Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2013 в 18:29, курсовая работа
Қазақ тілінің асыл мұрасы – сөз байлығы, шебер сөйлеудің озық үлгілерін игерту жолындағы осындай үлкен мақсатты дұрыс түсінген қазақ тілі мұғалімінің алдында көптеген міндеттер тұратыны белгілі. Қазақ тіліндегі әр тақырыптарға белгілі сағат беріліп тереңдетіліп оқытылады. Оларды оқытуда көзделетін мақсат берілген тақырыпты дұрыс меңгеретін оқушылардың білімін, ой - өрісін дамыту. Солардың ішіндегі тұрлаулы мүшелерді оқытуға тоқталып өтсек. Мектептерімізде оқытылатын қазақ тілі синтаксисының оқушыларға білім – тәрбие берудегі маңызы ерекше.
І. Кіріспе 3 – бет.
Тұрлаулы мүшелерді оқытудың міндеті мен мақсаты.
ІІ. Негізгі бөлім 4 – 21 беттер.
Тұрлаулы мүшелерді оқытудың жолдары
және оны оқытуда кездесетін қиындықтар.
Тұрлаулы мүшелерді оқытуда жаңа технологияларды пайдалану.
ІІІ. Қорытынды 26 - бет.
Тұрлалы мүшелерді оқытудың маңызы.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер. 27 – бет.
Оқытудың жаңа технологиясы іс - әрекеттердің жоспарланған нәтижесіне жеткізудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оның бұрынғы белгілі дәстүрлі технологиясынан айрықша ерекшелігі мынадай: оқушының белсенділігінің болуы; мұғалім мен шәкірттің өзара қарым-қатынасындағы жауапкершіліктің міндеттілігі дәстүрде. Шығармашылық деңгейге жету жолдары оңай емес. Қазіргі технологияда «миға шабуыл», дебат, модель проект жасау, қорғату, оқу мен жазу арқылы оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру жиі пайдаланып келеді. Соның ішінде, әсіресе, негізге Эльконин, Давыдовтардың ұсынып жүрген дамыта оқыту концепциясын алуға болады. Жан – жақты дамыта отырып жеке басының, дүниетанымынын, ойлауды дамыту, темпті оқытуға негізделеді.
Қазіргі кезде
жаңаша оқыту технологиясына
сай қайталау сабағында
Әр деңгейдің
тапсырмаларына қойылатын
І деңгей
«Танып ал» деп аталады. Бұл
деңгейде барлық оқушының орындауына
мүмкіндігі бар тапсырма
ІІ деңгей «Шешім тап». Мұнда орындалатын жұмыс алғашқысынан күрделірек.
ІІІ деңгей «Ойлан», «Сен қалай ойлайсың?», «Неге?». Мұнда оқушының тоқтайтын ойы болу керек. Тек жазу ғана емес, талдау, дәлелдеу. Тапсырма күрделі. Пікір, ұсыныс енгізе білуі тиіс.
ІV деңгейдегі тапсырма шығармашылықпен айналысатын оқушыларға ғана арналады. Қазіргі күнде дамыта оқыту технологиясына сай қолданылып жүрген осындай деңгейлік тапсырмаларды пайдалану арқылы сабақ өткізуге болады. Ол сабақта тұрлаулы мүшелер бойынша алған теориялық білімдер практикалық тұрғыда тексеріледі, кеңейтіледі. Теориялық материалды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландырып, өз бетінше жұмыс істеуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету көзделеді. Талдауға алынған мысалдар арқылы адалдыққа, ізеттілікке, туған жерін сүюге баулу арқылы тәрбиелік мақсат орындалады. Мынандай көрнекілік қолдануға болады. Бәйтеректің суреті. Сұрақ қою арқылы топтастыру әдісін жүргізуге болады.
Сонымен қатар,
Астана Бәйтерегі туралы
І деңгей.
А) Тұрлаулы мүшелерді мысалдармен түсіндіре отырып, ережесін шығару.
Бастауыш пен баяндауышқа жеке тоқталу.
Ә) Бастауыштың түрлеріне тоқталу.
Б) Еңбек тақырыбында мақал – мәтел айтып тұрлаулы мүшелердің астын сыз.
ІІ деңгей.
А) Мына шумақ кімнің өлеңінен алынған? Синтаксистік талдау жаса.
Ә) Сын есімнен келген бастауышқа мысал келтір.
ІІІ деңгей.
А) Тұрлаулы мүшелердің тыныс белгілеріне тоқтал.
Ә) Бастауыш пен баяндауыш арасында сызықша келуіне мысал келтір.
ІV деңгей. «Шығармашылық» мәтін құрау, компьютерде жазып топ арасында алмастыру.
Осы үшеуінің
бірін таңдап мәтін құру. Оқушының
қаншалықты дәрежеде тілдік
Сабақты қорыта келе әр оқушының құрған мәтінін оқытып сұрақ қоя отырып, бастауышпен баяндауышты тапқызу.
Ал сабақты былай қорытындылауға болады.
Иә, туған жерге жету үшін аяқ керек болса, қазақ тілінің дәрежесін көтеру үшін тұрлаулы мүшелердің қосар үлесі мол.
Сабақты осындай дәрежеде өткізу арқылы оқушылырдың сабаққа деген қызығушылығы артады.
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың типі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, табиғат суреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй жұмысы.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Бекіту.
V. Қорыту.
VI. Үй тапсырмасы
VII. Бағалау.
Ұйымдастыру.
Үй жұмысы.
Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
Ереже сұрау.
35 – жаттығу.
Жаңа сабақ.
Тұрлаулы мүше дегеніміз не? Сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш баяндауыш.
Бастауыш
Бастауыш дегенімізге анықтама жаз.
Басқа сөз таптарынан
Бастауыш
болады
( әр оқушы өзі анықтама шығарады)
Бастауыштар құрылысына қарай былай бөлінеді.
Құрылысына қарай |
Сұрақтары: кім? не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімін? Нен? |
Дара |
Омар қырман басында жүр. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. |
Күрделі |
Туған жерім - әйгілі Шалқар өңірі. Күле беру ыңғайсыз. |
үйірлі |
Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын. |
Бастауыш болатын сөз таптары. |
Сөйлемдер. |
Зат есім. |
Абайлар Қарашоқыға түс ауа жетті. |
Есімдік. |
Өзіміз де жүргелі отырмыз. |
Сын есім. |
Көп қорқытады, терең батырады. |
Сан есім. |
Берермеңге бесеу көп. |
Есімше. |
Әке көрген - оқ жонар, ана көрген – тон пішер. |
Тұйық етістік. |
Тыңдау – мәдениеттіліктің белгісі. |
Одағай. |
«Ә, құдай!» - күйзелгеннін белгісі. |
Үстеу. |
Шапшаң асықтырады, соңыра кешіктіреді. |
Бекіту.
36 – жаттығу. Мына сөздерді бастауыш етіп, сөйлемдерді аяқтаңдар.
Мысалы, ауылдың маңы - терең сай.
«Мені тап» ойыны.
(мақал-мәтелдерден бастауышты
37 – жаттығу. Мәтінді көшіріп жазыңдар. Бастауыштарды табыңдар.
өлі табиғат
экология
қоршаған орта ағаштар
Қорытынды.
Үй тапсырмасы.
Көркем әдебиеттен бастауыштың дара, күрделі, үйірлі түрлеріне сөйлемдер жазып келу.
Бағалау.
Белсенді қатысқан оқушыларға баға қою.
Қорытынды.
Мектептерімізде оқытылатын тұрлаулы мүшелердің оқушыларға білім, тәрбие берудегі маңызы зор. Тұрлаулы мүшелер бастауыш сыныптан танылып, тереңдетіліп оқиды. Соның нәтижесінде оқушылар өздерінің тілден алған білімін толықтырады, жазу, сөйлеу тілін дамытады, дұрыс оқуға үйреніп, ұғу қабілеттілігін жетілдіреді. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің негізгі қаңқасы болғандықтан, оларды тереңдетіп оқытқан жөн. Бастауыш сыныптан бастап жалпы тұрлаулы мүшелер туралы білім алып, жоғарғы сыныпта олардың түрлерімен, тыныс белгілерімен толық танысады. Әсіресе, тұрлаулы мүшелердің тыныс белгілерін оқушыларға жақсы меңгерткен жөн. Терең білімінін арқасында жазу стильдері жақсарып, сөйлемдер дұрыс құруға, тыныс белгілерін дұрыс қоюға машықтанады. Сөйлемдегі ой әр уақытта бастауыш пен баяндауыш арқылы білінеді. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемдегі ойдың ұйтқысы, таянышы, тірегі. Бастауыш пен баяндауышы жоқ сөйлемдер кейде сөйлем болудан қалады. Сонымен қатар, басқа сөз таптарынан келген бастауыш пен баяндауышты жалпылама айтпай әр түрлі әдіс – тәсілдермен терең түсіндірген жөн. Қорыта келгенде, тұрлаулы мүшелерді оқушыларға жалпы білім беруде олардың ақыл-ойын дамытып, дұрыс сөйлей білуге және сауатты жазуға үйрену жағынан маңызы ерекше зор. Сондықтан синтаксисті оқытуға ірі ғалымдар, белгілі педагогтар және мектеп мұғалімдері ерекше мән береді.
Пайдаланылған әдебиеттер.