Ақпараттық қауіпсіздік және компьютерлік жүйелерде ақпаратты қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 17:21, курсовая работа

Краткое описание

Кадрлар құрамы мен құрылымы келесі көрсеткіштермен сипатталады: білім деңгейі, мамандығы, кәсібі, квалификациясы, жұмыс стажы, жасы, т.с.с.
Кадр бөлімі қызметінің мәселелері:
- мекеменің ерекшеліктеріне сәйкес мамандығы, квалификациясы, кәсібі бойынша басқарушы және жұмысшы қызметкерлермен қамту;
Кадр қозғалысын, карьералық өсуін қамтамасыз ету;
Қызметкерлердің квалификациясын көтеру;
Кадр құрамын тіркеу.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................
6
1 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.
1.1 Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімшілігі туралы жалпы мәлімет...........................................................................................................
1.2 Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімшілігінің ұйымдастыру құрылымы ......................................................................................................
1.3 Мәселенің қойылымы..............................................................................



8

8
19
2 АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРТАЛАРЫ
2.1 Жұмыс орнын автоматтандыру принциптері мен оған
қойылатын талаптар......................................................................................
2.2 Автоматтандырылған жұмыс орнының құрамы..................................


22
23
3 BORLAND DELPHI ОРТАСЫНДА МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
2.1 BDE Administrator арқылы мәліметтерге қатынасуды ұйымдастыру
2.2 Active XDate Object (ADO) технологиясының ерекшеліктері ..........
2.3 BDE технологиясының көмегімен мәліметтер қорының байланысы үшін қолданылатын компоненттер ..........................................................


29
32

32
4 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
4.1 Кадр бөлімінің мәліметтер базасын Delphi 7 ортасында құру технологиясы..................................................................................................
4.2 Бағдарламаның іске қосылуы және қолданылуы..............................


36
40
5 АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
5.1 Ақпараттық қауіпсіздік және компьютерлік жүйелерде ақпаратты қорғау..............................................................................................................
5.2 Мекемедегі еңбекті қорғау шаралары...................................................


46
50
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................
52
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................

Вложенные файлы: 1 файл

Акимат.doc

— 779.00 Кб (Скачать файл)

Дербес ЭЕМ-ді ең тиімді қолдану дегеніміз белгілі бір мамандарға (басшыларға, бухгалтерлерге, экономисттерге және т.б.) арналған автоматтандырылған жұмыс орнын құру болады, себебі бұл үлгі адам мен машина арасындағы психологиялық баръерді алып тастайды.

      2.1-суретте автоматтандырылған жұмыс орнының жалпы схемасы көрсетілген.

Жалпы бағдарламалық жасақ есептеу техникаларының қызмет жасауын, жаңа бағдарламаларды құруды және іске қосуды қамтамасыз етеді. Оған операциялық жүйелер, бағдарламалау жүйелері және қызмет көрсету бағдарламалары жатады.

Автоматтандырылған жұмыс орнының мамандандырылған бағыты бағдарламалық жасақтың функциональдық бөлігімен анықталады. Мұнда бағыт белгілі маманға ғана арналады, анықталған пәндік аймақта есептің шешілуін қамтамасыз етеді.


Функциональдық бағдарламалық жасақты құрған кезде «адам-машина» байланысын ұйымдастыратын сұраққа көп көңіл бөлінеді. Егер қолданушы  пайдалы, керек іспен айналысып жатса, онда оған ЭЕМ –де жұмыс істеу қызықты болады. Кері жағдайда оны келеңсіз жағдайларға ұшыратуы мүмкін, барлық бағдарламалық жасақтарға немесе ЭЕМ-де жұмыс істеушілерге жаман әсерде қалуы мүмкін.

Осы сұқбатты  ұйымдастырғандардың көзқарасы бойынша сұқбаттық жүйенің талдауы көрсеткендей, оларды (пайдаланушы мен машина арасындағы байланысу принципі бойынша):

    • жүйелер командалық тілмен
    • «объектілер ғаламындағы адам»
    • «мәзір» үлгісіндегі сұқбат

түрінде бөлуге болады.

Қолданбалы жүйелерде командалық тілді қолдану бұл кіші және микро-ЭЕМ  үшін командалар интерпретаторын тұрғызу ойын жылжыту. Оның негізгі артықшылығы – құруы мен іске қосуының қарапайымдылығы, ал кемшілігі – олардың артықшылықтарын жалғастыру: командалар мен олардың параметрлерін сақтау қажеттілігі, қате енгізуді қайталау, әртүрлі деңгейдегі командалардың енушілігінің шектелуі және т.б.. Сонымен командалық тілмен жүйелерде қолданушы өзара әрекеттесетін тілдерді үйренуі қажет.

«Объектілер ғаламындағы адам» сырттай қарама-қарсы жағдай – командалар болмайды және адам жұмыс барысында өз объектілері бойынша курсорды басқару батырмаларымен, арнайы көрсеткіш құрылғыларымен («тышқан»), батырмалардың функциональдық комбинасиясымен қозғалады. 

«Мәзір» үлгісіндегі сұқбат «мәзір» пайдаланушыға балама әрекеттер жиынын береді, ол одан керегін таңдайды.

Қазіргі кезде соңғы екі қасиеттен тұратын пайдаланушы интерфейсі кеңінен қолданылады. Онда экранның жұмыс аумағы үш бөлікке бөлінеді. Біріншісі (негізінен жоғарғы жағында орналасады) мәзір жолы деп аталады. Оның көмегімен пайдаланушы бағдарлама «қаңқасын» құрайтын, әртүрлі мәзірлерді әрекеттестіруі мүмкін, оның көмегімен басқа объектілерге (оның ішінде басқаратын) ену жүргізіледі. Екінші бөлігі (негізіне төменгі жағында орналасады немесе кішігірім бағдарламаларда болмауы да мүмкін) қалып-күй жолы деп аталады. Оның көмегімен жиі қолданылатын объектілер тез шақырылуы немесе қандай да бір екпінді ақпараттар бейнеленуі мүмкін. Үшінші бөлігі ең үлкен-жұмыс аумағы деп аталады. Онда мәзір немесе қалып-күй жолынан шақырылатын барлық объектілер бейнеленеді. Мұндай адам мен машина арасындағы сұқбатты ұйымдастыру үлгісі анағұрлым қолайлырақ (осы күнге шейін бұдан артық ештеңе ойланып табылған жоқ) және оны барлық қазіргі бағдарламалар қолданады. Кез келген жағдайда ол IBM фирмасының CUA(Common User Access) стандартына сәйкес болуы қажет.

Енді автоматтандырылған жұмыс орнын өңдеуінің екі жолын қарастырамыз. Бірінші жол – функциональдық  ең әлпеттес функцияларды автоматтандыруды білдіреді.

Функциональдық бағдарламалық жасақтың қолданудың нақты шартына қалай бейімделетінін қарастырамыз. Іскер ақпараттарды өңдеумен және басқарма шешімін қабылдаумен байланысты болатын, әртүрлі мамандықтар үшін автоматтандырылған жұмыс орнында негізгі болатын  бағдарламалық құрылғыларды белгілеп қоямыз.

Бірінші техникалық қызметші еңбегін автоматтандыру үшін  бағдарламалық құрылғылар пайда болды, бұл олардың атқаратын функцияларының формаларының көптігін ескерген шығар. Оның ең әлпеттес мысалы ретінде мәтіндік редакторлар (процессорлар)  болады. Олар жылдам ақпараттарды енгізуге, оны өңдеуге, қатесін өзі іздеп тауып жөндеуге, мәтінді қағазға басуды дайындауда көмектесуге рұқсат етеді. Мәтіндік редакторларды қолдану машинисткалардың еңбегінің өнімділігін анағұрлым  арттыруға мүмкіндік жасайды.

Мамандар әртүрлі құжаттарды дайындау үшін талап бойынша қойылатын мәлімдеуді табу мақсатында үлкен көлемдегі мәліметтермен жұмыс істейді. Осы жұмысты жеңілдету үшін мәліметтер қорын басқару жүйесі (DBASE, ORACLE, MS ACCESS6 INTERBASE және т.б.)  құрылды. Олар үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтайды, және де ең негізгісі тез арада керекті мәліметті тауып береді. Мысалы картотекамен жұмыс кезінде  қажетті ақпаратты табу үшін, әсіресе қажетті бір белгісі бойынша сұрыпталмаған болса, мәліметтердің үлкен архиві жұмысын тұрақты тоқтату керек. Мәліметтер қорын басқару жүйесі  бұл жұмысты бірнеше секунд ішінде орындайды.

Мамандардың көп бөлігі, көп жағдайларда экономикалық ақпараттар кесте құжаты түрінде көрсетілетіндіктен, әртүрлі кестелерді өңдеумен айналысады. Іріформатты электрондық кестелер осындай құжаттарды құруға көмектеседі. Олар өте қолайлы, алғашқы мәндері өзгерген бойда барлық қорытынды және аралық мәндерін қайта есептеп шығарады. Сондықтан олар, мысалы пайда табу және тауарларын өткізу көлемдерін болжауда, кеңінен қолданылады. 

Мекемелерде ұйымның бақылауға және қызметін үйлестіруге арналған автоматтандырылған жұмыс орнының бағдарламалық құралдары жеткілікті үлкен әйгілілікпен пайдаланылады, онда барлық басқару қызметі, әрқайсысының басталу, аяқталу мерзімі және жауапты орындаушылары бар, процестердің жиынтығы сияқты жазылады. Сондай-ақ әрбір жұмысшының қызметі басқаларымен байланысады, осылайша жұмыстың жоспар-графигі жасалынады. Пакет автоматты түрде мезгілі жеткен кезде орындаушыларға тапсырмаларды қалыптастыра алады, жұмыс аяқтауы мезгілі туралы есіне түсіреді және қызметкерлердің орындаушылық қызметі туралы мәліметтерді жинастырады.

Оперативті мәлімет алмасу мекеме қызметінде маңызды роль атқарады. Осыған байланысты «электронды пошта» түріндегі бағдарламалық құрылғы кеңінен таратыла бастады. Олардың көмегімен құжаттарды мекеме ішінде таратуға мүмкіндік бар, әртүрлі жұмыс орнынан хабарлауды алуға және  өңдеуге, сондай-ақ бір біріне бірталай арақашықтықта орналасқан мамандар мәжілісін өткізуге болады. Мәлімет алмасу мәселесі автоматтандырылған жұмыс орнының қызметі есептеуіш желісі құрамында ұйымдастырумен тікелей байланысты.

Қазіргі кезде интеграцияланған пакеттер деп аталатынды жасауға тенденция байқалады, оларға мәтіндік редактор, кестелер, графиктік редакторлар кіреді. Бірдей операцияларды (мәліметтерді құру және өңдеу) орындау үшін қолданылатын әртүрлі көп мөлшердегі бағдарламалардың барлығы үш әртүрлі  негізгі ақпарат түрін:

  • сандық
  • мәтіндік
  • графиктік

қолданады.

Ақпаратты сақтау үшін қөбінесе мәліметтер қорын басқару жүйесі қолданылады, олар барлық мәлімет түрін бір бүтінге біріктіре алады. Қазір ақпараттың басқа екі түрі: дыбыстық және бейнеақпараттық, екпінді дамып келеді. Олардың өздерінің редакторлары бар, бірақта болашақта олар көптеген мәліметтер қорының  ажырамас бөлігі болады.

Бірақ қазіргі функциональдық бағдарламалық жасақтар әртүрлі мамандықтар қызметкерлерінің қойған барлық талаптарына жауап береді дегенмен, сонда да әрқашанда бірдеңе жетіспейді. Сондықтан мұндай бағдарламалық жасақтың пайдасы оларды толықтыруға және өзгертуге мүмкіндік болатындығы. Ал автоматтандырылған жұмыс орнында жаңа бағдарламалық жасақтың жасалуы екі бағытта басқарылады:

  • жаңа мамандық үшін жаңа бағдарламалық жасақтың жасалуы
  • бар мамандықтар үшін бағдарламалық жасақтарды мамандандыру

Қазіргі кезде кәсіпшілік мағынадағы автоматтандырылған жұмыс орнына көшу тенденциясы байқалады. Олар төмендегідей өрнектеледі:

  • шешілуші мақсаттардың есебі
  • басқа қызметкерлермен байланысу
  • кәсіпшілік әдеттер мен бейімділіктердің есебі
  • тек қана функциональдық бағдарламалық жасақты жасап қоймай, сондай-ақ арнайы техникалық құрғыларды («тышқан», желі, телефон номерлерін автоматты түрде теру және т.б.) жасау.

Мұндай автоматтандырылған жұмыс орнымен мамандарды жабдықтау мекемелік қызметкерлердің еңбек өнімділігі жоғарылатуға әкеледі, олардың санын қысқартады және сонымен бірге нәтижелі жоспарлау мен басқаруға қажетті экономикалық ақпаратты өңдеу жылдамдығын мен оның анықтығын  соған жүктейді.

 

3 BORLAND DELPHI ОРТАСЫНДА МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

 

Delphi-дің алғашқы нұсқаларында мәліметтер қорымен жұмыс істеу негізі болып Borland Database Engine (BDE) - Borland фирмасының мәліметтер қоры процессоры болып табылады. Ол қазірде өз қасиеттерін жоғалытқан жоқ. Бірақта, Delphi 5 бастап компоненттер кітапханасында мәліметтермен байланысудың альтернативті миханизмдері пайда бола бастады. Олардың көпшілік бөлігі Delphi 6 – да пайда болды. BDE қолданба мен мәліметтер қоры арасында келістіруші (делдал) болып жұмыс атқарады. Ол қолдаушыға нақты мәліметтер қорын жүзеге асыратын бірыңғай интерфейспен жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Осыған орай мәліметтер қорын жүзеге асырудың ауысуы барысында қолданбаны ауыстыру қажет емес. Delphi қолданбасы мәліметтер қорына BDE арқылы қатынайды. Бұл жағдайда мәліметтер қорымен байланысу сурет 1 – де көрсетілген сызбаға сәйкес келеді. 

Delphi қолданбасы мәліметтер қорымен  байланысу қажет болған жағдайда BDE жүгінеді немесе әдетте мәліметтер  қоры бүркеніш атымен оған  қажетті кестелерді хабарлайды. BDE динамикасы біріктірілген DDL кітапханасы  түрінде жүзеге асырылған (IDAPIO1.DLL, IDAPI32.DLL файлдары). Олар басқада кез келген кітапханалар сияқты IDAPI(Integrated Database Application Program Interface) деп аталған API(Application Program Interface – қолдп\анбалы бағдарламалар интерфейсі) жабдықталған. Бұл қолданбада қоолданылатын мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін арналған процедуралар мен функциялар тізімі.

BDE бүркеніш аты бойынша көрсетілген  мәліметтер қорына сәйкес келетін  драйверлерді табады.  Драйвер  – бұл анықталған типті мәліметтер  қорымен қалай жұмыс істеуді білетін көмекші бағдарлама. Егер BDE-де МҚБЖ-не сәйкес келетін өз драйвері бар болса, онда BDE ол арқылы мәліметтер қорымен және қажетті кестелермен байланысады. BDE Microsoft Access, Fox Pro, Paradox, dBase және т.б сияқты мәліметтер қорына қатынауды сүйемелдейді.

 

Сурет 3.1 Delphi қолданбасының мәліметтер қорымен байланысу сызбасы

 

Егер BDE-де МҚБЖ қажет драйвер жоқ болса, онда ODBC драйвері қолданылады. ODBC (Open Database Connectivity) - Microsoft  фирмасымен құрылған BDE  функцияларына ұқсас DLL. Ол ODBC. DLL файлында сақталады. BDE, Sybase, Microsoft SQL, Oracle, Interbase сияқты SQL серверлерімен мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін сұраныстардың стандартталған тілі SQL сүйемелдейді. Бұл мүмкіндік әсіресе клиент/сервер платформасында және үлестірілген қолданбаларда кеңінен қолданылады.

 

3.1 BDE Administrator арқылы мәліметтерге қатынауды ұйымдастыру

 

Қазіргі уақытта Delphi-де мәліметтерге рұқсат механизмдердің бірнешеуі іске асырылған және кез-келген механизмге өзінің меншікті компонеттер жиынын сәйкестіреді. Borland Database Engine (BDE) арқылы қатынас құру – ең  дамыған механизм, мұнда мәліметтер құру бағдарламаның кітапханасының қуатты қоры құрылып, ол әмбебап интерфейс арқылы жүзеге асырылады. Өңдеуші жергілікті мәліметтер базасы драйверлер ретінде пайдалана алады. Сонымен қатар серверлердің кең алынған тізімі үшін, мысалға InterBase, Oracle Subase, Informix, Microsoft SQL серверлері және DB2, ODBC драйверлері арқылы да қосылу мүмкіндіктері бар. BDE кемшіліктеріне қосымшаның таралу және орнатылу процестерінің күрделіліктерін жатқызуға болады, дегенмен бұл технология жиі қолданылады.

Біз SQL-стандартын қолдайтын мәліметтер қорының көп үлгілі екендігіне көз жеткіздік. Бұл мәліметтер қорын әртүрлі мақсатта өңделеді: мәліметтерді сақтау үшін және SQL-серверінің көмегімен өңделуін жүзеге асырады. Оның өнімін қолданатын бағдарлама мәліметтерді басқару үшін фирма, арнайы бағдарламаны, драйверлерді ұсынады. Ол клиент ұсынысымен мәліметтер қорының арасында делдал ролін атқарады. Бұл драйвер SQL-серверінің сәйкес клиенттік бөлімінде бірге жүйеге орнатылады. Дегенмен клиент ұсынысы әртүрлі үлгідегі бірнеше қормен бір уақытта жұмыс істей алады. Delphi-ді жасаушылар барлық функцияларды бір блокқа шығарады. Бұл функциялар базасының драйверлерімен күйге келтіруімен байланысқан. Жеке блок Borland Database Engine – деп аталады. BDE – мен бірге ең әйгілі SQL LINK деп аталатын мәліметтер қорына рұхсат үшін драйверлер жеткізіп береді. BDE мәліметтерді кештеу қамтамассыздығын SQL үшін емес қор үшін реттеуді өз мойынына алады. Сонымен қатар жадымен басқару, SQL – сауалының генерациясы, мәліметтердің үлгісінің өзгертілуі және т.б.

BDE–нің қолайлылығы клиент ұсынысына  жеке орналасқан. Бағдарламашыға  ол туралы жалпы ойланбауға  болады. Кейбір шартты атпен көрсетсе жеткілікті және бағдарлама күйге келтірумен байланысқандарды өзі тауып береді. Бұл шартты ат альяс деп аталады. Сонымен қатар альяс арқылы жұмыс істеген кезде қосымшаны бір серверден басқа серверге ауыстыру оңай. Мысалы біз SQL сервері үшін қосымшаны құрамыз және жөндейміз, сондай Альяс құрасыздар, бірақ басқа серверде оны мәліметтер қорымен байланыстырамыз. Бұл бағдарламада өзгерту енгізбейсіз. Әрине SQL сервері SQL тілінің стандарты бойынша болуы мүмкін. Бұл әдіс өңдеуде жиі қолданылып, қосымша SQL серверінің жергілікті түрімен іске асырылады. Ары қарай ғаламды желі түріне ауысады. Мұндай ауысу масштабтау деп аталады. Delphi-дің бұл жеткізілуіне жергілікті сервер CASE түріне қосылған. Осылайша, бағдарлама қор мәліметтерімен қор жасау үшін бірнеше ретте BDE–ні реттеу қажет. Кейбір аляьста Delphi өңдеушілері бұл үшін арнайы қызмет бағдарламаны қарастырған.

 

2.2 Active XDate Object (ADO) технологиясының  ерекшеліктері 

 

Delphi – де мәліметтер қорымен  жұмыс істеудің альтернативті  мүмкіндігі енгізілген. Бұл Microsoft фирмасында құрылған Activex Data Objects (ADO) технологиясы. ADO- бұл реляциялық және реляциялық емес мәліметтер қоры, Электрондық пошта, жүйелі, мәтінді, графикалық файлдардан тұратын мәліметтерден кез келген типіне сәйкес келетін қолданушы интерфейсі. мәліметтермен байланысу OLEDB технологиясының қатысуымен жүзеге асырылады.

ADO –  ны қолдану мәліметтермен  жұмыс істеуге қамтамассыз етеді. ADO – мен жұмыс істеу үшін  компьютерде ADO 2.1 және одан жоғары  нұсқалы жүйесі орнатылуы қажет.

 

BDE және ADO компоненттерінің  арасындағы байланыс

 

Алғашқы Delphi 5, мәліметтер қорымен жұмыс жасауға мүмкіндікті Microsoftтың Active XDate Object (ADO) технологиясы арқылы жетілдірілді.

ADO – Бұл кез-келген мәліметтер  типінің пайдаланушы интерфейсі, реляционды және реляционды емес мәліметтер қорын енгізуші, электронды почталы, жүйелі, мәтіндік және графикалық файлды. Мәліметтермен байланысты жүзеге асыру OLE DB технологиясы болып табылады.

ADO – пайдаланушы альтернативті Borland Database Engine (BDE)-ге келіп, мәліметтердің эффективті жұмысымен қамтамассыз етілген. Мұндай мүмкіндікті пайдалану үшін біздің компьютерде ADO.2 немесе оданда жоғарғы версиялар орнатылуы керек. Мысалы: Microsoft SQL Server, сіз жұмыстап отырғанда мәліметтер қоры үшін OLE DB драйверіне ODBC бетінде орналасады. Олар (Connection обьектілері, Command және Record set  сияқты) ADO-ның мұндай обьектілері инкапсулдайды. Бұл сәйкестірілген жаңа Delphi ADOConnection, ADOCommand және ADODataset компененттерімен қамтамассыз етіледі.

Информация о работе Ақпараттық қауіпсіздік және компьютерлік жүйелерде ақпаратты қорғау