Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 09:09, курсовая работа
Бірақ еңбек, оқу және тіпті ойынның өзінде бірсарынды, еш қызықсыз, эмоциялық тартымдылығы жоқ, алайда маңызды, қажетті болып саналатын жайттар да аз кездеспейді. Адам белгілі іс-әрекетпен шұғылдана отырып, субъективтік және объективтік қиындықтарды да жеңеді, бастаған істі әрі қарай жалғастырып, аяқтап шығуға өзін-өзі күштеп көндіреді. Нақ осындай жағдайда, мінез-құлықты саналы түрде реттеу қажет болатын қиын шақта адамның еркі нығайып, шынығып отырады. Осыған байланысты мынаны айта кету керек. Жеке адамның ерік-жігерінің жалпы және өзіндік көрсеткіштері болады.
3 Балада еріктің дамуы және оны тәрбиелеу
Жаңа туған балада шартсыз рефлекстер түріндегі ырықты қозғалыстар ғана болады. Сондықтан шын мәніндегі ерікті қимыл бұл кезеңде байқалмайды. Балалардың еркінің дамуы ырықты қозғалыстар жасауға үйрене бастаудан яғни өз қозғалысын, денесін басқара алудан көрінеді. Баланың өз қозғалыстарын басқара білуіне тілінің шығуының маңызы зор. 3 жасар балада ырықты қозғалыстар біршама жетілген.
Ерік кемістіктері жас балаларда көбірек кездеседі. Соның бірі – қыңырлық. Денсаулығы нашар, ағзасы өлсіз бала шаршағыш, ашуланшақ келеді. Осындай әдеттен денсаулығы жақсарысымен арыла бастайды. Отбасындағы теріс тәрбиеге байланысты да балада қыңырлық қалыптасады. Баланың дербестілікке ұмтылуымен санаспауда қыңырлықтың екінші бір түрінің пайда болуына жағдай жасайды. Баланың мінез-құлңын жөнге салып отыру, бақылау жасау оны дербестігінен айыру болып табылмайды. Бақылау жасауды ретімен пайдалану қажет.
Үлкендердің айтқанына немесе тыйым салғанына қарамастан, өз ойлағанын табанды түрде іске асыратын балалар да болады. Мұндай бала ешқандай дәлелмен санаспайды. Өз тілегін орындау жолында кедергі көрмеген баланың қасарыспа болып өсетіні сөзсіз. Бала туған күнінен бастап мол дүниеге кезігетін болса, бұларды ылғи табыла беретін нәрсе деп ойлайды. Мұндай бала өзін ешкімнің алдында міндетті, борыштымын деп санамайды. Баланың осылайша өсуі – жанұя тәрбиесінің үлкен қатесі. Қандай болмасын бір жұмысты басқаның талабымен орындауға, яғни өзінің алдына қойған мақсатын іске асыруға мәжбүр болған бала түрлі кедергілерді жеңе білуге үйренеді. Балаға жүктелетін міндет оның орынсыз талаптарын тыя алуға себепші болады. Үлкендер балаға жүктелген міндеттің орындалуын міндетті түрде қадағалап, қойылған талаптардың баланың жас мөлшеріне сәйкес болуын ескеріп отыруды естен шығармаулары тиіс.
Ерік-жігерді тәрбиелеуде баланың жеке басын жақсы тани білу, оның әрекетінің негізгі мазмұнын түсіну, осыған орай тиісті тәрбие тәсілдерін қолданып отыру қажет болады. Бұл үшін тәрбиеші баланың ақыл-ой әрекетін өсіру, оны тәртіптілікке үйрету, өз еркін ұжымға бағындыра алу, жақсы әдеттерге машықтандыру, ұлы адамдардың өнегелері мен істеріне еліктеу, дене шынықтыру мен спортқа әуестендіру, дүниетанымы мен сенімін қалыптастыру сияқты жұмыстарды ретіне қарай жүргізіп отыруы тиіс.
Ерік сапалары мектеп жасында, оқу процесінде кемелденеді. Мектеп тәртібі шәкірттің ұстамдылық, өзін-өзі билеу, орнықтылық, жауапкершілік сипаттарын дамытып жетіледі. Үйірмелер жұмысы іс-әрекетті шәкіртті тапқырылықпен, инициативалы орындауға үйретеді. Ұжым өмірі, ұжым еңбек-ерікті әрекетті дамытатын итермеші себеп. Қызығудың дамуы еріктің қалыптасуына үлкен әсер етеді. Арман ерік сипаттарын қалыптастырады. Ерік тәрбиесінің міндеті – еріктің батылдық, өзін билеу, табандылық, төзімді, сабырлы, принципшіл жарамды сипаттарын қалыптастыру. Егер жарамыз сипаттар көрініс берсе, жарамсыз бағытын тежеп, шегеріп, жарамды бағытта дамыту. Еріктің тәрбиесі ойлау және сезім тәрбиесімен тығыз байланысады. Ойлау қабілеті дамыса, кісі саналы түсініп, мақсат таңдайды, мотивтер таласын терең тексеріп, шешімге келіп, әрекет істейді. Отаншылдық, адамгершілік борыш сезімдері ерікті дамытуға итермеші себеп болып табылады.
Ерік тербиесінің мақсаты – еріктің жеке сипаттарын дамыту ғана емес, жеке сипаттарды орнықтырып, адамның меншікті қасиетіне, даралық сапасына айналдыру. Жеке адамның меншікті сапасы, мінезінің қасиеті болады. Сондықтан еріктің тәрбиесі мінездің сапасын да дамытып, қалыптастырады. Ерікті дамыту ерік сапасы жоғары кісілердің үлгі-өнегесі әсер етеді. Өнегелі үлгіге бала да, үлкен де еліктейді. Өзінің әрекет, қылығында еріктің биік сапалы үлгілерін балаларға көрсету — ата-ананың, тәрбиешінің, мұғалімнің ардақты міндеті.
Қорытынды
Ерік іс-әрекеті туралы әр ғалымның теорияларын
сараптай келе, қысқаша қорыта кетейін.
Ерік ұғымы тарихи сипатқа ие. Ежелгі қоғамда
ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей
танып білмеген. Ол кезде ерік туралы сөз
болмаған, олар «даналық мұраты» ұғымын
қолданған. Ортағасырлық заманда ерік
дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз
құбыжық күштер түріне енген құбылыс деп
есептеген. Олардың бұлай түсінуі қоғамның
адам әрекет қылығының негізі оның өзінде
екенін мойындамаудан. Сонымен қатар ерік
табиғаты жөнінде бір-біріне қарама-қайшы
екі көзқарас қалыптасты. Олар материалистік
және идеалистік. Идеалистер ерікті ми
қызметімен де, қоршаған ортамен де байланысы
жоқ рухани күш деп айтады. Бұл бірақ қате
пікір еді. Ал материалистік көзқарас
керісінше оны мидан бөліп алуға болмайтындығын
және де қоршаған ортамен тығыз байланыста
болатынын айтады. Бұл бірден-бір дұрыс
пікір. И.М Сеченов пен И.П. Павлов осы материалистік
көзқарасқа қосылады. Олардың ілімі бойынша
ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық
процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша
байланыстары шартты рефлекстер деп түсідіреді.
Біз жоғырыда айтып кеткендей ерік әрекеті
сонымен қатар түрлі амал кезеңдерден
тұратынын білдік. Ерік пайда болу үшін,
ең алдымен, оны тудыратын себеп, түрткілер
болу керек. Бұлар адмның мұқтаждықтарынан
туындайды. Кісінің күн көруі, тіршілік
ету үшін оған өзінің табиғи және рухани
мұқтаждықтарын қанағаттандыру керек.
Ол мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат
адам мұқтаждықтарын өтеу үшін пайда болып
отырады. Қорыта айтқанда амал кезеңдері
мынадай сатылардан өтіп отырады. Алдымен
адам мақсат қойып соған жетуге ұмтылады.
Мақсатқа жету барысында түрлі мүмкіншіліктерді
түсіну қажет. Осыдан келіп түрлі ниет-тілектер
пайда болады. Ниет-тілектер арасында
өзара тартыс болып, қалау туындайды. Қалау
мүмкіншіліктерін пайдалана отырып адам
бір тоқтамға келіп, ақыр соңында шешім
қабылдайды. Міне, сонда ғана адамның қалауы
толығымен орындалып, мақсаты жүзеге асады.
Еріктік әрекет себептері сонымен адамның
сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынаста
келуінен туындайды. Еріктің себепті болуы
адамды қандай да қылыққа мәжбүрлеп, көндіруді
білдірмейді. Адам табиғатынан қоршаған
орта жағдайлары болмай, өз өмірін қолдай
да, жалғастыра да алмайды. Ерік бостандығы
– табиғат пен қоғамның жалпыланған заңдылықтарын
терістеу емес, керісінше, адамның оларды
жете танып, өз әрекетін соларға сай реттестіре
білу.
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
Информация о работе Ерік мәселелері және оның балалық шақта дамуы