Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 15:30, реферат
Түйсік арқылы заттардың түсін, исін, дәмін, қатты, жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т.б. осы секілдіқасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысымен оның кеңістікте орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды.
Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітікендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайд болатын уақытша байланыстар жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атаған.
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім
а) Түйсік.
1. Түйсік туралы түсінік.
2. Түйсіктің топтары мен ерекшеліктері.
3. Түйсіктердің дамуы мен қалыптасуы.
4. Түйсіктің түрлері.
б) Қабылдау.
1. Қабылдау туралы түсінік.
2. Қабылдаудың физиологиялық негізі.
3. Қабылдаудың түрлері және ерекшеліктері.
4. Кеңістікті және уақытты қабылдау.
в) Ес.
1. Ес туралы түсінік.
2. Ес теориялары.
3. Естің түрлері.
4. Ес процесстері.
III. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Сипай сезу түйсігі. Ол жөнінде таным процесіне байланысты ең алғаш ой айтқан орыс физиологі И.М.Сеченов. Оның тұжырымдамасы бойынша, мынандай ортақ пікір айтылады: «Сипай сезу түйсігі пассив (бүткіл денедегі терілер), актив (саусақ, ала қан), тікелей және аспаптық (құрал-аспаптар арқылы сезу) болып бірнеше түрге бөлінеді. Осы түйсіктер арқылы адам көзбен көрмей-ақ айналасындағы заттың формасын (қалпын), үлкен кішілігін, кедір-бұдырлығын, қатты-жұмсақтығын, ыссы-суықтығын ажырата алады. Мұндай түйсік терді әрекеттің ықпалы-мен таң қаларлықтай дәрежеде дамытуға болады. Мәселен, тәжірибелі диірменші ұнды алақанына уқалап көріп, оның сортын, сапасын, саласын айырады, тіпті оның қай жердің бидайынан тар тылғанына дейін айна-қатесіз айтып бере алады.
Сипай сезу түйсіктерінің күрделі еңбек процестерін «ұсақ-түйек» деталдарын меңгеруде, музыка аспаптарында ойнауда, шәкірттердің спортпен қол еңбегіне қажетті дағдыларға машықтануын да, сондай-ақ, соқыр, мылқау, керең адамдардың тіршілігінде алатын орны ерекше».
Иіс түйсіктерінде. Қазақ психологы Қ.Жарықбаевтың айтуынша, «Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың тал шықтарына түрлі химиялық заттардың әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш талшықтары бар. Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш талшықтарын тітіркендіріп отырады».
Дәм түйсіктері. Тіліміздегі дәм бүршіктері дәмді айыратын мүше болып табылады. Оны тітіркендіретін белгілі дәмі бар, суға еритін әр түрлі химиялық заттар екені белгілі. Дәмді – ащы, тәтті, тұщы (тұзды), қышқыл деп, төртке бөліп жатады. Дәм түйсіктері адам психологиясына түрліше әсер естетін қасиеттер. Бұл жөнінде қазақ психологы Қ.Жарықбаев былай дейді: «Дәм түйсіктері де адам психологиясына түрліше әсер етіп отырады. Мәселен, дәмді тағамдар – адамның тәбетін арттырады. Тәбет – дәм нервтерін қоздыратын психикалық акт. Асты көңіл қойып, сүйсіне ішу, ыдыс-аяқ пен стол жапқыштардың эстетикалық, гигиеналық талаптарға сай келуі – адамның жан дүниесіне жағымды әсер етеді. Түйсіктердің басқа түрлері сияқты (көру, есту т.б.) дәм түйсігін де адам тіршілік қажетіне қарай жақсы дамыта алады. Мәселен, тамақ өнеркәсібінде істейтін адамдардың (дегустатор) дәм түйсігі айтарлықтай жетілген. Олар шараптың дәмін татып, қай елдің жүзімінен жасалғанын бірден анықтай алады».
Органикалық түйсіктер.
Бұлардың рецепторлары ішкі мүшелердің қабаттарына (өңеш, қарын, ішек, тамыр, өкпе, жүрек т. б.) орналасқан. Ашыққанда, шөлдегенде не сусын қанғанда, жүрек айнығанда, іш ауырғанда және т. б. осындай жағдайларда болатыы сезінулер органикалық түйсіктерге жатады. Адам тоқ, дені сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде түйсіктердің бұл түрін байқай бермейді. И. М. Сеченов сондықтан да түйсіктердің бүл тобын «көмескі түйсіктер» деп атаған. И. П. Павлов мектебінің зерттеулері көрсеткендей, дені сау адамның органикалық түйсіктері оның жалпы «хал-күйінің» негізі болып табылады.
Кинестезиялық түйсіктер.
Кинестезиялық түйсіктер дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын білдіреді. Кинестезиялық түйсіктерді кейде қозғалыс түйсігі деп те атайды. Оның рецепторлары – ет, тарамыс, сіңірлердегі жүйкелерінің ұштары.
Тең басу туйсіктері.
Мұндай — түйсіктерді статикалық түйсіктер деп те атайды. Статикалық түйсіктердің рецепторлары ішкі құлақтағы вестибулярлық аппаратга орналасқан. Статикалық түйсік — бастың қозғалысын, дененің кеңістіктегі алып түрған орнын, яғни адамның тең басуын бейнелейді.
Вибрациялық туйсіктер.
Вибрациялық түйсіктер
қозғалған дененің ауаны
Ә.Алдамұратов: Қабылдау туралы жалпы түсінік.
«Егер түйсік айналадағы заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттері мен сапаларының мидағы бейнесі болып табылса, ал қабылдау сол заттар мен құбылыстардың мидағы тұтастай бейнелеуі болып табылатын тікелей танымдық процесс. Қабылдау түйсіктегідей бір ғана талдағыштың (анатомиялық-физиологиялық жүйке аппараты) қызметі емес, ол бірнеше талдағыштардың (көру, есту, дәм, иіс т.б.) өзара байланысып, жұмыс атқаруымен пайда болады. Құбылыстар мен заттарды қабылдау процесінде бұрынғы тәжірибенің мәні ерекше. Тәжірибе қабылдауға ғана әсер етіп қоймай, ол адамның ойы мен іс-әрекетін де билейді».
Қ.Жарықбаев: Елестету мен түйсік.
«Елестеуді түйсік пен қабылдаудан ойлауға өтердегі көпір деуге болар еді. Ол арқылы адам заттар мен құбылыстарды аз да болса жалпылай бейнелей алуға мүмкіндік алады. Орыс физиологі И.М.Сеченов оны «Заттық ойлау» деп дұрыс анықтаған. Елестету заттардың бейнелерін есте сақтауға, сол заттардың басты белгілерін көрсететін ой-тәсілдеріне (талдау, жинақтау, топтастыру, жүйелеу, сaлыстыру т.б.) көшуде, оның мәнін танып-білуге көмектеседі. Демек, белгілі бір зат жөнінде елесіміз болса ғана, біз оның ерекшелігін, не үшін қажеттігін тезірек ұғынамыз да, еске жақсы сақтай алатын боламыз».
Қабылдау дегеніміз – дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер ету нәтижесінде сол заттар мен құбылыстардың кейбір ерекшеліктерінің миымызда бейнелеуі.
Физиологиялық негізі.
Қабылдаудың физиологиялық
негізіне мидың аналитикалы
Қабылдау процессінде
бірнеше анализатор қызмет
Қабылдағанда адам
миындағы болып жатқан
Қабылдаудың түрлері
түйсіктің түрлеріне ұқсас
Ерекшеліктері.
1. Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.
2. Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.
3. Қабылдаудың таңдамалылығы. Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады
4. Аперцепция. Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша. Тұрақты түрі - адамның дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты.
Уақытша түрі –
адамның қабылдау кезіндегі
Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді.
Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі. Мұны психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп – заттардың алыстығын , түрін, көлемін қате қабылдау.
Кеңістікті және уақытты қабылдау.
Біз дүниедегі заттар
мен құбылыстарды белгілі бір
уақытта және кеңістікте
Уақытша қабылдау.
Уақыт дегеніміз – дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан, екінші қалыпқа көшіп, ескі заттардың өшіп жаңа заттардың оның рпнын басып отыратынын айтамыз. Уақыттың кеңістік сияқты шегі болмайды. Уақыт - өткен шақ, осы шақ, келкр шақтарға байланысты. Уақытқа байланысты түрлі сөздерді қолданамыз: кеше, бүгін, ертең.
Адамдардың адамды қабылдауы адам өмірінде үлкен роль атқарады. Адамның бет әлпетіне сүйене отырып оның қоршаған ортаға, оқиғаға қатынасы қандай екендігін айтуға болады.
Қимыл-қозғалыс ерекшеліктері жеке адамның кейбір қасиеттерін көрсетеді. Сөйлеу ерекшел іктері де адам туралы көп мәлімет береді.
1. Ес туралы түсінік. Ес деген проблемамен адамзат өте ерте заманда айналысқан. Мысалы: Өткен ғасырдағы ғалымдар Аристотель, Платон ес проблемасымен айналысып, адам баласы пассивтік жағдайдан активтік жағдайға өткенде ес көрініс беретінін анықтады.
Ес дегеніміз – бұрын қабылдыған заттар мен құбылыстарды есте сақтап , есте қалдырып, еске түсіріп және қайта жаңғыртуды айтамыз.
2. Ес теориясы.
I. Психологиялық теория. Психологиялық теория негізінде назар не объектіге немесе субъектіге аударылады. Психологиялық процесстер жеке элементтерге бөлінеді. Ал кейін олар санада ассоциация заңына байланысты қайтадан бірігеді.
Ассоциацияның 3 түрі бар:
1)Іргелестік – бір-біріне іргелес жатқан заттар мен құбылыстардың біреуін қабылдаса екіншісі өзінен-өзі еске түсіреді.
2)Ұқсастық ассоциация – бұл ұқсас сипатты екі құбылысты біріктіреді.
3)Қарама-қарсылық –
бұл қарама-қарсы екі
II. Физиологиялық теория. Естің физиологиялық теориясы Павловтың жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарымен байланысты. Есте сақтау бұл нерв системасының мидың иілімділігіне байланысты болады. Мидың иілімділігі өзгермейтін бірқалыпты қасиет емес. Ол түрлі жағдайларға байланысты не жақсару не нашарлауы мүмкін. Ми иілімділігінің көрсеткіші бұл ми шарының қабығында уақытша нерв байланысының құрылуы, олардың көп уақыт сақталуы және тез жеңіл түрде жалдануы болып табылады.
III. Физикалық теория
. Бұл теория бойынша нерв
IV. Биологиялық теория . Іздердің сақталуы биологиялық өзгерістермен байланысты. Есте сақтау процессі екі сатылы болады:
1.Нерв системасында қысқа мерзімді электрохимиялық реакция пайда болады. Бірақ ол нерв клеткаларында күшті физиологиялық өзгерістерді көрсетпейді .
2.Бірінші сатының негізінде биологиялық реакция пайда болады. Ол РНК – қышқылымен байланысты.
Бірінші саты бірнеше секундқа немесе бірнеше минудқа созылады. Ол қысқа мерзімді есте сақтаудың негізі болып табылады.
Екінші саты бұл ұзақ мерзімде есте сақтаудың негізі болып табылады.
Естің түрлері.
Естің түрлері үш
негізгі белгіге байланысты
1.Психикалық белсенділікке қарай 4-ке бөлінеді:
1) Қозғалыс есі деп – еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып оны қайта жаңғырту.
2) Сезімдік ес – бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру.
3) Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту.
4) Сөз логикалық ес - бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.
2.Мақсатқа қарай 2ге бөлінеді:
1) Ырықты ес – түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы.
2) Ырықсыз ес – адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.
3.Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай 3-ке бөлінеді:
1) Қысқа мерзімді есте қалдыру.
2)Ұзақ мерзімді есте қалдыру.мерзімді ес
3)оперативті ес - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.
3. Ес процесстері.
1)Есте қалдыру – бұл мәліметті белсене қайта өңдеу, жүйелеу, жалпылау және оны геру процесстері. Есте қалдырудың түрлері :
1.Қысқа мерзімді есте қалдыру.
2.Ұзақ мерзімді есте қалдыру.
3.Оперативтік есте қалдыру.
4.Ырықты есте қалдыру.
5.Ырықсыз есте қалдыру. Жатау - ырықты есте қалдырудағы ең негізгі тәсілдердің бірі болып табылады. Жаттаудың белсенді болуы уақытқа байланысты.
6. Логикалық есте қалдыруда – қабылдаған нәрселердің мазмұны есте сақталады. Логикалық есте қалдырудың тәсілдері:
1.Есте сақтауға тиісті
материалдың жоспарын
2.Салыстыру.
3.Материалды топтастыру және жіктеу.