиелеуге ұмтылуын жандандыру; өзіне-өзі  ықпал ету құралдарын (өзін-өзі  талдау, өзіндік міндеттеме, өзіндік  бүйру, өзіндік  есеп беру және т. б.) меңгеруге көмек беру; өзін-өзі  тәрбиелеудегі қоғамдық  құнды  іс-әрекеттерді тудырып отыру.

Оқушылардың өзін-әзі тәрбиелеуге  үмтылуын қалыптасты-ру үшін оларды адамдар  еміріндегі өзін-өзі тәрбиелеудіц моні, өзініқ тұлғалық сапаларын дамытудағы ез жігерінін. ролі жө-нінде хабардар етіп отыру қажет. Окушылар, әсіресе  жасөспі-рімдер өзін-өзі тәрбиелеу  тәжірибесі, өз тұлғасында саиалык, қасиеттерді  қалыптастыру жолдары мен тәсілдері  туралы ха-барларды қызыға қабылдайды. Осылардыц арқасында емірдіц  күрделі міндеттерін іскерлікпен, мақсатты, сырттан басқару-сыз, дүрыс  шешу білігіне ие болады, өзбетіндігін өзіндік ка-жырлы еңбегімен ғана жетуге болатыныи ұғынады.

Өзін-өзі тәрбиелеудін, тұлғаға  бағытталған ережелері болуы  керек. Әрине, өзін-өзі тәрбиелеудін өзіндік ережелерінің  болуы тұлғаның рухани жан дүниесінің деңгеймен  анықталады. Біз тек дарынды педагог  Қ. Д. Ушинскийдің өзін-өзі тәрбиелеу  ережесімен танысайық.

1.      Асқан  сабырлық, ең  болмағанда сырт  көзге.

2.      Сөзде  және қылықтардағы турашылық.

3.      Әрекетті  жан-жақты ойластыру.

4.      Батылдылык.

5.      Өзі жөнінде  қажетсіз бір сөз айтпау.

6.      Санасыз  уақыт өткізбеу, ретсіз емес көңіліндегі

іспен айналысу.

7.      Әуескойлык, кұмарлыққа емес қажеттікке немесе  сүйсініске шығындану.

8.      Әр кеште  өз қылықтары жөнінде өзіне  есеп  беру.

9.      Болғанды, бүгінгі, болатынды айтып еш  мақтанбау.

Бұл ережелердің  ар жолына түрлі мағына беріп байыта беруге  болады.

Өзін-өзі тәрбиелеудің міндеттемесі оқушыны өз тұлғалық сапаларын өзі  талдауын мәжбүр етеді. Бұған итермелейтін аға ұрпақтың өнегелі өмірі, іс-әрекеті, қарым-қатынасы болады. Мұғалім оқушыға  өзінің  орынды немесе орынсыз сапалары мен кемшіліктерін түсінуге көмектесуі міндетті, яғни өзінің кім екенін өзі  ұғынуға көмек беруі қажет. Бұған  мұғалімнің  оқушының жүріс-тұрыс  тәртібі мен мінез-құлық кылықтарына  баға беруі, оны басқалармен салыстыруы әсер етеді. Мұғалім тұлғалық сапалар  мен қылықтардың арасындағы байланыстың  сырын оқушыға ашып береді.

Өз тұлғасын ұғынудың өзі  кейде оқушыны өзін-өзі тәрбиелеуге  жетелей бермейді. Өз кемшіліктерінің  немкұрайды пайымдаушысы болып қала береді. Оларды түзетуге тырыспайды. Бұл  жағдайда түсіндіру ұжым тарапынан  сыиау арқылы, өз кемшіліктерін түсініп  күйзеліске келтіру арқылы сезіміне қозғау салу қажет.

Өзіндік міндеттеменің орындалуына, өз кемшіліктерін түзетуге оқушының, бүкіл еркін жұмылдыруға өзіндік  бұйыру көмектеседі. Оқушыларға сөз  турінде берілген: «қажет», «жетеді», «орындау керек», «шыдау керек», «алға  бас», «тұр», өзіме бұйырамын» және басқа да өзіндік бұйыру еркін  жұмылдыруға және киындықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Өзіндік бүйырумен  орынды қылықтарды орындаудың сапалы жаттығулары өзін-өзі тыңдаудың  берік дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Өзіндік бұйырумен таңертең белгілі  уақытта тұруға, күнделікті жұмыс  ырғағын орындауға, тәртіп  сақтауға және т. б. орындауға болады.

Өзін-өзі тәрбиелеуде  алдын-ала дайындық негізінде іс-әрекеті, қарым-қатынасы жөнінде ұжымда өзіндік  есеп беру де қолданылады.

Оқушылардың өзін-өзі тәрбиеленуіне  педагогикалык басшылық оралымды, икемді болу керек және олардың өзін-өзі  тәрбиелеу құралдарын меңгеру барысындағы  түрі өзгеріп отыруы керек. Алғашкы  кезде мұғалімдер арнайы ұйымдастырылған  іс-шараларына, өзін-өзі тәрбиелеудің ұйымдастырылған ұжымдық іс-әрекеттерге  сүйенеді. Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеудің құралдарын меңгере түсу барысында  бұл шаралар бәсеңси туседі. Әрине  бұл оқушыларды бетімен коя беру емес. Онан әрі де ұжымда бірлескен  іс-әрекет, қоғамдық пікір ықпалы, бетпе-бет  пікірлесу аркылы кемектесіп отырған  жөн.

Дегенмен, тәжірибеде оқушы  тәртібінде жоне мінез-кұлкын-да ауытқулар  кездесіп отырады. Сондықтан тәрбиелеу  жүмы-сында кайта тәрбиелеу де орын алады. Қайта тәрбиелеу оқушы  жүріс-тұрысындағы ауытқулардық алдын  алуға жане жеауге бағытталады. Кайта  тәрбиелеу-түлға кұрылымын түгел  кайта күру, адамнын барлық психологнялық  сапаларын қайта жасау. Түзету деген  ұғым да бар. Оны оқушы санасындағы  және жүріс-тұрысындағы жеке кемшіліктерді  жену деп түсінуіміз керек.

Қайта тәрбиелеу — бұл  тәрбиелік ыкпалдар жүйесі, онын барысында  құлықтық даму мен жүріс-тұрысындағы  ауыткулар түзетіледі және қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға  сапалары қалыптасады.

Қайта торбиелеу тұлғаның сапасының, мотивтері мен қа-жеттіктерінін, сезімдері мен еркінің, түйсіктерінің, іс-әрекеті мен мінез-қүлкының әлеуметтік-психологиялық  және психологиялық-педагогикалық  өзгеру процесі болып табылады.

Қайта тәрбилеу — бұл  қиын балалардың орынды сапаларын қалпына  келтіру.

Қайта тәрбиелеу—бұл педагогикалық  тұрғыда қараусыз қалған балалардын жүріс-тұрысындағы кемшіліктердің орнын еңбектегі, спорттағы және басқа іс-әрекеттегі нәтижелермен толтыру.

Қайта тәрбиелеу — бұл  ынталандыру—жасөспірімнің орынды сапаларын жасайтын іс-әрекеттерді  жандандыру.

Қайта тәрбиелеу — бұл  түзету, яғни балалардың теріс саналарының  шырмауынан босату.

Жеткіншектер мен жасөспірімдердің педагогикалық осер-лерге қатынасы, тәртіппенмінез-кұлықережелеріменжүйелерін қайта құру және қалыптастыру бірқатар ішкі, психологнялық факторларға  тәуелді болады. Оларға: тәртіп пен  мінез-құлық принцицтерін, жүріс-тұрыс  ережелерін, моральдық құқық және борыштарын түсінуі, тұлғалық адамгершілікті санасы, іс-әрекетке қатысы, тұлға бағытталығы, психологиялық күйі, еріктік-сезімталдық  көніл-күйі, жоғарғы нерв жүйесінің  типі т. с. с.

Қайта тәрбиелеу барысындағы  тұлғаның адамгершілікті дамуы бірқатар кезеңдерден өтеді: дайындық қайта  тәрбиелеудің мақсатын қалыптастыру, тәртіп пен мінез-кұлықтың орынды тәжірибесін  қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуді  басқару, тұлғаның онан әрі дамуына  бақылау.

Қайта тәрбиелеуде қайта  ұғындыру, қайта оқыту, басқа  іс-әрекетке жегу, күрт өзгерту, еріксіз "көндіру  сияқты әдістер  қолданылады.

Қайта ұғындыру — бұл  тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық  тұрғыда қараусыз қалған оқушылар бойындағы  дұрыс емес сенімдерді кайта құру әдісі.

Қайта оқыту — бұл теріс  қажеттіктермен дағдыларды түзету әдісі.      Басқа іс-әрекетке жегу—бұл тәртібімен мінез-кұлқының

Информация о работе Тәрбиенің мақсатын жүзеге асыру жолдары