Жантану ғылымы психологияның мəнмағынасы жəне оның барша ғылымдар жүйесiндегi орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 12:47, реферат

Краткое описание

. Психология пəнi жəне оның мiндеттерi.
2. Психиканың рефлекторлық сипаты.
3. Қазiргi заман психологиясының мiндеттерi.
4. Психологияның ғылымдар жүйесiндегi орыны.
5. Психология салалары.

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі.doc

— 146.00 Кб (Скачать файл)

Медициналық психология дəрiгер қызметi мен сырқат адам мiнезқұлығының психологиялық мəнiн

зерттейдi. Ол психикалық құбылыстардың ми физиологиялық  құрылымдарымен байланысын

айқындаушы  нейропсихология: емдiк дəрiлердiң  адамның психикалық жағдайына ықпалын  белгiлеушi

фармакопсихология; науқасты емдеуде қолданылатын психикалық əсерлердi зерттейтiнпсихотерапия;

психикалық  алдын алу (профилактика) жəне психогигиена тарауларына бөлiнедi.

Заң психологиясы құқ жүйесiн iске асыруға байланысты психикалық мəселелердi қарастырады. Олда

бiрнеше салаларға жiктеледi: қылмыскер психологиясы, үкiм шығарушы мен орындаушы психологиясы

жене т.б.

Əскери  психология адамның соғыс жағдайындағы қылықəрекетiн; қолбасшы мен оның билiгiндегi

сарбаз арасындағы қарымқатынастың психологиялық  тараптары, əскердi рухтандырушы үгiтнасихат

психологиясының əдiстерiн жəне т.б. зерттейдi.

Аталған топ  қатарына спорт, сауда, ғылым жəне өнер шығармашылық психологиясы да кiредi.

Психология  тармақтарын топтастыру негiзiне дамудың  психологиялық қырлары да алынуы мүмкiн. Бұл

жағдайда психологияның даму принципi iске асады. Осыған байланысты психология келесi салаларға

бөлiнедi:

Жас сатыларының психологиясы жеке адамның əртүрлi психикалық процестерi мен психикалық қасиеттерiнiң онтогенезiн (жеке даму) зерттейдi де келесi салаларды өз iшiне қамтиды: балалар

психологиясы, жас өспiрiмдер психологиясы, ересек адамдар психологиясы мен кəрiлiк  психологиясы(геронтология).

Дамуы қалыптан шыққандар психологиясы немесе арнайы психология: олигофренопсихология

(ақылойы кемдер), сурдопсихология (кереңдер), тифлопсихология (зағиптер).

Салыстырмалы  психология психикалық өмiрдiң филогенетикалық (бiртұтас даму) формаларын зерттейдi.

Психология  салаларын топтастырудың жəне бiр  жолы қоғам мен жеке адам арасында болған қатынастарды ескеру. Бұл əдiске орай "Əлеуметтiк психоло гия" атымен психологияның көптеген

салалары бiрiгедi. Əлеуметтiк психология адамдардың əртүрлi ұйымдасқан ресми немесе ұйымдаспаған, бейресми топтарда көрiнiс беретiн психикалық болмысын зерттеумен шұғылданады.

Жоғарыда келтiрiлген деректер психологияның қолдану аймағының кең екенiнен хабар бередi. Мұнда орындалатын мiндеттердiң де сипаты сан алуан: адамның қарапайым қабылдауын зерттеуден бастап, жалпы өрiс алған күрделi психикалық құбылыстарды тануға дейiн. Психологиялық бiтiстердi қазiргi заманның дүниежүзiлiк проблемаларына байланысты да (бейбiтшiлiк үшiн күрес, қоршаған ортаны қорғау, ғарышты игеру жəне т.б.), адамдардың күнделiктi тұрмысына орай да (эмоционалдық күйзелiстiбасу, адам аралық қақтығыстарды үйлестiру жəне т.б.) зерттеп, олар бойынша қажеттi шешiмдерге қол жеткiзуге болады. Бұлай болуы орынды да, себебi аталған проблемалардың бəрi қалайда адамға

байланысты  болғандықтан, бiздi ең алдымен оның психикалық жан дүниесi қызықтыратыны  сөзсiз.Барша психология салаларының iшiнде айрықша орынды жалпы психология иелейтiнiн атап өткен жөн.

Бұл тараудың негiзгi мiндетi психологияның əдiснамалық проблемалары мен тарихын, психикалық құбылыстар пайда болуының, дамуының жəне болмысының жалпыланған заңдылықтарын ғылыми нақтылау. Сонымен бiрге жалпы психология танымдық жəне практикалық iсəрекеттi де зерттейдi. Жалпы психология зерттеулерiнiң нəтижесi психология ғылымының барша салалары мен бөлiмдерiнiң iрге тасы қызметiн атқарады.Жалпы психология курсында жантану ғылымының теориялық принциптерi мен маңызды əдiстерi жөнiнде таным берiлiп, оның негiзгi пəндiк түсiнiктерi сипатталады. Барластыру қолайлығымен бұл түсiнiктер үш негiзгi категориялар төңiрегiнде топтастырылады: психикалық процестер, психикалық қалыптар мен психикалық қасиеттер немесе жеке адамның дара ерекшелiктерi.

 

 

 


Информация о работе Жантану ғылымы психологияның мəнмағынасы жəне оның барша ғылымдар жүйесiндегi орны