Адамның психикалық іс-әрекеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 16:43, реферат

Краткое описание

Осы күнгі физиология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі - адамның психикалық (психо—жан) , іс - әрекетінің негіздерін анықтау. Қазіргі кезде үлкен мидың он, және сол жарты шарларының Әрекеттік айырмашылыгы, сезім жүйелерінің, таным, түйсік, тіл, сана процестерінің, ұйқы, сезініс, мотивация іспетті психикалық әсерленістердің физиологиялық механизмдері кеңінен зерттеліп, айтарлықтай нәтиже алынды
Адамның психикалық әсерленісінің физиологиялық негіздері мен заңдылықтары И. M. Сеченов пен И. П., Павловтың ұғыну ілімі арқылы айқындалады. Психикалық әсерленістер физиологиялык құбылыстармен тығыз байланысты дербестігі бар процестер.

Вложенные файлы: 1 файл

Адамның психикалық іс әрекеті.docx

— 39.81 Кб (Скачать файл)

Алайда адамның көптеген психикалық әсерленісі оның санасына жетпей атқарылады. Оларды П. В. Симонов екі топқа  бөледі. Бірінші топ — шаласана (подсознание). Оған санадан тыс шығарылған автоматты қимыл дағдылары, ішкі ағзалардың қызметі мен реттелуі, эмоция реңкі мен олардың сыртқы көрінісі, мотивациялық келіспеушілік  жатады. Шаласана адамды артық энергия  шығынынан сақтайды, оны ышқынудан  қорғайды. Шаласананың немесе санасыздықтың (бессознательное) бірінші деңгейі—адамның  өз денесін, тіршілігін психикалық санасыздықпен  бақылауы. Екінші деңгейі — адамның  ұйықтамай жүрген кезеңіне ұқсайтын процестер. Оның үшінші деңгейі адам рухының жоғары сергектігінде жетілетін  көркемдік, ғылыми және басқа сезімталдық  психикалық процестерден көрініс табады. Екінші топ — асқан сана (сверхсознание) немесе интуиция. Ол сана бақыламайтын шығармашылық нұрлану (озорение) , болжам, жорамал, аңғару, шамалау қасиеттерін  қалыптастыратын механизмнен тұрады. Асқан сананың негізі — зерде  іздерін өңдеп, жаңаша комбинациялар  табу, жаңа уақытша байланыстар жасау, аналогтар құрастыру. Ол ғылыми жаңалықтар ашуға, көркем шығармалар жазуға, өнер туындыларын жасауға ықпалын  тигізеді.

Сана мен таным процесінде эмпияның мәні өте зор. Адам эмоция мен сезімі арқылы ақиқат болмысқа өзінің арнайы ыңғайын білдіреді. Сонымен бірге  адам қоршаған болмысты жандандыруға саналы іс-әрекет жасайды. Сананың практикалық  қимыл-әрекетке бағытталуы, оның маңызды  бір саласы — адам ырқын құрайды. Ырық дегеніміз — киындықтарды жеңуге арналған саналы, мақсатты психикалық іс-әрекет. Ол адамның талаптарын, мақсат-мүдделерін, істерін жүзеге асырады.

Көп жылдар бойы сана үлкен ми сыңарлары  қыртысы, ал шаласана орталық жүйке жүйесінің төменгі бөліктері арқылы атқарылады деген пікір болды. Алайда олар мидың барлық құрылымдарының бірлестірілген

іс-әрекеті. Яғни, үлкен ми сыңарларының қыртысы барлық рефлекстік әсерленістерге қатысады.

Мидың бірлес тіріліс (интеграция) іс-әрекеті  үш негізгі әрекеттік жүйенің  өзара әсерлерінен құралады. Біріншісі  — сезім ақпаратын қабылдайтын  және өңдейтін сезім жүйесі (талдағыштар) , екіншісі — жүйке жүйесін белсендіретін  мидың түрлендіріс (модуляция) жүйесі (лимбия жүйесі, торлы құрылым) , үшіншісі — мінез актісін бағдарлайтын, іске қосатын және бақылайтын — қимыл - әрекет жүйесі (қозғалыс талдағышы).

Әрбір шарты рефлекстік әсерленіс, оның ішінде екінші сигналдық жүйе де, шаласана деңгейінде іске қосылады. Қез келген ақпарат санаға жетпестен, мидың тиесі бөліктерінде талдаудан  өтеді. Бұл адамның жоғары жүйке, психикалық іс-әрекетінің саналы және шала саналы көріністеріне мидың  тұтас қатысатындығын көрсетеді.

Адамның мұндай екі сатылы құрылымы организм мен ортанын, үздіксіз қарым-қатынасын  қамтамасыз етеді. Сана шаласана тудыратын  нейрофизиологиялық құбылыстардың  арасында жылжымалы (динамикалы) тепе-теңдік болады.

И. П. Павловтың айтуынша, шала сана деңгейінде пайда болатын әлсіз  тітіркенудің сергітетін ықпалы ми қыртысының қызметті бірлігін күшейтеді Жаңа көп  ақпарат мидың шаласаналық сатысы сананың бүкіл пәрмейін қосатын  бағдарлама жасайды. Егер шаласананы ақпараттық талдау мен өңдеуден айырса, саналық  әрекет болмай қалады, Сондықтан да психикалық ауытқулар немесе жағымсыз субъективтік әсерленушілер тууы мүмкін.

Дені сау адамда ішкі ағзалардың шартты рефлекстік реттелуі де шаласана деңгейінде атқарылады. Ішкі ағзалардың интерорецепторына әсер ететін үйреншікті тітіркендіргіштерден шығатын мәліметтер ми қыртысына жетіп талданады. Бұл  шаралар организмнің мінез қылғын өзгертетін шартты рефлекстердің негізі болуы ықтимал. Мұндай күйлер адамның  өзіне түсініксіз болады («күңгірт сезім»). Осы тітіркендіргіштердің әсері күшейсе, ақпараттар санаға жетіп, организмнің сәйкес аймақтарындағы жаман халды баяндайды. Ол науқастарда әртүрлі субъективтік сезулер мен шағымдар туғызады.

Шаласана әсерленіс, мінез-құлықтық және психикалық іс-әрекеттің басқа  түрлері сияқты, себеп пен олардар  қатынасы заңдарына бағынады.

Психофизиологиялық сауал

Қазір физиология, психология, философия  ғылымдары саласында өзекжарды  проблемалардың бірі — психофизиологиялық сауалдар. Ол материалдық пен идеалдық мәндердің бір-біріне ауысу қатынастарының құрамына кіретін физиологиялық  және психикалық құбылыстардың арасалмағын  ажырату. Бұл туралы қазіргі философия  да үш түрлі қағида бар. Бірінші қағиданы жақтаушылар физиологиялық құбылысты  да, психикалық құбылысты да, материалдық  процесс деп санайды. Яғни психиканы  жоғары жүйке іс әрекеті сияқты материя  қозғалысының қасиеті деп есептейді. Олардың пікірі бойынша, адам миы  объективті болмысты материалдық нәрселермен  бейнелейді. Демек', психика физиологиялық  құбылыстар сияқты мидың рефлекстік механизмдерінен туады.

Екінші қағида психика материя  қозғалысының формасы екендігі туралы тезисті теріске шығарады. Психиканы  жоғары жүйке қызметіне ұқсастыруға  болмайтындығын ерекше атайды. Мұны жақтаушылардың айтуы бойынша, психика рухани нәрсе, материалды дүниенін, идеалдық шындығы. Яғни, сана болмыстың идеалдық кескіні бола тұра мидың нақтылы құбылысы және өз идеалдығын жоймайды. Алайда мұндай пікірдің көмескі жерлері көп.

Үшінші қағиданы қолдаушылардық басты  тезисі психика — мидың белгілі  бір нейродинамикалық жағдайының субъективтік көрінісі. Басқаша айтқанда, кез  келген психикалық күй (сезу, эмоция, ой) мидың әрекеттік жүйелерінің  сәйкестелген нейродинамикалық құбылыстарының көрінісі.

Шындығында, психика мен физиологиялық  кұбылыстарды тірі организм әрекеттерінің  екі түрлі даму сатысы ретінде  қараған жөн. Расында, идеалды құбылыс  — нәрсені субъективті бейнелеу. Сондықтан ол мида орналасады, өйткені  осы материалдық құрылымнан тыс  субъективті бейнелеу болмайды. Психика  субъективті болмыс ретінде тек  адам миында туады, әрине, ол сыртқы әсерлерге, адамның әлеуметтік белсенділігіне байланысты. Адамның психикалық іс-әрекетінің күрделі формаларының механизмдер  адамдардың өзара және адам мен әлеуметік  ортаның қарым-қатынасына негізделген. Сондықтан адамдарды олардьщ  іс-әрекетінен бөлек алып үғыну мүмкін емес.

Соңғы жылдары миды электр тогымен  тітіркендіру арқылы психикалық әсерленістердің  негізгі механизмдері анықталды. Сөйтіп, күрделі психикалық құбылыстарды жүзеге асыруға мидың терең орналасқан құрылымдарының белсенді түрде қатысатындығы  дәлелденді (H. П. Бехтерева). Адамның  ойлау қасиеті, ақпараттармен жоғары сатыда әрекет жасайтын құбылыс ретінде, нысаналы зерттелді. Адам миының орасан ақпараттық сыйымдылығы бар. Ол 14—15 миллиардтай нейроннан тұрады, шамамен. 1020 дәрежесіне тең ақпаратты қабылдай алады. Мұны көптеген ми нейрондарынан  басқа, олардың көп әрекеттік  популяциясы және мидың барлық іс-әрекетінің негізін қалайтын жылжымалы механизмдері жүзеге асырады.

Психикалық іс-әрекеттің бірлестіру механизмдері. Адам мінез-кұлқының саналы іс-әрекетті бағдарлауын, реттелуін  және бақылауын қамтамасыз ететін механизмдері өте күрделі біріккен жүйелерден тұрады. Олар адамның психикалық іс-әрекеттің  күрделі салаларын реттейтін  физиологиялық механизмдер.

Психолог A. P. Лурияның пікірі бойынша, психикалық іс-әрекеттік қайсысы  болса да, үш негізгі әрекеттік  блоктан құралады. Бірінші әрекеттік  блок қалыпты психикалық іс-әрекетті жүзеге асыратын ми қыртысының сергектігін  реттейді. Ол қыртысасты және ми бағаны бөлімдерінің торлы құрылымында  орналасқан. Бұлар ми қыртысына әсер етумен қатар, өздері оның ықпалында  болады. Оларды белсендіретін үш түрлі  әсер бар. Бірінші белсендіру көзі —  гомеостаз бен ырықсыз мінездің негізін қалайтын зат алмасу процестері. Оған торлы құрылымнан басқа орталық  аралық ми, лимбия жүйесі ықпал жасайды. Екінші белсендіру көзі — сыртқы әлемнен  келетін тітіркендіргіштер. Олар организмді сезім мүшелері арқылы белсендіреді, бағдарлау рефлексін тудырады. Бұл  рефлекске таламус, құйрықты дене, гипокамп нейрондары қатысады. Үшінші белсендіру көзі — адамның саналы өмірінде тіл арқылы қалыптасатын ниет, жоспар, керініс және бағдарлама. Олар ми қыртысы, торлы құрылым, таламус, ми бараны арасындағы қатынастар арқылы жүзеге асады. Екінші әрекеттік блок мидың ақпарат қабылдауын, өңдеуін және сақтауын қамтамасыз етеді.Олар ми қыртысының көру, есту және сезімдік аймақтарында атқарылады. Үшінші әрекеттік блок белсенді саналы психикалық іс-әрекеттің реттеу мен бақылау бағдарламасын жасайды. Бұл орталық үлкен ми сынарларының алдыңғы маңдай бөлігінде орналасқан. Мидың маңдай бөлігі сыртқы тітіркендіріске синтез және бағдарлама жасап, қимыл-әрекетті дайындаумен қатар, олардың нәтижесі мен барысын қадағалайды.

Қазіргі ұғымдарға байланысты белсенді психикалық әсерленістердің кұрылысын  өзін-өзі реттеуші күрделі «рефлекстік  шеңбер» түрінде қарайды. Саналы іс-әрекеттің қайсысы да үш блоктың  біріккені-жұмысы арқылы жүзеге асырылады. Бірінші блок үйлесімді қимылға  қажет бұлшықеттер тонусың екіншісі — афферентік синтезді, үшіншісі —  бағдарламаға сәйкес ниетті қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар көптеген психикалық әрекеттерге ми сыңарларының әртүрлі  меңгеру айырмашылықтары ықпалын  тигізеді.

Мидың әрекеттік асимметриясы. Адам миы симметриялы орган. Алайда олардың  әрекеттері әртүрлі болып, әралуан  іс-әрекетті меңгереді.

Бұрын мидың сол сыңары тіл, ойлау, қимыл-әрекетіне, кеңістікте дене бағдарланысына жауапты, сондықтан үстемді (доминантты) деп есептелді. Ал оң сыңары қосалқы  ретінде қаралды. Қазіргі кезде  әрбір психикалық әрекетті меңгеруде  сол немесе оң ми сыңарларының үстемдігі  болатындығы анықталды. Мәселен, сол  ми сыңарының әрекеті басым адамдар  теорияға бейім, сөз қоры мол, оны  кеңінен пайдаланғыш, қимылы белсенді, мақсатқа талпынғыш, уақиғаларды болжағыш келеді.

Оң ми сыңары нақтылы іс-әрекетке жұмылдырады, ол адам-шабан, сөзге сараң, бірақ ете сезімтал және әсерленгіш, меңзей қарауға және еске түсіруге әуес болады.

Алайда адамдардың үштен бірінде  ми сыңарларының жекеленген анық әрекеттік  мамандалысы байқалмайды. Маманданған  ми сыңарларының арасында өзара тежелу процесі болады.

Екі ми сыңары екі түрлі ойлау  процесін ұйымдастырады. Сол ми сыңары талдау процесіне қйтысып, қисынды  ойлауды, ал оң ми сыңары нақтылы, яғни бейнелі ойлау амалын басқарады. Сол ми сыңары сөйлеу іс-әрекетін: оны  түсіну және құрастыру, сөз символдары мен жұмысты қамтамасыз етеді. Оң ми сыңары кеңістік сигналына жауапты  заттарды көру және сипап сезу арқылы таниды. Оған жеткен ақпараттар бір  мезгілде және жалпы тәсілмен өңделеді. Оң ми сыңарымен музыкалық қабілеттер байланысты.

Сөйлеу орталығы сол ми сыңарында  орналасады. Ол он қолдың қимыл белсенділігінен  қалыптасады. Солақай адамдардың да 70%-де сөйлеу орталығы, оңқай адамдардағыдай сол ми сыңарында, солақай адамдардың тек 15%-де сөйлеу орталығы оң ми сыңарында  орналасады.

Мидың кейбір әрекеттерге ерекше жауапты  болып, белгілі үстемді орталыққа  айналуы латерализация деп аталады. Сірә, адамның жоғары жүйке іс-әрекетінің типтік ерекшеліктері қандай ойлау  аппаратын иеленетіндігіне байланысты болуы мүмкін. «Көркемпаз» типтер — бірінші сигналдық жүйесі басым  адамдар, олардың оң ми сыңары жетік, көбінесе бейнелі ойлайды. Ал «ойшыл»  типтер — екінші сигналдық жүйесі үстем адамдар. Бұлар сол ми сыңарына тән дерексіз ойлауды иемденеді. Аралық тип екі сигналдық жүйенің  әрекеттік теңдесуімен сипатталады. Адамдардың көбісі осы типке жатады.

Жалпы мидың бір сыңарының басым  болуы туа пайда болады, алайда тәрбие мен тәлім де ерекше маңызды  орын алады. Сондықтан солақай балаларды  қайта үйрету кезінде, олардың ойлау  қабілетінің ширақтығы тоқырап  қалуы ықтимал.

Сөз жоқ, адамның қалыпты психикалық іс-әрекеті мидың екі сыңарының  біріккен жұмысының нәтижесі. Олардың  тек бір мезгілдегі жұмысы мен  бейнелік және дерексіз ойлау тетіктерін бірлестіру ғана сыртқы әлемнің құбылыстарын жан-жақты (нактылы және теориялық) қамтиды. Ми сынарларының өзара қатынасына сыртқы ортаның әртүрлі кұбылмалы  ықпалдары себепші болады. Сонымен  ми сыңарларының

қарым-қатынасының екі жақты  силаты психикалык іс-әрекетті және мінез-құлықты  тиімді бағытта өзгертуге мүмкіндік  туғызады.


Информация о работе Адамның психикалық іс-әрекеті