Ақпараттық қауіпсіздік және компьютерлік жүйелерде ақпаратты қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 17:21, курсовая работа

Краткое описание

Кадрлар құрамы мен құрылымы келесі көрсеткіштермен сипатталады: білім деңгейі, мамандығы, кәсібі, квалификациясы, жұмыс стажы, жасы, т.с.с.
Кадр бөлімі қызметінің мәселелері:
- мекеменің ерекшеліктеріне сәйкес мамандығы, квалификациясы, кәсібі бойынша басқарушы және жұмысшы қызметкерлермен қамту;
Кадр қозғалысын, карьералық өсуін қамтамасыз ету;
Қызметкерлердің квалификациясын көтеру;
Кадр құрамын тіркеу.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................
6
1 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.
1.1 Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімшілігі туралы жалпы мәлімет...........................................................................................................
1.2 Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімшілігінің ұйымдастыру құрылымы ......................................................................................................
1.3 Мәселенің қойылымы..............................................................................



8

8
19
2 АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРТАЛАРЫ
2.1 Жұмыс орнын автоматтандыру принциптері мен оған
қойылатын талаптар......................................................................................
2.2 Автоматтандырылған жұмыс орнының құрамы..................................


22
23
3 BORLAND DELPHI ОРТАСЫНДА МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
2.1 BDE Administrator арқылы мәліметтерге қатынасуды ұйымдастыру
2.2 Active XDate Object (ADO) технологиясының ерекшеліктері ..........
2.3 BDE технологиясының көмегімен мәліметтер қорының байланысы үшін қолданылатын компоненттер ..........................................................


29
32

32
4 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
4.1 Кадр бөлімінің мәліметтер базасын Delphi 7 ортасында құру технологиясы..................................................................................................
4.2 Бағдарламаның іске қосылуы және қолданылуы..............................


36
40
5 АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
5.1 Ақпараттық қауіпсіздік және компьютерлік жүйелерде ақпаратты қорғау..............................................................................................................
5.2 Мекемедегі еңбекті қорғау шаралары...................................................


46
50
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................
52
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................

Вложенные файлы: 1 файл

Акимат.doc

— 779.00 Кб (Скачать файл)

 

Қаржы бөлімі негізгі тапсырмаларды және өз міндеттерін жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіппен мынадай құқықтарға ие:

1) салықтық органдардан, басқа мекемелер  мен жеке тұлғалардан, сондай-ақ, басқа аудандық органдардан салық  түсімдерінің және басқа заңда  белгіленген нысанда және мерзімде  бюджетке міндетті төлемақылардың сомалары жөніндегі мәліметтерді, бюджет жобасын құруға, оның орындалуына қажетті, сондай-ақ, оған жүктелген басқа да міндеттерді орындауға қажетті статистикалық және басқа материалдарды сұрауға және алуға;

2) өзіне заңмен жүктелген басқа да құқықтарын жүзеге асыруға. 

 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімиятының кәсіпкерлік бөлімі ауданы бойынша жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады. 

  

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімиятының жер қатынастары бөлімі

 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімиятының жер қатынастары бөлімі бөлім аудан аумағында жер қатынгастары саласында мемлекеттік басқару және бақылау функциаларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады.     

 Бөлімнің негізгі міндеттері:          

1) жер заңнамаларын орындау, жер  қатынастарын реттеу саласында  облыстық, аудандық өкілетті, атқарушы  органдардың шешімдерін орындау;           

2) қолайлы экологиалық ортаны  жасау және табиғи ландшафтарды жақсарту        

 Бөлімнің құзіретіне:          

1) иесіз жер учаскелерін есепке  алу;          

2) ауданның жергілкті атқарушы  органның жер учаскелерін беру  және олардың нысаналы мақсатын  өзгерту жөніндегі ұсыныстарын  мен шешімдерінің жобаларын дайындау;          

3) мемлекеттік қажеттер үшін  жер учаскелерін алып қою жөнінде  ұсыныстар дайындау;          

4) жер учаскелерін бөлінетіндігі  мен бөлінбейтіндігі айқындау;          

5) мемелекет жеке меншікке сататын  нақты жер учаскелерінің кадастрлік (бағалау) құнын бекіту;         

6) жерге орналастыруды жұргізуді  ұйымдастыру және жер учаскелерін  қалыптастыру жөніндегі жерге  орналастыру жобаларын бекіту;         

7) жерді аймақтарға бөлу жобаларын  және ауданның жерін ұтымды  пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;          

8) елді мекендер аумағының жер-шаруашылығын  орналастыру жобаларын әзірлеу  ұйымдастыру;         

9) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;          

10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;         

11) ауданның жер балансын жасау;          

12) жер учаскелерінің меншік  иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай ақ жер құқығы қатынастарын  басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;          

13) жер учаскесіне құқықты куәландыратын  құжаттар беру;         

14) жер учаскелерінің бар немесе  жоқ екендігі туралы анықтамалар  беру туралы         

15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы  жер учаскелерінің паспортын беру           

16) жер учаскесін сатып алу-сату  шарттары мен жалдау және жерді  уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын  жасасу;          

17) осы Қазақсатан Республикасы  Жер Кодексінің 71-баьына сәйкес  ауданның жергілікті атқарушы  органның іздестіру жұмыстарын жұргізу үшін жер учасклерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;          

18) ауылшаруашылығы алқаптарын  бір тұрден екіншісіне ауыстыру  жөнінде ұсыныстар дайындау жатады;            

19) заңнамада белгіленген тәртіппен  мемлекеттік органдар, өзге де үйымдар, лауазымды адамдардан және азаматтардан өз қызметіне қатысты сұрақтар бойынша ақпарат сұрату жатады.

Әкімшілікте жұмыс атқаратын әр қызметкерлерге функционалдық талаптар қойылады. Жалпы айта кетсек:

  • мамандығы;
  • стажы;
  • кәсіби құзырлығы;
  • тәжірибесі.

 

Ұйымдастыру-кадрлық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

 

Әкiм аппаратының бақылау және кадр iсi бөлiмi, ҚР Конституциясына және ҚР “Жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы” Заңына сәйкес ұйымдастырылған, әкiм аппаратының бөлiмi болып табылады, аппарат басшысының тiкелей басқаруымен жұмыс iстейдi.

Бөлiм, өз қызметiн ҚР Заңдарын, ҚР Президентi мен Үкiметiнiң Жарлықтары мен Қаулыларын, сондай-ақ, Алматы қаласы әкiмiнiң қаулылары мен өкiмдерiн, аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа ала отырып iске асырады.  

 

Бөлiмнiң мiндеттерi мен қызметтерi 

 

Әкiм аппаратының бақылау және кадр iсi бөлiмi аппараттың құрылымдық бөлiмдерiмен өзара тығыз байланыса отырып, Нұсқаулық құжаттардың орындалуын бақылау жүйесiн қадағалайды және тiкелей iске асырады.

Оларды уақтылы, сапалы және толық iске асыру мақсатында, бөлiм азаматтардың өтiнiштерiн қарау, оларды қабылдау, сондай-ақ, ҚР Президентiнiң “Азаматтардың өтiнiшiн қарау тәртiбi туралы” Жарлығын бұлжытпай орындау тәртiбiн қамтамасыз етедi, ҚР Президентi мен Үкiметiнiң Жарлықтары мен Каулыларын, Алматы қаласы әкiмi мен аудан әкiмiнiң қаулылары мен өкiмдерiн орындау жөнiндегi орындаушылық тәртiбiнiң сақталуы жөнiнде шаралар қабылдайды.

Бөлiм iшкi саясат, коммуналды шаруашылық, құрылыс және көрiктендiру бөлiмдерiмен бiрлесе отырып, әкiм аппараты басшыларының аудан тұрғындарымен кездесуiн, жиындарын әзiрлеу, өткiзу және ресiмдеу жұмыстарын ұйымдастырады:

  • әкiм аппаратының бөлiмдерi және қызметтерiнде iс жүргiзудi ұйымдастыру, құжаттармен жұмыс iстеу, азаматтардың өтiнiштерiн қарау Ережелерiн меңгеру мәселелерi бойынша әдiстемелiк, кеңес беру көмектерiн көрсетедi;
  • ай сайын азаматтардың шағымдарының сипатына талдау жасайды, әкiмге талдама-сараптау анықтамасын және ақпараттар ұсынады
  • жұмыс Келісiмiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
  • бөлiмнiң мiндетi - кiрiс және шығыс хат-хабарларын өңдеу жұмыстарын қамтамасыз ету, Нұсқаулық құжаттардың орындалуын жүйелi бақылауды жетiлдiру; бөлiмдер мен қызметтердiң орындаушылық тәртiбiне ай сайын талдау жасау;
  • әкiмнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн әзiрлеу және рәсiмдеу; олардың орындалуын iске асыру, құжат айналымын жүйелеу;
  • бөлiм ҚР “Тiлдер туралы” Заңының, “Тiлдердi қолдану және дамыту жөнiндегi Мемлекеттiк бағдарламаның” сақталуын қамтамасыз етедi;
  • бөлiм, қызметкерлердiң жеке iстерiн қалыптастырады, кадр резервтерiн дайындау, сiңiрген еңбек жылын анықтау жұмыстарын жүргiзедi; “Мемлекеттiк қызмет туралы” Заң күшi бар Жарлықтың, “Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы Ережелерiнiң” орыдалуын бақылайды, әкiм аппаратының кадр саясаты жөнiнде талдау-сараптау анықтамалары мен ақпараттарын әзiрлейдi;
  • бөлiм, әкiм аппаратының іс-қағаздар тiзбесiн, мұрағат құжаттарын қалыптастырады, сараптау комиссиясының жұмысын үйлестiредi, уақытша және тұрақты сақталатын iстердi есепке алу және сақтау жұмысын бақылайды, бөлiмдердiң құжаттарды өткiзу iсiн жүйелейдi, қабылданған құжаттарға ғылыми-техникалық өңдеулер жүргiзедi, мұрағаттағы iстерден көшiрмелер беру шараларын iске асырады;
  • бөлiм қаржы-шаруашылық қызметiн iске асырады, әкiм аппаратына материалдық-техникалық қызмет көрсетедi, материалдық құндылықтардың сақталуын бақылайды;
  • жыл сайын негiзгi құрал-жабдық пен ТТЗ түгендеу iсiн жүргiзедi;
  • электр қуатымен, сумен, жылумен жабдықтау, лифттiң шығынын және пайдаланылуын есепке алу жұмысын жүргiзедi;
  • ғимараттың санитарлық жағдайын қадағалайды;
  • ресми бланкiлердiң есепке алынуын бақылайды;
  • аппарат бойынша материалдардың басылуын iске асырады.  

 

Байзақ ауданының Ұйымдастыру-кадрлық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде 5 маман қызмет атқарады: бөлім басиығы және 4 бас маман қызметінде.

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің барлық штаты – 102 бірлік. Бөлімнің жұмысы қағаз жүзінде орындалады (тіркеу, сұрыптау, сұраныс жасау). Мәтіндік ақпаратты өңдеу мақсатында кадр бөлімі  3 компьютер. 1 принтермен қамтылған. Интернет желісінде http://rus.bayzak-zh.kz/ адресі бойынша ауданның ресми сайты ашылған, алайда сайт ақпаратпен толықтырылмаған.

 

1.3 Мәселенің қойылымы

 

Дипломдық жұмыстың мақсаты Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімшілігі кадр бөлімінің жұмысын автоматтандыру.  Ол үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

- пәндік саладағы бастапқы, аралық және нәтижелілік ақпараттық  ағындардың арасындағы өзара  байланыстарын анықтау;

- ақпараттық жүйенің мәліметтер  базасын құру;

- қолданбалы қосымша интерфейсін құру.

Ұсынылып отырған бағдарлама Дельфи 7 программалау ортасында BDE  компонентінің көмегімен құрылды.

 

Кадр бөлімі мәліметтер базасының элементтері

 

Жалпы кадр бөлімінің ақпараттық моделін клесідей сипаттауға болады:

Сурет 1.3 Кадр бөлімінің автоматтандырылған жұмыс ортасының моделі

 

Мәліметтер базасының элементтері:

 

Тізім:

    • Аты-жөні;
    • Қызметі;

Жеке мәліметтері:

    • Паспорттық мәліметтер;
    • Туылған жылы, айы;
    • жынысы;
    • мекен жайы;
    • телефоны;

Жұмыс мәліметтері:

    • жұмыс бөлімі;
    • жұмысқа орналасу күні;
    • демалыс мезгілдері;

Квалификациясы:

    • квалификациясын көтеру орны, мерзімі;
    • алған квалификациясы;

Білімі:

    • білімі;
    • бітірген орны;
    • бітірген жылы;
    • диплом номері мен сериясы;
    • шет тілін білу деңгейі;

Жанұя жағдайы:

    • жанұйя жағдайы;
    • жанұйя мүшелерінің мәліметтері;

Ерекше көрсеткіштері:

    • шет елдерге бару;
    • ерекше көрсеткіштері.

 

 

2 АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС  ОРТАЛАРЫ

 

2.1 Жұмыс орнын автоматтандыру принциптері мен оған

қойылатын талаптар

 

Автоматтандырылған жұмыс орнының қызмет көрсетуі деп, компьютерде, ақпаратты өңдеуде адам мен машина құрылғысы арасындағы функция мен жүктелімнің дұрыс бөліну шартына байланысты нақты қорытындыны шығарып беруін айтуға болады. Сонда ғана автоматтандырылған жұмыс орыны басқарудың тиімділігін және еңбектің өнімділігін артыратын құрал ғана емес, сондай-ақ мамандардың қолайлы жұмыс жасауына мүмкіндік жасайды.

Әр түрлі басқару объектісінде, олардың атқаратын қызметіне сәйкестендірілген, автоматтандырылған жұмыс орны болуы керек. Бірақ та автоматтандырылған жұмыс орнын құру принципі ортақ болуы қажет. Жұмыс орынын автоматтандыру жалпы мынадай принциптерге сүйенуі қажет:

    • жүйелілік;
    • икемділік ;
    • орнықтылық;
    • тиімділік.

Жүйелік принципі – құрылымы белгіленген міндетіне сәйкес анықталатын жүйе ретінде қарастырылуы тиіс.

Икемділік принципі – қандайда бір модуль арқылы құрылатын жүйе ішінде барлық жүйелерді қайта құру және олардың элементтерін бір үлгіге салу мүмкіншілігі.

Орнықтылық принципі – жұмыс орынын автоматтандыру жүйесі мүмкін болатын ішкі және сыртқы әсер ететін себептерге байланыссыз негізгі қызметтерді орындау керек.

Тиімділік принципі – жүйені жасауға және оны пайдалануға кеткен шығынға қатысты жұмыс орынын автоматтандыру жоғарыда келтірілген принциптерін іске асуын интегралды түрде қарастыру.

Жұмыс орынын автоматтандыруға қойылатын талаптар төмендегідей:

  • мамандардың ақпараттық және есептеу талабын уақытында қанағаттандыру;
  • автоматтандыру уақытты ұту қажеттілігінен туындайтындықтан қолданушының сұранысына аз уақыт ішінде жауап беру;
  • пайдаланушының дайындалу деңгейіне және оның профессионалдық сұранысына байланысты келтіру(адаптация);
  • автоматтандырылған жұмыс орынының функцияларын үйренудің қарапайымдылығы, сенімділігі;
  • пайдаланушыға байланыс бойынша шыдамдылықты қамтамасыз ету;
  • пайдаланушының тез үйренуінің маңыздылығы;
  • есептеуіш желі құрамында жұмыс істеуінің маңыздылығы.

 

2.2 Автоматтандырылған жұмыс  орнының құрамы

 

Компьютерлердің құнының арзан болуы, сенімді, пайдаланудың қарапыйымдылығы арқасында, бұрын есептеуіш машиналардың қымбаттылығы, қызмет көрсетуі мен байланыс орнатуының күрделілігінен қолданылмаған, адамзаттың қызмет істеу саласында ЭЕМ-нің қолдану  аймағы кеңейді.

Бұл аймаққа әсіресе кішігірім мекемелердің қызметі жатады, онда дербес компьютердің қолданылуы ақпаратты өңдеумен айналысатын мамандардың жұмыстарының өнімділігін арттырды. Қазіргі кезде әртүрлі мамандықтардағы ой және басқару еңбектерінің қарқынын күшейту үшін дербес электронды есептеуіш машинаны қолдану негізінде  автоматтандырылған жұмыс орны жасалып және кеңінен таратылуда.

 

  • Микропроцессор дербес ЭЕМ-нің негізгі құрылғысы болады, ол бағдарламадағы әртүрлі операцияларды орындауды қамтамасыз етеді. Микропроцессорлар бір-бірінен өзгешелігі олардың типтеріне және оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші тактылық жиілігінде жатыр.  Тактылық жиілігі неғұрлым көп болса, соғұрлым процессор өнімділігі жоғары болады.
  • Дербес ЭЕМ-нің өнімділігі сондай-ақ жадының мөлшеріне де байланысты. Жады негізгі және сыртқы болып бөлінеді. Негізгі жады тұрақты (ROM) және оперативті немесе жедел (RAM) болып бөлінеді. Жедел жадыда динамикалық бағдарлама ақпараты мен өңделетін мәліметтер сақталады. Компьютер сөнген кезде ондағы мәлімет жоғалады. Тұрақты жады көлемі жедел жадыдан анағұрлым аз болады. Онда өзгертілмейтін мәлімет сақталынады, оны тек оқуға болады (тек қана арнайы құрылғы (программатор) арқылы өзгертуге болады).          
  • Сыртқы жадының да түрлері көп.
    1. Иілгіш дискідегі жинақтауыштар. Көлемі аз болғанына қарамастан, бағасы арзан болғандықтан көп қолданылады.
    2. Қатты дискідегі жинақтауыштар (винчестер). Көлемі үлкен, мәліметтер алмасу жылдамдығы жоғары және ақпаратты сақтау сенімді. Жылдан жылға бағасы төмендеп, ал көлемі,жылдамдығы және сенімділігі артып келеді.
    3. CD ROM компакт дискілері. Қазіргі кезде компакт дискі қатты дискімен бірдей жылдамдықта жұмыс атқара алады. Онда өте сапалы фото суреттер, фильмдер мен бейнеклиптержазылып таратылады.
    4. Flash Drive. Қазіргі кезде бағасының қымбаттылығына қарамастан көп қолданылады. Көлемі иілгіш дискілерден жоғары, мәліметті сақтау сенімдірек.
      • Дисплей – ақпаратты бейнелейтін негізгі құрылғы. Негізінен экран мөлшері мен ең жоғарғы сыйымдылығы арқылы сипатталады. Олар жоғарғы болған сайын, экранда көп ақпарат орналастыруға болады.
      • Клавиатура – ақпаратты енгізетін негізгі құрылғы. Сондай-ақ пайдаланушының жұмысын жеңілдететін құрылғылар тышқан графиктік тетігі, сканер және т.б. енгізу құрылғылары қолданылады.
      • Баспа құрылғысы –  ақпаратты қағазға басып шығару үшін қолданылады. Оларға принтер, плоттер жатады.
      • Дербес ЭЕМ-нің барлық құрылғылары жүйелік магистраль арқылы байланысады.

Информация о работе Ақпараттық қауіпсіздік және компьютерлік жүйелерде ақпаратты қорғау