Жастар саясатының негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2014 в 07:41, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты: Мемлекеттік жастар саясатының жастар өміріндегі мәнін талқылау, негізгі мақсаты мен принциптерін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- мәлімет жинақтап, тақырыпты жан-жақты ашу;
- қазіргі замандағы жастардың ең өзекті мәселелерін талқылау;
- жастар саясатының бағыттарын сараптау;
- жастардың қоғамда алатын орнын анықтау;
- жастарды қолдау жөніндегі құрылған ұйымдар мен қабылданған заңдарды қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Жастар саясатының негізгі бағыттары 5
1.2 Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға жастардың қатысуы 6
1.3 Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер 7
2 ЖАСТАР - ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ОБЪЕКТІСІ МЕН СУБЪЕКТІСІ
2.1 Жастар – қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы 9
2.2 Жастарды азаматтық тәрбиелеудегі қазіргі кездегі келелі мәселелері 15
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24

Вложенные файлы: 1 файл

кур ж жастар саясаты.doc

— 189.50 Кб (Скачать файл)

Жастарға арналған инфрақұрылым.

  Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрлым объектілерін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

  Мемлекеттік органдардың жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрлым объектілерінің арнаулы мақсатын өзгерту туралы, тарату туралы шешімдерді қабылдау тәртібі жастардың тіршілігін, білім алуы мен тәрбиесін, дене тәрбиесін, рухани және имандылық жағынан дамуын қамтамасыз ету үшін мұндай шешімдерді қабылдаудың салдарын тиісті мемлекеттік органның немес органдардың арнайы құрылған сараптама комиссиясының бағалауы жөніндегі іс – шараларды көздейді.

  Мемлекеттік меншік мүлкі болып табылатын, құрылуы, сатып алынуы немесе оқшауландырылуы жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрлым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты болатын мүлік аталған мақсаттарына ғана сәйкес пайдалануы мүмкін.

Егер туындаған мән – жайларға байланысты аталған мүлікті жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрлым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында пайдалану мүмкін болмаса, оны өзге мақсаттарда пайдалану туралы шешімді тиісті уәкілетті мемлекеттік орган жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрлым объектісінің шығынын өтеуге бағытталған шараларды алдын ала қолдану шартымен қабылдайды.

  Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жастар ұйымдарына үйлерді, ғимараттарды және олардың жарғылық мақсаттарын беруге құқылы.

  Жастарға арналған мемлекеттің меншігіндегі әлеуметтік инфрақұрлым объектілерінің жұмыс істеу тәртібі, оны материалдық және қаржылай қолдау аралары Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ЖАСТАР - ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ОБЪЕКТІСІ МЕН СУБЪЕКТІСІ

 

2.1 Жастар – қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы

 

Жастар – бұл ересектер әлеміне ену жєне оған бейімделу әлеуметтік пісіп жетілу сияқты арнайы белгілері бар қоғамның демографиялық – әлеуметтік тобы.

Бұл анықтама кейінгі уақытта қалыптасқан. Себебі, бұрынғы уақытта қоғам жастарды әлеуметтік топ деп қарастырмаған.

Кейбір кезде жастар деп 14 – 30 жас аралығындағы адамдарды айтады. Ал, ЮНЕСКО жастар деп 14 – 25 жас аралығындағы азаматтарды айтады.

Жастық шақты жеке тұлғаның дамуының белгілі бір стадиясы ретінде қарастырып, осы жастағы адамға тән әлеуметтік – психололгиялық, физиологиялық ерекшеліктерге негізделген жеке бастық процестарге назар аударған жөн. Ал жастарды зерттеу барысында, оларды әлеуметтік – демографиялық топ ретінде қарастырып, оның санасы мен іс – әрекетіне мән беріледі [18].

Қазір қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістер бүгінгі жастардың тұрмысына, жағдайына, дамуына қарама – қайшылық әсерін тигізіп отыр.

Еліміздегі әлеуметтік өзгерістерге байланысты жастар ортасында дифференциялану процесі белсенді түрде жүруде. Соның нәтижесінен әлеуметтік құрылымда жеке кәсіпкерлердің, банкирлердің, сондай – ақ қайыршы, қаңғыбас кезбелердің жаңа топтары пайда бола бастады. Ғылыми техникалық революцияның дамуы көптеген мамандықтарды ескіртіп, жаңа дағдыларға, жаңа мамандықтарға үйрену қажеттілігін туғызды.

Сондай-ақ жастарға мәдени – интеллектуалдық және информациялық мобильдік те тән. Оны қазіргі жағдайға тән құбылыстармен түсіндіруге болады. Мысалы, қазіргі өтпелі кезеңде білім экономиканың бір саласына айналып кетті. Мұнда негізгі рөлді білімді қазіргі кездегі тәжірибеге сай қолдану атқарады Ал, жаңа ғылыми білімді белсенді қолданушылардың көбі – жастар

Осы заманғы жастар кейбір ерекшеліктермен сипатталады:

  1. жастар бұрынғы заманға қарағанда қазір білімдірек;
  2. жаңа мамандықты игерген;
  3. өмірдің жаңа бейнесіне талпынады;
  4. әлеуметтік өсімтал;
  5. құндылықтарды, қажетттіліктерді, адамгершілік нормаларды   жоғары бағалайды.

Әлеуметтік жұмыс позициясы жағынан жастардың әлеуметтік – демографиялық топ ретіндегі жалпы социологиялық ерекшеліктерін айқындаған жөн.

1. Жастар балалық шақ пен ересек өмірдің арасында бейтарап күйде, яғни өтпелі кезеңде тұрып өз өмірінде маңызды этаптан өтеді. Ол отбасын құру немесе отбасын құрмау социологиясы. Жастардың өзінің ішінде түрлі бөлінулер болады:

а) жас ерекшелік (жасөспірім, бозбала, жас жігіт)

б) статустық (жас жұмысшы, жұмыссыз, студент)

  1. жастар ұрпақ ретінде бұрынғы ұрпақпен қарым–қатынаста болады.

Жастардың әлеуметтік топ болып қалыптасуы, түрлі этаптардан өтетін процесс болып табылады. Бұл этаптарда жас адамдардың әлеуметтік дамуындағы өзгерістер және қоғамның жастарға қоятын талаптарының алмасулары айқындалады [7].

Жастардың мәндік қалыптасу процесі 3 этаптан өтеді.

1 – этапта жастар қоғамдық жерлердің объектісі ретінде

2 – этапта жас адамның қоғамдық қатынастарды жүргізуші және өндірістік күштердің элементі болған сәттен басталады. Тәжірибеде бұл жастардың қоғамдық ықпалдарының объектісі бола тұрып тарихи процестің субъектісі ретінде қалыптаса бастағанын көрсетеді.

3 – этапта жастардың өндірістік күштің элементі болып және қоғамдық қарым – қатынастарды бойына игеру процесінің жемісті аяқталғаны байқалады.

Өз мемлекетімізде мемлекеттік жастар саясатының концепциясы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңды» өңдеу барысында 1988 – 1999 жылдарда қалыптасты. Бұл концепцияда жастардың негізгі құқықтары ғана емес, ең алдымен жас азаматтарды арнайы шараларды қолдану жолымен көмек көрсетудегі мемлекеттің міндеттері көрсетілген.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы мемлекеттік органдардың әрекеттері мынадай негізгі принциптерге негізделген:

  • жастарды маңызды мемлекеттік шешімдер мен бағдарламаларды өңдеуге және іске асыруға қатыстыру;
  • адам бостандығымен, жастардың арнайы қызығушылықтарымен санасу;
  • экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдайларды орнату және жастардың қабілеттерін оқуда, еңбекте, қоғамдық әрекетте көрсету алуларына мүмкіндік беру, оларды кәсіби даярлау;
  • мемлекет тарапынан жастар ұйымдарының ісіне қолдау көрсету.

Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыты болып: жас азаматтардың құқықтық, әлеуметтік, экономикалық қорғалуына кепілдік беру, жастардың жеке кәсіпкерлікпен және өзіндік жұмыстармен шұғылдануына мемлекет көмек көрсету, жастарға құқықтық білім мен патриотттық тәрбие беру, жастар ұйымы  ісінің кеңесіне ықпал ету, жастарды әлемдік және ұлтттық мәдениеттің құндылықтарына тарту, салауатты өмірдің бейнесін жүргізуге және спорт түрлерін дамыту болып табылады.

  Ал Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңында жас азаматтардың құқықтық, әлеуметтік, экономикалық қорғалуына кепілдік берілген. Бұл кепілдіктер жастардың кредит алуына, баспанаға ие болуына, жеке шаруашылықтар жүргізуге нақты жеңілдіктерге құқық береді. Сондай – ақ,  жастар оқуы, тәрбиеленуі, рухани және физиологиялық дамуы үшін әлеуметтік қызметтерді қабылдауға кепілденген; жоғары және орта оқу орындарында, материалдық көмекке зәру студенттерге әлеуметтік көмек қорынан материалдық көмек көрсетіледі; жас отбасыларында сәби дүниеге келген кезде процентсіз банктік 10 жылға қаражат беріледі; студент жастарға, әскер қатарында жүрген жастарға мәдени – ағарту және театралдық шараларға қатысу билетінің құнына 50 пайыздық жеңілдік беріледі.

Ал 1999 жылдың 28 қыркүйегінде жалпыға бірдей адам құқықтары Декларацияның өзекті идеялары мен қағидаларына,  Бас Ассамблеясының жастар дамуының 2000 жылға дейінгі дүниежүзілік іс – қимыл бағдарламасы 50\81 қатарына сәйкес құқықтары туралы Концепцияға, Қазақстан Республикасының Конститутциясына және ел президентінің Қазақстан халқына арналған «Қазақстан 2030. Барлық  Қазақстандықтардың  өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы» - атты жолдауына сүйенген Қазақстан Республикасының  мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасына көптеген өзгерістер енгізіліп, талқыланып өмірге келді [1].

Бұл тұжырымдамада мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаттарын, қағидалары мен басымдылықтарын анықтауды мұрат етті. Осы тұжырымдаманың жекелеген ережелерін жүзеге асыруды мемлекеттік емес, соның ішінде, шетелдік қаржы көздерін пайдалану да қарастырылуы мүмкін. Осы тұжырымдаманы іске асыруда мемлекет өзіне мынадай талаптар қойды: мемлекеттік жастар саясатының ұйымдастырушылық және экономикалық тетіктерін құқықтық жолмен қамтамасыз ету, бірінші кезекте жас азаматтардың, жастар мен балалардың қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен өтетін түрлі қарым – қатынастарды реттейтін Қазақстан республикасының қолданыстағы заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу болып табылады.

Жаңа өмір талабына сай негізделген тәуелсіз Қазақстан Республикасының  жастар саясатының негізгі мақсаты – жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау және нығайту. Ал осы қойған мақсаттарға жету үшін жастар саясаты мынадай негізгі басымдықтарды жұмыс істейді:

  1. Жастар бойында патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.
  2. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
  3. Жастардың әлеуметтік – экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.
  4. Жастардың дене тәрбиесін, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
  5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
  6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық ғылыми және білім беру процестеріне тарту.

Сөйтіп, мемлекеттік жастар саясаты – жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, өркендеу мен жаңашылдық нақты әрі тиімді іс – қимыл, жалпыға ортақ – барлық жастардың жынысына, ұлтына. әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымына қарамастан жаппай қамту, жастардың әреуметік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның ішінде мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды тікелей қорғау және қолдану сияқты принциптерге сүйене отырып мынадай негізгі басты бағыттарды қарастырады:

  1. Жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету.
  2. Білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету.
  3. Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай жасау.
  4. Жас таланттарды қолдау және шыңдау.
  5. Жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру.
  6. Балалар мен жастар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу.

Осының ішінде әлеуметік қызметкердің мемлекеттік жастар саясатының бір бағытының негізінде қазіргі өтпелі кезең жағдайында жастар мен жұмыс істеу бағыты – жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімдеу. Бұл мәселе әлеуметтік қызметкердің жастарға әлеуметтік қызмет көрсетуі балаларға, жастарға жұмысқа тұру денсаулық және құқық, бос уақытын ұйымдастыру, білім алу, отбасында ,мектепте, ұжымда бір–бірімен қарым–қатынас мәселелерін шешу өмірлік жолын таңдау және қоғамға бейімдеу мәселелері бойынша консультациялық, практикалық, ұйымдастырушылық көмек алуына жәрдем беретін мекемелер жүйесі санатындағы жастырға арналған әлеуметтік қызметтің бұрыннан қалыптасқан жүйесін дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл қызметтердің жұмысы психологиялық, педагогикалық, құқықтық көмек көрсетуге, мүгедек жастарға, борышын өтеген әскери қызметшілерге, нашақорлықтан, токсикоманияда, маскүнемдіктен емделуден өткен адамдарға қатысты сауықтыру шараларын өткізуге бағытталған. Себебі, бүгінгі таңда жастарды өтпелі кезеңге сай әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтік қорғау ең өзекті мәселелердің бірі болып тұр [11].

Әлеуметтік қорғау ұғымы халықтың барлық категориясына соның ішінде еңбекке қабілетті бөлігіне де тән және әлеуметтік саясат облысында кең қолданылатын ұғым болып табылады. Әлеуметтік қорғау – халыққа құқықтық, экономикалық. әлеуметтік және әлеуметтік – психологиялық кепілдіктер беру,  еңбекке қабілетті азаматтарға жеке кәсіпкершілікпен айналысуы үшін, экономикалық тәуелсіз болуы үшін, тұрмыс деңгейін жақсартуы үшін өз еңбегінің қорының есебінен жағдай туғызу функцияларын орындайды. Сондай – ақ мемлекет жастар, бала, әйелдер сияқты әлеуметтік демографиялық топтарға заңда кепілдіктер жүйесін бекіткен.

Елімізде әлеуметтік қорғау жүйесі территориалды экономикалық белгілеріне қарай 3 деңгейге бөлінеді:

  1. жалпы мемлекеттік
  2. аймақтық
  3. бастапқы шаруашылық звеносы

Республикалық деңгейде әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету, бақылау қоғамның барлық мұшелеріне көрсетіледі. Ал аймақтық деңгейде әлеуметтік қорғау жүйесі  аймақтық мәдени - әлеуметтік, демографиялық ерекшеліктерді еске ала отырып жүргізілсе, бастапқы шаруашылық звеносы деңгейінде әлеуметтік қорғау азамат жұмыс істейтін мекеме орны қосымша кепілдіктер мен жеңілдіктер беруі арқылы жүзеге асады.

Жастарды мемлекеттік әлеуметтік қорғау жұйесі мемлекеттік жастар саясатының бір бөлігі, қоғамның әлеуметтік қорғау жүйесінің элементі болып тбылады.

Жастарды әлеуметтік қорғау жүйесі – жас адамның маңызды әлеуметтік құқықтарын сақтауға, құқықтық, экономикалық кепілдіктермен қамтамасыз етуге бағытталған.

Информация о работе Жастар саясатының негізгі бағыттары