Жастар саясатының негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2014 в 07:41, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты: Мемлекеттік жастар саясатының жастар өміріндегі мәнін талқылау, негізгі мақсаты мен принциптерін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- мәлімет жинақтап, тақырыпты жан-жақты ашу;
- қазіргі замандағы жастардың ең өзекті мәселелерін талқылау;
- жастар саясатының бағыттарын сараптау;
- жастардың қоғамда алатын орнын анықтау;
- жастарды қолдау жөніндегі құрылған ұйымдар мен қабылданған заңдарды қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Жастар саясатының негізгі бағыттары 5
1.2 Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға жастардың қатысуы 6
1.3 Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер 7
2 ЖАСТАР - ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ОБЪЕКТІСІ МЕН СУБЪЕКТІСІ
2.1 Жастар – қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы 9
2.2 Жастарды азаматтық тәрбиелеудегі қазіргі кездегі келелі мәселелері 15
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24

Вложенные файлы: 1 файл

кур ж жастар саясаты.doc

— 189.50 Кб (Скачать файл)

Бүтіндей жастардың әлеуметік қорғалуы 4 бағытта қарастырылады:

1 – бағыт: жас адамның жеке тұлға ретінде дамуы мен қалыптасу процесін әлеуметтік қорғау.

Бұл кезде жеке тұлға баяу, біртін – біртін критикалық деңгей арқылы дамитынын естен шыармаған жөн. Себебі, осы өтпелі кезеңде қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның бойында сенімсіздік және сыртқы әсерлерге сезімталдық басым болады [3].

Сондықтан да жеке тұлғаның даму процесін әлеуметтік қорғау дамудың әрбір этапында жағдай туғызуға бағытталған.

2 – бағыт: жас адамның жеке тұлға ретінде даму мен қалыптасу ортасын әлеуметтік қорғау.

Бұл бағыт шеңберінде қоршаған ортаның экологиялық элементтерінен бастап әлеуметтік, экономикалық адамгершілік мәселелеріне дейін назар аударылады.

3 – бағыт: жастардың құқығын  қорғау.

Мемлекеттік институттардың әрекетінің бұл бағыты жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасу процесі және оған әсер ететін ортаны реттеу сондай – ақ құқықпен қамтамасыз етуге бағытталған.

4 – бағыт: жастарды мақсатты  түрде әлеуметтік қорғау.

Осы бағыт шеңберінде 2 ерекшелікті қарастыра кеткен жөн:

  1. Мақсатты көмек нақты міндеттерді шешу үшін жастармен жұмыс істейтін әлеуметтік институттар мен ұйымдарға, жастарға, жас отбасыларына көмек.
  2. Кедейшілікте өмір сүріп жатқан, біреудің көмегіне зәру жастарға тұрақты көмек.

Міне осы бағыт бүгінгі таңда маңызды орында тұр.

Жастарды әлеуметтік қорғаудың  түрлі мемлекеттік мекемелер бар. Жастарды еңбекке орналастыру, бос уақытын ұйымдастыруға, жәрдем ақы алуға көмектесу шаралары қолданады. Бұл жастарды ұйымдастыру үшін жастар қызметі бар. Себебі қоғамның белсенді бөлігінің барысында индивидуалды әлеуметтік жұмысты қажет ететін қабат және топ күннен – күнге өсуі алаңдатуда. Жастармен әлеуметтік жұмыстың жүргізілуіне сан қилы қиындықтар қатарына материалдық ресурстардың шектеулігі, мәдени - әлеуметтік тұрмыстың күшті сферасының құлдырауы қосылды.

Жастармен әлеуметік жұмыс жүргізу – бұл әрбір жеке жаспен немесе жастар тобымен әлеуметтік қабілетін жақсарту немесе қалпына келтіру мақсатында қоғамда жағдай туғызу.

Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің негізгі мақсаты – бұл жастардың өз проблемаларын өздері шешуге үйрету, нарықтық – экономиканың жаңа әлеуметтік экономика жағдайына бейімдеу, өз өмірін өзі құруға және ұйымдастыруға дағдыландыру. Мұндай жастарды мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдырдың жиынтығы, жастарды қорғаудың және көмек көрсетудің арнайы мекемелері атқарады [10].

Қазіргі өтпелі кезең жағдайында Республикада мынадай әлеуметтік қызметтердің анықталған құрылымы бар:

1. Жастарға әлеуметтік   - психологиялық  және құқықтық консультация беру  орталығы. Бұл орталық кризистік жағдайда жүрген, микро және макро ортада да конфликтілік ситуацияда жүрген жастардың мінез – құлқында девиандтың қалыпты болдырмау профилактикасын және халықтың  осы категориясында суицидтік тәртіп болмау шараларын қарастырады. Бұл орталықтар тәртіп бойынша 2 бөлімнен тұрады:

  а) Әлеуметтік – құқықтық көмек.      Мұнда панахана, қонақ үй, мамандық таңдауға бағыт беру кабинеті. Мәдени – спорттық комплекс, еңбек биржасы, құқықтық консультация .

б) Психолого – медико – педагогикалық көмек бөлімі. Бұның ішінде диагностико – психологиялық пункт, ата – аналар үшін консультативтік, анонимді қабылдау пункті, кризисті стационар енеді.

2. Жастарды расоциолизациялау орталығы – бұл кәмелеттік жастарға толмағандарға, еркінен айыру орнынан қайтып келгендерге консультативтік, әлеуметтік – құқықтық, профориентациялық және психологиялық көмек көрсетеді.

Осы орталықтың құрылымдық бөлімшесіне телефон арқылы кеңес беру бөлімі, психологиялық кабинет, консультациялық пункт және т.б. кіреді.

3. Жеткіншектерге арналған панахана. Бұл көмек орны кәмелеттік  жасқа толмағандарға, әрі тәрбие  мекемесінен, қоғамнан, отбасындағы  даму мен өмір сүрудің жағымды  шарттарынан тыс қалғандарға  тұрмыстық, психологиялық, эмоционалдық  көмек көрсету мақсатымен құрылған. Панахана жеткіншектерге және жастарға көмектің тиімді болуын және дер кезінде берілуін қадағалай отырып түрлі бағытта консультация береді, сондай – ақ, тегін ауқаттану мүмкіндігін жасайды.

4. Жастардың еңбек биржасы. Жұмыс  іздеген жастарға көмек көрсете отырып, кадрларды қайта даярлауды ұйымдастыра отырып, халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі барысында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға ат салысады.

Жұмыспен қамту облысында әлеуметтік қызметкердің жастармен жүргізетін жұмысы ең алдымен қоғамның мобильді бөлігі ретіндегі жастардың өзімен тығыз байланысты.

Әлеуметтік қызметкер еңбек өміріне жаңа қадам басқан жас азаматқа бастапқы жұмыс орнымен қамтылуына күш салуы керек. Бұған халықтың жастар категориясында еңбекке орналасудағы квотаны белгілеу шарасын қолдану қажет.

Еңбекке қатысудың маңызды проблемалары оқу орындарын жаңа бітірген түлектер арасында көп. Бұл жерде әлеуметтік қызметкер оқу орнының дирекциясы мен жұмыс берушінің арасында тікелей келісім – шартты ұйымдастыруы керек.

Жастардың әлеуметтік дамуының түрлі ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер ең алдымен бұл жүйеде жастардың субьективтілігінің аяқталмаған спецификасын құрайтын жастардың мәнінде жатыр. Сондықтан жастар қоғамдық өндірістің қалыптасушы субъектісі ретінде мынадай негізгі әлеуметтік функцияларды атқарады

  1. өндірістік
  2. инновациялық
  3. трансляциялық

Қазіргі кезде жастардың мінез – құлқында, өмірге көзқарасында бұрынғы ұрпақтарға тән емес түрлі өзгешеліктер пайда болады. Ал бұлар жастардың әлеуметтену механизмдеріне өзгерістер әкеліп, қоғам мен жасар арсындағы конфликт сферасын кеңейте түседі [8].

 

 

2.2 Жастардың азаматтық тәрбиесіндегі қазіргі кезеңдегі келелі мәселелері

 

Жастарымыздың бүгінгі таңдағы өміріне қатысты ең маңызды мәселе – бұл олардың бос уақыттарын дұрыс пайдалана білу мәселесі болып отыр. Жастардың бос уақыттарын дұрыс пайдалана білуі бүгінгі күндері барынша өзекті бола түсуде. Бос уақытты өткізуге байланысты салауатты өмір тұтынушылығына тәрбиелеу – тұлғаны қалыптастырудың басты қағидалық принциптерінің бірі. Бос уақыттың қаншалықты қызықты өтуі өнер үйренуге, шығармашылық мазмұндағы ізденіске, дене тәрбиесін жетілдіруге бағытталса, ол денені жетілдіруге ғана емес сонымен бірге рухани баюға да мұрындық болады. Жастардың бос уақытының сипаты оның оқу мен өндірістік қызметіндегі мүдделеріне байланысты болу керек. Егер жас адам енжар, ешқандай ақыл – ой және дене іс – қимылын жұмсаусыз демалыс күннің негізгі уақытын теледидар алдында өткізіп, уақытты босқа өткізуге салынса, оның еңбектегі белсенділігі де азаяды. Жас адамның бос уақытын дұрыс пайдалана білуі өндірістік қызмет және оқу істерімен байланысты жүргізілсе, тұлғаны сипаттайтын моральдық, рухани және физикалық сапаның да сапалылығы арта түседі. Жастарға оқу, махаббат, бос уақыт,т.б. мейлінше қызықты. Сондықтан жастардың уақыт тынысын нәзік сезінуге қабілеттілігіне таң қалуға болмайды.

Сондықтан біз жастардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, оларды қоғамдық істерге белсенді түрде жұмылдырудың уақыты өтіп кетті, оның орнына жастарды пессимистік пиғылдарға, бос уақытын босқа өткізуге итермелейтін дем алудың пассивтік формалары келді деген пікірмен келісе алмаймыз. Жастар арасында бос уақытты қоғамдық пайдалы істерге жұмылдыратын комсомолдық белсенді іс – шаралар тізбегі әлі де болса ұмытыла қойған жоқ.

Рас, қазіргі уақытта көптеген жас адамдар бос уақыттарының жетіспейтіндігін тілге тиек етеді. Бұл жағдай адамның көп уақытының жұмыс істеумен, оқумен айналысуымен түсіндіріледі. Уақыттың көп бөлігі жұмысқа барып келу үшін немес үй тұрмысына қажетті тауарлар іздеуге жұмсалады. Себебі урбанизацияның жедел қарқынмен өсуіне қызмет көрсету саласы үлгіре алмай келеді. Бос уақытын тиімді пайдалану көлік, тұрмыстық қызмет көрсету үйлерінің жетілдіруімен, үй шаруашылығын жеңілдетіп пайдалану үшін үй тұрмысына қажетті техникаларды пайдаланумен тығыз байланысты.

Социолгтар бұл мәселелерді талдай келіп, адамның өмірі мен қызметін дұрыс ұйымдастыруға болады деп есептейді. Ол үшін бір жағынан, олар бос уақытты ұлғайтудың және оны рухани мазмұнымен толықтырудың әлеуметтік аспектілерін қарастырады, екінші жағынан – бұл процестердің себептері мен тенденцияларын анықтайды.

Бос уақытты дұрыс ұйымдастыру үй еңбегі саласында жұмсалатын уақытты қысқартуға байланысты. Бұл проблема жастар үшін айрықша маңыз алады, себебі олар бос уақыттарын өздерінің кәсіби, жалпы білімдік және мәдени деңгейін көтеру үшін пайдалануға мүмкіндік алар еді. Бос уақытты дұрыс ұйымдастыруды жеңілдетудің бірі жалпы отбасылық бос уақытты дұрыс ұйымдастыру [6].

Бос уақыт проблемасының бір ерекшелігі, бос уақыт сағаттары іс жүзінде адамның мүдделерін қанағаттандыруға бағытталып жүзеге асырылуымен маңызды. Бос уақытта қызметтің әлде бір түрін атқаруға құлшылық шын мәніндегі құндылықтардың жоғары болуына, әлеуметтік – саяси өмірдің белсенділігіне байланысты. Мұндай құндылықтар мен қарым – қатынастар жігіттер мен қыздардың белсенділігін қалыптастырады. Егер жас адамдар әлеуметтік – танымдық нормалардан тыс ұжым, достар, қоғам проблемаларына теріс қатынас шеңберінде тәрбиеленсе онда олардың бос уақыт сағаттарының белсенділігі қоғамға қарсы әрекеттермен танылып, индивидуализмнің дамуын ынталандырады. Мұндай адамдардың саяси мәдениеті олардың іс - әрекеттерінің бағыттылығынаң айқын бейнесін танытпайды. Бос уақыттың мәдениетін жетілдіру процесі халықтың өмір салтын жақсартудың құрамдас бөлігі ретінде әлеуметтік саяси талдауды талап етеді, мұндай зерттеу, ол еңбекшілердің уақыт бюджетіне ықпал жасайтын оң, сондай – ақ теріс тәртіптегі әлдебір құбылыстардың себептері мен қозғаушы күштерін ашуға мүмкіндік береді. Бос уақытты дұрыс ұйымдастырып, дұрыс жолға қою жастардың бойындағы рухани күштерді ашуға мүмкіндік береді. Бос уақыт қоғамның ұлы байлығы. Жас ұрпақ үшін оның пайдалы етіп пайдалану мүмкіндігі қоғамның өз болашағы туралы терең қамқорлығына куә болады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бepi балалардың, жacөcnipiмдердің оқу-тәрбие iciнe ұдайы көңіл бөлініп келеді. Оқу-тәрбие ісінде назар аударып отырған, тәрбие салаларының бipі - отансүйгіштік тәрбие. Қазақстан Республикасы – көп ұлтты ipгeлi ел.

Жаңа қоғамның, дамуындағы ең маңызды нәтиже - оның барысында қалыптасқан жаңа адам бостандықты жеңіп алып оны ауыр күрестерде қорғай білген барлық сын-сынақтардан өтіп, өзі адам танымастай болып өзгерген. Өзінің бұрынғы қасиеттеріне саяси мұраттылықты қосып, өмір сүрудің тәжірибелерінен қуат алып, өзінің жеке басының мәдениетін, білімін кәдеге жаратып, мәреден көріне білетін  адам.

Ұлттық, дәстүрге берік, елің жерін сүйетін азамат тәрбиелеу оқушылардың бойына қазақстандық отансүйгіштік қасиетті қалыпастыру өскелең өмip талабынан туындап отыр.

Қазіргі кезеңде "қазақстандық отансүйгіштік" ұғымына зор мән берілуде. Көп ұлтты Қазақстан халқының отансүйгіштік сезімін қалыпастыратын - азаматтық келісім, ұлттық бipлiк. Егемен еліміздің тәуелсіздігін сақтау ұлттық келісім, iшкi үндесім барша халқымыздың ынтымағы мен өзара жарасымдылығында.

Туған жер, табиғат. оның байлықтары, тiл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар - жалпы ұлттық құндылықтар eшкімді де бейтарап қалдыра алмайды. Олар сөзсіз адам көкірегінде жылылық, жақындық, туыстық сезімдерді ұялатып жатады. Бip сөзбен айтқанда, отансүйгіштік қасиетті ұғым.

Қазақстандық отансүйгіштікке келсек, ол тек қазақтардың ғана өз отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендейтін бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние. Бұл сезімнің мағынасы терең, аумағы кең, құдіреті күшті. Ол өз мазмұны, өз аясы бар, құдіретті күшке кездейсоқтықтан айналмайды, бұл сезімнің оянып, бipтe-бipтe күш алып. саналы өзіндік мәні, өлшемі мағынасы бар біртұтас сезімге ұласуы объективтік шарттылықтарды қажет етеді.

Отанын адамның өзi тануы тиіс. Оны жете білiп, қадір-қасиетін ұққанда, тарихын, өткен жолын, қиындық мехнаттарын рухын, тар жол, тайғақ кешулерін көз алдынан өткізіп, жанымен сезе білгенде, елдің басын 6ipiктipгeн, жат жұрттыктардан жерін, суын, даласын, тауын қанын төгіп қайсарлықпен қорғалп алған ерліктерін ceзiп білгенде ғaнa. соған деген мақтаныш сезімі оянады [15].

Отаншылдық сезім - ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілгін дамытуды ұлттық қayinciздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бipi ретінде таниды.

Халықтың отаншылдық сезімін қалыптастыру үшін алғы шарттар пiciп жетілуі керек. Сол алғы шарттардың пiciп жетілуімен сабақтаса адамдардың сана-ceзiмi артып, жаңа құндылықтарды, оның ішінде отаншылдық ceзiмiн бойына молырак, сезінетін болады.

Отансүйгіштік сана - ceзiм болса, ол отан құндылыгы көpiнiciнiң нәтижесі, өткендегі өміp cүpгeн ата-баба санасының қaжeттiлiгi мен ұмтылысына, құлшы-нысынан туған елдің салт-дәстурлерді адамдардың санасындағы қажеттілігі мен қызығушылығы арқылы қабылдау.

Адам қауымдасып өмip сүргеннен бастап, қандай ғылым болмасын адамзатты ақыл-ойынан, өмірден, іс-тәжірибеден туындайтыны аян. Адам өмірімен тікелей байланысты тәлім-тәрбиелік тұжырымдамалар халық тәрбиесі мен ғылыми ойдың ажырамас туындысы. Ал, халықтық тәлім-тәрбие әр ұлттың ғасырдан-ғасырға жалғасқан мұрасы. Сондықтан да этнопедагогика педагогиканың нeгiзi, нәр беретін тамыры болмақ.

Информация о работе Жастар саясатының негізгі бағыттары