Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 20:36, курсовая работа
Зерттеу мақсаты: Педагогикалық қызметтің ерекшеліктерін және қоғамдағы маңызын теориялық тұрғыда зерттей отырып, мұғалім кәсібінің әлеуметтік мәртебесін тәжірибе жүзінде анықтай отырып, оны арттырудың жолдарын айқындау.
Зерттеу міндеттері:
1. Педагогикалық қызметтің ерекшелігі мен маңызын анықтау;
2. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерінің мәнін ашу.
3. Мұғалімге қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттерін айқындау.
4. Қоғамдағы мұғалімдер мәртебесін анықтауға арналған зерттеу жүргізу;
Кіріспе ..................................................................................................................3
І ТАРАУ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МҰҒАЛІМНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ МАҢЫЗЫ
1.1. Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы маңызы..................5
1.2. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері .................................................10
1.3. Мұғалімге қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттері...........13
ІІ ТАРАУ. ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕСІН ЗЕРТТЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ МАЗМҰНЫ
2.1. Қоғамдағы мұғалімдер мәртебесін анықтауға арналған зерттеу жұмысының мазмұны ...................................................................................15
2.2. Педагог әлеуметтік мәртебесін арттырудың жолдары..........................24
Қорытынды.....................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................30
Ваучерлік-модульдік қаржыландыру жүйесін енгізумен педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесі жаңғыртылады. Педагог кадрларды даярлау сапасын бақылау жəне ынталандыру үшін біліктілік деңгейін бағалау тəуелсіз коммерциялық емес үкіметтік емес агенттіктерде өтетін болады.
Педагогтерді аттестаттау мұғалім білімін тестілеу, оқу-əдістемелік қызметі туралы есеп беруінен тұратын, мүдделі адамдар (оқушылардың ата-аналары) мен жұртшылықтың пікіртерімі рəсімдерінен тұратын жинақтық бағалау негізінде жүргізіледі.
Мұғалімнің
кəсіби беделін көтеру
Демек, педагогтің мәртебесін
жоғарылату – Қазақстан
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың: «Біз мұғалімнің мәртебесі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз», – деген сөзін әр педагог үміт сәулесіндей көкірегінде сақтап жүр. Шындығында, бұл сөз іске айналып келе жатыр деп сенгіміз келеді. Көзі қарақты қауым «Білім туралы» заңға педагог мәртебесі туралы жеке тарау енгізілгенін біледі және осы тарауда «мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасайды» деп анық жазылған. Тек осы мұғалім мәртебесін көтеру жолында қателеспесек болғаны.
Шын, мәнінде мұғалімнің
мәртебесі тек қана оның
Ұсыныстар. Сонымен, сыртқы пікірлер мен бағдарламадағы қарастырған мәселелерді талдай отырып, төмендегіше ұсыныстар беріледі:
ҚОРЫТЫНДЫ
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру мәселесі осы қоғамдағы адами фактор мәселесімен тікелей байланысты, себебі жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті жастар мен құзіретті мамандар ғана қоғамның өркендеп дамуына елеулі үлес қоса алады. Қоғамымыздың қарқынды дамуы үшін бәсекеге қабілетті, әлеуметтік белсенділіктері дамыған жас мамандар қажет. Ал осындай азаматтар тұлғасын қалыптастыруда олардың ата-аналарымен қатар білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің ерен еңбектері мен игі істерінің алатын орны зор.
Осы тұрғыда еңбегі өлшеусіз, өз баласынан артық көріп, қамқор бола білетін жан ол – ұстаз. Өз бойындағы жақсы қасиеттерді, алған білімін шәкіртінің бойына дарытып, аянбай еңбек ететін жандар. Осы орайда мұндай іс-әрекеттің жиынтығына ғылым тілінде мынадай анықтама берген: "Педагогикалық қызмет – педагогикалық процесте тәрбиеленуші тұлғасын тәрбиелеудің, дамытудың, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға және өзін еркін шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кәсіби қызмет". Педагогикалық қызмет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу.
Педагог кәсібімен айналысатын адам үнемі бақылау үстінде болатыны анық. Мұғалімдікті тандаған адам басқаларға үнемі үлгі -өнеге көрсете алу керек, себебі бұрыннан бері халық арасында ұстаз беделі, ұстаз абыройы жоғары бағаланған. Оның білімімен,ақылдылығымен қатар сөйлеген сөзі, киінген киімі, жүріс –тұрысы,айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы барынша үйлесімді,жарасымды болуы шарт. Осыдан талаптарға сай даярланған болашақ ұстаздар тұлғасы жаңа сапалы деңгейлерге көтеріліп, жылдан жылға дамып,бәсекеге барынша қабілетті,қоғам болашағына елеулі үлестерін қоса алатын,кәсіби құзіретті болуы өте маңызды.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.
Бәсекеге қабілетті ұстаз- жаңа ғылыми білімдерді іздеуге,меңгеруге дейін, тез және дұрыс шешім қабылдап алатын, өзінің кәсіби қабілеттілігіне сенімді,шығармашыл, кәсіби құзіретті тұлға ретінде сипатталады.
Болашақ мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның өзін іске асыра алу біліктілігіне, өзін жетілдіріп дамыта алу іскерлігіне байланысты болады. Тек осыдан қабілеттілікті қалыптастыру арқылы ғана мұғалім табысты нәтижеге жетіп, педагогикалық еңбектің шыңына қол жеткізе алады.
Мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын ашу үшін оның басқа мамандықтарға қарағандағы әлеуметтік құндылығын, оның қоғамдағы орны мен рөлін тереңірек қарастырған жөн.
Сан-алуан мамандықтардың ішінде мұғалім мамаңдығы «адам-адам» жүйесіне катысты мамандық, бірақ осындай жүйеде адаммен тығыз жұмыс істейтін басқа да мамандык иелсрі жеткілікті. Мысалы, дәрігер, юрист, артисттер, сатушылар т.с.с. мамандар да адамдармен тығыз қарым-қатынаста болады ғой. Педагог мамандығының маңыздылығы оның қогам дамуындагы рөлімен анықталады. Педагог мамандығында жетекші идея, негізгі міндет - адам дамуының мақсаттарын түсініп, басқа адамдарды сол мақсаттарға жетуге бағыттау.
Мұғалім қызметі тек болашаққа ғана бағытталған. Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметі балалардьң болашағына байланысты болып келеді. ¥стаз еңбегінің нәтижелілігі де келешекте ғана көрініс береді. Мысалы, мұғалім еңбегінің жемісі нақты бір іс-әрекет жасағаннан кейін емес, айлар, жылдар өткен соң, шәкірттің бір табысқа қол жеткізуіне байланысты бағаланады.
Мұғалім қызметі үнемі гуманистік сипатта болады. Ұстаздық қызметтің тағы бір ерекшелігі - педагогтардың әр шәкіртінің жүрегіне жол таба білуінде, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай жасай алуында. Ең бастысы мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірді, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті - адамгершілік қадір-қассиетті сезінуге тәрбиелеуі керек. Адамдық кадір-қасиет - адам бойындағы ең қымбат байлық. Тәлім-тәрбиелік, оқу-танымдык жолында мұғалімнің кәсіби жетістігі әрбір оқушысының мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты.
Педагогикалық іс-әрекеттің
нәтижесінің табысты болуы мұғалімнің
тұлғалық қасиеттерімен де тығыз байланысты
болып келеді. Мұғалімдердің кәсіби маңызды
қасиеттерін зерттеумен айналысқан педагогтар: А.К.Маркова,Л.М.Митина,Н.В.
Қазіргі қоғам дамуында мұғалімдер өздеріне аса жауапты іс жүктелгенін саналы түрде сезініп, ол еңбекті атқаруда барлық ерік-жігерлерін, күш-қайратын, білім, іскерліктерін жұмсап табысты нәтижеге жетуді көздеулері керек. Мұғалімдерге баланың мінез-құлқының, дүниетанымының, адамгершшік қасиеттерінің қалыптасуы,жалпы олардың өсіп дамуының ең маңызды кезеңі тапсырылған. Осындай аса жауапты істі қолға алып отырған мұғалімдер өздерінің бала өміріндегі рөлін әрқашан да жоғары деңгейде атқаруға міндетгі.
Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттеріне мынадай негізгі қасиетерді кіргізуге болады:
- оқушыларға деген сүйіспеншілігі;
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады:
- жалпы адамзаттық қасиеттері;
- кәсіби-педагогикалық
- арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары.
Тәжірибелік-эксперимент бөлімінде қазіргі қоғамдағы мұғалімдердің мәртебесі жөніндегі қоғамдық пікірді анықтадық. Осы мақсатта дайындалған сауалнама мектеп оқушыларына, студенттерге және мектеп мұғалімдеріне жүргізілді.
Зерттеу нәтижесінде мектеп оқушыларынан пікір жан-жақтылығы байқалды. Әрине, оқушылар педагог мәртебесі туралы арнайы мәселе көтеріліп жатқандығынан бейхабар. Сонда да өздерінің мұғалім мәртебесі туралы сұрақты түсінгендігін білдіруге тырысқан. Студенттер өздеріне етене таныс мұғалімнің әлеуметтік портретін әрқайсысы әр қырынан аша түскен. «Мұғалім мәртебесі» туралы да пікірлері кәсіби деңгейде қалыптаспағандығын байқатады. Алайда, шынайылықтан алшақ кетпеген. Салиқалы ой айта алатын студенттердің бар екендігі де қуантты.
Мұғалімдердің пікірін тыңдалды. «Қазіргі қоғамдағы мұғалім мәртебесі» туралы және арнайы бағдарламаға сай педагог мамандығының беделін көтеру мақсатындағы жасалып жатқан жұмыстардан қаншалықты хабардар екендігін аңғартатын пікірлер қағазға түсірілді.
Мектеп мұғалімдерінің көзқарастары мен пікірлерін саралай келе, түйетін ой педагог мәртебесі туралы көтеріліп жатқан проблеманы көптеген мұғалімдер біле бермейді. Білгендерінің өзі сенімсіздік танытады. Қай-қайсысын да сөзге тартсаң, мұғалім мәртебесі туралы ойды жалақы тақырыбы төңірегінен ғана қарайды. Демек, «сананы тұрмыс билеп» тұрғаны анық.
Педагогтің мәртебесін жоғарылату – Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың: «Біз мұғалімнің мәртебесі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз», – деген сөзін әр педагог үміт сәулесіндей көкірегінде сақтап жүр. Шындығында, бұл сөз іске айналып келе жатыр деп сенгіміз келеді. Көзі қарақты қауым «Білім туралы» заңға педагог мәртебесі туралы жеке тарау енгізілгенін біледі және осы тарауда «мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасайды» деп анық жазылған.
Шын, мәнінде мұғалімнің
мәртебесі тек қана оның
Ұсыныстар. Сонымен, сыртқы пікірлер мен бағдарламадағы қарастырған мәселелерді талдай отырып, төмендегіше ұсыныстар беріледі:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Қоғамдағы мұғалімдер мәртебесін анықтауға арналған зерттеу жұмысының мазмұны