Ислам дініндегі термин сөздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 17:45, доклад

Краткое описание

1. Арафа күні -Зүл-хиджа айының 9-шы күні, құрбан айттан бір күн бұрынғы күн.
«Арапа күнін құрметтеңдер! Өйткені арапа Аллаһу та’ала қадірлеген күн.» (Хадис шәриф – Рияд-ун-Насихин)
«Арапа күні ораза тұтқан адамдардың екі жылдық күнәлары кешіріледі. Бірі-өткен жылдың, екіншісі келер жылдың күнәлары». (Хадис шәриф – Рияд-ун-Насихин)
«Арапа күні 1000 рет Ихлас сүресін оқыған адамның барлық күнәлары кешіріледі және дұғасы қабыл болады. Барлығын “бисмиллә”мен оқу керек». (Хадис шәриф – Рияд-ун-Насихин)

Вложенные файлы: 1 файл

Ислам дініндегі термин сөздер.docx

— 44.07 Кб (Скачать файл)

Ислам дініндегі  термин сөздер:

 

  1. Арафа күні -Зүл-хиджа айының 9-шы күні, құрбан айттан бір күн бұрынғы күн.

«Арапа күнін  құрметтеңдер! Өйткені арапа Аллаһу та’ала қадірлеген күн.» (Хадис шәриф – Рияд-ун-Насихин)

«Арапа күні ораза  тұтқан адамдардың екі жылдық күнәлары кешіріледі. Бірі-өткен жылдың, екіншісі  келер жылдың күнәлары». (Хадис шәриф – Рияд-ун-Насихин)

«Арапа күні 1000 рет Ихлас сүресін оқыған  адамның барлық күнәлары  кешіріледі және дұғасы қабыл болады. Барлығын “бисмиллә”мен оқу керек». (Хадис шәриф – Рияд-ун-Насихин)

Құрбан айттың бірінші күні және арапа күні есеппен, күнтізбемен белгілі болған күн  немесе бұдан бір күн кейінгі  күн болады. Бұдан бір күн ерте болмайды. (Ибн Абидин)

 

  1. Ахырзаман - дүниенің соңғы уақыты, соңғы кезеңі. Жалпылама пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) келуінен кейінгі, жекелей айтқанда хижраның мың жылынан кейінгі уақыт. 

 «Ақырзаманда фитнә  (бүлік) және бәлелер көбейеді.» (Хадис шәриф - Рамуз-ул-Әхадис)

Ақырзаман жақындаған сайын  имансыздықты көрсететін жағдайлар  мен істер, бидғаттар (дінде болмай, ғибадат мақсатымен жасалатын амалдар) көбейеді. Ислам діні ұмытылады. Пайғамбарымыз  “саллаллаһу алейһи уә сәлләм”  былай деген: «Сондай бір заман келеді, үмметімде (маған мойынсұнғандарда) мұсылмандықтың жалғыз аты ғана қалады. Мүмин болғандар (сенгендер) тек бірнеше ислам әдеттерін ғана жасайды. Имандары қалмайды. Тек қана Құран кәрім оқылады, оның әмірлерінен және тыйым салғандарынан хабарлары да болмайды. Ойларының бәрі ішіп-жеу ғана болады. Аллаһу та’аланы ұмытады. Тек қана ақшаға табынады. Әйелдерге құл болады. Аз ақша табумен қанағаттанбайды. Көп ақша тапқанымен тойымсыз болады.» (Қуртуби, Мәктубат)

 

  1. Әзрейіл- төрт ұлы періштенің бірі. Жандарды алумен міндеттелген періште, “мәләкул-мәут”, “өлім періштесі” деп те аталады.

«Ибраһим (алейһиссалам) Әзірейілге (алейһиссалам): “ Сені күнәһарлардың жанын алатын кезіңдегі түріңмен көргім келеді” дегенде періште: “Оған төзе алмайсың” деді. Ибраһим (алейһиссалам) “не болса да төземін” деді. Сол кезде Әзрейіл (алейһиссалам) өзінің қорқынышты күйінде, қара жүзді, түктері тікен-тікен, кара киімді, мұрны мен аузынан от шыққан күйінде көрінді. Мұны көрген Ибраһим (алейһиссалам) талып құлады. Есін жиған кезде періштені өз кейпінде көріп: “Ей, жан алушы періште! Бір күнәһар сенің бұл түріңді көргеннен соң басқа нәрсе көрмесе де оған жеткілікті” деді.» (Хадис шәриф – Кимиа-и Сәадәт)

Жақсы амал жасаған, Аллаһу та’алаға мойынсұнған құлдар Әзрейіл  алейһиссаламды ең әдемі түрде көреді. Оның әдемі жүзіне қараудан басқа  ләззатты білмейді. (Имам Ғазали)  

Жандыларды өлтіретін, өлілерді тірілтетін, дені сауларға ауру беретін, ауруларға шипа беретін  тек Аллаһу та’ала. Ал Әзрейіл алейһиссалам өлім, жан алу тұрғысында бір себепші, арашы болып табылады. (Мұхаммед Масум Фаруқи)

Әзрейіл алейһиссалам келіп жаныңды қинап алатын, ажал келіп жаныңды жалмайтын, басыңа жан тапсыру азабы төнетін, шайтан иманыңды ұрлауға тырысатын, достарыңның  “Қап өмірден озды, артында қалған сендер аман болыңдар!” деп балаларыңа көңіл айтатын кезді ойла! (Мұхаммед Рабхами)

 

  1. Әлхамдулилләһ-  Хамд, шүкір Аллаһу та’алаға тән, бүкіл ниғметтер Одан келуде деген мағынадағы мүбәрәк, құнды сөз.

 

            «Әлхамдулилләһ деу шүкірлердің басы. Аллаһу та’алаға шүкір етпеген Оған хамд (мақтау) етпеген болады.» (Хадис шәриф – Кунуз-уд-дәқаиқ)

«Зікірдің (Аллаһу та’аланы еске алудың) ең үстемі “Әлхамдулиллаһ” деп айту.» (Хадис шәриф – Кунуз-уд-дәқаиқ)            

 Ішіп-жеуден бұрын  «бисмиллаһиррахманиррахим» деп  айту керек, соңында «Әлхамдулилләһ» деу керек. (Сәйид Әлизада)

 

  1. Балиғат - (жыныстық тұрғыда жетілу) жасына келген адам. Жүніп болып, ғұсыл алуды бастаған, үйлене алатын жасқа келген еркек және хайз (етеккір) көре бастаған, үйленетін жасқа келген қыз. Ұлдар 12-15 жастар аралығында балиғат жасына толады. Қыздар 9-15 жастар аралығында балиғатқа толады. Ақылды және балиғат жасына толған ұлмен қыз діннің үкімдерінен (әмірімен тыйымдарынан) мүкәлләф (жауапкер) жағдайға келеді.  

 

  1. Ғұсыл -жүнiп болған әйел мен еркектің, хайз және нифастан тазарған әйелдің аузы және мұрнымен бірге иненің ұшындай құрғақ жер қалмайтындай түрде барлық денесін жууы.  

«Жүніп болған кезде  дереу ғұсыл алыңдар. Өйткені, кирамен  катибин (екі иықтағы) періштелері жүніп адамнан жиіркенеді.» (Хадис шәриф – Әййуһәл уәләд)  

«Ғұсыл алу үшін орнынан  тұрған адамға денесіндегі түк санынша  (яғни өте көп) сауап берiледi. Сонша күнәсы да кешiрiледi. Жаннаттағы дәрежесi көтеріледі. Ғұсылы үшiн оған берiлетiн сауап дүниедегi барлық нәрседен де қайырлы болады. Аллаһу та’ала перiштелерге бұл құлыма қарандар! Түнде менiң әмiрiмдi ойлап, ерінбей жүнiптіктен ғұсыл алып жатыр. Куә болыңдар, бұл құлымның күнәларын кешiрдім дейдi». (Хадис-шәриф – Ғунйа)

Намаздың дұрыс болуы  үшін дәреттің және ғұсылдың дұрыс  болуы қажет. (Ибн Абидин)

Кәпір мұсылман болған кезде  алдымен ғұсыл алуы мүстаһаб. (Имам Раббани) 

 

  1. Жүніп- ғұсыл алуы қажетті адам. Жүнiптiк, еркекпен әйелде жыныстық қатынас және ихтилам (поллюция, ұйқыда жүніп болу) арқылы немесе басқа да жолмен мәни (сперма) бөлініп сыртқа шыққанда болады. Ғұсыл алғанда (яғни шомылғанда) жүніптіктен құтылады.

 

            Аяти кәримада былай делінген: «Егер жүніп болсаңдар (жуыну, ғұсыл алу арқылы) тазаланыңдар...» (Маида сүресі 6)           

 «Жүніп болған кезде дереу ғұсыл алыңдар. Өйткені, кирамен катибин (екі иықтағы) періштелері жүніп адамнан жиіркенеді.» (Хадис шәриф – Әййуһәл уәләд)

«Жанды нәрсенің суреті, ит және жүніп болған бөлмеге рахмет періштелері кірмейді.» (Хадис шәриф – Нәсаи)

«Намаз оқитын және оқымайтын  адам бір намаз уақытын жүніп  халде өткізсе, өте ауыр азап тартады.» (Хадис шәриф – Ибн Хажар Мәкки)

«Жүніп және хайзды кезде  мешітке кіру, тіпті мешіттің ішінен өту, Құран кәрім оқу, Құран кәрімді  ұстау, Қағба муаззаманы тауаф ету  харам.» (Хадис шәриф – Ибн Абидин)

Бір адам жүніп болса  да, ғұсыл алмай бір намаз уақытын  өткізсе, ол адамға оттан көйлек кидіріледі. (Имам Ғазали)

Жүніп болған әрбір әйелмен  еркектің және хайз, нифастан арылған  әйелдердің намаз уақыты соңына қарай  сол намазды оқитындай уақыт  қалғанда, ғұсыл алуы парыз болады. (Ибн Абидин)

 

 

  1. Иншааллаh-әрдайым Аллаһу та’аланың атын еске алуды әдеттену және Аллаһ қаласа (Құдай қаласа) болады деген мағынадағы, бүкіл істерін Аллаhу та’аланың қалауына тапсыру үшін айтылатын сөз.

Құран кәрімде былай  делінген:

«Бір нәрсені ертең  істеуге шешім қабылдағанда, осыны  ертең істеймін деп айтпа! Иншааллаh ертең істеймін деп айт! (Кәhф сүресі 23, 24)

«Ей мүминдер! Әлбетте келесі жылы, Иншааллаh, Мәсжиді Харамға кіресіңдер. (Фәтh сүресі 27)

Аллаhу та’ала олардың Мәсжиді Харамға кіретінін қалаған және олардың кіретінін білетін еді. Бірақ өзінің құлдарына үйрету үшін Иншааллаh деп айтуды бұйырған. Пайғамбарымыз да қабірде жатқандармен қауышатындығын анық білсе де, қабірдегілерге: «Әссаламу алейкум йа әhлә дар-ил-қаумил-мү’минин уә иннә иншааллаhу ән қарибин бикум лахикун: «Эй мүминдер! Сіздерге сәлем болсын. Иншааллаh біз де жақында сіздермен бірге боламыз» деп Аллаhтың әміріне сай, иншааллаh деп айқан еді. (Имам Ғазали)

 

  1. Ислам-Аллаһу та’аланың Жәбірейіл періште арқылы сүйікті және соңғы пайғамбары Мұхаммед алейһиссаламға жіберген, адамдардың осы дүниеде тыныштық пен еркіндікте өмір сүрулерін, ахиретте мәңгілік бақытқа қауышуларын қамтамасыз ететін қағидалар жиынтығы, әмірлермен тыйымдар. 

Аллаһу та’ала аяти кәримада былай деген: «Аллаһу та’ала пайғамбарын хидаят және хақ дінмен жіберді. Ислам дінін барлық діндерден үстем қылды. (Мұхаммед алейһиссаламның хақ) пайғамбар екендігіне куәлік ретінде Аллаһу та’ала жетеді.» (Фәтих сүресі 28)

«Сондай бір заман келеді, исламға мойынсұну қолына от ұстағандай қиын болады.» (Хадис шәриф – Сунән Бәйһақи)

«Дүниелік ләззаттарға  қауышу үшін исламның сыртына шыққан адам ахирет ләззаттарына қауыша алмайды.» (Хадис шәриф – Изаләт-ул-Хафа)

Ізет (абырой, сый-құрмет, үстемдік) исламда. Ислам дінінің үкімдеріне мойынсұнған адам қадірлі болады. Бұл үкімдерді ұнатпай абыройды, тыныштықты, бақытты басқа жерлерден  іздеген адам қор болады. (Хазреті Омар)

Барлық үстемдіктер, пайдалы  нәрселер Исламның ішінде. Ескі діндердегі барлық  жақсы қасиеттерді Ислам өз бойына жинаған. Барлық бақыт пен жақсылық та сонда. (Абдулһаким Аруаси)

Иман шамға ұқсайды, дініміздің әмірлері мен тыйымдары шамның шишасына (лампасына) ұқсайды. Шам шишасымен  бірге Ислам. Шишасыз шам тез  сөнеді. Имансыз Ислам болмайды. Ислам болмағанда, иман да жоқ. (Абдулһаким Аруаси)

 

  1. Керемет- сый, үстемдік. Қай пайғамбардың үмметінен болмасын, әулиелерден әдеттен тыс, яғни физика, химия, физиология заңдылықтарынан тыс пайда болған нәрселер, құбылыстар, оқиғалар. Әулиелердің көрсеткен кереметі, бағынышты болған пайғамбарының мұғжизасы болып табылады. Керемет не дүниедегі материалдық нәрселермен немесе илаhи ілім және марифаттармен байланысты болады. Екінші түрдегі кереметтердің мәртебесі жоғарылау болады. (Абдулхаким Аруаси)

Керемет көрсету, әулиеліктің  шарты емес. Яғни әулие болу үшін міндетті түрде керемет көрсете  алуы қажет емес. Таңғаларлық жағдайлар  кейде дінге сай болмаған адамдарда  да көрінуі мүмкін. Бұлар истидраж немесе сиқыр жасау жолымен жүзеге асады. Бұларға керемет делінбейді. Өйткені керемет, діннің әмірлеріне мойынсұнып, тыйымдарынан сақтанған  адамдарда пайда болады. Истидраж -  ниғмет сияқты көрінгенмен, негізінде бұл үлкен пәлекет. (Абдулхаким Аруаси)

Бүкіл таңғажайып халдер не өз қалауымен немесе қалауынсыз жүзеге асады. Қаламаған жағдайда керемет  көрсеткен әулиелер өте ұялшаң болады және өздерін жасыруға тырысады. Әулиенің қалауы бойынша жүзеге асқан кереметтің дін үшін пайдасы болса, оны көрсетуі жаиз. Дін үшін пайдасы болмаса, әулие  адам оны істеуге талпынбайды. (Мухиддин ибнул Араби)

 

  1. Күнә-дінде тыйым салынған нәрселер.

Аллаһу та’ала Құран  кәрімде былай деген: «Біреу күнә істеп немесе өзіне зұлымдық етсе, кейін өкініп Аллаһу та’алаға истиғфар етсе, Аллаһу та’аланы мейірімді және кешірімді халде табады» (Ниса 110)

«Нәпіске тыныштық және көңілге (жүрекке) рахат беретін іс – жақсы амал. Нәпісті азғыратын, көңілге (жүрекке) қобалжу беретін іс – күнә.» (Хадис шәриф – М. Масумийә)

«Жасырын жасалған күнәның  тәубесін жасырын жасаңдар! Ашық түрде  жасалған күнәның тәубесін ашық жасаңдар! Күнәларыңды білетіндерге тәубелеріңді естіртіңдер.» (Хадис шәриф – Кимия-и Саадәт)

Күнә істеуден тыйылмайтын  ғалым қолына шырақ ұстаған соқырға  ұқсайды. Барлығына жол көрсетеді, бірақ өзі көре алмайды. (Сади Ширази)

Күнә істеуді жалғастырумен  қоса “жасаған күнәмның Аллаһу та’алаға қандай зияны бар, Ол мені кешіреді”  деп айту мұнафықтықтың (екіжүзділіктің) белгісі. (Абдуллаһ Дәхләуи)

Күнәлар егер зина жасау, ішімдік  ішу, ән және сазды аспар тыңдау, харамдарға қарау, дәретсіз мусхафты ұстау  және бидғат ақидалы болу (бұзық, адасқан  сенім) секілді Аллаһу та’аламен құлдың арасындағы күнә болып, құл ақыларына қатысссыз болса, олардың тәубесі өкіну, истиғфар айту және жалбарынып Аллаһу та’аладан кешірім сұрау болып табылады. Алайда, парыздарды тәрк еткен болса, мысалыға намаздарын оқымаған, оразаларын тұтпаған болса, тәубе мен истиғфар бұлардың қазасын өтегеннен кейін болады. Құл ақысына қатысты болғандарды ақы иелеріне немесе мұрагерлеріне өтеп, кешірім сұрауы, халалдасуы (разылықтарын алуы) керек. Мұрагерлері белгісіз болса, кедейлерге садақа ретінде беріп, сауабын ақы иесіне бағыштауы керек. (Имам Ғазали, Юсуф Синануддин)

 

  1. Қамат (иқамат)-еркектердің парыз намаздарын оқудан алдын, айтуы сүннет болып табылатын, азанға ұқсайтын сөздердің есімі. Азан айтудан айырмашылығы «хаййә аләл фәлах»тан кейін «қад қамат-ис-саләту» яғни (намаз басталды) деп айтылады.

Имам болу, муәззин болудан  және қамат айту азан айтудан абзал. (Ибн Абидин)

Әйелдердің азан мен  қамат айтуы мәкрух.

Азан мен қамат намаз  уақыты кірмей жатып айтып қойылса, уақыты кіргеннен кейін қайтадан оқылады. (Ибн Абидин)

 

  1. Қари- құран кәрімді толығымен жаттаған және оқыған адам.

«Қаншама Құран оқитын қарилер бар, бірақ Құран кәрім оларға лағнет айтады.» (Хадис шәриф – Кәшф-ул-Хафа)

Заманымызда Құран кәрімді  тәғанни етіп (нотаға салып, әуенмен) оқыған қарилерді тыңдап; «Әдемі оқыды!»  деген адамның иманы кетеді. (Имам Матуриди)

 

  1. Мазһаб-еру, мойынсұну, ұстанатын, жүрілетін жол. Мутлақ мүжтәһид деп аталатын дін ілімінде жетік ғұламалардың мұсылмандардың орындаулары қажет болған жағдайларды діни дәлелдерден (Құран кәрім, хадис шәрифтер және ижмадан) үкім шығару усулдары (әдістері) және шығарып білдірген үкімдерінің жинағы.

Әһли сүннеттің (Расулаллаһтың және сахабаларының жолының) жүздеген мазһабтарының ішінде қазірде тек төрт имамның мазһабы кітаптарға толық жазылып, қалғандары ұмыт болды. Бұл төрт мазһаб: Ханафи, Шафии, Малики және Ханбәли мазһабтары. (Тахтауи, Хамдуллаһ Дәжуи, Мұхаммед Бауа Уилтори)

Сахабалардың (пайғамбарымызды  көрген мұсылмандардың) барлығы үлкен  ғұлама, терең мүжтәһид еді. Дін ілімдерінде, саясатта, билік-басшылықта, заманының  жаратылыстану (дүниелік) білімдерінде және тасаууфта (ахлақ ілімінде) әрқайсысы  жетік маман еді. Бұл білімдердің  барлығын олар пайғамбарымыздың мүбәрәк жүзін көрумен, көңілдерді алған, рухтарды тартқан сөздерін, сұхбаттарын тыңдау арқылы қысқа уақытта меңгерген. Мүштәһид өз ижтиһадымен амал етуі тиіс болғандықтан әрқайсысының жеке өз мазһабтары бар еді. Мазһабтары арасында бір-бірінен аз-көп айырмашылықтар бар еді. Сахабалардан кейінгі екі ұрпақ: Табеин (сахабаи кирамды көргендер) және Табаи табеин (табеинді көргендер) арасында да мүжтәһид болғандар жиі кездесетін еді. Осы мүжтәһидтердің мазһабтары арасында тек төрт данасы ғана кітаптарға толық жазылып үлгерді және дүние жүзіне тарады. Ал басқаларының мазһабтары ұмытылды. (Сәйид Абдулхаким, Хамдуллаһ Дәжуи)

Информация о работе Ислам дініндегі термин сөздер