Этнопедагогиканың зерттеу объектісі және пәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 11:26, реферат

Краткое описание

Этнопедагогика – тек халық даналығы, халықтың ойы, тілегі, адамгершілікті тәрбиелеу бастауы ғана емес, ол осы халықтың қайнар көзі, жаратылысының тамыры.
Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Ш.Айтматов: ”Өзінің және басқа халықтың даму тарихын білмеген адам, қоғамның алға даму тарихынан тыс қалып, бір күндік қане өмір сүреді” деген.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3-4
Негізгі бөлім
Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі......................5-8
Этнопедагогика пәні, оның мақсаты мен міндеті..............................................8
Этнопедагогиканың әдіснамасы.......................................................................8-9
Халықтық педагогика және этнопедагогика ұғымдарының мәні.....................9

Қорытынды..........................................................................................................10-11
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................12

Вложенные файлы: 1 файл

этнопедагогика реферат.docx

— 56.08 Кб (Скачать файл)

Халықаралық Қазақ - Түрік Университеті

Сырттай және қашықтықтан оқыту орталығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Этнопедагогиканың зерттеу объектісі және пәні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                     Орындаған: Рысымбетова Д.

                                                                     Тобы:           СМД – 311дж.

                                                                 

 

 

 

 

Түркістан 2013ж.

 

 

Жоспар

 

Кіріспе....................................................................................................................3-4

 

Негізгі бөлім

 

  1. Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі......................5-8
  2. Этнопедагогика пәні, оның мақсаты мен міндеті..............................................8
  3. Этнопедагогиканың әдіснамасы.......................................................................8-9
  4. Халықтық педагогика және этнопедагогика ұғымдарының мәні.....................9

 

 

Қорытынды..........................................................................................................10-11

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

Кіріспе

 

Этнопедагогика – тек халық даналығы, халықтың ойы, тілегі, адамгершілікті тәрбиелеу бастауы ғана емес, ол осы халықтың қайнар көзі, жаратылысының тамыры.

Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Ш.Айтматов: ”Өзінің және басқа халықтың даму тарихын білмеген адам, қоғамның алға даму тарихынан тыс қалып, бір күндік қане өмір сүреді” деген.

Қазіргі таңда жастар арасында бой алдырған жағымсыз қасиеттер мен сүреңсіз іс – қылықтардың етек жаюы – халықтық тәрбиеден қол үзіп бара жатқанымыздың нәтижесі екені даусыз. 

 

 

Қазақ халқының этнопедагогикасының өзгешеліктері

 

 

  
        Этнопедагогиканың халыққа білім беру саласында қолданылу жағдайларымен байланысты мәселелер проблеманың өзіне және оның шешілу жолдарына толық түсіндірме беру арқылы баяндалғаны тиімді.

Дәл сондықтан да этнопедагогиканы алдымен оку-тәрбие процесіне кеңінен енгізудің негізгі жолы өткен кезендерде қисынсыз алынып тасталған халыктық жөне табиғатпен үйлесімділік педагогикалық принциптерін жаңарту екеңдігі арнайы атап көрсетіледі. Халықгың педагогикалық даналығы халықтық тәрбие құралдарын толық пайдаланған жағдайда дәл осылар педагогика ғылымын байытуға; халыққа білім беруді жаңартуды жүзеге асыруға; отбасы, балабақша, кәсіби оқу орындары тәрбие проблемаларын шешудегі одағын нығайтуға елеулі үлес қосатын бастау болып табылатындығын ескеру керек.

Этнопедагогикадағы бала денсаулығы мен денесінің жетілуі өніндегі қамқорлық, ақыл - ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік - эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез - құлықты реттеу, өзін - өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші багыттарын камтитын аса бай фактілермен танысу болашақ мамаңдарды оқытылатын материалға қызығушылығын, арттырады.

Құрылымында этнопедагогика элементтері бар немесе өзге өлшем мен көрініс беретін сабақтар жобаларын кластан тыс жұмыс түрлерін дайындап, өткізу, этнопедагогикалық тақырыптарды үйірмелер жұмыстарының бағдарламаларына енгізу, этнопедагогикалық факультативтер ұйымдастыру, халық педагогтары шығармалары бойынша класс сабақтары циклін ұйымдастыру, тарихи этнопедагогикалық тақырыптамалар бойынша жоғары кластар үшін кештер дайындау, арнайы этнопедагогикалық газеттер, хабарламалар ұйымдастыру жөне өткізу өдістемелері жайлы бірізділікпен баяңдаудың студентті этнопедагогика материалдарымен жұмыс істеуге баулудың мәні ерекше. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгенi көпке аян. Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмiрге келгенше де адамзат тәрбие iсiмен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бiрақ халық жадында мәңгi сақталып, ұрпақтан - ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл - ақыл, өсиет - өнеге, қағида болып тарап келген бiлiм - бiлiк, тәлiм - тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика салт - дәстүр, жол - жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсiмдерi мен ауыз әдебиетi үлгiлерi, ұлттық ою - өрнек, өнер түрлерi, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл - аймақ, ел - жұрт, ру - тайпа, қала бердi бүкiл халықтық қарым - қатынастан берiк орын алған тәлiм - тәрбиенiң түрi, адам мiнезiн, iс - әрекетiн қалыптастырудың белгiлi нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгiлi сатыларынан өтiп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесiнiң бастау бұлағы, педагогикалық құралы болып, тәрбие жүйесiнiң қызметiн атқарып келгенiн байқаймыз. Яғни, осыдан келiп ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсiлдерiндегi сабақтастығы, принциптiк - идеялық үндестiгi туындайды. Бүгiнгi әлемдiк аренаға жеткен ғылыми-педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, оны ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан-жақты зерттеп, қарастырып, байытты. Сөйтiп, өз қажетiне жаратты. Осы қажеттiлiктен келiп, халықтың эмпирикалық тәжiрибесiне негiзделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары - халықтық педагогиканы ой елегiнен өткiзiп зерттеп, тәрбие мен оқу iсiнiң өзектi құралы етудiң жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерiн өзiндiк ерекшелiктерiн, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтiн педагогиканың ғылыми бiр саласы этнопедагогика пайда болды.

Академик Г.Н.Волковтың пiкiрiнше, халықтық педагогиканың ерекшелiгi: оның адам баласының дүниеге келген күнiнен бастап бiрге жасасып келуiнде, адамдардың қоғамды құруда, қоршаған ортаны - табиғатты өзiне икемдеп игеруiнде, еңбек тәрбиесiнiң алғашқы адамдар өмiрiнде басты рөл атқарғаны, тәрбиенiң басқа түрлерiнiң кейiн туғандығы, халықтық тәрбие жөнiндегi қағидалары өмiрлiк тәжiрибеге негiздеген эмпирикалық бiлiм болып келуi, оның ұлттар мен ұлыстардың жазу мәдениетi шықпай тұрған кезiнде пайда болып, халық арасында ауызша тарауы, сондықтан да оны шығарушы авторларының аты-жөнi халық жадында сақталмай, бүкiл халықтық мұраға айналып кетуi, халықтың ұрпақ тәрбиелеудегi озық тәжiрибелерi мен ой түйiндерi сол халықтың ой-тiлегiмен, арманымен ұштасып келгендiктен, озық үлгiлерiнiң мәңгi сақталып, ал тозығының бiртiндеп өмiрде қолданудан шығып калуы, халық педагогикасы өнерге, еңбекке негiзделгендiктен, үнемi жетiлдiру, ұшталу үстiнде болуы, сондай-ақ халық педагогикасының ғылыми жүйеге, теорияларға құрылмай, жеке бастық тәрбиенiң озық үлгiлерiне және оның нәтижесiне құрылуы, тәрбие тәжiрибесiнiң ғасырлар бойы жалғасып келуi (преемственность), алғашқы тәрбие түрлерiнiң қоғамда бөлiнбей, синкреттi тұтас түрiнде берiлуi (мысалы, қол, би, музыка өнерлерiнде ой еңбегi мен дене еңбегi, ақыл-ой тәрбиесi мен еңбек тәрбиесiнiң бiрге ұштасып келуiнде)”, деп саралай көрсете келдi де, “халық педагогикасы ру, тайпа, ұлттар мен ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу тәжiрибесiне негiзделiп, халықтың тәрбие құралдары (салт - дәстүр, әдет - ғұрып, ойын түрлерi, ауыз әдебиетi үлгiлерi) арқылы iске асыруға құрылса, ал этнопедагогика теориялық ойларға, ғылымға негiзделедi. Ол халықтың этнографиялық салт-дәстүрiн, тұрмыс - тiршiлiгiн педагогикалық, логикалық ғылыми жүйе тұрғысынан зерттеп қарастырады... яғни, халық педагогикасы ғылымға шикi материал даярлаушы мәлiметтер көзi болып табылса, сөйтiп педагогика ғылымына қызмет етушiнiң рөлiн атқарса, ал этнопедагогика халықтың бала тәрбиелеу тәжiрибесiн, педагогикалық мәдениетiн зерттеп, оның прогрессивтiк үлгiлерiн бүгiнгi оқу-тәрбие iсiне жаратудың жолдарын ғылыми тұрғыда қарастырады” - дейдi.

Ал бұрынғы КСРО Педагогика ғылым академиясының корреспондент-мүшесi, профессор И.Т.Огородников, Г.Н.Волковтың “Этнопедагогика” атты еңбегiне жазған кiрiспесiнде: “Егер халық педагогикасы мен этнопедагогикаға арналып екi хрестоматия жасалған болса, оның бiрiншiсiне бала тәрбиесi жөнiндегi ауыз әдебиетi үлгiлерi мен халықтың салт-дәстүрлерiне арналған этнографиялық тәлiмдiк жазбалары енгiзiлген болар едi де, ал екiншiсiне халық педагогикасы мен халықтың тәлiм - тәрбиелiк ойларын зерттеуге арналған педагог-ғалымдардың еңбектерi енген болар едi”, - деп, халық педагогикасының таза тәжiрибеге негiзделген тәрбиенiң эмпирикалық түрi екенiн және оның этнопедагогиканың ғылыми зерттеу объектiсi болып саналатынын ашып көрсетедi. 
       Халық педагогикасында тәрбие мәселесi бiрiншi орынға қойылып келдi. Ол заңды да едi. Себебi, халық педагогикасы ғылым мен мәдениеттiң жетiлмеген кезiнде пайда болғандықтан, тәрбиенi еңбек пен өнерге, оның iшiнде қол өнерiне негiздей жүргiзудi уағыздады. Бертiн келе, оқу - бiлiм дамып, ғылым мен техника өрiстей бастаған кезiнде, XVII ғасырдағы ұлы чех педагогы Я.А.Коменскийдiң атымен байланысты ғылыми педагогика пайда болды. Ғылыми педагогиканың теориялық зандары қалыптасып өмiрге келдi. Я.А.Коменский өзiнiң атақты “Ұлы дидактика”, “Ағайынды чехтарды тәрбиелеу” атты еңбектерiнде тұңғыш бiлiм беру iсi мен тәрбие iсiн бiртұтас процесс деп қарау идеясын ұсынды. Тәрбие мен бiлiм берудi бiрiктiру тенденциясы оқу-тәрбие iсiнiң тұтастығынан туындады.       Тәрбие-әлеуметтiк процесс, ал адамның жеке басының өсiп жетiлуi, дамып қалыптасуы ол әрi әлеуметтiк, әрi биологиялық процесс. Осы ерекшелiктен келiп, педагогикада қоғамтану мәлiметтерiн жаратылыстану мәлiметтерiмен бiрiктiре қарастыру қажеттiлiгi пайда болады. Оның себебi педагогика адам тәрбиесiнiң қажетiн өтеушi, қоғамдық сұранысты iске асырушының рөлiн атқарушы болып отыр. Ал педагогиканың жеке басты (индивидиумды) тәрбиелеп жетiлдiрудегi iс-әрекетi оқу-тәрбие орындары арқылы iске асырылады. Адам тәрбиесiнде бiлiмнiң теориялық жақтары шешушi рөл атқарғанымен, оны (теорияны) жеке басты оқытып тәрбиелеп жетiлдiруге пайдалану үшiн тәжiрибеде қолданудың әдiс-тәсiлдерi керек. Мiне, осыдан келiп, теория мен тәжiрибенiң, оқытудың өмiрмен байланысын, оны iске асырудың жолдарын қарастыратын педагогика ғылымының бiр саласы - оқыту мен тәрбиенiң методикасы туындайды. Бiлiм беру мен тәрбие iсiнiң теориялары мен өмiр тәжiрибесi тығыз ұштасқанда ғана адам қажетiн толық өтей алады. Ғылыми теориялар тәжiрибеге негiзделмесе, ол тиянақты ғылым болмайтыны сөзсiз.

Ол жөнiнде XVII - XVIII ғасырларда өмiр сүрген батыстың, орыстың педагог ғалымдары жақсы ой-пiкiрлер айтқан болатын. Мысалы, Я.А.Коменский “Ағайынды чехтарды” тәрбиелеудегi халықтық дәстүрдiң жақсы нәтижелерiне сүйене отырып, баланы жастайынан еңбекке және жақсы мiнез-құлыққа тәрбиелеудiң жолдарын көрсетiп бердi. Ал Швейцарияның кемеңгер педагогы И.Г.Песталоцци тәрбиенi ана тiлiнде оқытатын халықтық мектептердiң бай тәжiрибесiне негiздей отырып жүргiзудi мақұлдады. Ол “Адамның ақыл ойының қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт тiлiндегi оқудың мазмұны мен оқыту әдiсiн дұрыс ұйымдастыруға байланысты” деп ерекше атап көрсеттi. И.Г.Песталоцци: “Бала тәрбиесi оның дүниеге келген күнiнен басталуы керек. Баланың дүниенi түсiнуi отбасынан басталып, мектепте әрi қарай жалғастырылуы шарт”, - деген қағиданы ұсынды. Француздың ұлы ағартушысы Ж.Ж.Руссо да бала тәрбиесiнiң көзi еңбекте, сондықтан баланы жан-жақты жетiлген азамат етiп тәрбиелеудi жанұяда еңбекке үйретуден бастау керек деп қарады. Ал әйгiлi орыс педагогы К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенiң мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдiстерiне тоқтала келе: “Орыс халқының бала тәрбиесi сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенiң негiзiн халықтың жақсы-жаман дәстүрiнен iздестiру керек”, - дедi. К.Д.Ушинский бала тәрбиелеудегi ауыз әдебиетiнiң рөлiне де ерекше тоқталды. Ол: “Ертегiлер халықтық педагогиканың алғашқы және тамаша үлгiлерi. Ертегiлердегiдей халықтың асқан даналық тәрбиесiмен тепе-тең келетiн бiрде - бiр тәрбие құралы жоқ” , - деген едi. Кешегi Кеңестiк дәуiрдегi ұлы педагогтар А.С.Макаренко адамды тәрбиелеп жетiлдiруде еңбектiң, әсiресе ұжымдық еңбектiң маңызына ерекше мән берген болса, ал В.А.Сухомлинский “Баланы iзгi жүректi азамат етiп тәрбиелеуде ойын түрлерiн кеңiнен қолдануды және баланы жазасыз тәрбиелеудi, ертек айтуға, табиғатты тамашалауға, сол арқылы олардың ой-қиялын өсiруге” баса көңiл бөлдi. “Табиғат тамаша тәрбиешi, тек оны түсiне бiлуге үйрету керек” деп қарады.

Өткен ғасырлардағы педагогика тарихына көз жiберсек, ұжымдық педагогикалық тәрбиенiң мәнi мен маңызына, халықтық тәрбие жөнiндегi данышпандық ой тұжырымдарына Әл - Фараби, Ибин - Сина, Фердауси, Омар Хаям, Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Л.Н.Толстой, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев сияқты ойшыл - оқымысты ғалымдардың бiрде - бiрi көңiл бөлмей өткен емес. Олар халықтың бала тәрбиелеудегi тәжiрибесiнiң, педагогикалық ойларының прогрессивтiк жақтарына ерекше мән берiп, халықтық тәрбиенiң негiздерiне ғылыми талдаулар жасады. Алайда, Қазан төңкерiсiнен кейiнгi Кеңестiк дәуiрде халық педагогикасын зерттеу, оны тәжiрибеде қолдану iсiне керенаулық көрсету, қала бердi адамдардың санасындағы ескi қоғамдық идеялардың қалдығы деп қарау өрiс алды. Ол идея коммунизм кезiнде бiр тiл, бiрыңғай мәдениет болады деп қараушылықтан, пролетарлық жаңа мәдениет жасаймыз деген жалған ұраннан туындаған едi. Көне мәдениеттiң шедеврi шiркеулер мен храмдарды, мешiт-медреселердi қирату, халықты дiннен, ұлттық тiлден, салт - дәстүрден бездiру, тарихи ескерткiштерге мән бермеу, жер - су, ауыл - село, қала аттарын кеңестiк саясатқа негiздеп өзгерту т.б. солақай саясаттың әсерiнен туындаған терiс әрекеттер болатын.

 
        2. Этнопедагогика пәні, оның мақсаты мен міндеті.“Этнопедагогика” термині екі сөзден құралған: “paidagogike”(грек тілінен аударғанда тәрбие туралы ғылым) және “ethnos” (грек тілінен аударғанда ұлт, халық ). Этнопедагогика ғылымы халықтың қалыптасқан ұлттық құндылықтарын, қоғамның ерекше қарым-қатынасын, халықтың әлеуметтік талаптарын жеке тұлғаның қалыптасуына бағыттап үйретеді. Этнопедагогиканың мазмұны халықтың өзіндік шығармашылығының қағидаларынан: қиял - ғажайып ертегілерден, аңыз әңгімелерден, халықтық әндерден, жұмбақтар мен жаңылпаштардан, мақал-мәтелдерден, нақыл сөздерден тұрады. Сонымен қатар халықтық тәлім тәрбие ұлттық қарым - қатынастың түрлі қырларымен ұлттық ойындарымен, ойыншықтардың және күнделікті тұрмыстағы қолданбалы өнердің, яғни халықтық музыканың ерекшеліктерімен жалпы ұлттық салт-дәстүрдің мысалдарымен толықтырылып отырады. Халық педагогикасы мен ұлттық педагогикалық ойлардан құралған қазақ этнопедагогикасы жүйеленіп, қалыптасқан ғылым. Этнопедагогика - ұрпақ тәрбиелеудің ұлттық жолдарын, мәдениеттің ұлттық негіздерін үйрететін ғылым. Этнопедагогика әлеуметтік талаптарын, көпшілік мақұлдаған талаптар мен құндылықтарын қабылдап игерген жеке тұлға қалыптасатын қоғамдық әсердің ерекшелігін зерттейді. Этнопедагогика ғылымы қазіргі педагогикалық тәжірибедегі халықтың озық ойларын іске асыру мүмкіндігін анықтайды, тәрбиенің қазіргі мақсаттарын ескере отырып халықтың өміріндегі сол немесе басқа құбылыстарының педагогикалық маңызын талдайды. 

 3. Этнопедагогиканың әдіснамасы. Этнопедагогика пәні халықтық педагогика болып табылады. Ал «Этнопедагогика» терминінің бірнеше анықтамасы бар. Г.Н.Волков этнопедагогика халықтық (табиғи, қарапайым, бейресми, мектептен тыс, дәстүрлі) тәрбиенің тарихы мен анықтамасы болып табылады, этнопедагогика этностық топтардағы бала тәрбиесі мен білімі негізіндегі отбасының, рудың, тайпаның, ұлыстың, ұлттың байырғы құндылықтар мен моральдық – этикалық және эстетикалық көзқарастарының эмпирикалық тәжірибесі туралы ғылым болып табылады деп көрсетеді. К.Ж. Қожахметова этнопедагогиканы педагогика ғылымының құрамдық бөлшегі ретінде, этнография, этнофилософия, этностық мәдениет және этнопсихологияның тоғысқан жерінде қалыптасқан саласы ретінде қарастырады. Ол этностық тәрбие жүйесінде отбасында және білім мекемелерінде үздіксіз жүзеге асырылатын пән болып табылады. Т.И.Огородников этнопедагогиканы этнографиямен және фольклористикамен байланыстыратын жаңа сала ретінде бағалайды. Т.Н.Петрова этнопедагогиканы халық тәрбиесімен теориясы ретінде түсіндіреді. Жоғарыда көрсетілген этнопедагогика терминін тұжырымдай келе, жалпы түрде және қысқаша айтар болсақ, оның халық педагогикасы ғылымына жататындығын көруге болады. Әр халық өзінің тарихи даму кезінде өзіндік тәрбие тәжірибесін жасады, өскелең ұрпақты оқытуда және тәрбиелеуде өздеріне тән тәжірибе жинақтады. Сондықтан қазақ, татар, т.б. халықтар этнопедагогикасы толық негізделген, сонымен қатар барлық халыққа ортақ жалпы педагогикалық көзқарастары да бар. Мұндай көзқарастардың болуы бұл халықтың тарихи және географиялық дамуының ортақ болуы, жалпы адамзаттық рухани инабаттылықтардан туындаған мақсат, мүдделернің ортақтығынан, педагогикалық дәстүрлерінің өзара әсерінен туындаған. Этнопедагогика педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде педагогикалық заңдар мен заңдылықтарға, педагогикалық принциптерге бағынады. 

Информация о работе Этнопедагогиканың зерттеу объектісі және пәні