Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:56, реферат
Зигмунд Фрейд өмір жолы жайлы мәлімет алу әжептеуір қиын. Зигмунд Фрейдті тұлғалық деңгейде көтерген көптеген биографиялық очерктер мен кітаптар бар. Алайда осы шығармалардың көбінде авторлардың бір жақты пікірге бой алдыратындықтарын байқаймыз. Мысалы, бұл мәселе жайлы А.М.Рудкевич былай жазады: Австриялық дәрігер психолог Зигмунд Фрейд ең атақты психологтардың біріне саналады. Ол 1856 жылы 6 мамырда Фрейбурк қаласында, қарапайым тері сатушының отбасында дүниеге келген. Психологиялық талдаудың негізін қалаушы. 1860 жылы Фрейдтер отбасы Венаға көшеді. 83 жыл өмірінің 80 жылын Зигмунд осы қалада өткізеді. Үлкен отбасында 8 бала болды, бірақ Зигмунд өзінің алғырлығымен,таңқаларлық ақылымен,кітапқа деген құмарлығымен ерекшеленді. Сол себепті оған ата-анасы жақсы жағдай жасауға тырысты. Сабақ орындау барысында оған ешкім кедергі жасамау мақсатында, Зигмунд әрқашан керосинді шаммен оқитын, ал басқа балалары шам арқылы оқитын. 17 жасында гимназияны өте жақсы аяқтап, әйгілі Вена университетіне оқуға тапсырады. Университетте атақты профессорлар дәріс береді.
Зигмунд Фрейд өмір жолы жайлы мәлімет
алу әжептеуір қиын. Зигмунд Фрейдті
тұлғалық деңгейде көтерген көптеген
биографиялық очерктер мен кітаптар
бар. Алайда осы шығармалардың көбінде
авторлардың бір жақты пікірге
бой алдыратындықтарын
Дәрігерлік қызметінің басталуы
Вена университетін бітірген соң З.Фрейд кәсіби ғылым қызметкері болуды мақсат етті. Бірақ физиология институтында Брюккенің қол астында мұндай жұмыс орны болған жоқ. Осы кезде Фрейдтің материалды жағдайы да болған жоқ. Өзі сияқты кедей отбасынан шыққан Марта Бернейге үйленген соң қиындығы көбейе түсті. Фрейд ғылымды тастап өмір сүру үшін жұмыс істеуге мәжбүр болды. Бұдан шығар бір жол бар еді – ол тәжірибе жинақтаушы дәрігер болу. Қалайда бұл мамандыққа ол қызығушылық танытпады. Ол невропатолог ретінде жеке тәжірибе жинақтауға шешім қабылдады. Брейр бұл терминді эстетикадан алып психотерапияға ауыстырды. Адам саналы түрде сезінбейтін бұрынғы әсерлер, еске түсірулер елестетулердің адам санасына ықпалы философтар мен психологтарға бұрыннан ақ белгілі болған. Брейр мен Фрейдттің жаңа идеяларының мәні мынада: адам саналы түрде сезінбейтін күйлерге қарсылық білдіреді. Ал бұл күй сезім және қозғалыс органдарының түрлі ауруларға шалдығуына әкеледі. (тіпті уақытша дәрменсіздік күй тудыруы мүмкін). Гипноз әдісін әсіресе француз ғалымдары өте сәтті қолданған. Олардың тәжірибелерін зерттеу үшін Фрейд Парижге атақты невролог Шаркоға барады (бүгінде ол дәрігер физиотерапия әдісінің бір түрі – «Шарко жаны» әдісімен байланысты медицинада белгілі). Бұл дәрігердің «Невроз Наполеона» деген аты да бар. Ол европаның көптеген король отбасыларын емдеген. Бұл атақты дәрігерді ауруларды тексеру кезінде гипнозбен емдеу сеанстары кезінде тәжірибе жинақтаушы дәрігерлер тобы қаумалап жүретін. З.Фрейд жас веналық дәрігер сол тәжірибе жинақтаушылардың бірі еді. Фрейдті Шаркоға жақындастырған жағдай оның Шаркоға ол оқыған дәрістерді неміс тіліне аударуын өтініп жолыққан сәті еді. Бір әңгімелесу үстінде Шарко невротик мінез құлқындағы негізгі ерекшеліктердің бір көзі оның жыныстық құрылымында жатанын айтты. Осы ескертуді есінде сақтаған Фрейд бірнеше жыл өткен соң осы болжамдар мен бақылауларға сүйене отырып адам мінез құлқындағы басты қозғаушы күш ретінде оның сексуалды өмірінің рөлі туралы идеяны алға тартты. З.Фрейд адам өміріне дәл осы сексуалды бастамалардың тікелей және жанама әсер ететіндігін адам өміріндегі барлық проблемаларға әкелер жол деп ұқты. Фрейдтің осы ілімі көптеген батыс елдерінде әйгілі бола бастады, сонымен қатар психологиядан тыс ілімдерде қолданды (Ярошевский 1989 ж.).
Психоанализдің туындауы
Біршама уақыттан соң Фрейд тұлға проблемаларын зерттеумен шұғылданды және неврозды емдеудің ерекше әдісін ойлап тапты. Фрейд теориясы мен практикасында санасыз күй мәселелері ерекше орын алды. Адам саналы түрде қабылдамайтын процестерге деген қызығушылық Фрейдтің бойында оның дәрігерлік қызметінің бастапқы кезеңінде пайда болды. Бұған сонымен қатар пост гипноздық күй қалыбын айқындауы әсер етті. Бір әйелге гипнозбен емделу үстінде гипноздан оянғаннан кейін бөлме бұрышында тұрған қолшатырды алу керектігін ескертеді. Гипноздан оянғаннан кейін шыныменде қолшатырды алып ашты. Ол әйелден неге бұлай істегенін сұрағанда ол қол шатырдың жөндеулі тұрғанын тексергім келді деп жауап берді. Сол гипноздан кейінгі сәтінде әйелге қол шатыр бөтен біреудікі екенін ескерткенде ол ыңғайсызданып оны орнына қойды. Бұл фактілер Фрейдке дейінде белгілі еді. Бірақ Фрейд оларға жаңаша түсініктеме берді. Осындай фактілерді талдау негізінде Фрейд өзінің санасыздық күйі теориясын жасады. Емдеуші дәрігер ретінде ол саналы түрде қабылданбайтын сезім күйлері мен уәжедері адам өмірін елеулі түрде қиындатып тіпті жүйке-психика ауруларының себебі болуы да мүмкін екендігіне бірнеше рет көз жеткізді. Бұл жағдай оның өзі емдеп жүрген ауру адамдардың саналы әрекеті мен санасыздық сезім күйі арасындағы қарама-қайшылықтан арылту жолдарын іздестіруге бағыттады. Фрейдтің адам жанын сауықтыру әдісі мен теориясы психоанализ деп аталады. ХХ ғ. психологиясында әйгілі ілім ретінде танылды. Кейінірек Фрейд тек ауру адамның емес сонымен қатар сау адамның да сезім күйімен мінез құлқын психиканың санасыздық күйі арқылы түсіндіретін теориясын құрды. Фрейд психологияға келгенде бұл ілім сана туралы ғалым деп саналды. Бұл жерде сана деп – адамның өз жанындағы (ішкі дүниесіндегі) өтіп жатқан құбылыстар туралы тікелей білуі аталады. Психологияның негізі де білудің дәл осы түрі еді. Фрейд өзінің медициналық тәжірибесіне сүйене отырып санасыздық күйкүштерін зерттей бастады. Ол емдеген адамдар өздерін не қызықтыратынын, жан дүниесін не ауыртқанын білмегендіктен ауруға ұшыраған. Тек гипноздың көмегімен сана бақылауын қадағалау арқылы тұлғаны ауруға шалдықтырған оқиғалар ізін табуға мүмкіндік туды. З.Фрейдтің бұл жердегі батыл қадамы санасыздық күйі психикасының түрі қалтарыстарын зерттеуде болды. Адамның жан дүниесінің құпияларына барар жолды ол сана психологиясынан да, физиологиясынан да емес санасыздық күйі психологиясынан іздей бастады. Емдеу процесінде санадан жасырын ойлар мен сезім күйлерін тану қажет болды. Бастапқыда ең басты және жалғыз қару гипноз болатын. З.Фрейдтің шеберлігі Брейрге қарағанда жеткіліксіз еді. Гипнозға қанағаттанбаған ол басқа құралдарды іздестіре бастады. Фрейд тапқан жаңа терапиялық құрал «еркін ассоциация» деп аталатын ассоциация түрлері еді. Олар көптеген жылдар бдойы психоанализдің негізі болып келді. «Ассоциациялар» ұғымы – психология ғылымындағы көне ұғымдардың бірі. Бұл термин Платон мен Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Ассоциациялардың құрылу заңдылығын ғасырлар бойы психологияда ең басты нәрсе еді. Мысалы адам бір затқа қарай отырып оның иесін есіне алады. Өйткені бұрынырақта олар бір мезгілде қабылданса олардың мидағы іздері арасында өзара байланыс, яғни ассоциация пайда болған. З.Фрейд ассоциацияларды санасыз түрдегі іс-әрекеттерді зерттеуге жол табу үшін қолданған. Бұл үшін ассоциациялар еркін болуы тиіс. Яғни сананың қабылауынан тыс болады. Психоанализдің басты үрдісі осылай туған. Емделуші адам бей-жай күйде (жатқан қалпы) ойына келген нәрсенің барлығын емін еркін айту, миында туындаған ойлар алуан түрлі болсада өз ассоциацияларын сыртқа шығаруы тиіс болды. Емделуші кедергіге тап болғанда мүдіре бастады бір сөзді бірнеше рет қайталап ойындағыны еске түсіру мүмкін еместігін айтты. Бұл жердегі Фрейдтің болжамы: Ауру адам өзінің кейбір құпия ойларына еркінен тыс қарсылық танытады. Сонымен қатар мұны ол санасыз түрде өз ырқынан тыс жасайды. Адам мінез құлқын меңгерудегі санадан тыс уәждердің атқарар рөлін анықтай отырып Фрейд психологияда жаңа бағыттың негізін салды. Бірақ оның адамға тән бүкіл қиыншылық, қызығушылық, құмарлық атаулының басты себебі адам бойындағы санадан тыс сексуалды күштердің әрекеті болып табылатындығына деген нық сенімі онық көптеген зерттеушілер ішінде өз жақтастыры мен қызметтестерінің қарсылығын тудырды. З.Фрейдтің ұстанған принциптерімен көзқарастарына қарама-қайшы пікірлер орын алды. Ал оның теориясы әуелден ақ сынға алынды, тіпті жоққа шығарылды. Бірнеше ондаған жылдар бойы күн сайын 8-10 сағаттан З.Фрейд дәрігерлік тәжірибесін шыңдады. Осы тәжірибелерінен алған фактлері арқылы ол толғақ құрылымына сипаттама берді. Тәжірибе жүргізуші дәрігер ретінде Фрейд қолда бар фактлерді өте мұқият қолданды. Бұл фактілердің білгірі деуге болады. Фактілерді жинақтай отырып олардың негізінде өз теориялық қағидаларын құрды. Алайда кейінірек ол көбінесе теория жасаумен шұғылданып оларды нақты фактлері негізінде дәлелдеуге аз көңіл бөлді. Бұл жерде Фрейд даңқы арта түскен сайын өз көзқарастары дұрыс дегенге әбден сеніп өзін жоғары бағалай бастағандай еді. Фрейдтің мінезі бір беткей болатын және оның тұжырымдамасын өзгертуге немесе толықтыруға тырысқан өз шәкірттерінің барлығын дерлік алыстатып алды. Психоанализге жолдың кең ашылуы үлкен еңбектен келгендіктен әр шегіністі Фрейд сатқындық ретінде қарастырды. Психоаналитикалық ассоциациядан өз жақтастарымен қатар Фрейдтің шәкірттері де – А.Адлер, К.Г.Юнг, К.Хорни, М.Клейн, Ж.Лакан сияқты зерттеушілер де қуылды. Мұндай атмосфера З.Фрейд салған ізге және оның беделіне мүлтіксіз бас шұлғуды танытты. Психоанализде адам ойлары мен сезім күйлерінің санадан тыс түрін анықтау әдісі ретінде түс көруді талдау әдісі табылды. Бұл әдістің мәні мынада: психоаналитик емделушінің көрген түстерін талқыға салады. Фрейдтің есептеуінше, түс көру қаншалықты бос көріністер болғанымен, оның «сценарийі» – бұл түстің бейне-белгілері арқылы қанағаттандырылатын түпкі тілек-қалаулар коды. Бұл болжамына өщзі таңырқаған З.Фрейд оның тіпті қандай жағдайда туындағанын да есіне сақтап қалады. Бұл 1895 жылдың 24 шілдесіндегі кешқұрым мезгіл, бейсенбіде, веналық мейрамханалардың бірінің солтүстік-шығыс бұрышында еді. Бұл жөнінен З.Фрейд бірде: «осы жерде дәрігер Фрейд түс көру құпиясын ашты» деген жазуы бар тақтай іліп қойса да болады», – деп әзілдей айтқан екен. 1900 жылы «Түс жору» кітабы жарық көрді. Оны З.Фрейд өзінің басты еңбегі санады. Кітапта түстегі бейнелердің қалыптасу тәсілдері: олардың кешенді қабаттасуы, тұтас бейненің бөлшек бейнемен алмасуы, кейіптеу және т.с.с. сипатталды. Осының барысында ол барлық адамдар үшін бірдей мәнге ие символдар бар деп санады. Мұндай символдар ретінде ұшу, құлау, суды, үшкін заттарды, тістің түсуін көру қарастырылды. Тәуелсіз авторлардың бұл қағиданы тексеруі мұндай тұжырымды растамады. Фрейд түс көрудегі бейнелерді эмоциалды сезім күйлерінің деңгейлері ретінде түсіндірді. Олардың туындау көздері күндізгі қалыптан тыс сезім күйлерінде, қызығушылықтарында, қорқыныш күйлері мен санадан тыс әрекеттерінде жасырылған. Олар өздері туралы ерекше символдық тілде сөйлейді. Фрейд олардың сөздік қоры мен оның құрылу тәсілін қалпына келтіруге тырысты. 1901 жылы оның «күнделікті тұрмыс психопатологиясы» кітабы жарық көрді, мұнда ол түрлі бұрыс әрекеттерді түсіндірді: есімдерді ұмыту, сөзден таю, санадан тыс уәждердің көрінуі. Фрейд бойынша, мұның себептерін санадан тыс импульстерден, шұғылданатын әрекеттерінен іздеген жөн. Бұлардан кейін оның «Даналық және оның санадан тыс құбылысқа қатынасы» (1905), «Сексуалдылық теорияисы бойынша үш очерк» (1905), «Тотем және табу» (1913) еңбектері жарық көрді. Фрейдтің халықаралық деңгейдегі атақ-даңқы З.Фрейдтің танымалдығы арта берді: халықаралық деңгейде де атақты болды. 1909 ж. оны АҚШ шақырады, оның дәрістерін көптеген ғалымдар, солардың ішінде америкалық психология атасы Вильям Джемс те тыңдаған. З.Фрейдті құшақтап тұрып ол: «Болашақ – сіздің қолыңызда», – деген екен (Ярошевский, 1989, 21 бет). 1910 жылы Нюрнбергте психоанализ бойынша Бірінші халықаралық конгресс өтті. Оған қатысушылар психоанализді психологиядан өзіндің ерекшелігі бар жеке, айрықша ғылым деп жариялады. Алайда көп ұзамай осы қоғамдастың ішінде оның таралуына әкелген қарсы пікірлер туындады. Фрейдтің көптеген жақын жүрген жақтастары онымен арақатынасын үзіп, өздерінің мектептерін ашып, бағыттарын қалыптастырды. Солардың ішінде Альфред Адлер мен Карл Юнг те бар, олар соңынан атақты психологтар болды. Олардың көпшілігі сексуалды инстинктің басым рөлге ие екендігін мойындамады. Көп ұзамай З.Фрейдтің өзі де өз тұжырымдамасына түзетулер енгізді. Бұған оны өмір мәжбүрледі. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Емдеушілердің көбі сексуалды сезім күйлеріне емес, соғыс уақытында оларды күйзелткен сынақ, қиыншылықтарға байланысты невроз ауруымен ауырды. ХЫХ ғ. соңында веналық бұқара халықты емдеу кезінде туындаған З.Фрейдтің бұрынғы тұжырымдамасы кешегі солдаттар мен офицерлердің соғыс жағдайында туындаған психикалық күйзеліс күйін түсіндіруге жарамсыз болып шықты. З.Фрейдтің жаңа емдеушілерінің өлімді көп көруден туындаған психикалық күйзеліс пен соққылары ерекше инстинкт бар деген болжам жасауға себеп болды. Ол Танатос деген атауға ие болды. Бұл жерде Танатос деп не өзгелерді, не өзін өлтіруге, жоюға деген ерекше құмарлықты түсіндірді. З.Фрейдтің көзқарасы бойынша, бұл инстинкт сексуалды инстинктпен қатар мінез-құлықтың кез келген түрінің негізіне алынған. З.Фрейдт бұл мәселені зерттеуге интермелеген өз өміріндегі жағдайлар да болды. 20-жылдардың басында ол көп шылым шегуден туындаған өте ауыр ауру түрімен ауырды. Бір операциядан соң екіншісіне шыдамдылықпен төзіп, жұмыс істеуін тоқтатпады. 1915-1917 жж. ол Вена университетінде «Психоанализге кіріспе дәрістер» деген атпен жарияланған курс оқыды. Бұл курс олықтыруды қажет етті, оларды ғалым 1933 жылы 8 дәріс түрінде жариялады. З.Фрейд шығармашылығының осы соңғы кезеңінде оның «Бұқара психологиясы және «Мен» талдауы» (1921), «Мен және Ол» (1923) еңбектері жарық көрді. Бұл кітаптарында оның адамның жеке тұлғасының құрылымына деген көзқарастарының өзгергендігін көреміз (Ярошевский, 1989, 22 бет). 30-шы жылдары Европадағы әлеуметтік жағдай ушыға түсті. 1933 жылы Германияда билік басына фашизм келді. Нацистер өртеген кітаптардың ішінде Фрейдтің кітаптары да бар еді. Мұны естіген Фрейд: «Біз қандай прогресске қол жеткіздік! Орта ғасырларда олар менің өзімді өртер еді, ал бүгін олар менеің кітаптарымды өртеуге қанағаттанды!» (цит. Ярошевский, 1989 ж., 27 бет). Ол бірнеше жылдан кейін Освенцим және Майданек пештерінде миллиондаған еврей мен өзге де нецизм құрбандары қаза табатынын білген жоқ. Солардың ішінде Фрейдтің 4 қарындасы бар. Оның өзін әлемге әйгілі Фрейдті де Австрияны жаулап алғаннан кейін осы жағдай күтетін еді. Алайда Франциядағы америка елшіснің көмегімен оның Англияға қоныс аударуына рұқсат алуға қол жеткізді. Кетер алдында ол гестапоның өзімен жақсы қарым-қатынас жасағаны жоқ екендігі туралы қолхат тастауы керек болды. Қол қойып жатып З.Фрейд былай деп сұрады: «Әр адамға гестапоның бар ниетімен үлгі етпеспе екен». Англияда Фрейдті ғалымдар жақсы қарсалды, бірақ оның күні санаулы еді. Бұрынғы дерті күшейіп, оның өз өтініші бойынша емдеуші дәрігер, екі ине (укол) салды. Сөйтіп 1939 жылдың 21 қыркүйегінде Лондонда З.Фрейд қайтыс болды (Ярошевский, 1989, 28 бет). З.Фрейд теориясының әлемге әйгілі ілім ретінде танылғандығы соншалық бүгінде ғалымдар «психология – бұл Фрейдтің өзі» деген қағида қалыптасқан.
Девианттық мінез-құлық
Девиантты мінез-құлық ( лат. девіатіо - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Кең мағынасында девиантты мінез-
Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.
Девианттық мінез-құлық әлеумет
қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық.
Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
Агрессивті-зорлаушылық мінез-
Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң бұз
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
жанұяда берекенің болмауы;
ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;
тәрбие берудегі кемшіліктер;
өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары
Үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады. Оларды жекеше қарастыратын болсақ:
1. Биологиялық факторлар –
ұрпақтан-ұрпаққа берілетін
психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;
физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері,
адам бойындағы соматикалық
Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.
2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін. Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.
3. Әлеуметтік-педагогикалық
оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;
мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;
әлеуметтік бейімсіздік –