Психологияның даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2014 в 18:48, творческая работа

Краткое описание

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әртүрлі бейнелері болып табылады.Олар көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажыратын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. Психология термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі— «псюхе» (жан), екіншісі – «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз « жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1 Анықтамасы
2 Психологияның тарихы
2.1 Ежелгі дамуы
2.2 Ерте жаңа заман
2.3 Жаңа заман
2.4 Қазақстандағы психологияның даму тарихы
3 Психология мәселелері
4 Психология салаларының таптастыруы мен оның әдістемелері
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Psikhologia_Referat.docx

— 43.39 Кб (Скачать файл)

   «Астана Медицина Университеті» АҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы:Психологияның даму тарихы

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

   I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

  • 1 Анықтамасы
  • 2 Психологияның тарихы

    • 2.1 Ежелгі дамуы

    • 2.2 Ерте жаңа заман

    • 2.3 Жаңа заман

    • 2.4  Қазақстандағы психологияның даму тарихы

  • 3 Психология мәселелері

  • 4 Психология салаларының таптастыруы мен оның әдістемелері

III.Қорытынды

IV.Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Кіріспе 

 

       Психология -  психикалық   құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зеттейтін ғылым.

 

       Психикалық құбылыстар бізді  қоршап тұрған  сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әртүрлі бейнелері болып табылады.Олар көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажыратын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. Психология термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі— «псюхе» (жан), екіншісі – «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз « жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді.

 

       Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы жаңсақ сенім-нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады, мәңгі-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болған.

 

     Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Жан туралы осындай анимистік пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені олардың ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының инцеецтері «лоакаль» деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің,ғ бейненің ұғымын береді. Жан туралы  осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы— адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің бір-бірімен байланысын дұрыс ажырата алмай, оны өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді.

 

      Жан туралы ғылыми түсінік  ежелгі гректердің әмбебап ғалымы аристотель (384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен аралас, астарлас дамып келді. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан была қарай ғалымдар жан құбылыстарын эксперимент жүзінде әртүрлі құрал- жабдық, аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дамыды.

 

Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

Анықтамасы

Этимологиялық деңгейде психология рух пен руханиятты (көне грекше: ψυχή — рух) зерттеу (көне грекше: -λογία — сөз, ғылым, тану) деп танылады. Өзінің грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (жан дүниесі мен рухани болмысы), сезімдік (ниет-пиғыл, байым, әрекет), интеллективттік (ақыл-ой) функцияларымен шектеледі. Алайда психология — ақыл-ой қызметтерін зерттеумен бірге, рухани себеп-салдар әдістемесі, рухани жекешілдігінің, тұлға ішіндегі ақиқатты зерттеу. Ақыл-ой — тек комбинация мен арақатынас мекені емес, ол абстракция мен материалдық қатынас арқылы адам затын ойлау әрекетіне икемді нәрсе ретінде анықтайды. Осы тұста адам мен жануар арасындағы айырмашылық көрінеді.

Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б.

Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т.б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен руханияты, Келбет руханияты, жануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады.

Психологияның кей тараулары басқа ғылымдармен бірге немесе өзара көрші зерттеу өрістері ретінде немесе бір зерттеу өрісінің салалары ретінде үйлеседі. Бұл тараулар, мысалы психологияның бір тарауы — рухани бұзылыстарды зерттеу үшін патологияны белгілеу өте күрделі, тұлға патологиясын ақыл−ой паталогиясынан ажырату — одан әрі күрделі.

Ақыр соңында психология мен пәлсапа арасында көп уақыт бойы қарым—қатынас өте жақын болды, ажыратылмас десе де болар, себебі бұрын психология пәлсапаның бір бөлімі болған, ал пәлсапафизиканың ескі мағынасында (ағлақ, сана, іс әрекет, т.б. қалыптасқан пәлсапа тақырыптары психологияда кездеседі) бір бөлімі екендігін де ұмытпау қажет. Осылай психологияның кей салалары пәлсапалық тақырыптарды зерттеуге бағытталған (персонализм, гуманизм, биологизм, т.б.).

Психологияны зерттеу өрісінде басқа да антропология, социология сияқты қоғамдық ғылымдармен де соқтығыстыруға болады.

Ең аяғында психологияны теориялық немесе практикалық жағынан анықтау — бүгінгі күннің шешілген мәселесі емес.

Психологияның даму тарихы

Психология ғылымының дүниеге келуі 1879ж. Вундтін Лейпциг каласында алғашқы эксперементалды зертхана ұйымдастыруымен сипатталады. Психология ғылымының даму тарихы бірнеше этаптарға бөлінеді :

1. Психология жан туралы  ғылым.

2. Психология сана туралы  ғылым.

3. Психология жүріс-тұрыс  туралы ғылым.

4. Психология психика  туралы ғылым.

Шетелдердегі психологиялық ағымдыр (мектептер): бихевиоризм, гештальтпасихология, фрейдизм немесе психоанализ, генетикалық психология, гуманистік психология. Қазақстандағы психологиялық ой-пікірлердің дамуы. Әбу Насыр Әл Фараби, А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин; С.Торайғыровтың ойлары.

Алғашқы қауымдық қоғамның өзінде психика жөнінде көзқарастар болған. Ерте замандардан бастап адам баласының  назары, ақыл-ойы өзінің  маңындағы дүниенің сырын танып білуге, өз денесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Б.д.д. бірнеше мыңдаған жылдар бұрын заттың материалдық құбылыстарды (заттар, табиғат, адам) және заттық емес құбылыстарды (бейнелер, ойлар, адам және еске түсіру, қайғыру және т.с.с.) анықтап, мойындап, олардың тәуелсіз қоршаған ортадан  бөлек екендігін айтқан.

Ерте заман ойшылдары «Жан деген не?», оның қасиеттері және функциялары қандай, жан мен тән арақатынасы деген сұрақтарға жауап іздейді.

Ерте заманның философы Демокрит (б.д.д.  5,6 ғғ.) психиканы, яғни жанды оттың атомдарындай  қозғалмалы қасиет деп санады, сонымен қатар психиканың адам тәнінің қызметі деген бір материалистік түсінікті тудырды. Тәннің өлуімен жан да өледі деген. Сол заманның тағы бір өкілі  ғұлама ойшыл Платон (б.д.д. 427-347 жж.) жан мәңгілік нәрсе, ол өлмейді деген, ол психикалық  түсіндіруде иделистік бағытты ұстанған. Ең бірінші  жан туралы  жазған Аристотель (б.д.д. 384-422 жж.) «Трактоз о дүние» бұл еңбек  бірінші психологиялық әдебиет болып саналады.  Шығыстың ұлы ойшылы  әбу-Нәсыр  әл-Фараби  (870-950 жж.)  дүние материядан  құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге  көшіп, өзгере береді.  Жан денеден бұрын өмір сүрмейді, 1 денеден 2 денеге  барып, орналаса алмайды деп материалистік тұрғыдан  қарастырды.

Бірінші кезенде  психология жан туралы ғылым. Жан ерекше, тəннен бөлек жасайтын құбылыс деген нанымның санаға терең ұялауы бұған мысал бола алады. Алғашқы адамның өзi де адамдар мен жануарлардың өлетiнің, адамның түс көретiнiн сезiп, бiлген. Осыған орай адам ұстамға келетiн тəннен жəне көрiнбейтiн жаннан бiрiнен-бiрi бөлiнбейтiн дербес екi бөлктен тұрады деген сенiм туындады; яғни адам өлмейiнше, жан оның тəн iнде жасап, өлгеннен соң тəннен шығып кетедiмыс. Ал адам ұйқыдағы кезде, жан оның тəнiнен уақытша ажырап, қандай да бiр басқа жерге ауысады. Осылайша, психикалық процестер, қасиеттер мен қалыптар ғылыми талдауға түсiп, зерттелгенге дейiн адамдардың бiрiнiң екiншiсi жөнiндегi қарапайым тұрмыстық психологияға тəн пайымдаулары жинақтала бердi.

Екінші психология — Сана туралы ғылым бұл кезен  Декартын  сана ұғымен байланысты. Жан жөнiндегi танымдар қандай құбылыс — өзгерiстерге енгенiмен өмiрлк iс-əрекеттiң қозғаушы күшi — жан деген тұжырымға ешбiр келтiреалмады. Тек ХҮIII ғ. психология бiлiмiнiң дамуында Рене Декарт жаңа есiгiн ашты. Ол адамны өн iшкi мүшелерi ғана емес, тiптi дене əрекетiнiң де жанға ешқандай қатысы болмайтыны жынде пiкiр айтып, дəлелдедi. Бұл жантану ғылымының кейiнгi желiсiне үлкен ықпал жасады. Декарт  ғылымға  екi  түсiнiктi — рефлекс жəне  сананы  бiрдей   енгiздi.  Бiрақ  ол  өз тағылымында жан мен тəндi бiр-бiрiне қарсы қойды, өзара тəуелсiз екi болмыс материя жəне рух жасайтынын уағыздады. Сондықтан да психология тарихында бұл Декарт тағылымы «дуализм» (екi тарапты) атауын алды. Дуалистер көзқарасында, психикалық табиғат ми қызметiнің өнiмi емес, мидан тыс, оған тəуелсiз, өз бетiнше жасайтын құбылыс екенi түсiндiрiлдi. Бұл бағыт ғылымда объективтi идеализм деп аталды.

Дуалистк тағлиматты арқау етiп ХIХ ғ. психологиясында психофизиологиялық параллелизм атанған идеалистiк бағыт кең өpiс алды. Бұл бағыттың мəнi: психика жəне тəн қатар, бiрақ өзара тəуелсiз жасайды. Мұндай идеалистiк көзқарасты дəрiптеушiлер Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Джемс, т.б.

Шамамен осы дəуiрде психология денi жөнiнде жапа түсiнiктер қылаң бере бастады. Ойлау, сезу, қалау қабiлеттерi не сана атауы берiлi, психика санамен баламаластырылды. Осыдан жан психологиясы орнына сана психологиясы жүзеге келдi. Бiұan; сана көп уақытқа дейiн басқа табиғи процестердің бəрiнен оқшауланған ерекше кұбылыс ретiнде қаралды. Ендi саналық өмiр Алла жаратқан ақыл көрiнiсi немесе сананы құраған қарапайым элементтерi бар субьективтк сезiм нəтижесi деп есептелдi. Бiұл идеалистi бағыттағылардың бəрiн бiрiктi дeген жалпы пiкiр: психикалық болмыс — ғылыми талдауға келмейтiн, себебі бұндай түсiнiк кең етек алып, ал бұл бағыттағы идеализм интроспекттiк (өзiн-өзi бақылау) сана тағылымы атын алды. Осыдан сана өзiмен өзi шектелiп, психика объектив болмыс пен субъектiнiң өзiнен де толығымен ара байланысын үздi.

Үшінші кезен жұрыс-тұрысты зерттейді  ХIХ ғ бірінші жартсында психология жұрыс-тұрыс туралы ғылым реттінде қарастырылады.

ХIХ ғ. екiншi жартысында дербес ғылымға айналған психологияның дамуы өз алдына əртүрлi мақсаттарды белгiлеп, əртүрлi зерттеу тəсiлдерiн қолданған, бiр-бiрiн ауыстырып отырған теориялар таласында жүрiп отырды. ХIХ ғ. аяғындағы барша теориялар, ХХ ғасырдағы бiршама тағылымдар сананың осы интроспектік психологиясы шеңберiнде зерттелдi. Бұл теориялар   бойынша психологиялық зерттеулердің көбіне қоршаған орта мен адам iс-əрекетi не байланыссыз жан толғаныстары мен көрiнiстерi негiзделдi. Ал сана мен ми арасындағы қатынас бұл теорияларда дуализм бағытында шешiмiн тапты.

Интроспекттiк психология аймағындағы теориялардың бiр-бipiнен айырмашылығы сананы құрылымы, мазмұны жəне белсендiлк дəрежесiне қарай əрқилы сипаттаудан болды, яғни бiр сипаттама жетекшi деп есептелiндi. Осы тұрғыдан сана психологиясы өз зерттеулерiн 5 бағытта алып барды:

  • саналық элементтер теориясы (В. Вундт, Э. Титченер);

  • саналық əрекеттер психологиясы (Ф. Брентано);

  • саналық ағым (сел) теориясы (У. Джемс);

  • дербес құрылым психологиясы (гештальтпсихология);

  • суреттеме психологиясы (Дильтей).

Информация о работе Психологияның даму тарихы