Табиғи және жасанды былғары, үлпекті материалдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 09:33, реферат

Краткое описание

Былғары мен тері шикізатына үй жануарлары мен жабайы аңдардың терісі жатады. Былғары өндірісінің шикізат қоры мал шаруашылығы болып табылады. Жалпы алғанда, былғары мен терінің тауарлық қасиеттері олардың қай түліктің терісінен жасалғанына ғана емес, сол түліктің қандай түқымның терісінен жасалғанына да байланысты. Терінің құрылымы. Тері - жануарлар денесінің сыртқы қабаты.

Содержание

1. Былғары және тері өндірісінің шикізаты
2. Шикізаттың қасиеттері және оны алдын ала өңдеу
3. Былғары шикізаттарының түрлерінің сипаттамалары
4. Жасанды былғары
5. Үлпекті материалдар
6. Былғары және терілердін қысқаша сипаттамалары

Вложенные файлы: 1 файл

Динара.doc

— 141.00 Кб (Скачать файл)

11.6. БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ ТЕРІЛЕРДІҢ  ҚЫСҚАША СИПАТТАМАЛАРЫ 

Алтай қойы жүн және ет бағытындағы  биязы жүнді қой түқымы, Алтайда  өсіріліп шығарылған. Былгары мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал. Одан аяқ киім, сырт киім, галанте- рея, техникалық бүйымдар жасалады. Былгары астары - әр түрлі қалыңдықты, тығыздықты бола- ды, сондықтан алдымен созылуға беріктігін, созылғыштығын және салмағын анықтайды. Багыттауыш түктер - ең жуан, үзын, серпімді, сирек өскен, басқа жүндерге қарағанда үшы шығып түрады. Олардың боялуы айтарлықтай бір түсті, түкті жабындағы бағыттауыш түктердің саны 1 см2 10-15 да- надан келеді. Бағалы шикізат деп - аң аулау арқылы алынған жабайы аңдардың өңделмеген терілері. Бүлгын - ең әдемі және бағалы тері береді, сондықтан ол «үлбір патшасы» деп танылған. Дерма (грек. гіегта тері) кориум, кутис, тері омыртқалы жануарлар мен адам терісінің эпидермисінің астындағы терінің дәнекер тканінщ бір бөлімі. Далалық елтірі - қүйрықты қой түқымдарының қозысының терісі, ауданы 400 см^ аз, түкті жабынының үзындығы 5см. Елтірі туғаннан кейін 23 күн ішінде сойылған қозы терісі. Ешкі терісі - өте қүнды шикізат, одан сафиян, шегірен сияқты сапалы былғары бүйымдар жасайды. Әсіресе, жас ешкінің терісі, былғарылық шикізат ретінде өте жоғары бағаланады. Одан әйелдер және ерлер жеңіл аяқ киіміне арналған өте әсем былғары «шевро» дайындайды. Ешкі терісінің қыртыс қабаты, тері қалыңдығының 2-3% қүрайды. Жасанды тері кәдімгі тері орнына қолданатын полимер материал- дар. Олар қүрамына қарай резиналы, талшықты, жүқа қабатты және беті қапталған мата қолданылуына қарай аяқ киімдік, галантереялық, техникалық болып бөлінеді. Жасанды тері жасауда негізгі шикізат кау- чук, полихлорвинил, нитроцеллюлоза, казейн, полиамидтер жүқа қабат түзгіш заттар.

Жасанды үлбір - тоқыма ілмек  тоқу және негізмдеу тәсілімен алынған  грунт және түкті жіптері бар  тоқыма бүйымдарды атайды. Жасанды үлбірлерді шығару тәсілдеріне қарай үш түрге бөледі: ма- талы үлбір, тоқыма үлбірі және негізмделген үлбір. Кряж - қалыңдығы, биіктігі, жібектігі, бояуы, өлшемі белгілі бір географиялық аймақта ауланған, белгілі бір түрдегі түбітті тері үшін сипатты бүл сапа белгілерінің жиынытығы. Қылшық - жуан әрі үзын және бағыттаушы жүндерге қарағанда жиі өскен. Қаракөл елтірісі және елтірі шикізаты - Қаракөл өмірі үш күндік таза түқымды қаракөл қойының қозыларының терілері. Қаракөл түкті жабынының өзіне тән пішін, жібектігі және жылтырлылығымен ерекшеленеді. Қыртыс - терінің түкті жабыны астында жатқан үстіңгі қабаты. Мәліш елтірісі - қойдың жылбысқы және түсік терісінің ауданы 300 см, көп созылған кездегі мойнының шашының үзындығы 2см аспауы тиіс. Мәліш елтірісі қүйрықты қойлардың қозысынан алынады. Бақа қой түқымдастарынан ерекшелігі ең жақсы қасиеттерге ие, және қүйрығының жоқтығы. Қаракөл елтірісінен түкті жабынының аздығымен, муарлы суретінің анық еместігінен, қүйрық орнына доға тәрізді жиектерінің болуымен ерекшеленеді. Мамық түктер - аса жүқа және қысқа, әрдайым қатты бүйраланған. Олар негізінен түктің негізгі көлемінің көпшілігін қүрайды, сонымен қатар жартылай фабрикаттың эстетикалық және пайдалану қасиетіне әсер етеді. Мүйізді ірі қара малдың терісі - шикізаттың майда және ірі топта- рына кіреді. Майда шикізатқа жататындар: өлі туған, сүт еметін және отқа, көкке, шөпке ілінген бүзау терілері. Елтірісі - қылшық жүнді түқымдастарының қозыларының терісі, өлшемі 400 см және түкті жабынының созған кездегі күйі 5 см аса- тын тері. Далалық елтірісінің ерекшелігі мойнының жуан болуы және қүйрығының жоқтығы. Өзең - терінің негізгі қабаты, ол коллагенді, эластинді және ретику- лин талшықтарының күрделі шиеленісуінен қүралған. Тері - жануарлар денесінің сыртқы қабаты. Ол организмді сыртқы орта әсерінен қорғайды және сонымен қатар, денедегі зат алмасу, сыртқа шығару, жылу реттеу процессіне қатысады. Түйе терісі - Түйе терісінің қүрылымы бостау болып келеді.

Ерекшеліктері-мойынтерісініңқалындығыбіркелкіемес,түкқалташалары өзеңге тереңдей орналасқан, өркештің орны дүмпиіп түрады. Теңіз аңдарының үлбірлі терілері - үлбір бүйымдарын жасауға жарамды, белгілі бір жастағы теңіз мысығының, итбалық және нерп терілерін атайды.

Терінің қалыңдығы - былғарының неге жарайтынын және 100 шар- шы метр былғары шығару үшін қанша шикізат кететінін анықтайды. Терінің жамбасынан мойынына дейін (үзына бойына) және жон арқасының етегіне дейін (көлденеңінен) кішіреюін тартылуы (ширау, жиырылуы) деп атайды. Терінің ауданы оның пішімділік қасиеттерін анықтайды. Ауданы 20 дм дейінгі шикізат өңдеу тиімсіз деп саналады. Үлбір шикізаты - түкті қабаты жақсы дамыған кейбір үй жануарларының өңделмеген терілері (қаракөл, қоян, қүлын, елтірі және бүзау терілері). Өлі туган бұзау терісінің салмағы есепке алынбайды, терісі үлбір жасауға жарамайды. Терісінің ауданы - 40-50 дм^, қүйымшақ түсындағы терінің қалыңдығы - 1,2-1,4 мм, қыртыс қабаты қалыңдау, галантереялық былғары жасауға қолданылады. Өгізше терісі - Жаңа сойылған мал терісінің салмағы - 13-17 кг аралығында, ауданы - 200-270 дм^, сауыр терісінің қалыңдығы - 3-4 мм. Мойын терісі қалыңдау, сүт сызықтары теріде, былғарыда анық байқалады. Өгізше терісі аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған былғары, үлтарақтық және юфть былғарысын дайындауға қолданылады. Еметін бұзау терісінің - салмағы есепке алынбайды, жынысына қарай бөлінбейді. Бүзауларды сою көктем мен жаздың басында жүреді, терілері түздай қүрғату арқылы консервіленеді. Тана терісі - Жаңа сойылған кездегі салмағы 10- 13 кг дейін. Жақсы күтімде болған малдың 5-7 айлығында, ал кәдімгі жағдайда бағылған малдың 1-1,5 жасында терісі осындай салмаққа жетеді. Ауданы - 120- 250 дм^, қалыңдығы 2,5-3 мм, кейде 4 мм дейін болады. Тайынша терісі Жаңа сойылған мал терісінің салмағы 17 кг-нан жоғары. Салмағына байланысты сиыр терісі жеңіл (17-25 кг) және ауыр (25кг жоғары) болып екіге бөлінеді. Сауыр терісінің қалыңдығы - 3,5-5 мм, қол терісініңкі - 2-2,5 мм, ауданы - 300-570 дм^, түрқы 1,75-2,2 м аралығында болады. Тері қүрылымы біркелкілеу, аяқ киімнің жоғарғы жағы үшін былғары дайындауда юфть, үлтан, үлтарақ, ер-түрмандық, техникалық және иленбеген шикі қайыс шығаруда қолданылады. Бұқа терісі - Жаңа сойылған мал терісінің салмағы 17 кг жоғары. Салмағына қарай бүқа терісін жеңіл (17-25 кг) және ауыр (25 кг жоғары) деп бөледі. Бүқа терісінің салмағы кейде 60 кг дейін жетеді немесе одан да асып кетеді. Ауданы - 550-600 дм^, тері қалыңдығы біркелкі емес, сауыр терісінің қалыңдығы - 4,0-4,5 мм, мойын терісінің қалыңдығы - 4-6 мм және одан да жоғары. Терісінен үлтандық, илен- беген қайыс, техникалық былғары дайындалады, ал жеңіл теріден үлтарақтық былғары шығарылады. Сиыр терісі Жаңа сойылған мал терісінің салмағы 13кг жоғары. Салмағына байланысты сиыр терісін жеңіл (13-17кг) орташа (17-25 кг) және ауыр (25 кг жоғары) деп бөледі. Ауданы - 200-450 дм^, қалыңдығы: жеңіл салмақтысыныкі - 2,5-4 мм, орташасынікі - 3-4,5 мм, ауырынікі - 3,5-5 мм. Шошқа терісі - Шошқа терісі басқа төрт түлік малдың терісінен өзгешелеу. Шошқа қылы (түгі) нашар дамыған, қыртысы қалың, ол өзең қалыңдығының 2-5% қүрайды. Шошқа терісі ауданына байланы- сты майда (30-70 дм^), орташа (70-120 дм^), ірі (120-дм^ артық) болып бөлінеді. Шошқаның бөксе терісі ауданы бойынша шағын (30-50дм^) және ірі (50 дм^ жоғары) болып бөлінеді. Рептилий терілері - қолтырауын, бақа және жылан - галантереялық былғарыларды шығаруда өндіріледі.


Информация о работе Табиғи және жасанды былғары, үлпекті материалдар