Қоғамдық қозғалыс. «Азат» азаматтық қозғалысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2015 в 20:54, реферат

Краткое описание

Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекщелігі сол, ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1)Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар
2) Даму тарихы
3) Негізгі мақсаты мен міндеті
4) Потенциалы мен тәжірибелік қызметі
ІІІ. Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

2семестр.docx

— 70.56 Кб (Скачать файл)

КОММЕРЦИАЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

 

 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

Саясаттану негіздері

№2  семестрлік жұмыс

 

Тақырып:  Қоғамдық қозғалыс. «Азат» азаматтық қозғалысы

 

 

 

 

 

                                                                                 Орындаған: Үсейн Г.Қ

                                                                                 Топ  РЭТк-13-2

                                                                                 Тексерген:  Берлібаев Б.Т                                                      

                                                    

 

 

 

                            

Алматы,2013

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

          1)Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар 

2) Даму тарихы

3) Негізгі мақсаты  мен міндеті

4) Потенциалы мен тәжірибелік қызметі

ІІІ. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекщелігі сол, ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі.

Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады:

1. Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына  тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан  зі сияқтылармен топтасады.

2. Экономикалық және әлеуметтік  қайшылықтар, наразылықтар себеп  болады. Мысалы, Жаңаөзендегі (1989 ж.) әлеуметтік  жағдайға наразылықтан онда «  Бірлік» деген ұйым құрылды.

3. Ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, «Азат», «Желтоқсан», қозғалыстары.

Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолындағы алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы, жұмысының бірыңғай бағдарламасы, басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, оның әділеттілік, бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттың жаңарып өркендеуі, айналадағы ортаны қорғау, т.с.с. жалпыхалықтық, азаматтық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары  бар қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін. Көбіне қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.

Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай қозғалыстар:

    1. Консервативтік
    2. Реформистік
    3. Революциялық
    4. Контрреволюциялық болып бөлінеді.

Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады:

    1. Қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы;
    2. Үгіт – насихат, әрекет ету сатысы;
    3. Дамыған жұмыс кезеңі;
    4. Саяси қозғалыстың өші сатысы.

Қоғамдық қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі – Халық майдандары. Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың барлығының немесе көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселелерді шешуге бағытталған бірлестіктер жатады. Олар жалпы демократиялық принциптердің  негізінде құралады және жұмыс істейді. Онда қатаң айқындалған ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды. Оның құрамына қалың бұқара халықтың мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіп – орындар, жастар және т.б. ұйымдар да кіруі мүмкін. Халық майдандарының мынадай түрлері бар:

1. Қоғамдағы батыл өзгерістер  кезінде саяси күштер дүниеге  келіп қалыптасады. Сол саяси  күштерден пайда болған халық  майдандары.

2. Өздерінің саяси ықпалы  жетіспегенде маңызды мақсатқа  жету, саяси билікті алу үшін  саяси партиялардың немесе олардың көсемдерінің бастауымен құрылған халық майдандары.

3. Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшін интернационалдық  негізде қалыптасқан халық майдандары. Мысалы, 1936 жылы Францияда құрылған  халық майданы фашизмнің дамуына  жол бермеді, т.с.с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар

Қазіргі уақытта мынадай саяси қозғалыстар бар:

  1. Консервативтік бағыттағы қозғалыстар: өткенді көксеу, дәріптеу, оны сынсыз қабылдау, сонымен қатар дәстүрлі саяси формалар мен институттарға ерекше сенім арту;
  2. Реформистік бағыттағы қозғалыстар: олар капиталистік қоғамды бірте – бірте реформалауды мақсат етеді;
  3. Демократиялық қозғалыстар: өзекті мәселелерді демократиялық тұрғыда шешуге бағытталған әр түрлі либералдық, діни, бейбітшілік және т.б. ұйымдардың қызметі;
  4. Неоконсервативтік қозғалыстар: мемлекеттің капитал мүддесіне бағынуы, қызмет етуі, жеке – дара белсенділікті, әлеуметтік – теңсіздікті қолдау, дәстүрлі моральдық мұраттарды дамытуды көздейді;
  5. Революциялық бағыттағы қозғалыстар: бұлар – қоғамның әлеуметтік – экономикалық құрылымында сапалы өзгерістер жасау арқылы дамудың прогрессивті жолына түсуді көздейтін жұмысшы және коммунистік қозғалыстар.

Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды төмендегіше топтастыруға болады.

1.Экологиялық бағыттағы  ұйымдар. Оларға «Невада – Семей»  қозғалысы, « Арал – Азия –  Қазақстан»  халықаралық қоғамдық  комитеті, «Табиғат» комитеті, т.с.с. жатады.

2. Ұлт мәселесін шешуге  тырысқан топтар. Оларға: Қазақстанның  «Азат» азаматық қозғалысы, славяндардың  республикалық қоғамдық « Лад»  қозғалысы, «Русская община», «Единство»  қоғамдық бірлестігі, республикадағы  казактар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс жәнне т.б. мәдениет орталықтары.

3. Тарихи – ағартушылық  қоғамдар: «Мемориал», «Әділет», «Ақиқат»  және т.б.

4. Әлеуметтік талаптар  қойған ұйымдар: «Атамекен», «Алтын  бесік», «Жерұйық», «Шаңырақ» және  т.с.с.

Сонымен қатар, республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар. Осылардың бәрі, өз ерекшеліктері болуына қарамастан, еңбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек.

Енді соңғы мәліметтер бойынша Қарағанды облысында 6 саяси партия, 8 саяси мақсаттағы қоғамдық қозғалыстар, 16 жастар ұйымдары, 6 әйелдер ұйымдары, 13 ұлттық мәдени орындар, 2 табиғат қорғау қозғалысы, 15 тәуелсіз кәсіподақ, 85 діни бірлестіктер, 273 басқа да әр  түрлі ұйымдар мен бірлестіктер бар. Енді барлық облыстардың қоғамдық қозғалыстары мен бірлестіктерінің қанша екендігін ескерсек, түсінігіміз кеңейе түспек.

Егемендік, тәуелсіздік алу қоғамдық – саяси ұйымдар мен қозғалыстардың жұмысын түбірінен қайта құруға объективті негіз қалады. Ұйымдар мен қозғалыстар саяси процеске тартылды, өмірді өзгерту және жақсарту олардың іс – әрекетіне де байланысты деген түсінік әрбір адамның санасына ене бастады. Бұл тоталитарлық саяси режимнен демократиялық өмірге енудің айғағы болды. Бұқараның іс – қимылының артуына, көптеген саяси – қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстрадың өмірге келуіне жағдай жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоғамдық – саяси қозғалыстардың типтері



 

 



 

 



 

 



 



 

 



 


 

 

«Азат» азаматтық қозғалысы

ХХ ғасырда қазақ халқы тарихында айрықша орын алатын ұлттық саяси сананың ұжымдасу мысалы болған екі құбылыс болды. Оның бірі – ғасырдың бас кезіндегі патшалық Ресей қоғамының білімі мен білігін бойларына сіңіріп,өзегін ел егемендігі өртеген, ұлттық зиялы қауым құрған «Алаш» партиясы да, екіншісі – ғасырдың соңында қарапайым бұқараның азаттыққа деген құлшынысынан туындаған «Азат» қозғалысы. Бұл екеуінің де мақсаты елге азаттық әперуге ұмтылу болғанмен, тарихи мұраты (миссиясы) екі басқа болып қалыптасты: «Алаш» азаттық жолындағы қазақ халқының авангардтық саяси тұлғасы болса, «Азат» егемендену кезіндегі халықтық қозғалыстың саяси сыйпаты болды.

«Алашты» ат төбеліндей ұлттың алдыңғы қатарлы тобы құрса, «Азат» қалың бұқараның қолдауымен дүниеге келді. Біреуі – ұлттық ақыл-ой мен күш-қайраттың бір сәтке болса да бірігу көрінісі болса, екіншісі – халықтың ұлт болып қалыптасқан жігерінің көрінісін әйгіледі. Сондықтан да «Алаш» халық арасында саяси ағартушылық пен мемлекет құру идеясын ту етсе, «Азат» саяси белсенім мен мемлекетке ие болу мұратын іске асыруға талпынды. «Алаштың» негізгі кейпі тарихтың төріне жайғасып, әрі-бері зерттелгенін ескере отырып, жаңаша тарихтан орын алуға тиісті «Азатқа» тоқталудың қыйсыны келген еді.

Соңғы кездері ұлтшыл бағытта көзге түскен жеке тұлғаларды ұлттық қаһарман деңгейіне көтеруге ұмтылыс пен оның іске аспай қалғандығын сөз етушілік орын алып келеді. Осындай әңгімелер арасында «Азат» қозғалысының байыбына бармай, жөндіз-жөнсіз ұрыну көрініс беретіні табиғи болар. Қайткенде де, «Азат» ХХ ғасырдың соңында қазақ халқы тарихында ұлттық саяси сыйпатқа ие болғандықтан да, оны тарихи шолу кезінде айналып өту мүмкін де емес. Сондықтан да аталмыш қозғалыс ғұмырынан орын алған адам ретінде, осы жолдар авторының кейбір жайттардың жай-жапсарын ашуға ұмтылуы жосықты болар.

«Азат» жайындағы әңгімені оның құрылуынан бастаған қыйсынды. Казіргі Қазақстандағы саяси тарихты зерттеушілер көбіне көп саяси қозғалыстар мен партияның құрылуын солардың саусақпен санардай бастамашыларының бас біріктіру мезгілінен бастайды. Бұл дұрыс та болар. Бірақ, бұл қыйсын «Азатқа» қолданымсыз, өйткені, әлгіндей құрылған жасанды партиялардың, қозғалыстардың ошағынан от лауламақ түгілі, түтіні де шықпаған күйі тумай жатып, өшуде ғой. Ал, «Азаттың» жайы тіптен басқаша еді. Оның жайы жоғарыда айтылғандай құбылыс екендігінде. Ал, құбылыс адамның қолымен құрылмайды.

Ол өзінің тылсым заңдылығымен туындап, істерін істеп құйындай өте шығады. Құбылыс – уақыт пен кеңістің, оған қоса адам баласы әлі көзі жете қоймаған бір тылсым үйлестіргіш құдыреттің (бәлкім, пассионарлық дейтін осы болар) өзара әрекеттесуінің нәтижесі. Міне, сондықтан да әлі күнге «Алаш» секілді (ХХ ғасырдың соңындағы А.Атабек, кейін А.Сәбетқазы ұйымдастырған «Алаш» емес) айбынды саяси ұйым мен «Азат» сияқты бұқараны қамтыған қозғалыс әзірге туылмастан қалуда! Өйткені, заманды меңгеру мүмкін емес, оған тек ере білу ғана мүмкін. Ал, қазырғы саясатшылар уақыттың тізгінін ұстағысы келіп, қанша көкталақ болса да, ол қылықтарынан түк шықпай, «77 күннің» әжуасына айналғаны рас. Сондықтан да «Азатшылдардың» бәрінің де көзі тірі болса да (ішінара шетінегендерді айтпағанда), шын мәніндегі «Азат» қозғалысы жоқ. Себебі, құбылыс-құйын ғайып болғалы қашан!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Азат» қалай туған еді?

Қазақстанның Азаматтық «Азат» қозғалысының 1990 жылдың шілдесінде өткен құрылтайына дейін, «Азаттан» бұрын құрылып, кейінірек оның құрамына енген «Парасат» қоғамы 1989 жылы шілде айында болған Жаңаөзен оқиғасынан кейін Маңғыстау облысында марқұм Сайын Шапағатов ағамыздың басшылығымен жұмыс істеп жатса, Ақтөбедегі «Қазақ тілі» қоғамының құрамынан бөлініп, отау тіккен жастардың «Алдаспан» клубы өз ықпалымен бұл кезде Ақтөбе түгілі Алматыға әйгілі болған ұйымдар еді. Сол секілді Арал қаласынан «Тамшы», Целиноградтан «Тіл және мәдениет» бірлестіктері секілді жергілікті ондаған ұйымдарды атауға болады.

1990 жылы маусым айында құрылған  «Азаттың» жеті төрағасының бірі  – сондықтан да маңғыстаулық  С.Шапағатов болды. Бір қызығы, «Азат»  қозғалысы алматылық баскерлердің (лидерлердің) бас қосуымен қозғалыс  қанатын жая қоймады, бірақ оған  сол кездегі аймақтық ұйымдардың  бірігуі нақты да ықпалды ұйымға  айналуына бірден бір сеп болған  еді. «Алдаспан» «Азаттың» құрамына  бір жылдан соң 1991 жылы сәуір  айында өтіп, Ақтөбе облысындағы  айтулы ірі қоғамдық бірлестік  ретінде танылып болған соң, өз  атауын ақтөбеліктерге әлі де  таныс емес «Азатқа» айырбастап, қайтадан саяси репутация жасауына  тура келген-ді. Сөйтіп, Ақтөбе, Маңғыстау  облыстарында «Азат» туралы әңгіме  бастау үшін «Алдаспан», «Парасаттарды»  айналып өту мүмкін емес болар  еді. Мұндай жайттар өзге де  облыстар тарапына қатысты. Сайып  келгенде, «Азат» жай ғана саяси  қозғалыс емес, ең алдымен бұқаралық  саяси белсенім көрінісі екендігіне  ден қоятын мезгіл жетті.

«Азат» қозғалысы ең алдымен Қазақстан тәуелсіздігінің қарсаңында дүниеге келіп, қысқа мерзімде ел тәуелсіздігін жүзеге асыруға өлшеусіз үлес қосқан саяси ұйым бола білді. Осы жылдар ішінде «Азат» қозғалысы:

Ең бірінші, «Қазақстан» тәуелсіздігінің декларациясы Жобасын дүниеге әкелді, Қазақстан халқын осынау ұлы күнге әзірледі, «Одақтық шарт» дегенді болдырмай тастады, «ГКЧП» (бұл Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет деггенді ұқтыратын) кезінде «Азаттықтар» халық жағында жәе ҚР президенті жағында болып, төңкерісшілерді ашық мойындамады. Оған дәлел «Азат» газетінің «Бүлікшілер» деген ортақ атпен төтенше санының жарық көруі болған. ҚР Жаңа Конституциясының жобасын әзірлеген де осы «Азат» болды.

Екінші, «Азат» – Қазақстандағы тұңғыш демократия бастауында тұрды және демократияны іс жүзінде жүзеге асыра білді, қозғалыстың алғашқы бөлімшесі Шымкентте құрылған «Бетбұрыс» ұйымынан бастау алады. Бөлімшенің тең төрағалары: Шәкен Орынбеков, Ілесбек Байжанов, Данияр Ілиясов, Әбіласан Шәденовтар болды,

Информация о работе Қоғамдық қозғалыс. «Азат» азаматтық қозғалысы