Қазақстандағы патриотизмнің қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 21:27, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтыққа тәрбиелеудің жолдары мен құралдары – ол түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары, гуманитарлық пәндердің мазмұны.«Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу, білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен, жоғары оқу орнына дейінгі барлық ұйымдардың міндеті. ХХІ ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық қана тұтастығын сақтап қалады» – деп атап кетті Н.Ә.Назарбаев. Қай заманда болса да адамзат өз алдына – есті, еңбек сүйгіш, қайырымды бала тәрбиелеуді қояды. Соның ішінде қазақ халқы өз ұрпағын, үлкенді құрметтейтін адал, инабатты, әділ, ержүрек, намысшыл, ізгі ниетті болып өсуін қалайды. Бұл қасиеттер дұрыс тәрбие арқылы қалыптасады.

Содержание

I.Кіріспе....................................................................................................................3
Патриотизмнің қоғам дамуындағы мәні..........................................................5
Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы негізгі алғышарт....................9
II.Қорытынды........................................................................................................14
III.Әдебиеттертізімі.............................................................................................15

Вложенные файлы: 1 файл

саясат.2ргр.docx

— 49.75 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ    МИНИСТРЛІГІ

 

«Алматы энергетика және байланыс университеті»

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

 

 

Электроэнергетика факультеті

 


 

 

 

 

 

 

 

Саясаттану пәнінен

 

№2 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС

 

 

Тақырыбы: Қазақстандағы патриотизмнің қалыптасуы

 

 

 

 

 

 

 

                                                            Орындаған: Эк-12-02 тобының

                                                                            студенті Койшыбаев С.С. 

                                                 Сынақ кітапшасы     №124172

                                               Тексерген:      Берлібаев Б.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      

                                    Алматы 2014

 

Мазмұны

 

I.Кіріспе....................................................................................................................3

Патриотизмнің қоғам дамуындағы мәні..........................................................5

Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы негізгі алғышарт....................9

II.Қорытынды........................................................................................................14

III.Әдебиеттертізімі.............................................................................................15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Кіріспе

Қандай бір халық болмасын Отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай Отанын, жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келеді.Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың әдіснамасы — Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тарихи еңбектері. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде”, “Тарих толқынында” деген еңбектерінде идеялық мәселелерге топтасудың керек екенін айтып, бірігуге шақырып, бұл міндетті жүзеге асыруда білім берудің, отбасы, еңбек ұжымы сияқты дәстүрлі институттардың маңызды роль атқаратынын, олардың ықпалы ерекше тиімді болатынын баса айта отырып, “Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз — Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеу.  Олай болса, осы міндетті орындау жолында тәрбие мәселесін қолға алып, ұрпақтарды аздырмай-тоздырмай қазіргі сауда-сатықтың, алдау-арбаудың ықпалына жібермей, етегіне сүйретпей еліміздің болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек”, —  дейді Президент. Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Тарих толқынында” деген еңбегінде негізінен халықтардың, оның ішінде түркі мәдениетіне, қазақ топырағында түрлі діндердің болғанын айтқан. Бұл еңбек қазақстандық ұлттық, ұлтаралық татулықтың, қазақстандық патриотизмнің темірқазығы іспеттес. Қазақстандық патриотизмнің негізі – ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері-қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады. Тәрбиенің негізі, оның мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, құрылымы, әдісі, тәсілі, заңдылықтары, принциптері, құралдары бар. Сол сияқты қазақстандық патриотизмнің мақсаты, міндеті, түрі, әдіс-тәсілі бар.   Егер патриоттық тәлім-тәрбиемізде осы негіздер болмаса, ол жәй сөз болып қалуы мүмкін. Өзін-өзі білмеген адам өзінің кім екенін түсінбейді. Кез келген мемлекеттің білім беру жүйесі сол мемлекеттің жүргізіп отырған саясатымен анықталады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006—2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы туралы түсініктер оқу – тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс – шараларда Отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт – дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылады. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты.

 

Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтыққа тәрбиелеудің жолдары мен құралдары – ол түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары, гуманитарлық пәндердің мазмұны.«Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу, білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен, жоғары оқу орнына дейінгі барлық ұйымдардың міндеті. ХХІ ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық қана тұтастығын сақтап қалады» –  деп атап кетті Н.Ә.Назарбаев. Қай заманда болса да адамзат өз алдына – есті, еңбек сүйгіш, қайырымды бала тәрбиелеуді қояды. Соның ішінде қазақ халқы өз ұрпағын, үлкенді құрметтейтін адал, инабатты, әділ, ержүрек, намысшыл, ізгі ниетті болып өсуін қалайды. Бұл қасиеттер дұрыс тәрбие арқылы қалыптасады. Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсарин тәрбиенің басты құралы етіп – дінді алған да, оның тиімді жақтарын өмірмен ұштастыра білгеннің артықшылығы жоқ деген.Ата-баба салтының Жер-Анаға деген ыстық сезімі бірінші кезеңде тұрады. Сондықтан да бұл әр адамның ойындағы қасиеті, дарыны ата-баба жерімен тығыз байланысты. Міне, осылардың барлығы жалпыадамдық педагогиканың бір бөлігі ретінде ұлттық тәрбие жүйесінің ізгілікті де игі бастауларын құрайды. Республикадығы ұлттар мен ұлыстардың ешқайсысын алалмай, бәрінің де толыққанды дамуына нақты жағдайлар туғызып, көп этносты елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету қазақстандық патриотизмнің туындауына негіз бола алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Патриотизмнің қоғам дамуындағы мәні

 

Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің құрылымдық элементі патриотизм болып табылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп атап өткен болатын. Жиырма жылға тақау уақыт бойы қазақстандық қоғам тіршілігінің барлық жүйелерінде жүріп жатқан түбегейлі жаңару процестері едәуір дәрежеде оның мәдени-әлеуметтік саласын да қамтыды. Бүгінде халқымыздың тарихи тәжірибесін қайта бағалау, дәстүрлі-өнегелік негіздерді өзгерту, және соның нәтижесінде қазақстандықтардың жаңа саяси санасын қалыптастыру талпыныстары жасалуда. Бұл процесс бірнеше құрамдас бөліктен тұрады. Біріншіден, саяси жүйе туралы, саяси институттар, демократиялық тұрғыдан саяси процестерге қатысу механизмдері туралы жаңа білім жинақтау. Екіншіден, негіздік, тарихи тұрғыдан орныққан қоғамдық құндылықтарды өзгерту, олардың ішінде мемлекеттік жүйенің тұрақтылығы мен өмірге қабілеттілігін, ұдайы өндірісін нығайтуда патриотизм маңызды роль атқарады.

Қоғамымыздың қазіргі замандағы даму сатысы едәуір дәрежеде қоғамдық өмірдің саясаттандырылуымен сипатталады. Бірақ, бұл бірден-бір жалғыз процесс емес, демократиялану және жаһандану жағдайында адамдардың тарихи және ұлттық санасының қайта жаңғыруы процестері де ерекше маңызға ие болады. Өйткені, олармен едәуір дәрежеде саяси және үлгілік-өнегелік мәдениеттердің қалыптасуына байланысты, оларсыз ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің де болуы неғайбіл.

Мемлекетіміздің саяси тарихында қазақ халқының патриотизмі маңызды орынға ие. Өз елінің мүддесіне қызмет етуден көрінетін Отанға деген сүйіспеншілік сезімі қоғам дамуы мен ұрпақтар сабақтастығының маңызды құрамдас бөлігі болған және солай болып қала бермек. Бұл биік сезім өз елінің тағдыры үшін жауапкершілікті түйсінушілікке дейін ұлғаяр болса, ол жекелеген адамдардың күнделікті іс-әрекеттеріндегі маңызды серпінге, осыдан келіп, тұтастай қоғам ілгерілеуіндегі қуатты қозғаушы күшке айналады. Дәл осы патриотизм қоғамның саяси бірлесуі мен тұтасуына септеседі немесе, керісінше, қоғамның ыдырауы мен бөлінісіне әкеліп соғады.

Қазақ халқының ұлттық тарихына деген қызығушылығын дамыту, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру оның патриоттық сезімін тәрбиелеуде шынайы бағдар бола алады.

Ұлттың тарихы туралы, оның өткен замандағы басқа ұлыстармен қатынастары туралы ұғымдарға көп ретте халықтың ұлтаралық қарым-қатынас өрісіндегі саяси бағдары байланысты. Өз тарихын білу - ұлттық сана-сезімнің ажырамас бөлігі, ол этникалық тұтастықтың сақталуы мен оның келесі буындардағы ұдайы өндірісіне септеседі. Жеке тұлғаның өз халқымен бірлігін сезінушілігі өзін оның күллі тарихи жетістіктерінің тікелей мирасқоры да, олардың нақты сақтаушысы әрі жалғастырушысы да сезінуін діттейді.

«Патриотизм» сөзі (грек тілінде – patrіots – отандас, paths - отан, атамекен) Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне бауырбасушылықты білдіреді.

Осылайша, Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм қашанда ұлттық сипатқа ие, өйткені, патриоттық сезім мен көзқарастар субъектісі қашанда белгілі бір ұлтқа, ұлысқа жатады. Сонымен қатар, өкілі болғандығы үшін ғана сол субъектіге өзін өз елінің «шынайы» патриоты санауға айрықша я жеке-дара құқық беретін ұлт жоқ, және болуы да мүмкін емес.

Қазіргі заманда, мысалы, өзге халықтардың тәуелсіздігін құрметтемеушіліксіз, олардың тең құқылылығын мойындамаушылықсыз, ұлттар арасындағы достық пен түрлі салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықсыз тәуелсіздік үшін, ұлттық жаңғыру мен даму үшін күресті елестету қиын. Қазақстан тәрізді көпұлтты елде жалпықазақстандық патриотизм ұлттық және жалпыадамзаттықтың үйлестігінсіз болуы мүмкін емес. Былайша аталатын, «қазақ идеясының» басқа халықтардың мәдениетін, әдет-ғұрпы мен тарихи жолын құрметтеушілік идеясымен теңдестігі қазақтардың өзіндік ерекшеліктерінің өзге ұлттардың мәдени-өркениетті ерекшеліктерімен үйлестікте сақталуын қамтамасыз етуге қабілетті басқа халықтармен өзара қатынастарының тиімді үлгісі болып қызмет ете алады. Бұған қоса, бұндай үйлесім ұлыстардың ұлттық ар-намысына қысымшылықсыз мәдениеттердің, ұлттардың өзара байытылуына әкеліп қана қоймай, сонымен бірге, қоғам өміріндегі жаңа жетістіктерді жеделдетуші болып табылатыны да заңдылық.

Патриоттық сана-сезімнің әлсіреуі, адамдардың өз елі мен оның жетістіктері үшін ұлттық мақтаныш сезімінің өзгеруі – бұл қоғамның өнегесізденуінің, халықтың тұрақсыздануы мен ыдыраушылығының ажырамас сипаты. Қазіргі уақытта мемлекет пен азаматтық қоғамның барлық күші нарықтық қайта құрулардың жағымсыз салдарларын жоюға, қоғамның қауіпті қылмыстық деңгейімен және көптеген басқа да әлеуметтік тұрғыдан қайшы құбылыстармен күреске шоғырландырылып, бағытталуы тиіс.Қазіргі заманғы Қазақстанда Отанға деген сүйіспеншілік қоғамдық қатынастарды демократияландыру және гуманизмдендіру негізінде; Адамды, оның өмірін, игілігін, адамдық ар-намысын, адамға лайықты еңбекақы төлеу шарттары мен өмір сапасын жоғары құндылық деп тану негізінде; мемлекетте ілгерілеуші әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу негізінде қалыптастырылады. Бұндай жаңарған қазақстандық патриотизм мазмұнын заманауи қоғам мен заманауи озық мәдениет құндылықтары ғана емес, сондай-ақ, қазақ мәдениетінің дәстүрлі құндылықтары, оның айрықша руханилық, азаттық пен өнегелілікке ұдайы ұмтылушылық құндылықтары да құрайды. Өткеннің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы өркениеттің мейлінше озық бағыттарын игере отырып, қазақстандықтар өз елін ең алдыңғы қатарлы шепке қайта шығара алады. Бұған халқымыздың жоғалмаған, қайта, жаңа әлеуметтік өмір жағдайында жаңарған патриотизмі қайта кепіл бола алады.

Патриоттық тәрбие болашақ Отан азаматы тұлғасын қалыптастыруды мақсат тұтады. Бір қарағанда, айқан болып көрінетін бұл мақсаттың мәнін көптеген халыққа білім беру қызметкерлері жете зерделей бермейді, бұл осы мақсатқа жетудің шектеулі, көбіне-көп үстірт әдіс-тәсілдеріне алып келеді. Бұл ретте, қарапайым ақиқат естен шығып кетеді: біздер, яғни, ересектер үшін талассыз болып табылатын нәрсе балалар үшін, әсіресе, жоғары сынып жасөспірімдері мен кәмелетке жаңа толған жастар үшін дәйім талассыз бола бермейді. Соның нәтижесінде патриоттық тәрбиенің маңызды бөлігі – Отаншылдық сезімін, оған деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, басқаша айтқанда, оның дәйекті дүниетанымдық мәні мен өнегелік қозғаушы негізі түсіп қалады.

Осыдан келіп, жастарға патриоттық тәрбие беру саласында салмақты әдістемелік зерттеулер қажеттігі туралы тұжырым жасауға болады. Қазіргі кезде мемлекеттің жаңа саяси және әлеуметтік құрылымдармен өзара әрекеттестігінің жаңа сапалы деңгейі жағдайындағы патриоттық тәрбиенің әлеуметтік мәні ашылмаған, патриоттық сана-сезімнің қоғамдық сана-сезім құрылымындағы орны мен білім беру жүйесінің Қазақстан тұрмыс-тіршілігінің қазіргі кезеңіндегі тұлғаның патриоттық қасиеттерін қалыптастырудағы ролі зерттелмеген.

Іс-жүзінде қоғамның, ұлттық-мемлекеттік құрылымның және адамның қоғаммен байланыстарын жүзеге асыру формаларының түрленуіне сәйкес, қоғамдық санада патриоттық сезім, пікір-пайым, салт-дәстүр мазмұны, «Отан», «Атамекен» ұғымдарының мағыналық мазмұны елеулі өзгерістерге ұшырады. Дүниетаным, идеология, мораль, адамдардың жалпы мәдениеті мен білімінің мазмұны мен деңгейі өзгеріске түсті, бұлардың жиынтығына адамның өзінің қоғаммен, мемлекетпен қатынастарын ұғынуы байланысты, сондай-ақ, адамның өз қоғамына қатысты қызмет-қайраткерлігінің барлық түрінде өзгерістер болды.

Е.М.Фрадлиннің айтуынша, «заманауи дүниетаным аясындағы патриотизм маңызды негіздік ұстаным мен қоғамның рухани мәдениеті құндылығы болып табылады, бұдан адам мен қоғам, азамат пен мемлекет, жеке тұлға мен оның макроәлеуметтік ортасы, жеке және қоғамдық мүдде арақатынасы жиынтық түрде көрініс табады. Дамыған патриоттық сана адам мен қашанда сөздің кең мағынасында әлеуметтік категория болып табылатын оның Отаны, Атамекені арасындағы жоғары дәрежедегі ортақтық, тұтастықты өз бойында тұтады. Тарихтың барлық кезеңдерінде патриотизм адамдардың қоғамға қатысты парызын, өз мемлекетіне қатысты азаматтық борыштарын атқарушылыққа деген қатынасымен тікелей байланысты болған» .

Патриоттық тәрбие тұлға қалыптасуының құрамдас бөлігі болып табылады, ол жастардың алған білімдері азаматтық борыш ұстанымымен, жекебастық мүдделері қоғамдық ұстанымдармен астасып жататын тіршілік әрекеті үлгісіне даярлығын қамтамасыз етуі тиіс.

Патриоттық тәрбиеде тұлға үшін барынша жақын әрі мейлінше маңызды қоршаған әлем ретіндегі Отанның, Атамекеннің, мемлекеттіліктің мәнділігі көрінетін түрлі нысандар, қатынастар, символдар мен нормалар шоғырланады.

Жүзжылдықтар бойы қалыптасқан тәрбие дәстүрлеріне орай, батыстың дарашылдық үлгісі қазақстандық қоғамда тамыр жая алмады. Қазіргі заманғы дүниеде әрбір елдің өз ұлттық мүдделерін, өзіндік ерекшелігін қорғауы – бұл мемлекеттік саясат пен халықаралық қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі. Сондықтан, дерексіз қоғам тұлғасын бағдар ететін тәрбие жеткілікті тиімді емес. Бұндай тәрбие нәтижесінде қара басының мүдделерін күйттеуші дерексіз «азаматтық қоғам» өкілдері шығады. Сол себепті, бүгінде біз қоғамды осындай дәрежеге жеткізбеуіміздің жолын іздеуіміз қажет.

Осыған орай, ғалым Жұмабек Кенжалиннің әділ атап кеткеніндей: «Қазақстандық патриотизм жалаң ұран, сөзуарлықтың жиынтығынан ада болуы тиіс. Себебі, әлеуметтік әділетсіздік, принципсіздік орын алған жерде халықтың патриоттық сезімін оятатын факторлар жойылады. Ал ондай сезімі, отаншылдық рухы сөнген елдің болашағы да бұлыңғыр болатынын тарих дәлелдеп отыр. Сондықтан, біздің ойымызша, қазақстандық патриотизмнің дәстүршілдік және жаңашылдық сыпатына айрықша назар аударып отырған абзал».

Информация о работе Қазақстандағы патриотизмнің қалыптасуы