Құқықтың ұғымы, сипаттамасы және белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 01:06, реферат

Краткое описание

Құқық деп - мемлекет шығарған немесе бекіткен, мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы дейміз немесе адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп, көбінесе заңдарда баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығын айтамыз.
Құқықтың сипаттамасы:
1. Құқықтық нормаларды мемлекеттік органдар ресми түрде қалыптастырады, әлеуметтік нормалардың басқа түрлерін қоғамдық ұйымдар қабылдайды, мемлекеттің оған қатысы жоқ.

Вложенные файлы: 1 файл

Құқықтың ұғымы.docx

— 20.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

Құқықтың ұғымы, сипаттамасы және белгілері

 

Құқық деп - мемлекет шығарған немесе бекіткен, мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы дейміз немесе адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп, көбінесе заңдарда баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығын айтамыз.

Құқықтың  сипаттамасы:

1. Құқықтық нормаларды мемлекеттік  органдар ресми түрде қалыптастырады, әлеуметтік нормалардың басқа  түрлерін қоғамдық ұйымдар қабылдайды, мемлекеттің оған қатысы жоқ.

2. Құқықтың нормалардың мемлекеттің  барлық аумағына, барлық ұйымдарға  заңды күші болады.

3. Құқықтық нормалрдың жеке адамдардың  және қоғамдық мүдде-мақсаттарын  қамтиды, басқа нормалар жеке  ұйымдардың, бірлестіктердің мақсатын  қамтиды.

4. Құқықтық нормалардың орындалуын  мемлекеттік органдар бақылап  отырады, басқа нормаларға мемлекеттің  қатысы жоқ, олардың орындалуын  ұйымдар, бірлестіктер бақылайды.

Құқықтың  белгілелері:

1. құқықтың жүйелігі.Құқық бірнеше  бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс.  Оның бір бөлігі-табиғи құқықтың  мазмұны адам мен қоғамның  табиғатына байланысты әлеуметтік-құқықтық  талаптармен анықталады. Құқықтық  жүйенің екінші бөлігі-мемлекеттегі  қолданылатын барлық заңдардың  жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшінші  бөлігі-субъективтік құқықтар. Осы  айтылған бөліктер бірімен-бірі  табиғи түрде байланысты, бірінсіз  басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға  болмайды.

2. Құқықтық нормативтік сипаты. Құқық  қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден  тұрады. Басқаша айтқанда, қоғамдық  қатынасқа қатысушылар өз іс-әрекеттерін,  мінезін белгілі ережеде көрсетілген  қалыпқа бейімдеулері қажет.

3. Құқықтық формальды анықтылығы. Ол құқықтың мемлекетпен байланысты  екенін көрсетеді. Құқықты, оны  құратын заңдарды, басқа нормативтік  актілерді жасайтын, жалпы алғанда,  мемлекет. Мемлекет органдардан  тұрады, демек, мемлекет органдары  заңдарды жасайды. Заң-ережелер  жиынтығы. Олар жай заң емес, мемлекет  атымен жасалатын болғандықтан  ресми сипаты бар ережелер. Әрбір  ереже, қағида заң шығарушының  тұлғалардың мінез-құлқы туралы  ойын анықтап, түсінікті түрде  тұжырымдайды.

4. Құқықтың мемлекеттің күшіне  сүйенуі. Егер мемлекет құқық  қағидаларыныңжүзеге асуына, дұрыс  қолданылуын қамтамасыз етпесе,  олар тек қағаз бетінде ғана  жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның органдары тұлғалардың құқықтарын  жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай  жасайды.

5. Құқықтың адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан Республикасының Конституциясында  жазылғандай, мемлекеттік биліктің  бірден-бір бастауы-халық.Халық билікті  тікелей референдум және еркін  сайлау арқылы жүзеге асырады,  сондай-ақ өз билігін жүзеге  асыруды мемлекеттік органдарға  береді. Конституция-құқықтың өзегі,  ұйтқысы.Ол еркін білдіреді, ойыеһн  жүзеге асырады. Халықтың ойын, еркін мемлекет органдары тиісті  нормативтік актілер қабылдау  арқылы жүзеге асырады. Халық  Президенті, Парламент депутаттарын, маслихат депутаттарын сайлайды. Президент халық атынан әрекет  жасап, өз өкілеттілік шеңберінде  нормативті актілер-заң күші бар  жарлықтар, жай нормативті күші  бар жарлықтар қабылдайды. Ал  сайланған депутаттар халық игілігі үшін қызмет атқарады. Сөйтіп, құқық халықтың жағдайын жақсартуға жан-жақты және әр кезде көмек болып отыруы керек.

2.Құқықтың қағидалары және қайнар көздері

Құқықтың  қағидалары – құқықтың  мәнін білдіруде оған негіз болатын идеялар мен бастаулар. Ол идеялар әділеттік пен бостандықтардың сара жолын қорытындылау арқылы шығарылады. Құқықтың қағидаларына мыналар жатады: заңдылық, әділеттілік,адамгершілік, демократиялық, заң алдында барлығы тең.

Құқықтың  қайнар көзі – құқықтық  нормаларды білдіру және бекіту тәсілдері десек болады. Құқықтың қайнар көзінің мынадай түрлері бар:

1. Құқықтық әдет ғұрып-адамдардың  санасында болатын, ұдайы қолданудың  барысында дағдыға айналған және  құқықтық салдарға апарып соқтыратын, тарихи түрде қалыптасқан жүріс  тұрыс ережесі. Мысалы:кезіндегі  қатынастарды реттеген "Қасым  ханның қасқа жолы", "Есім  ханның ескі жолы", "Әз Тәукенің  Жеті жарғысы", "Хақназардың  ақ жолы".

2 Соттық прецедент-нақты іс бойынша  қабылданған және кейінде осыған  ұқсас істерді шешуде қолданылуы  міндетті болатын сот немесе  қайсібір мемлекеттік органның  шешімі. 0ның 2 түрі бар:

а)Соттық прецедент

б)Әкімшілік  прецедент (басқару органдарының шығарған шешімі)

Соттық  прецедент көбінесе Англия, АҚШ, Канада, мемлекеттерінде көбінен қолданады. Өйткені бұл мемлекеттеріндегі  құқықтық семья англо-саксондық  болып табылады. Осы жоғарыда көрсетілген  мемлекеттер көбінесе соттық предентке  көп мән береді. Ал романо-германдық  құқықтық семьяда бірінші орында нормативті актілерге сүйенеді және қосымша ретінде ғана соттық прецедентке  сүйенеді. Сот шешім немесе үкім шығарған кезде заң шығарушы орган  рөлі ретінде құқықты қалыптастырады. Жоғары тұрған мемлекет органдары қабылдаған нақты шешім төменгі тұрған мемлекет органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады.

3. Нормативтик құқықтық акт-биліктік  құқық нормаларын белгілейтін,  оларды өзгертетін және жоққа  шығаратын мемлекеттік органның  жазбаша актісі немесе мемлекеттік  органның қабылдаған, бекіткен актілері  десек болады. Қоғамдағы қарым-қатынастардың  көпшілігін осы нормативтік актілер  арқылы реттеліп, басқарылады. Қазақстанда  барлық қатынастар нормативтік  актілермен реттелінеді десек  болады. Өйткені бізде романо-германдық  құқықтық семья болып табылады. Бізде нормативтік актілер туралы  арнайы заң да қабылданған. 

Тәуелсіз  Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік актілер  арқылы қалыптасуда. Құқықтың нәр алатын бастауы-Қазақстан Республикасының  Конституциясы. Конституция ең жоғарғы  күші бар және Республикасының бүкіл  аумағында ол тікелей қолданылады. Одан төмен тұрған-конституциялық заңдар. Содан кейінгі-жай заңдар. Конституция  ең жоғарғы күші бар және Республиканың  бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Одан төмен тұрған-конституциялық заңдар. Содан кейінгі-жай заңдар. Конституцияны  қабылдау референдум арқылы, яғни бүткіл халықтың қатысуы арқылы қабылданды. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар республикалық референдум арқылы болады. Ал конституциялық және жай заңдарды Парламент қабылдайды. Сол сияқты Президент өз өкілеттілігіне жататын  мәселелер бойынша нормативтік  жарлықтар шығарады. Сол сияқты Парламент  Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттілігін  беруге хақылы. Үкімет те өз құзіретіндегі  мәселелер бойынша қаулылар шығарады. Конституциялық кеңесте өз құзырындағы  мәселелер бойынша нормативтік  қаулылар шығарады. Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты да өз құзырына жататын  мәселелер бойынша нормативті қаулылар қабылдауға құқылы.

4. Құқықтық доктрина-құқықтың жақсы  қалыптасуына, дамуына, орындалуына  үлкен үлес қосады. Құқықтық сана-сезімнің  деңгейін көтеруге зор әсер  етеді. Ғалымдардың еңбектері  жатады: монографиялар, статьялар  т.с.с.

5. Нормативтік шарттар-қоғамдағы қатынастардың  негізі бола алады. Жалпы таныған  халықаралық құқық қағидалары, мемлекет  белгіленген тәртіппен бекіткен, халықаралық шарттар, пактілер, конвенциялар  жатады.

6. Діни нормалар т.с.с.

а)Құран-ислам  дінінің бас құралы.

б)Сунна-құдайға  байланысты дәстүрлер.

в)Иджма-мұсылман қоғамының біртұтас келісімі.

г)Қияс-аналогиялық  пікірлер.

Құран-Алланың  соңғы Пайғамбары Мұхаммедке жіберген қасиетті кітабы. Бірақ ол құқық  кітабы немесе кодекс емес.

Қасиетті  кітап құран барлық белгілі оқиғаларды түсіндіреді. Ол адамның өмірге келуін, тууын, өліміне дейін талдаужасайды. Ол ежелгі араб тілінде жазылған.

Құранда соңғы жағынан қысқартылған 90 меккелік, 24 медециналық сүре бар. Олар шабытты  жазылған. Айқын ырғақпенұйқастырылған  сөйлемдер тыңдаушыға әсер етіп, ислам  құдіретін сездіреді.

"Алладан  басқа құдай жоқ, Мұхаммед-оның  пайғамбары"-деген исламның негізгі  қағидасы. Мұсылмандықтың негізгі  өзегін фатализм құрайды. "Сіздерге  берген нәрсені сіз әлсірете  алмайсыз". Құран бастаған істі  аяқтауды уағыздайды:

~пітір  төлеу

~бес  уақыт намаз оқу

~ораза  тұту

~қажылыққа  бару

~Мұхаммед  пайғамбарды мойындау сияқты  бес парызын қатал сақтау керек.

Сунна-Пайғамбардың тұрмыс-тіршілігі жөнінде діни нанымдағыларды қалай басқару керектігі туралыәңгімелейді. Мұсылмандық дәстүр, адаттың жинағы. Бұл Мұхаммедтің қағидаларының бір тармағы. Бұл салттардың жинағы мұсылман құқығының теориясы болып есептеледі.

Иджма-докторлардың өзара келісімімен құралған. Құран да сунна да барлық сұраққа толық жауап бере алмайды.

Мұндай  күрделі жағдайда (қандай бір сұраққа  жауап жоқ кезде), жауап орнына қатып қалған дайын догмалар мен  мұсылман қоғамынынң тұтастығы мысал  ретінде ұсынылады.

Қияс-аналогияны құқық қолдану ретінде талқылауға болады.

 

3 Құқықтық  норма ұғымы және құрылымы

Құқықтық  норма-мемлекетпен рұқсат етілген немемсе белгіленген жеке тұлғаның мүддесін жүзеге асыру барысындағы міндетті немесе мүмкін құрал ретінде шартты түрде бекітілген жалпыға бірдей міндетті мінез-құлықтардың ережелері. Құқықтық нормалардың белгілері бар оларға мыналар жатады:

1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған  бекіткен актісі, оның заңдық  күші болады.

2. Нормада субъектілердің құқығы  мен міндеттері, орындалу жолдары  толық көрсетіледі.

3. Норма ерікті түрде орындалмаса,  еріксіз орындатылады.

4. Құқықтық нормалардың жүзеге  асырылуын, орындалуын мемлекет  қамтамасыз етеді.

5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның  тәртібінің кепілдігі болады.

Құқықтық  нормалардың құрылымы үш элементтен тұрады: гипотеза, диспозиция, санкция.

Гипотеза-диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы қажет. Гипотезаның үш түрі бар:

а) егерде норманың іс-әрекеті бір жағдайдың  болуы мен болмауымен байланысты болса, мұндай гипотезаны жалпылама  гипотеза деп аталады.

ә) егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың  болуы немесе болмауымен байланысты болса, ондай гипотезаны күрделі  гипотеза деп аталады.

б) егерде норманың, іс-әрекеті бірнеше  жағдайдың біреуін таңдау арқылы басталса мұндай гипотезаны альтернативті  гипотеза деп аталады.

Диспозиция-қатынастың мазмұны мен субъектінің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Диспозицияның үш түрі болады:

а) жалпылама түрі-нормада субъектінің  құқығы мен міндеттері айқын көрсетілмейді, мысалы жұмыссыздық туралы заңда  республикалық облыстық аудандық орогандардың міндеттері жалпылама көрсетіледі;

ә) айқын түрі-диспозицияның мазмұны  нормада анық көрсетіледі. Мысалы қылмыстық  кодексінің баптарына диспозицияның  мазмұны толық көрсетіледі;

б) сілтеу түрі-диспозицияның мазмұны  туралыбасқа нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше  баптарына сілтеме жасайды.

Санкция-диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы. Мысалы, ұрлық жасағаны үшін мемлекет оны бас бостандығынан айырады.санкцияның үш түрі болады.

а) Абсолютті айқын санкция-жұмыстан шығару, айып төлеу, қызметтен төмендету  т.б.

ә) салыстырмалы айқын санкция-минимум  мен максимумның арасындағы жауапкершілік.

б) альтернативтік санкция-санкцияның көрсеткен  түрлерінің қайсысын қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.

Осы үш элементтер  толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз рөлін  дұрыс, уақытында, жақсы орындай  алады.

 

4. Құқықтық  қатынас түсінігі, түрлері және  құрамы

Құқықтық  қатынас дегеніміз – мемлекеттік  кепілдіктегі екі жақтың құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас.

Құқықтық  қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың  ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілідк алу, қоғамның дұрыс, прогресстік жолымен дамуын қамтамасыз етеді.

Құқықтық  қатынастардың нышан белгілері:

Бірінші-құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер  арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде  қатынастардың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері дұрыс  орындалмаса жауапкершіліктің түрлері  көрсетіледі.

Информация о работе Құқықтың ұғымы, сипаттамасы және белгілері