Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 19:59, курсовая работа
Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған. Бұнның дәлелі, Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны. Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес, экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет. Сол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуі қажет.
Кіріспе
3
1
Кәсіпкерлік және бәсекелестік теориясы
5
1.1
Кәсіпкерліктің мәні, сипаты, түрлері, міндеттері мен қызметтері
5
1.2
Кәсіпкерліктің формалары, кәсіпорынның ішкі және сыртқы орталары
8
1.3
Фирманың бәсекелестік қабілеті
11
2
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік фирмалар және бәсеке
13
2.1
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік және бәсекелестікпен байланысты заңдары
13
2.2
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік
21
2.3
Қазақстан Республикасындағы франчайзинг формаларының даму жағдайы
26
3
Кәсіпкерлікті және бәсекелестікті жетілдіру жолдары
30
3.1
Кәсіпкерлікті жетілдіру
30
3.2
Бәсекелестікті жетілдіру
31
Қорытынды
37
Қолдынылған әдебиеттер тізімі
39
3 Кәсіпкерлікті және бәсекелестікті жетілдіру жолдары
3.1 Кәсіпкерлікті жетілдіру
Мемлекеттің экономикаға араласуы белгілі бір жағдай мен себептерден болады. Жағдайларды қолайсыз және қолайлы деп екіге бөлуге болады.
Қолайсыз жағдайлар. Мемлекеттің экономикаға араласуы мына жағдайларда: мемлекеттік қауіпсіздікті талап ету, қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс, экономикадағы қолайсыз жағдай: өндірістің төмендеуі, инфляция, жоғары дәрежедегі жұмыссыздық, құрылымдық баланстың бұзылуы, бюджеттің жетіспеуі, дүниежүзілік нарықта отандық өнімдердің бәсеке қабілеттігінің жоқтағы, инвестицияның төмендеуі т.б. қоршаған ортаның нашарлауы.
Мемлекеттің байыпты міндеттері – уақытында қолайсыз жағдайлардың алдын-ала себептерін анықтау және оны болдырмау.
Қолайлы жағдайлар. Бұл экономикаға, кәсіпкерлік іске қолайлы ықпал жасайтын адамдардың барлық іс сферасындағы жағымды құбылыстарды уақытында мемлекет қолдауы керек. Қолайсыз жағдайларды бағалау үшін мемлекет оны бағалайтын критериелерін білуі керек. Мысалы, қолайсыз жағдайлар: инфляция, жұмыссыздық соның салдарынан өндірістің төмендеуі. Мемлекет бұл жағдайларға араласуы үшін олардың критерияларын білуі керек.
Жұмыссыздық – бұл нарықтық экономикаға тән элемент. 4-6% жұмыссыздық бұл табиғи жұмыссыздық, табиғи деңгеге жатады. Мемлекеттің араласуы табиғи деңгейдегі жұмыссыздық асқан жағдайда басталады, яғни циклдық жұмыссыздық өндірістің төмендеуімен байланысты.
Сонымен жұмыссыздықпен күресу үшін оның критериясы табиғи жұмыссыздық деңгейіне келтіру.
Инфляция – тауарға, ақылы қызметтерге жалпы баға деңгейінің өсуі. Бұл экономикалық құбылыс жұмыссыздыққа қарағанда әлде қайда шытырман қиын процесс. Инфляция бүкіл дүниежүзілік проблема, себебі тауар мен қызметке баға ешуақытта тұрақты болмайды. Сондықтан бағаның болымсыз өсуі өте қауіпті емес, ал бірақ инфляцияның жоғары деңгейі экономика үшін, қоғам үшін өте қауіпті. Мысалы, Қазақстанда 2001-2009 жылдар аралығында тауар мен қызметтердің бағасының өсуі 65 мыңнан астам болды. Мемлекет инфляцияны тежей алмады, әсіресе 1991-1994 жылдар өте жоғары деңгейде болды. Мемлекеттің шаралары инфляцияның деңгейіне байланысты. Инфляцияның үш түрі бар: 1) біркелкі, егер жыл ішінде баға 10%-тен аспаса; 2) шоқырақтау жыл ішінде бағаның 10%-тен 200%-ке дейінгісі, ал 3) гиперинфляция, инфляция онан да тез өседі.
Инфляцияға ұарсы мемлекет шаралары тек қана инфляцияның деңгейіне байланысты емес, сонымен бірге оның туындау себептерін анықтау керек.
Осыған байланысты инфляцияның екі типі бар: сұраныс инфляциясы және ұсыныс. Әрбір типтің өзіндің ерекшеліктері бар және оны емдеудің өзіндік дәрісі бар.
Бюджет жетіспеушілігі – бұл мемлекет шығындарының кірістен артық болуы. Бұл проблеманың ақталатын себептері бар. Мысалы, АҚШ экономикасында бюджеттің жетіспеушілігі дүниежүзіндегі елдерден әлде қайда көп. Былай қарағанда ел қарызбен күн көріп отырған сияқты. Бұл үлкен мемлекеттік борыш кешірімді болады, болашақ ұрпаққа пайдалы болады, егер инвестицияларды елдің өндіргіш күштерін нығайтуға жұмсаса, ал инвестиция қазіргі тұрмысты реттеуге жұмсалса болашақ ұрпаққа обал болады.
3.2 Бәсекелестікті жетілдіру
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы фактордардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар, іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.
Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.
Кәсіпкерліктің түрі формаларының өзара тиімді антымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді. Кәсіпкерлік нарықта колсалтингтік, брокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп, белсенді рөль атқарады. Кәсіпкерлер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге бейім тұрады. Бұл жағдайда ортақ біртұтас кәсіпорын құрамында жекелеген кәсіпкер өз мүлкіне жекеменшігін сақтайды. Дегенмен де серіктестіктерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары құрал-жабдық және басқа да мүлікті толық немесе ішінара біріктіреді. Жеке кәсіпкерліктің бұл мүмкіндігі бизнесті дамытушы күш, маңызды фактор болып есептелінеді. Сонымен қатар, ұжымдық бизнестің көптеген формалары капиталдың қосылуы, ортақ меншіктің құрылуы, осы бірігудің барлық мүлкіне жауап беретін заңды тұлға жасаумен байланысты.
Кәсіпкерлікті дамыту кез келген деңгейдегі басқаруды жетілдіру үшін қажет. Кәсіпкерлікті дамыту мынадай сұраққа жауап іздеуі керек: «Геосаясаттық өзгерістер іскерлік белсенділікке қандай әсер тигізеді»? Кез келген экономиканың бүгіні мен болашағында «стратегиялық көзқарассыз» ешқандай даму болмайды.
Кәсіпкерлік мәселелері бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр. Сондықтан да 1990 жылы мамыр айында Вашингтонда өткен стратегиялық басқарудың халықаралық конференциясының лейтмотиві – «кәсіпкерлер жаңа шаруашылық ойлауды іздестіруде» деп аталды. Онда кәсіпкерлердің ұшқыр мәселелері, экономикаға, ұйымдастыруға, технологияға, өнімге деген жаңа қадам іздестіру туралы толғаныстар қарастырылды.
Кәсіпкерлікті жетілдіру
экономиканың тұрақтылығы мен оның
бәсекелік сипатын қалыптастыру
Кәсіпкерлікті дамыту үшін
субъектінің белгілі бір
Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен – кәсіпорын. Заңмен бекітілген іскерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формасы деп аталады. Нарықтық қатынастарға өтуде халықты кеңінен кәсіпкерлікке тарту қажет. Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық тәуелсіздігі болуы қажет.
Халық шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын ұйымдық-құқықтық құрылысы, масштабы, қызмет ауқымы жағынан әр түрлі болып келеді. Құқықтық және өндірістік жағынан алғанда олар жекелеген топтар мен түрлерге бөлінеді. Олар: шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, сондай-ақ мемлекеттік секторында – мемлекеттік немесе ұлттық және муниципалдық кәсіпорындар.
Республикада кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ден қойылып, бірқатар заңдар мен жарлық, қаулылар қабылданған. Алғашқы құжаттардың бірі болып «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» Заңы 1992 жылдың 4 шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың мәні мен мазмұны, басты бағыттары мен мақсаттары айқындалады. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдау дегеніміз – аталған қызметті орындаудағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық, жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады. Республикада «Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту» Қоры құрылып, Президент жарлығымен 1994 жылдың сәуір айында «Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту жайындағы» мемлекеттік комиссия өз қызметін бастады. Жалпы бағыттық іс-әрекеттерді жүйелі орындау мақсатында Қазақстан Республикасы кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың 1994-1996жж. арналған бағдарламасы жасалынды. Аталған бағдарламаның басты мақсаты – экономикада жеке меншіктік секторын қалыптастыру және дамыту, кәсіпкерліктің инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады. Ел Президентінің «Азаматтар жөніндегі құқығын қорғау туралы» жарлығының қабылдануы мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне зор маңыз бергенін дәлелдейді. Әр жылдың сәуір айында Алматыда өтетін республика кәсіпкерлерінің жыл сайынғы форумында да осы мәселеге көп көңіл бөлінеді. Мұнда кәсіпкерліктің дамуына баға беру мәселесі қаралып, оның нәтижесінде кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілер мен оларды жою бағыттары қарастырылады.
Әрине, кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдастырушылық негізін құруда әлі де болса шешімін күткен мәселелер айтарлықтай. Оның үстіне лицензия беруші, тексеруші органдардың көптігі, кеден және салық заңдарының жетілмегені, кемшіліктер, несие алудың қиындығы, кәсіпкердің мүддесін қорғайтын органның болмауы, бюрократия кәсіпкерлікті дамытуға елеулі кедергі жасайды. Сондықтан да экономикада кәсіпкерлік субъектілерінің сандық үлесі артса да, одан түсетін салықтық кіріс мөлшері аз. Бюджетке салықтың аз түсуі салық жүйесінің жетілмегені де әсер етеді. Себебі салықтың жоғары болуынан кәсіпкерлер табыстарын жасырады.
Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
Жоғарыда аталған факторлар
кәсіпкерлік субъектілерін «
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Оның рөлін Адам Смит былай деп бағаланған болатын: «Кәсіпкер өз мүддесін өзі үшін ұтымдылық жағдайды көздейді дей тұрғанмен, ол қоғам мүддесіне де қызмет етеді». Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шаруашылықты ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор.
“Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму жағдайлары мен басым факторлары” елімізде кәсіпорындар қызметіне қолайлы экономикалық ахуал жасау тапсырмалары, кәсіпорын функцияларын ырықсыздандыруға талдау қарастырылады және кәсіпорындардың қызмет ету негізінде заңды-нормативтерді жетілдіруге ұсыныстар көрсетіледі.
Қазіргі кездегі халықаралық бизнес ерекшелігі - тәуелді барынша төмендетуге ұмтылу. Өз кезегінде тәуекел дәрежесі экономикалық кеңістіктегі бизнес климатынан болады. Қолайлы экономикалық, заңды-құқықтық институтционалдық жүйе негізінде шаруашылық субъектілердің қызмет етуін “қолайлы экономикалық ахуал” деп аталады. “Қолайлы экономикалық ахуалдың” принципты базасына болып келесі факторлар жатады:
- жетілген салық жүйесі;
- оңайлатылған валюталық режим;
- бюджет жүйесі;
- кедендік режим;
- тиімді есеп беру мен есепке алу;
- жетілген банк жүйесі;
- шаруашылық басқару органдарын жаңарту;
- жетілген сақтандыру жүйесі;
- әкімшілік басқару органдарын жаңарту;
- жетілген сақтандыру жүйесі.
Әлемдік тәжірибеде инвестиция
тартуға қолайлы жағдай жасау,
сонымен бірге кәсіпорын құру,
көп жағдайда заң шығару
1 инвесторлар басының және меншігінің қорғауды қамтамасыз ету;
2 қаржылық валюталық, салықтық, тарифтік және тарифтік емес реттеуде құқықтық негізін жетілдіру;
3 шетел инвестициясын сақтандыру және кепілдендіру жүйесін құру және жеке ұлттық инвестициялармен кепілзат операцияларын жүргізу механизмін қалыптастыру;
4 инвестицияны реттеу мәселелерін шешуде мемлекеттік және аймақтық органдар ықпалын шектеу;
5 әртүрлі ведомостволар тарапынан үстемдікті жою.
Қазақстада “қолайлы экономикалық ахуал” қалыптастырудың негізгі элементі “Шетел инвестициялары туралы” Заң болып табылады. Осы заңға сәйкес, шетел инвестицияларының кез-келген түрі және олармен байланысты барлық қызмет түрлері қолайлы жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс. Бұл заңның негізгі қабылданған мақсаты – біздің еліміздегі шетел инвестицияларына, олардың қызметіне максималды жағдай құру.
Бұл заң Қазақстан
территориясында шетел
Тікелей шетел инвестициялары Қазақстан үшін, оның қазіргі кезеңдегі экономикалық жағдайын ескергенде, басқа мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастық формаларымен салыстырғанда бірқатар айтарлықтай артықшылықтарына ие болады:
біріншіден, отандық тауарлар мен қызметтерді өндіруге олар шетел капиталын салу көзі болып табылады;
екіншіден, технология трансфертін, “ноу-хау”, алдыңғы қатарлы басқару әдістерін және маркетингі, және мемлекеттің сыртқы қарызын өтеуді кқамтамасыз етеді.
1995 жылы еліміздің салық жүйесін реформалау жылы болып табылады, яғни жаңа салық кодексінің және салықтық тәжірибелерді жүргізу болып есептеледі. Республикадағы жүргізілген салықтық реформалардың негізгі идеясы: бюджет пайдасын қалыптастыру, экономикалық бейтараптықты, және салық жүйесінің қарапайымдылығы мен әділдігін іске асыру. Салық кодексінде салық негізінің кеңеюін анықтайтын, саклық пайызын тұрақтандыру және өз табысын адамдардан салықты төмен дәрежедә алу прнциптері қарастырылады.
Информация о работе Кәсіпкерлік фирманың түрлері және бәсеке