Тәрбие теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 15:26, реферат

Краткое описание

Жасөспірімдердің білімі қалыпты болса да тәрбиесі жеткіліксіз болуының қоғамға тигізер кесірі мол. Қоғам өркендеп, заман көркейгенмен жаны азған, тілден, діннен безген, арбау мен алдау, кісі өлтіру мен ұрлық, әділетсіздік пен қайырымсыздық сияқты келеңсіз жағдайлардың кездесуі - ата-ана, мектеп, жұртшылық тарапынан тәрбиенің кеміс түсіп жатқанының айғағы. Сондықтан қазіргі таңда мектептің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі - білім берумен қатар тәрбие жүйесін жетілдіру.

Содержание

Кіріспе
3
1. Тәрбие әлеуметтік құбылыс
4
2. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері
4
3. Тәрбиенің мақсат-міндеттері
6
4. Тәрбие процесінің мәні
7
5. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері
7
6. Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу
10
Қорытынды
13
Пайдаланылған әдебиет
14

Вложенные файлы: 1 файл

реферат каз яз.doc

— 126.00 Кб (Скачать файл)

 

6. Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу

 

Өзін-өзі тәрбиелеуді  көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен  күресуден бастайды. Біреуі - бойындағы берекесіздіктен, екіншісі - дөрекіліктен, үшіншілері - тұйықтықтан, ұялшақтықтан арылғысы келеді. 
Мақсат қою, күш-жігер жұмсау, өзін-өзі бақылау мен өз ісіне талдау жасап отыру - өзін-өзі тәрбиелеудің міндетті элементтері. 
Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын қалай жасауды жақсы елестете алмайтындықтан, оларға жиі-жиі көмек көрсетуге тура келеді. Олар өзінің ойлау ерекшелігі мен мінез-құлңына талдау жасауға қиналады. Тәрбиешілер оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіретін арнаулы әңгімелер немесе пікіртапастар өткізеді. 

Өзін-өзі тәрбиелеу  әдістері: 
• Жеке міндеттеме - бел гілі мерзім аралығында өзі атқаратын міндеттерді таңдап алып, есеп жүргізу, өзіне-өзі қызмет көрсету. Иландыруға ұқсас өзін-өзі міндеттеу әдісі. Оны бала өз кемшілігін жою үшін қолданады. Үй тапсырмасын әркез орындауға, таза жазуға, оларды байсалдылықпен ойланып істеуге жаттығып, оны әр уақытта қайталап, орындауға күш-жігерін жұмылдырады. Оқушы белгілі бір міндетін орындауда енжарлық көрсеткенде өзін-өзі міндеттеу, өзіне-өзі бұйыру әдісін қолданады. 
•  Өзіндік есеп беру - қоғамдық жұмысты атқару, баланың өз іс-қылығына жауаптылығы, жолдастарымен тәжірибе алмасуы. 
•  Өз іс-қылығына талдау жасау - өзінің кейбір қылықтарына сын көзбен қарап, себебін білгісі келуі, оны жоюға тырысуы. 
•  Өзін-өзі бақылау - кемшіліктерін болдырмау үшін жағымды мінез-құлықтарын дамыту мақсатында күнделік жүргізу. 
Өзіне баға беру - мінез-құлықтарының кемшіліктерін жою үшін баланың өзін-өзітәрбиелеуі. К.Д.Ушинский жасаған өзін-өзі тәрбиелеу ережелері: 
•  Өте сабырлылық, тіпті болмағанда, сыртқы сабырлықты сақтау. 
•  Турашылдық. 
•  Ойлы әрекет. 
•  Шешімділік. 
•  Өзің туралы қажет болмаса, бір сөз айтпау. Санасыз бос уақыт өткізбеу. 
•  Не істесең де еріктісің, бірақ, кездейсоқ істен сақ бол. 
•  Қажетті немесе керекті іспен ғана айналыс, көрсеқызар болма. 
•  Бітірген ісіңе еш уақытта мақтанба. 
•  Әркез ағыңнан жарылма, өз ісің туралы өзіңе жауап беріп отыр. 
•  Бұл журналды ешкімге көрсетуші болма. 

Бұл ережелерді байытуға болады. Көп ретте адам өз алдына ислгілі бір биік мақсат өойып, өз бетімен ізденіп, өзін-өзі тәрбиелеп жетілдірудің жолдарын өзі қарастырады. Содан әсерленіп қанатталған ішкі сезімдері арқылы білімді қажетсініп, нәтижесінде мақсатына жету үшін табандылықпен ізденеді. 

Адам баласының тарихында  ондай мысалдар баршылық. Демосфен жас кезінен шешендік өнер меңгеруді армандайды. Аляйда, көпшілік алдындағы алғашқы сөзінде-аң сәтсіздікке ұшырайды. Оның дауысы тым бәсең, сөздері үйқаспай, тілі « күрмеліп, шәлкем-шалыс келе береді. Соны сезген қауым оны ' тыңдамай, ысқырып, тыжырынады. Оның орнында басқа біреу болса, бұл масқарадан кейін тауы шағылып, қолын бір-ақ сермеп ' жайына кете барар еді. Демосфен өйтпеді. Ол елден оқшауланып, теңіз жағасынан үй салып, дауылды күндері, бүрқ-сарық, болып жағаны ұрып жатқан толқынға қарап, сағаттап,сұырып салма сөздерін қарша боратып, бар дауысымен сөйлейтін. Тіліндегі кемістігін жою үшін, тілінің астына малта тастарсалатын  болған. Сондай жан қиярлық табандылық пен ерік-қайрат Демосфенді дегеніне жеткізді. Ол әлемнің айтулы ұлы шешеніне айналады. 
Талай ұлы адамдар өз мінездерін жаман әдеттерден арылтып, жақсы  қасиеттерді дарыту мақсатымен жұмыс істеген. Соқтықпалы соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан ұлы Абай өзін-өзі тәрбиелеп,өзін-өзі білімдар еткен адам.С.М.Торайғыров  " Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін, болмасам толып тұған толық айдай" немесе "Қараңғы қазақ көгіне күн болмағанда кім болам", - деген романтикаға толы батыл жолдарды өзіне және  болашақ жастарға арнап айтқан. 

Профессор С.Я.Долецкий айтқандай, біз өз қателігімізді ойша айтамыз да өзімізге өзіміз кешірім жасап, кейін оны ұмытып кетміз Егер біз оны дауыстап айтатын болсақ, онда өзіне-өзі кешірім  жасау қиынырақ болады, - дейді. 
 
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері: 

Өзін-өзі сендіру. Оқушы  өзін жақсы ұстап, жаман қылық  жасамауға сендіреді. Темекі тартуды қойғысы келетін адам "Мен енді темекі тартпаймын" - деп, өзіне-өзі сенімді түрде әркез айтуы тиіс. 
Өзін-өзі сынау әдісі - дөрекілігі үшін өзін қатты сөгіп, сынға алу. Өз тарапынан мұның мәдениетсіздік, жексұрындық екенін, тәрбиелі адамның ондай іс істемейтінін, әбден өзі арылғанша қайталап айтумен болады. 
Өзін-өзі тәрбиелеуде - өзін ойша өзгенің орньша қою арқылы өзгемен санаса білудің (эмпатия) үлкен тәрбиелік мәні бар. 
Өзін-өзі жазалау әдісі - алдына қойған міндетті орындау, ауытқымау. Мысалы, 9-сынып оқушысы қызықты киноға баруға билет алады. Алдында сабағына шала әзірленіп, екі алып қала жаздағаны ойына оралып, келесі сабаққа жөнді әзірленбегені есіне түсіп кинодан бас тартады. 
Өзін-өзі тәрбиелеудің құрамды бөлімдері: 
•  өз кемшілігіне сын көзбен қарау, мақсат қою. 
•  өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын жасау. 
•  әдістерін анықтау. 
•  аутотренинг - жеке тұлғаның өзіне жаттығу жүйесін әзірлеуі. 
•  өзін-өзі бақылау.

 

Тәжірибеде оқушы тәртібінде және мінез-құлқында ауытқулар кездесіп отырады. Сондықтан тәрбиелеу жұмысында қайта тәрбиелеу де үлкен орын алып, оқушы ауытқулардың алдын алуға және жеңуге бағытталады. Қайта тәрбиелеу тұлға құрылымын қайта құру, адамның барлық психологиялық сапаларын қайта жасау. Түзету - оқушы санасындағы және іс-әрекетіндегі жеке кемшіліктерді жеңу. 

Қайта тәрбиелеу - тәрбиелік  ықпалдар жүйесі барысында құлықтық даму мен іс-әрекеттегі ауытқуларды  түзетіп, қоғамның моральдық талаптарына  сай тұлға сапаларын қалыптастыру. 

Қайта тәрбиелеу тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктерінің, сезімдері мен еркінің, түйсіктерінің, іс-әрекеті мен мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық өзгеру процесі, қиын балалардың орынды сапаларын қалпына келтіру, педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктердің орнын еңбектегі, спорттағы және басқа іс-әрекеттегі нәтижелермен толтыру. 

Қайта тәрбиелеуде қайта  ұғындыру, қайта оқыту, басқа іс-әрекетке көндіктіру, күрт өзгерту, еріксіз көндіру  сияқты әдіс-ер қолданылады. 
Қайта ұғындыру - бұл тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған оқушылар бойындағы қате көз-қарастарын өзгерту әдісі. 
Қайта оқыту - бұл теріс қажеттіліктер мен дағдыларды түзету әдісі. 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі  тарихи қысқа уақыт аралығында еліміз экономика, қаржы саласында прогрессивгі технологияларға арқа сүйей отырып, кешенді реформалар жүргізу үстінде. Сөйтіп әлемдік өркениетке қауымдаса отырып, қарқынды дамушы елдердің алдыңғы қатарынан көріне бастады. Бугінгі таңда еліміздің әлеуметгік-экономикалық дамуының перспективалары нақты айқьндалып, арнаулы бағдарламалар қабылдануда. Еліміздің инновациялық, индустриялық одан әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекетіміздің күш-қуатының негізі, ұлтгық қауіпсіздігіміздің кепілі, қоғамдық дамуымыздың жөне оның жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің көрсеткіші болып табылатын тәрбие жұмысының, адам капиталының мәні мен маңыздылығы барынша артып отырғанын атап өтуіміз керек. Осы кезге дейін еліміздегі тәрбие жұмысы бұрынғы методология, құрылым мен фактологиялық мазмұн күйінде қалып келеді. Мұның өзі отаңдық тәрбие саласының әлемдік білім кеңістігіне кірігуін, оның бүгінгі өмірдің өзгермелі жөне өскелең талаптары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруың, жаңа инновациялық өзгерістердің ендірілуін тежеп отыр. Қазіргі мектептегі тәрбие жұмысы пәндік негіздерге құрылған,  ал мемлекеттік білім стандарттары уақыттан едәуір, мектеп түлектерінің өмір талаптарына сай бейімділігін, компетенттілігін, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды толық қамтамасыз ете алмай отыр. Жас ұрпаққа берілетін тәрбие көлемі қоғам дамуының деңгейіне  тікелей байланысты екені мәлім. Соның бір белгісі: кешегі кеңес дәуірі кезіндегі жалпы білім беретін мектептегі тәрбие жұмысы. Жалпы алғанда құрамы мен құрылымы жағынан ол кезеңнің білім мазмұнында "ғылым-өндіріс-білім" мәдени макромодель жатыр. Сондықтан жалпы тәрбие беру жүйесіндегі басты ұстанымдардың бірі ғылымның барлық салаларынан білім беруге бағытталды.  Сол себептен білім мазмұнының құрамы мен құрылымын анықтауда пәндік ұстаным ғана басшылыққа алынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет:

 
1.Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев. Педагогика. -Алматы, 1998, 2000.  
2. Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы,1999. 
3. С.Қалиев, Ш.Майғаранова, Г.Нысанбаева, А.Бейсенбаева. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудық педагогикалық негіздері. - Алматы, 2001. 
4. А.С.Макаренко. Тәрбие мақсаты. – М 1958. 
5. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. – А,1995.




Информация о работе Тәрбие теориясы