Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 12:47, реферат
. Психология пəнi жəне оның мiндеттерi.
2. Психиканың рефлекторлық сипаты.
3. Қазiргi заман психологиясының мiндеттерi.
4. Психологияның ғылымдар жүйесiндегi орыны.
5. Психология салалары.
болса, сол мəселенi дөрекi материализм көзқарасымен түсiндiрдi. Олар үшiн психикалық құбылыс пен
материалдық дүние арасында айырмашылық болмады. Осылай, қате əдiснамалық бастаулар өз пəнiн
дұрыс анықтауда психологияның жолына кесекөлденең тұрып алды. Бұл тығырықтан шығудың жолын
диалектикалық материализм тапты. Диалектикалық материализм үшiн барша дүниенiң негiзi жалғызақ
материя, ал психика, ойлау, сана одан туындағын екiншi сатыдағы құбылыс.
Диалектикалық материализм тұрғысынан материя алғашқы, ал сана екiншi, одан туындаушы, яғни
объектив дүниенiң мидағы бейнесi. Осы түсiнiкке орай материалдық болмыс (заттар, дүние
құбылыстары) пен идеалдық (заттық дүниенiң сезiм, ой т.б. түрiнде бейнеленуi) бiрбiрiне тiкелей
қарамақарсы. Бiрақ бұл қайшылық салыстырмалы сипатта, себебi түйсiк, ой, сезiмдер т.б. материалдық
органның мидың əрекетi, сыртқы тiтiркендiру энергияларының сана өмiрiне айналуының нəтижесi.
Психика, сана ми
қызметiнен ажырауы мүмкiн
жəне сананы бұлайша түсiну диалектикалық материализмнiң дүние заттығы (материальность) жөнiндегi
ережесiмен түбегейлi сай болып тұр. Əлемде əр түрлi қасиеттерге ие, мəңгi қозғалыста болып, мəңгi
жасаушы материядан басқа ешқандай бастау болуы мүмкiн емес. Материяның қозғалысы бұл тек орын
ауыстыру емес, оның қалаған өзгерiмi, құбылуы, бiр күйден екiншi күйге түсуi.
Материяның дамуы бұл оның қарапайым формадан жоғары формаға жетiлуi, қарапайым қозғалыстан
жоғары қозғалысқа өтуi. Алғашқыда тек органикалық емес материя, өлi табиғат болды. Дамудың белгiлi
бiр сатысында, өзiнiң ұзаққа созылған эволоциясының нəтижесiнде материя органикалық қасиеттерге ие
болды, материя қозғалысының жаңа формасы мен жаңа қасиетi өмiр, табиғат жиынтығына ендi.
Табиғаттың даму процесiнде өсiмдiктер, жануарлар, келекеле материяның ең жоғары туындысы санаға
ие адам пайда болды. Ғылыми психология тiрек еткен диалектикалық материализм категориялары
жүйесiнде бейнелеу теориясы басты маңызға ие. Себебi осы категорияға орай психиканың жалпылама
жəне мəндi сипаты ашылады: əрқандай психикалық құбылыстар объектив шындықтың субъектив
бейнеленуiнiң түрлi формалары мен деңгейлерiн көрсетедi. Бейнелеу теориясы психология ғылымының
мəнiн анықтауда, оның əдiстерiн таңдауда, деректер, түсiнiктер, тұжырымдар тобынан қажеттiсiн
ажыратуда жалпы əдiснамалық бағдар ролiн атқарады.
Психикалық құбылыстың органикалық материя қасиетi ретiнде сапалық ерекшелiгi неде?
Барша материя бейнелеу қасиетiне ие. Психика материя қасиетi, мидың қызметi болумен психика
дамуының алғы шарты бейнелеудiң ерекше формасы. Психика материяның даму желiсiнде, оның бiр
қозғалыс формасынан екiншiсiне өзгерiп барады. Биологиялық эволоция барысында заңдылықты пайда
болып, психика сол эволюцияның маңызды фактор бiрлiгiне айналады. Бейнелеу қасиетi негiзiнде
организмнiң қоршаған ортамен кең салалы жəне сан алуан байланыстары түзiледi.
Сыртқы, заттасқан дүние болмайынша тiршiлiк иесiнiң iшкi психикалық өмiрi болуы мүмкiн емес, яғни
сана, психика өзiнен тыс жəне тəуелсiз жасайтын танымды болмыстың бейнесi. Егер де осы қоршаған
объектив шындық болмаса, санадағы оның бейнесi жөнiнде əңгiме қозғау қажетсiз. Əрқандай психикалық
акт нақты болмыстың бiр бөлшегi де жəне оның бейнесi де.
Сонымен, психиканың қызметi, бiрiншiден қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерiн,
байланыстарын бейнелеу, екiншiден осының негiзiнде адам қылығы мен қызмет əрекетiн реттестiру.
Психиканы диалектикаматериалистiк тұрғыдан қарастыру əрқандай iшкi жанкүйлiк құбылыстардың
өзiмен өзi шектелмегенiн, шындықтан бөлiнбей, онымен түбегейлi əрi тығыз байланыста екенiн
танытады.
Диалектикалық материализм бағдарынан психологиялық ғылыми бiлiмдердiң құрамы неден тұрады, яғни
пəнi не? Бұл ең алдымен психикалық өмiр деректерi. Мысалы, психикалық дүние дерегi ретiнде
адамның тəжiрибе топтау қабiлетi жад, естi қарастырайық. Есте болсын, ғылыми жантану психологиялық
құбылысты тек суреттеп баяндаумен шектеле алмайды, оның мiндетi түсiндiру, яғни осы деректер мен
құбылыстарды басқаратын заңдарды ашып, олардың мəнiн айқындап беру. Əрқандай ғылым мақсаты
зерттелетiн процестер мен құбылыстар бағынатын объектив заңдарды белгiлеу. Теориялық жəне
экспериментальды зерттеулердiң бəрi нақ осы мақсатқа бағдарланған. Ғылыми танымның өзi
құбылыстар арасындағы мəндi, қажеттi, тұрақты, қайталанып жүретiн байланыс, қатынастарды бiлуден
келiп шығады.
Мысалы, ес (жад) өзiнiң қызметтiк заңдылықтарын
белгiлi. Жақсы есте қалдыру қайталуға тəуелдi екенiн бiлемiз, байланыссыз материалға қарағанда,жоспарланғаны жеңiл əрi тез еске түсетiнi мəлiм.
Ғылымдағы күрделi мiндеттердiң бiрi заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре бiлу.
Ғылымдық қатал талап объектив заңдарды ашып қана қоймастан, олардың əрекеттiк аймағы мен қолдану жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да психология зерттеулерiнiң объектi психологиялық деректер мен қатар психологиялық заң, заңдылықтар.
Сонымен бiрге ескеретiн жəйт, заңдылық байланыстарды бiлу өздiгiнен заңдылықтарды iске асыратын нақты тетiктердi (механизм) ашып бере алмайды. Осыдан психологияның мiндетi. психологиялық деректер мен заңдылықтарды аша отырып, психологиялық iсəрекеттi қозғаушы механизмдердi де анықтап бiлу. Ал ендi сол механизмнiң қандайда да психологиялық процестi орындайтын нақты анатомияфизиологиялық аппаратты iске қосуына байланыстылығынан, ол механизмнiң табиғаты мен
əрекетiн психология
басқа ғылымдармен бiрлiкте зер
Қорытындыласақ, жантану ғылымы психология психика деректерiн, заңдылықтарын жəне механизмдерiн зерттейтiн бiлiмдер саласы
2. Психиканың рефлекторлық сипаты
Адам анатомиясын зерттеген жаратылыстанушылар мен дəрiгерлер ежелгi дəуiрлердеақ психикалық
құбылыстардың ми қызметiмен байланыстылығы жөнiнде болжам айтқан, əрi психикалық сырқаттарды
сол ми қызметiнiң бұзылу салдарынан деп топшылаған. Мұндай пiкiр, көзқарастарға жарақат немесе
сырқаттан зақымданған адам бас миына бақылаулар негiз болған. Осындай сырқаттарға кезiккен
адамның психикалық қызметi күрт бұзылысқа келедi көзi көрмейдi, құлақ естiмейдi, ес, ойлау, сөйлеу
қабiлетi кемидi, кейде өз қозғалысын басқара алмай қалады жəне т.б. Осы психикалық əрекет пен ми
жұмысының арасындағы байланысты ашу психиканы ғылыми зерттеудегi алғашқы қадам ғана болды.
Бұл əлi психикалық iсəрекет негiзiнде қандай физиологиялық механизмдер жатқанын түсiндiрiп бере
алмайды.
Психологиядағы
бұл ғылыми мəселе өз шешiмiн барша
психикалық iсəрекет түрлерiнiң
сипатына байланысты ғана табуы мүмкiн. Бұл проблеманы айқындауда орыс ғалымпсихологтары М.М.
Сеченов (18291905) пен И.П.Павлов (18491936) көп еңбек сiңiрген. М.М.Сеченов өзiнiң əйгiлi "Бас ми
рефлекстерi" (1863) еңбегiнде рефлекторлық принциптi адамның бас миы қызметiне, одан əрi барша
психикалық iсəрекетiне жая қолданды. Ол "адамның бүкiл саналы да санасыз (астарлы) өмiрдегi
əрекеттерi өзiнiң туындауы жағынан рефлекстерге байланысты, немесе рефлекстiк əдiс" деп жазған.
Бұл психиканы объектив түсiнудегi алғашқы қадам едi. Бас миы рефлекстерiн шұқшия талдай отырып,
Сеченов оның басты үш байланыс бiрлiгiн анықтады: бастапқы бiрлiк жүйке қозуы процесiнде миға
берiлетiн сыртқы тiтiргендiргiштер; ортаңғы бiрiлiк мидағы қозу жəне тежелу процестерi жəне солардың
нəтижесiнде психикалық қалыптардың (түйсiк, ой, сезiм, т.б.) пайда болуы; ақырғы бiрлiк сыртқы
қозғалыстар. Бұл тiзбектегi ортаңғы бiрлiктiң психикалық элементтерi қалған екi шеткi (сыртқы
тiтiргендiргiштер мен жауапты əрекеттер) бiрлiктерсiз жасамайды. Сондықтан да барша психикалық
құбылыстар бүкiл рефлекторлық процестiң бөлiнбес құрамы. Сеченовтың рефлекс бiрлiктерiнiң
ажыралмас байланысы жөнiндегi тұжырымы психикалық iсəрекеттi ғылыми тұрғыдан түсiнуде үлкен маңызға ие болды. Психикалық қызметтi сыртқы ықпалдардан да, адам қылықəрекеттерiнен де бөлiпқарауға болмайды. Психикалық құбылыс субъекттiң жалғыз толғанысымен шектелiп қалмайды, егер олай болғанда, психикалық дүние (ой, ес, қиял т.б.) нақты өмiрлiк маңызға ие болмас едi.
Психикалық iсəрекеттiң рефлекторлық принципiне орай Сеченов адам iсəрекетi мен қылығы сыртқы
əсерлердiң себебiнен
маңызды қорытынды жасады. Ол "Бастапқыда қандай да əрекеттiң себебi əрдайым тысқы сезiмдiк
қозуда, онсыз ешқандай ой өрiстеуi мүмкiн емес" деп жазды. Сонымен бiрге ғалым сыртқы жағдайлар
əсерiн үстiрт түсiнбеу қажеттiгiн ескерткен. Бұл арада əңгiме тек көрiнiп тұрған нақты тыс əсер жөнiнде
ғана емес, сыртқы жағдай əсерлерi тобына адамның өткенде кезiккен əсерлерi, барша өмiр тəжiрибесi
қамтылады. Осылайша И.М.Сеченов рефлекстiң миға байланысты бiрлiгiн оның табиғи бастауынан
(сезiм мүшелерiне əсер) жəне ақырынан (жауап қозғалысқимылдар) бөлiп, оқшаулау орынсыз екенiн
көрсетiп бердi.
Психикалық процестердiң атқаратын мiндетi қандай? Бұл əрекеттi өзгермелi жағдайларға сай етiп отыру
сигналдық жəне реттеу қызметтерi. Психикалық құбылыс жауап əрекеттi өздiгiнен реттей алмайды. Бұл
сыртқы дүние жөнiндегi ақпарат келiп түсушi, сақталушы, жəне өңделушi мидың белгiлi бөлiмдерiнiң
қасиетi, қызметi. Психикалық көрiнiстер бұл мидың сыртқы (қоршаған орта) жəне iшкi (организмнiң
физиологиялық жүйе ретiндегi қалпы) əсерлерге жауабы, яғни психикалық құбылыс бұл нақ осы мезетте
(түйсiк, қабылдау) өткен тəжiрибеде болған (ес), осы əсерлердi қорытындылап немесе олардың
нəтижесiн бiлуге жəрдемдескен (ойлау, қиялдау) тiтiркендiргiштерге жауап əрекеттердi реттеушi
механизм. Осылай И.М.Сеченов ғылымға психиканың рефлекстiгi мен iсəрекеттiң психикалық
басқарылуы жөнiндегi идеяны қосты.
Iсəрекеттiң
рефлекторлық принциптерi өзiнiң
экспериментальдық
шəкiрттерiнiң еңбектерiнде тапты. И.П.Павлов Сеченовтың психикалық iсəрекет мидың рефлекторлық
қызметi екендiгi туралы тағылымының дұрыстығын дəлелдедi, психикалық құбылыстың негiзгi
физиологиялық заңдарын ашты, ғылымның жаңа саласы жоғары нерв қызметiнiң физиологиясы, шартты
рефлекстер жөнiндегi бiлiмнiң негiзiн қалады. Организмге əсер етушi тiтiркендiргiштер мен оларға жауап
реакциялар арасында уақытша байланыстар түзiледi. Осы байланыстарды пайда ету бас ми
қыртыстарының ең маңызды қызметi. Уақытша жүйке байланысы ми қызметi ретiнде психикалық
iсəрекеттiң қай бiрiнiң болмасын негiзгi физиологиялық механизмi болып табылады. Миға қандай да бiр
тiтiркендiргiш əсер етпей, ешбiр психикалық құбылыс өздiгiнен туындамайды. Əрқандай психикалық
процесс пен қалаған уақытша байланыстың соңғы нəтижесi тыс əсерлерге жауап сипатындағы сырттай
көрiнiс берген
əрекет. Психикалық қызмет осыдан объектив
дүние заттары мен
əсерiнен туындаған мидың рефлекторлық бейнелеу жұмысы. Келтiрiлген тұжырымдардың бəрi объектив
шындықты бейнелеу механизмiнiң мəнiн ашып отыр. Сонымен, жоғары жүйке қызметi жөнiндегi тағлимат
психикалық
құбылыстарды материалистiк тұрғыдан
түсiндiрудiң жаратылыстану
iрге тасы.
Уақытша жүйке байланысын əрқандай психикалық iсəрекеттiң физиологиялық механизмi деп танудың
маңыздылығынан психологиялық құбылыстың физиологиялық құбылыстармен бiрдейлiгi келiп
шықпайтынын есте сақтаған жөн. Психикалық iсəрекет тек қана физиологиялық механизм сипатымен
шектелiп қалмай, мидағы бейнеленген нақты дүние, яғни психикалық құбылыстың мазмұнымен
байланысты. Жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен сабақтастығының ми тарапынан басқарылып,
реттелу заңдылықтары жөнiндегi И.П.Павлов тұжырымдарының жиынтығы екi сигналдық жүйе
теориясы деп аталады. Шартты рефлекс типi бойынша қылықəрекеттiң өзгеруiне ықпал етушi зат бейнесi
жануар үшiн қандай да шартсыз тiтiркендiргiштiң сигналы қызметiн атқарады. Жануарлар өз
əрекетқылығында И.П.Павлов бiрiншi сигналдық жүйе деп атаған физиологиялық тетiкке тəуелдi.
Жануарлардың барша əрекет болмысы бiрiншi сигналдық жүйе деңгейiнде орындалады.
Iсəрекет пен қылықты бағыттап, реттеуде бiрiншi сигналдық жүйе адам өмiрiнде де үлкен маңызға ие.
Бiрақ адамның жануарлардан ерекшелiгi, онда бiрiншi сигналдық жүйе мен қатар екiншi сигналдық
жүйе болады. Екiншi сигналдық жүйенiң болмысы, яғни "сигналдар сигналы" сөз.
Сонымен, психиками қасиетi. Түйсiк, ой, сана ерекше тəсiлмен ұйымдасқан материяның ең жоғары өнiм
туындысы. Организмнiң психикалық əрекетi көптеген дене мүшелерiнiң қызметi арқасында жүзеге келедi.
Олардың бiрi əсерлердi қабылдайды, екiншiлерi оларды сигналға айналдырып, iсəрекеттi жоспарлап,
қадағалап отырады, ал үшiншiлерi бұлшық еттердi əрекетке келтiредi. Осы күрделi жұмыстардың бəрi
қосылып, қоршаған ортада адамның жол тауып жүруiнiң белсендi құралы болмақ.
3. Қазiргi заман психологиясының мiндеттерi
Қазiргi кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық жəне практикалық мiндеттердiң сан
қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негiзгi мiндетi психикалық iсəрекеттi оның
даму барысымен байланыстыра зерттеу. Соңғы он жылдықтарда психологиялық зерттеулер аймағы
бiрқанша кеңейiп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалар дүниеге келдi. Психология ғылымының түсiнiктер
қоры өзгердi, жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздiксiз өрiстеуде, психология бұрын кезiкпеген
эмпирикалық деректермен толығуда. Б.Ф.Ломов "Психологияның методологиялық жəне теориялық
проблемалары" атты еңбегiнде қазiргi заман ғылымының жағдайын сипаттай келе, "бүгiнгi күнде