Қоғамдағы мұғалімдер мәртебесін анықтауға арналған зерттеу жұмысының мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 20:36, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу мақсаты: Педагогикалық қызметтің ерекшеліктерін және қоғамдағы маңызын теориялық тұрғыда зерттей отырып, мұғалім кәсібінің әлеуметтік мәртебесін тәжірибе жүзінде анықтай отырып, оны арттырудың жолдарын айқындау.
Зерттеу міндеттері:
1. Педагогикалық қызметтің ерекшелігі мен маңызын анықтау;
2. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерінің мәнін ашу.
3. Мұғалімге қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттерін айқындау.
4. Қоғамдағы мұғалімдер мәртебесін анықтауға арналған зерттеу жүргізу;

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................................3
І ТАРАУ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МҰҒАЛІМНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ МАҢЫЗЫ
1.1. Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы маңызы..................5
1.2. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері .................................................10
1.3. Мұғалімге қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттері...........13
ІІ ТАРАУ. ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕСІН ЗЕРТТЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ МАЗМҰНЫ
2.1. Қоғамдағы мұғалімдер мәртебесін анықтауға арналған зерттеу жұмысының мазмұны ...................................................................................15
2.2. Педагог әлеуметтік мәртебесін арттырудың жолдары..........................24
Қорытынды.....................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................30

Вложенные файлы: 1 файл

Моля курсавой.docx

— 86.44 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

 

Кіріспе ..................................................................................................................3

І ТАРАУ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МҰҒАЛІМНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ МАҢЫЗЫ

1.1.  Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы маңызы..................5

1.2. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері .................................................10

1.3. Мұғалімге қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттері...........13

ІІ ТАРАУ. ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕСІН ЗЕРТТЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ МАЗМҰНЫ

2.1. Қоғамдағы мұғалімдер мәртебесін анықтауға арналған зерттеу жұмысының мазмұны ...................................................................................15

2.2. Педагог әлеуметтік мәртебесін арттырудың жолдары..........................24

Қорытынды.....................................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу көкейкестілігі

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру мәселесі осы қоғамдағы адами фактор мәселесімен тікелей байланысты, себебі жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті жастар мен құзіретті мамандар ғана қоғамның өркендеп дамуына елеулі үлес қоса алады. Қоғамымыздың қарқынды дамуы үшін бәсекеге қабілетті, әлеуметтік белсенділіктері дамыған жас мамандар қажет. Ал осындай азаматтар тұлғасын қалыптастыруда олардың ата-аналарымен қатар білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің ерен еңбектері мен игі істерінің алатын орны зор.

Осы тұрғыда еңбегі өлшеусіз, өз баласынан артық көріп, қамқор бола білетін жан ол – ұстаз. Өз бойындағы жақсы қасиеттерді, алған білімін шәкіртінің бойына дарытып, аянбай еңбек ететін жандар. Осы орайда мұндай іс-әрекеттің жиынтығына ғылым тілінде мынадай анықтама берген: "Педагогикалық қызмет – педагогикалық процесте тәрбиеленуші тұлғасын тәрбиелеудің, дамытудың, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға және өзін еркін шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кәсіби қызмет".    Педагогикалық қызмет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу.

Педагог кәсібімен айналысатын адам үнемі бақылау үстінде болатыны анық. Мұғалімдікті тандаған адам басқаларға үнемі үлгі -өнеге көрсете алу керек, себебі бұрыннан бері халық арасында ұстаз беделі, ұстаз абыройы жоғары бағаланған. Оның білімімен,ақылдылығымен қатар сөйлеген сөзі, киінген киімі, жүріс –тұрысы,айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы барынша үйлесімді,жарасымды болуы шарт.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты[2;3].

Бәсекеге қабілетті ұстаз- жаңа ғылыми білімдерді іздеуге,меңгеруге дейін, тез және дұрыс шешім қабылдап алатын, өзінің кәсіби қабілеттілігіне сенімді,шығармашыл, кәсіби құзіретті тұлға ретінде сипатталады.Болашақ мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның өзін іске асыра алу біліктілігіне, өзін жетілдіріп дамыта алу іскерлігіне байланысты болады. Тек осыдан қабілеттілікті қалыптастыру арқылы ғана мұғалім табысты нәтижеге жетіп, педагогикалық еңбектің шыңына қол жеткізе алады.

Мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын ашу үшін оның басқа мамандықтарға қарағандағы әлеуметтік құндылығын, оның қоғамдағы орны мен рөлін тереңірек қарастырған жөн.Сан-алуан мамандықтардың ішінде мұғалім мамаңдығы «адам-адам» жүйесіне катысты мамандық, бірақ осындай жүйеде адаммен тығыз жұмыс істейтін басқа да мамандык иелсрі жеткілікті. Мысалы, дәрігер, юрист, артисттер, сатушылар т.с.с. мамандар да адамдармен тығыз қарым-қатынаста болады ғой. Педагог мамандығының маңыздылығы оның қогам дамуындагы рөлімен анықталады. Педагог мамандығында жетекші идея, негізгі міндет - адам дамуының мақсаттарын түсініп, басқа адамдарды сол мақсаттарға жетуге бағыттау.

Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттерін зерттеумен айналысқан педагогтар:А.К.Маркова,Л.М.Митина,Н.В.Кузьмина, В.П.Симонов, К.С.Успанов, А.А.Молдажанова т.б.

Зерттеу мақсаты: Педагогикалық қызметтің ерекшеліктерін және қоғамдағы маңызын теориялық тұрғыда зерттей отырып, мұғалім кәсібінің әлеуметтік мәртебесін тәжірибе жүзінде анықтай отырып, оны арттырудың жолдарын айқындау.

Зерттеу міндеттері:

1. Педагогикалық  қызметтің ерекшелігі мен маңызын  анықтау;

2. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерінің мәнін ашу.

3. Мұғалімге қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттерін айқындау.

4.  Қоғамдағы мұғалімдер мәртебесін анықтауға арналған зерттеу жүргізу;

5.   Педагог әлеуметтік мәртебесін арттырудың жолдарын айқындау.

Зерттеу объектісі: Мұғалімдердің педагогикалық қызметы

Зерттеу пәні: Педагогикалық шеберлік негіздері.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер педагогикалық қызметтің ерекшелігі мен маңызы жүйелі түрде зерттеліп, қоғамда педагогикалық қызметтің рөлі мен маңызы талқыланып, педагогтың әлеуметтік мәртебесін көтеру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілсе, онда педагогикалық қызметтің сапасы жақсарып, педагог мамандығының беделі арта түспек.  

Зерттеу әдістері:  Зерттеу проблемасы бойынша Қазақстан Республикасының ресми материалдарына талдау жасау, психологиялық, педагогикалық-әдіснамалық әдебиетерді теориялық тұрғыдан талдау,  оқушыларға сауалнама жүргізу, педагогикалық бақылау, әңгімелесу.

Зерттеудің көздері: педагогикалық, философиялық оқулықтар, озат  мұғалімдердің  еңбектері, педагогикалық  тәжірибелер.

 

І ТАРАУ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МҰҒАЛІМНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ МАҢЫЗЫ

 

1.1.  Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы  маңызы

 

Педагогикалық кәсіптің қалыптасуын зерттеу үшін әуелі педагогика деген сөздің этимологиясына тоқталып өтейік. Педагогика деген сөз грек тілінен аударғанда «paida» - бала, «gogas» - жетектеуші деген мағынаны білдіреді. Жас ұрпақты тәрбиелеу  -  адамзат тәрбиелеу – адамзат қоғамына ғана тән әлеуметтік құбылыс. Ежелгі Грецияда педагогтар деп баланы мектепке жетектеп апарып қарап, қадағалап жүретін күтуші адамдарды атаған.

Ал кейінен қоғамдық тәжірибені жас ұрпаққа жеткізу, және оларды еңбек етуге даярлау қажеттілігі педагогтық кәсіптің пайда болуына негіз болды. Сондықтан педагогтар деп балалардың өмірлік жетекшілері ретінде тәрбиешілер мен мұғалімдер атала бастаған

Алғашқы қоғамның өзінде-ақ тәрбие еңбек пен өмір сүру процестерінің негізінде пайда болды. Педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы тұрмыстық бақылауларды жалпылауға, тәрбие мәселесіне байланысты әр-түрлі пікірлердің жүйеленуіне негізделеді. Бұл қауымдық құрылыста үлкендердің әлеуметтік тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу еңбек іс-әрекетімен тығыз байланысты еңбек құралдары да өзгере түсті.

Әлеуметтік, экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты адамзат қоғамының әрбір даму сатысында тәрбие мен білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгеріп отырған. Тарихи мәліметтерге негізделетін болсақ ең алғашқы  сандар, әріптер, жазулар б.э.д. 2500 жыл бұрын пайда болған екен. Міне сол кездің өзінде жаза алатын адамдар өз білімдерін жас буындар арасындағы таңдаулы балаларға меңгертіп отырған.

Құл иеленушілік қауымдық құрылыстан бастап ең алғашқы педагогикалық мәліметтер тәрбие мен оқыту міндеттері жайлы, әр-түрлі пәндер туралы көзқарастар, ұстаз бен оқушыға қойылатын талаптар белгілі философ-ойшылдардың көзқарастарында жүйелене бастағаны байқалады.

Педагогикалық ойлар философия, дін, қоғамдық саясат негізінде дамып отырған. Қасиетті діни кітаптарда адамдардың мінез-құлқына қойылатын талаптар, ата-ана міндеттері мен бала құқығы, адамдардың қарым-қатынас ережелері, тәртіптері жайлы, жақсы мен жаманды ажырата білуге байланысты ақыл-кеңестер жазылғаны белгілі[8;7].

Құнды тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер Демокрит, Протагор, Сократ, Платон, Аристотель, Квинтилиан сынды атақты философтардың еңбектерінде елеулі орын алатыны анық.

Шығыс елдерінде орта ғасырларда тәлім-тәрбиелік ой-пікірлермен қатар математикалық, астрономиялық, медициналық білімдер қарқынды дами түсті.   Аты әлемге әйгілі шығыстың ғұлама ғалымы, ойшыл, философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астраном, лингвист, логик, музыка өнерінің зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабидің асыл мұрасында басқа мәселелермен қатар тәрбие, тәртіп, этика, эстетика, ізгілік, адамгершілік мәселелері үлкен орын алады. Оның «Әлуметтік этникалық трактаттар», «Бақытқа жету жолдары», «Азаматтық саясат», «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» сияқты еңбектері әлі күнге дейінпедагогикалық білімнің, тәрбиенің қайнар көзі деуге болады.

Орта Азияда түркі тілдес халықтар үшін аса маңызды, тәрбиелік мәні жоғары құнды педагогикалық идеялар Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат та-түрік», Жүсіп Баласұғынның «Құтты білік», Ибн Сина рубайлары, Әбу Райхан әл Бирунидің тарихи тәлімдік, матиматикалық пікірлері, әл – Хогрезмидің төрт ғасырдан Еуропа елдерінде оқу құралы ретінде қолданылған «Ал- Джебр» еңбегі, Фирдеусидің «Шахнамасы», Низамидің «Ләйлі мен Мәжнүні», Қожа Ахмет Яссауидің «Диуни хикметі» тағы басқа тәлім- тәрбиелік еңбектері жастарды білім ғылымға шақыруға, адамгершілік қасиеттері мен гуманистік көзқарастарын қалыптастырудағы асыл мұра, құнды мирас.

Орта ғасырларда көптеген мемлекеттерде тәрбие процесінің басым көпшілігі діни сипсты болған. Педагогикалық кәсіптің пайда болыцсымен –ақ ұстаздарға білімді берумен қатар тәрбиешілік міндет те жүктелді. Ұстаз тұлғасы - әрі тәрбиеші, әрі оқытушы, әрі кеңесші сияқты рөльдерді қамтитін болды. Әр халықтың ойшылдары, қай ғасырда болмасын тәрбиемен оқыту процестерін ажыратпас біртұтас процесс ретінде қарастыруды талап еткен. Себебі тәрбие адамның бүкіл тағдырына әсерін тигізеді, оның өмірінін рухани негіздерін қалайды. «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие.  Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қос жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» - деген әл- Фарабидің сөздері қазіргі дамуы жылдам қоғамызда да өзекті болып отыр.

Сонымен, педагогиканың ғылым ретінде дамуын адамдардың өмір мен еңбекке дайындалуын объективті қажеттіліктері анықталады деуге болады. Педагогиканың өз алдына жеке ғылым болып қалыптасуына XIIV ғасырда өмір сүрген чех педагогы Я.А. Комескидің қосқан үлесі өте зор. Ол мектептерге арналған ондаған оқулықтар, 200 ден астам педпгогикалық еңбектер жазып оқытудың сынып – сабақ жүйесі жасаған адам. Қазіргі кезде сынып сағат жүйесі, каникулдар, оқыту процестері осы педагоктың атымен тығыз байланысты. Жалпы педагогикалық ғылымның дамуында, жетілуінде И.Г. Песталоции, Ж.Ж. Руссо, К.А. Гельвеций, Д.Дидро, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, В.А. Сухомлинский сынды педагоктар есімдері ерекше орынға ие.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру мәселесі осы қоғамдағы адами фактор мәселесімен тікелей байланысты, себебі жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті жастар мен құзіретті мамандар ғана қоғамның өркендеп дамуына елеулі үлес қоса алады. Қоғамымыздың қарқынды дамуы үшін бәсекеге қабілетті, әлеуметтік белсенділіктері дамыған жас мамандар қажет. Ал осындай азаматтар тұлғасын қалыптастыруда олардың ата-аналарымен қатар білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің ерен еңбектері мен игі істерінің алатын орны зор.

Мұғалімдік кәсіптің ежелден қалыптасқанын баршамыз білеміз. Адамдар қай қоғамдық формацияда болмасын жас ұрпакқа өз тәжірибесін жеткізіп, білгендеріне үйретіп және мақсатты, саналы түрде өмір заңдылықтарын меңгертуге талпынған.Адамзат қоғамының қай даму сатысында   болмасын мұғалімдік кәсіптің атқаратын рөлі ерекше жоғары бағаланған. Мектеп және білім беру жүйелері өскелең ұрпақтың әлеуметтенуіне, қоғам дамуына сәйкес тәрбиеленуіне қашан да елеулі үлесін қосып келеді.

Білім берудің өзін қазіргі таңда ауқымы кең әлеуметтік процесс ретінде қарастыра отырып болашақ мұғалімдерді даярлау барысында кәсіпке баулу және әлеуметтендіру процесстерін ұлітастыру қажеттілігін аңғарамыз. Педагогикалық жоғары оқу орнына келген әрбір студент жоғары сапалы деңгейде таңдаған кәсібін меңгеруі кажет, онсыз нағыз мүғалім, нағыз педагог тұлгасы қалыптаспайды, және онсыз кәсіптік білім беру ұғымы өзінің бастапқы мәнін де жоғалтып алуы мүмкін.

Мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын ашу үшін оның басқа мамандықтарға қарағандағы әлеуметтік құндылығын, оның қоғамдағы орны мен рөлін тереңірек қарастырған жөн.

Сан-алуан мамандықтардың ішінде мұғалім мамаңдығы «адам-адам» жүйесіне катысты мамандық, бірақ осындай жүйеде адаммен тығыз жұмыс істейтін басқа да мамандык иелсрі жеткілікті. Мысалы, дәрігер, юрист, артисттер, сатушылар т.с.с. мамандар да адамдармен тығыз қарым-қатынаста болады ғой. Педагог мамандығының маңыздылығы оның қогам дамуындагы рөлімен анықталады. Педагог мамандығында жетекші идея, негізгі міндет - адам дамуының мақсаттарын түсініп, басқа адамдарды сол мақсаттарға жетуге бағыттау[11;24].

Информация о работе Қоғамдағы мұғалімдер мәртебесін анықтауға арналған зерттеу жұмысының мазмұны