Психологияның даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 19:41, реферат

Краткое описание

Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып-білумен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің, ақыл-ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлекет құрылды. Қоғамда адамдардың әрқилы наным-сенімдерге негізделген көзқарасы қалыптасты. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға ғана негіз болып қоймай, адамның жан дүниесі туралы табиғи-ғылыми көзқарастардың туындауына да себепші болды.

Вложенные файлы: 1 файл

Психология реферат СОӨЖ.docx

— 38.62 Кб (Скачать файл)

И.М.Сеченевтың “Бас миының рефлексі” деген еңбегі Ресейдегі психолгия ғылымының дамуы үшін жаратылыстық-ғылыми негіз болды, сөйтіп, материалистік психологиялық ой-пікірдің дамуына күшті ықпал етті. Сонымен қатар, Қазан төңкерісіне дейінгі Ресейде Г.И.Челпановтың (1862-1936), кеңестік кезеңде В.М.Бехтеревтің (1857-1927), И.П.Павловтың зерттеулері, Н.Е.Введенский мен А.А.Ухтомскийдің рефлекске байланысты ашқан жаңалаықтары психологияның табиғи-ғылыми негізін одан әрі өрістеуге жол ашты.

Кеңестік дәуірде психолгия  ғылымының іргесін қалауға П.П.Блонский, В.Я.Струмлинский, К.Н.Корнилов, Б.М.Теплов, т.б. айтарлықтай үлес қосты. Психика  дамуын әлеуметтік тарихи-мәдени теория тұрғысынан зерттеп, көптеген еңбек  жазған Л.С.Выготский (1896-1934), іс-әрекет психологиясының мәселелерін зерттеген  С.Л.Рубинштейн (1887-1960), А.Н.Леонтьев, т.б. еңбектері бұл ғылымның методологиясы  мен принциптерін жаңа сипатта дамуға бағдарлады. Қоғамның тарихи даму мұқтаждығының, экономика мен идеологияның, мәдениеттің  өрістеуіне сәйкес кеңестік дәуірде психологияның түрлі салалары мен тармақтары дамып, жетіліп, жеке-жеке ғылыми пәнге айналды. Соның нәтижесінде тәлім-тәрбие психологиясының даму қарқыны мен оның қамтыған мәселелері әр алуан және сан қырлы болғанын ерекше атап көрсеткен жөн.

7. Қазақстандағы  психология ғылымының даму жолы

Психология ғылымына тікелей  қатысты болмағанымен, жан дүниесі  жөніндегі пайымдаулар мен ой-пікірлер Қазақстанда өте ертеде кездердер  бастау алып, ХV-XIX ғасырлардағы қазақ халқы ғұламаларының, ағартушы-демократтардың туындыларында айтарлықтай көрініс берді. Ал одан бұрынғы дәуірлерде ақын-жыраулардың өлең-толғауларында, билердің шешендік сөздері мен халықтық нақылдарда, ел намысын найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған батырлардың отаншылдық істерінде адам жан дүниесінің жұмбақтарына терең бойлап, болашақ ұрпаққа тағылым берерлік мол рухани қазына жатқандығы қазіргі кезде әр тарапты зерттеліп, белгілі жүйеге келтірілуде.

Аса көрнекті ғалым Ш.Уалиханов  шығармаларында халықтың рухы оның таным-наным  түсініктермен тығыз ұштастырылады. Ы.Алтынсарин еңбектері этникалық  және балалар психологиясының қыр-сырына толы деуге болады. Сондай-ақ, Абай туындылары да туғанхалқының жан дүниесіне  тән қарапайым сезімнен бастап кемеңгерлік  ақыл-ой шыңына дейінгі мәселелерді  егжей-тегжейлі қамтиды. Ал Сұлтанмахмұт Торайғыров жан мен тән ылғи да бірлікте, байланысты болады деген  орынды сөз қалдырып, “Дене азыққа тоюдан жан ержетер, жан ержетіп, дүниенің сырын табар” дейді. Ол адамның тәнімен бірге оның жаны да, ақыл-ойы мен сана-сезімі де өсіп, жетіліп отырады, олардың негізі – тәнде, адам өлгеннен кейін онда қимыл да, сезім де, жек көру де, махаббат та, өмір де жоқ, яғни бір сөзбен айтқанда, тәннен бөлінген жанда ешуақытта өмір болмайды деген реалистік қорытынды жасады. Осы бағыттағы психологиялық ой-толғаулар мен пайымдау-түсініктер Шәкәрім Құдайбердіұлы мен өзге де ағартушы-демократтарда, ақын-жырауларда көп кездеседі.

Кеңестік кезеңде де Қазақстандағы  психология ғылымының өрісі кеңейіп, оның аясы халыққа білім беру, тәлім-тәрбие істерінің мақсат-міндеттерімен  сабақтасты. Жүсіпбек Аймауытовтың “Психология” оқулығы мен “Жан жүйесі және өнер таңдау” деген туындысы – психология пәні бойынша таза ана тілімізде жазылған бірден-бір алғашқы еңбек. 1920-1930 жылдары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатовтардың оқу-ағарту,тәлім-тәрбие істерімен өзара ұштастырылған ұлттық сипаттағы психологиялық ой-пікірге толы терең мәнді еңбектер жазғаны белгілі. Сонымен қатар, С.Балаубаев, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, А.Темірбеков, Ә.Ситдықов, Е.Суфиев тәрізді психолог мамандардың ғылыми зерттеулер жүргізген мәселелері, тақырыптары сан алуан. Қорыта айтқанда, Қазақстандағы психология ғылымы сан-салаға тарамдалып, қанатын кеңінен жайып өркендеп келе жатқан ғылыми пәндер қатарына жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

1. Психологияның философия  мен жаратылыстану ғылымдарынан  бөлініп шығуы

2. Ежелгі психология

3. Орта ғасырлардағы жан  туралы ілім

4. XVIII ғасырдағы психологиядағы  эмпиризм мен ассоциациянизм. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы  психология

5. Психологияның дербес  және тәжірибелік ғылымға айналуы

6. Кеңестік психологияның  дамуы

7. Қазақстандағы психология  ғылымының даму жолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы – 2002. 250 бет

2. Зимняя И.А. Педагогикалық  психология. Алматы – 2005. 430 бет

3. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы – 1996. 300 бет


Информация о работе Психологияның даму тарихы