Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2014 в 09:13, курсовая работа
Қазіргі кезеңдегі психология - қалыптасудың әр түрлі сатысында тұрған және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның төмендегідей салалары бөлініп шығады
І.Кіріспе...................................................................................................................3
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Психологияның тарихы....................................................................................5
2.2.Қазіргі заман психологиясы,оның мақсаттары мен міндеттері....................7
2.3.Қазіргі заман психологиясы.............................................................................8
2.4.Тәрбие психологиясы......................................................................................17
ІІІ.Қорытынды.....................................................................................................21
ІV.Пайдалаланылған әдебиеттер.....................................................................25
Екінші топты шығармашылық іс-әрекетке қабілеттіліктің тұлғалық мінезін сипаттау мен анықтауға бағытталған дифференциалды-психологиялық типті шығармашылықты сараптамалық-эмпирикалық зерттеу құрайды.
Пәндік-процессуалдық деңгейге қатысты қазіргі заман және шетел шығармашылық психологиясында шығармашылық процестің сатылануы туралы пікір қалыптасқан (мәселенің пайда болуы, инкубация, интуитивті шешім қабылдау, идеяларды жүзеге асыру, верификация). Оның орталық буыны болып интуитивті кезең саналады (А.В. Брушлинский, А. Кестлер, А.Н. Лук, В.А. Моляко, Я.А. Пономарев, Т. Рибо, Р. Уоллес, П.М. Якобсон және т.б.). Е. Торренс креативтілікті білімнің жетіспеушілігінен, қиындықтарды сәйкестендіруден, болжамдардың пайда болуы және қалыптасуымен байланысты туындаған мәселеге деген сезімталдықтың пайда болуы ретінде анықтайды (Е. Торренс, 1996). Әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-басқарушылық деңгейінде, басқаша айтсақ, шығармашылық детерминанттарында зерттеулер жүргізілуде (В.П. Карцев, Р. Пиви, Б. Холлеран, В.Л. Худаков, Ф. Эндрюс, М.Г. Ярошевский және т.б.). Ұйымдастыру мәселесі бойынша жұмыстар, сонымен қатар ұжымды функционалды-рөлдік саралау жолымен ұжымдық шығармашылықты басқару туралы жұмыстар бар (Ч.М. Гаджиев, В.П. Карцев, М.Г. Ярошевский және т.б.).
Креативтілікті – жаңа өнім немесе шығармашылық ойлаудың қорытындысы деген пікірді ұстанған ғалымдар таласы әлі де жалғасуда (К. Тейлор, В.А. Терехов, О.К. Тихомиров және т.б.). Басқа зерттеулерде жаңаны құруда шығармашылық процестің басымдылығы көрінеді (Р. Арнгейм, А.В. Брушлинский, В.А. Моляко, В.Н. Пушкин, Р. Уоллес, П.М. Якобсон және т.б.). Бұл ұстаным әсіресе Р. Арнгеймнің еңбектерінде айқын көрінеді. Ол «шығармашылық туралы ол туындататын нысанға қарап айтуға болмайды... Креативтілік – бұл білім, әрекет және тілектердің толық ашылуы» [6, 376]. Психологиядағы эвристика мәселесін зерттей келе, В.Н. Пушкин: «Психологиялық процесс көмегімен шешілетін жаңа стратегия қалыптасады, эвристикалық іс-әрекет деген атауға ие жаңа дүние анықталады» деген пікірге келді [2].
Креативтілік сипаттамасы белгілі бір өнімді немесе кәсіптік әрекеттегі туындайтын психологиялық қасиетпен байланысты. Дж. Гильфорд, Л.Б. Ермолаева-Томина, А.Н. Жук, Ю.Н. Кулюткин, Б. Олмо, Я.А. Пономарев, Н.В. Рожденственская, Е. Торренс және басқалар креативтілік элементтері ретінде әртүрлі қабілеттерді көрсетеді. Олардың ойларынша, негізгі қабілет идеяларды жүзеге асыру және қанықтыру мүмкіндігімен айқындалады. Психологиялық зерттеулерде креативтілік термині тұлғаның интеллектуалдық және өз бетінше мәселені көтеруі, ерекше идеяларды айтып, оларды өзгеше жолмен шешу ерекшеліктерінің кешенін білдіреді.
Креативтілік маңызды және ерекше феномен болатын бұрынғы зерттеулер мен қазіргі зерттеулерде креативтілікті тұлғаның интеллектуалдық және тұлғалық ерекшеліктері ретінде қарау беталысы айқындалады. Бұл креативтілік мәселесіне деген әр түрлі бағытталғандықты көрсетеді: ол әрине, барлық тұлға бірдей жете алмайтын креативтілік қорытындысы емес (бұл мәселе күрделірек, өйткені қорытынды ретінде тек ғылымдар мен қас шеберлер жететін объективті әлеуметтік маңызды жаңа қорытынды қарастырылады), рефлекция және субъективті өз-өзін бағалау негізіндегі тұлғалық маңызды жаңа сапа деп зерттеледі.
Көптеген креативтілікті зерттеулерде психологиялық креативтілік механизмдері мен шығармашылық потенциалын тұлғалардағы түрлі сандық және сапалық қасиеттерін анықтауға басты назар аударылады. Бұнда олардың дамуы және шығу деңгейін ажырата білу қиындығы туындайды.
Сонымен, дәстүрлі психология мен педагогикада креативтілік тұлғалық категория ретінде қарастырылды, пікірлер мен таластар негізінен түсініктемені айқындау жөнінде болды. атап айтқанда креативтілік дивергенттік ойлау (Гилфорд, О.К. Тихомиров) немесе интеллектуалдық белсенділік (Д.Б. Богоявленская, Л.Б. Ермолаева-Томина), немесе тұлғаның ықпалдастық сапасы (Я.А. Пономарев және т.б.) деп қарастырылады.
Әрбір ғылымның ұстанымы дәлелденген, мақұлдауды күтеді. бірақ, педагогикада (креативтік андрагогикада) оның сапалы көрсеткіштері мен пайда болу деңгейін анықтау толық мүмкін емес. Егер креативтілік сипатталған ұстанымдардың тек біреуі арқылы ғана түсіндірілсе, онда мәселе бір жақты ғана қарастырылады. Тұлғаның шығармашылық потенциалы жалпы алғанда креативтілігі дамитын шығармашылық білім беру мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және басқару ретінде қарастыратын педагогикаға қатысты. Сол себепті креативті білім беру және тәрбиелеу процесінде тұлғалық категория ретінде креативтіліктің дамыту мүмкіндігін зерттеу қажеттілігі туындап отыр.
Зерттеу пәніне байланысты қарастырылатын психология-педагогикалық құбылысты жүйелі түрде қарастыру керек. Мұндай әдістемелік бағдар педагогикада креативтіліктің бүкіл процессуалды кешенділігін қарастыруды талап етеді, яғни ғылым негіздерін тану процесі мен қарама-қайшылық негізіндегі жаңа иделарының туындауының (ішкі және сыртқы) бастапқы сатысынан педагогтың шығармашылық гүлдену кезеңіндегі тұлғалық және әлеуметтік нәтижесіне дейінгі аралықты қамтиды.
Я.А. Пономарев шығармашылық психологиясында туған жаңа бағыттарды сипаттай отырып, пайда болып, содан соң өз бетінше өмір сүре бастаған әлеуметтік психологияны және шығармашылық психофизиологиясын бөліп көрсетеді. Шығармашылық психологиясынан жоғары қарай шығармашылық әлеуметтік психологиясы туындады. Әлеуметтік психологиясы арқылы қоғамдық ғылымдармен, ал шығармашылық психофизиологиясы арқылы биологиялық кең көлемді байланыс пайда болады. шығармашылық психология және оған жақын психологиялық топтар маңында педагогикалық және сол сияқты басқа ғылымдар, олар арқылы практикамен байланыстыратын қолданбалы пәндер пайда болады [4].
Педагогикада креативтілік проблемасындағы күрт өзгеріс 60-70 жылдары басталды. Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог-жаңашылдар пайда болды. Олардың білім берудегі инновациялық жүйесі басылып, радио және теледидар бойынша жаңа әдістері насихаттала бастады. жаңашылдық нәтижелері тек педагогтарды ғана емес, білім мен тәрбиедегі шығармашылықтың психологиялық ерекшеліктері мен педагогикалық психологиядағы шығармашылық әрекет механизмдерін оқып-үйрене бастаған психологтарды да қызықтыра бастады (В.В. Давыдов, И.А. Зимняя, Н.В. Кузьмина, Я.А. Пономарев, А.М. Матюшкин, В.В. Рубцов, Д.И. Фельдштейн және басқалар).
Креативтілікті зерттеуде өткізілген талдау жалпы заңдылықтар мен ерекшеліктерді тауып, кәсіптік андрагогикада жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Креативтілік тұлғаның аса маңызды интеллектуалдық-эвристикалық сапасы ретінде емес, бағалы-тұлғалық, көп деңгейлі білім беру деп түсіндіріледі.
Креативтілік адамның рухани және тұлғаның шығармашылық өзіндік даму шартының ажырамас бөлігі болатын бағалы тұлғалық саналы категориясы. Ол оның өзіндік көкейтестілігінің айтарлықтай резерві болып табылады. Креативтілік тұлғаның білімнің жан-жақтылығымен емес, қабылдау, мәселелерге сезімталдығы, жаңа идеяларды қабылдауға икемділігі мен жаңаны құру мақсатында тұрақтап қалған стереотиптерді өзгертіп, өмірлік проблемалардың күтпеген және кездейсоқ шешімін табумен айқындалады.
Педагогикада креативтілікті зерттеу оның тұлғалы категориясы ретінде өздік білімін көтеру мен шығармашылық тұлғаның дамуына жету мақсатында оқыту және тәрбиелеудің шығармашылық процесті тиімді ұйымдастыру мен басқару формаларын табуға мүмкіндік береді. практикалық аспектідегі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру мазмұнды түрде инновациялық практикада қорытындылатын білім беру мен тәрбиелеу процесін модельдеуден көрінеді. Тұлғаның креативтілік потенциалы саналы іс-әрекетте дамитын болғандықтан білім беру әрекетінде тұлғаның креативті процеске тиімді кірісуіне жағдай туғызу керек. Шығармашылық дара тұлғаның саналы және бейсаналы ұғымдары қалыптасатын креативті процесті үздік ұйымдастыру мен реттеуде қиыншылық туғызады.
Зерттеу көрсеткендей креативтіліктің дамуының саналы диалектикалық процесіне тұлғалық жүйедегі сана және бейсана ұғымдары жатады. Креативтілік тұлғаның саналы және бейсаналы феномендарының психикасын зерттеу өзін-өзі тану мен өзіндік сана сатыларын айқындау қажеттіліктеріне әкеліп соғады.
Философтар мен психологтардың анықтамасы бойынша саналылық тұлғаның қоршаған орта, адамдар және өзі туралы әлеуметтік маңызды меңгерген саналы білім көлемі. Олар интериоризация мен экстериоризациядан кейін вербальды және вербальды емес әдістер, символдар, эмоционалдық көркемдік образдар көмегімен әлеуметтік және жеке тәжірибесі арқылы қорытындыланып, басқа адамдарға жетілдіріледі. Біз саналы түрде қабылдайтын мидағы оқиғалар мидың тілдік жүйесімен өңделетін оқиға болып табылады.
Сананың пайда болуы ішкі процестердің интериоризациясы мен өзін-өзі тануының пайда болуына әкеліп соғатын ой және вербальды диалогтар мен коммуникативті процестермен байланысты. Өзін-өзі тануды психологтар санамен генетикалық және функционалды байланыстағы тұлғаның орталық қалыптасуының бірі ретінде қарастырады (Б.Г. Ананьев, С.Л. Рубинштейн, А.Г. Спиркин). Сана әлеуметтік орта мен психиканың жоғарғы ықпалдық формасы. Сананың деңгейі интеллектуалдық дамудан, дара ақпараттық тәжірибеден және өзін-өзі танып білуге деген қабілеттіліктеріне байланысты. Түскен ақпарат санада өңделеді және тұлғаның интеллектуалдық тәжірибе, ойлау, дүниетану және саналылығының негізі болып табылады.
Тұлғаның креативтілігі мен шығармашылық ойлауын психологиялық тұрғыдан зерттеу олардың шығармашылық ерекшелігінің ғылыми-психологиялық әдістерін табуымен байланысты болды. Ойлау механизмдерін зерттеу проблемалар мен міндеттерді шешу материалдарымен өткізілді. Бұлай істеу абстракцияның сәйкес жүйесін құрастырып, шығармашылық ойлаудың өнімділігін айқындауды талап етеді.
1914 жылы психолог О. Кюльпені
тұлға санасындағы ойлау
Зерттеудің тағы бір тармағы ойлау проблемаларына тұлғалық бағдар тұрғысынан дамыды. Б.В. Зейгарник, А.Р. Лурия, Ю.А. Самарин, Б.М. Теплов еңбектерінде ақыл-ойдың тұлғалық ерекшеліктері сипатталған.
Ойлауды зерттеп, білудің жолдары мен принциптерін таба отырып, С.Л. Рубинштейн зерттеу процесін тереңдету және тұлғалық аспектсін енгізу қажеттілігін баса көрсеткен.
Ойлау саласындағы психология-педагогикалық зерттеулерді талдай отырып, олардың тұлғалық шарттарының әртүрлі аспектілерін айқындауға болады: даралық-жіктеу айырмашылықтары, креативтілік қасиеттері, шығармашылық белсенділігі, бағыттылық, жинақылығы, қайраттылығы, түрткілік және эмоционалдық факторлар.
Шығармашылық ойлауды танып-білудегі әртүрлі бағыттарды саралай отырып, ойлау әрекетінің танымдық жоспарын айқындап алу керек.
Әлеуметтік орта танымдық сферамен тығыз байланысты санаға әсер етеді. Санада өндірілген ақпараттық, тұлғалық маңызды тәжірибе санасыздық, бейсаналылық, санадан тыс деңгейлерінде сақталады.
Бейсаналылық және санасыздық процестерін танып-білмей, шығармашылық тұлғаның дамуы мен креативтілікті тану жолдарын анықтау мүмкін емес.
Интуитивті фазадағы шығармашылық кездейсоқ, басқарылмайды, аяқ астынан туындайды. Шығармашылық пен аяқ астылықтың өзара байланысын Ф. Ницше ішкі себептермен пайда болған, сыртқы әсермен болмаған, яғни аяқ астылықты шығармашылықтың қозғаушы күші деп қарастырған. Бұл себепті зерттеу байланысымен ықпалдаспайды, сондықтан кездейсоқ болып табылады: «Мен кездейсоқтық арасындағы шығармашылық бастауын, белсенді күшті аштым: оқиға шығармашылық импульстардың қақтығысуы», - дейді Ф. Ницше.
Мидың әрекетінің санасыздық процестерін зерттей отырып, П.В. Симонов бір-бірінен айырмашылықтарымен ерекшеленетін үш құбылысты атап көрсетті.
Бірінші топ – санасыздық;
Екінші топ – бейсана сферасы;
Үшінші топ – санадан тыс.
ХХ ғасырдың соңғы үш жылдығы шығармашылық проблемаларын зерттеп, тануда өнімді болып отыр. Бұл зерттеулердің ерекшеліктерінің бірі – шығармашылық феноменінің басымдылығы. Сонымен қатар, терминологиялық аппарат жетілдіріле бастады. шығармашылық, шығармашылық потенциал, шығармашылық қабілеттер, шығармашылық процесс, шығармашылық ойлау, шығармашылық тұлға, шығармашылық әрекет тағы басқа терминдерге талдау жасалып, олардың қолдану аясы, жіктелуі негізделе бастады.
Шығармашылық проблемасына әрекетті түрлендіру арқылы қарастыру тиімді бола бастады. Бұрыннан белгілі ғылыми, техникалық, әдеби, музыкалық, көркемділік шығармашылыққа ойын, оқыту, коммуникативті, жағдаяттық, әскери, басқару тағы басқа шығармашылық түрлері қосылды.
«Шығармашылық жалпыламалық сипатта бола ма, ол неден көрінеді?» - сұрағына жауап іздеген қазіргі заман зерттеушілерінің педагогикалық әрекетке көзқарастарын қарастырайық.
Л.И. Беляеваның пікірінше, «педагогикалық әрекет» ұғымы педагогиканың негізгі категорияларының арасынан лайықты орын алған жоқ.
М.М. Поташниктің ойынша: «педагогикалық еңбектің шығармашылықсыз болуы мүмкін емес, олай болмайды да, өйткені, қайталанбас балалар, түрлі жағдайлар, оқытушы тұлғасы және кез-келген педагогикалық шешім үнемі осы ерекше факторлардан туындайды. Балалармен жұмыс істеп жүрген мұғалімдер осы ерекшеліктерді ескермесе, оның әрекеті «педагогикалық» еңбектен тысқары жатыр деген сөз. Ғылым және өнер қортпасынан туындаған педагогикалық әрекет шығармашылықты туындатады».
Педагогикалық әрекетті шығармашылық ұстаным жағынан қарастыра отырып, М.М. Поташник оның практикалық тұрғыдан іске асатынына назар аударады: проблемаларды үлгіден тыс шешу бағдары; жаңа формалар, әдістер мен тәсілдерді дайындап, сонылылықпен үйлестіру; тәжірибені тиімді түрде пайдалана білу; жетілдіру, тиімділік, білетіндерін жаңа міндеттерге сәйкес жетілдіру; жоғары дамыған интуицияны сәттілікпен қолдана білу; бір проблеманың шешімін әртүрлі тәсілмен шеше білу жолдарын таба білу; әдістемелік ұсыныстарды, теориялық білімді нақты педагогикалық әрекетте қолдана білу және тағы басқа.
Информация о работе Қазіргі заман психологиясының міндеттері