Жастар саясатының негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2014 в 07:41, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты: Мемлекеттік жастар саясатының жастар өміріндегі мәнін талқылау, негізгі мақсаты мен принциптерін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- мәлімет жинақтап, тақырыпты жан-жақты ашу;
- қазіргі замандағы жастардың ең өзекті мәселелерін талқылау;
- жастар саясатының бағыттарын сараптау;
- жастардың қоғамда алатын орнын анықтау;
- жастарды қолдау жөніндегі құрылған ұйымдар мен қабылданған заңдарды қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Жастар саясатының негізгі бағыттары 5
1.2 Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға жастардың қатысуы 6
1.3 Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер 7
2 ЖАСТАР - ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ОБЪЕКТІСІ МЕН СУБЪЕКТІСІ
2.1 Жастар – қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы 9
2.2 Жастарды азаматтық тәрбиелеудегі қазіргі кездегі келелі мәселелері 15
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24

Вложенные файлы: 1 файл

кур ж жастар саясаты.doc

— 189.50 Кб (Скачать файл)

Патриоттық, сезімнің нысаны мен азаматтық парыздың өтелер өлшемі - Отан. Оны таратып айтсақ, бұл - тyғaн жер, оның, табиғат байлыктары, ұлттың тiлі, дәстүрі, мәдени ескерткіштері, тарихы жасалған өлкедегі киелі орындары. Олардың, адам санасына жылылық, жақындық.туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің бастауына айналуы - патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Ә.Қалмырзаев: "Бұл сезім әркімде әр кезеңде (яғни, әртүрлі жаста) оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, жаспен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ыкпалымен, мемлекеттік және қоғамдық, әлеуметтік институттардың, (балабакша, отбасы, мектеп, жастары оқу орындары, бұқаралык, ақпарат құралдары, қоғамдық, ұйымдар, саяси ұйымдар мен қозғалыстар) әсерімен қалыптасады" деп жазады.

         Адам  бойына патриоттық сезімнің қалыптасуы  отбасы тәрбиесі мен балабақшадан  бастау алатыны айқын. Сәбиді  отбасында патриотизмге тәрбиелеу, ана тілін үйрету, ұлттық  мінез-құлық  қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді  сақтауға баулу, шыққан ата-тегін білуді таныту - ата-ана парызы. Халқына құрмет, тарихи дәстүрлерге адалдық, сондай-ақ,туғaн жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сияқты перзенттік борыш тұлға бойына сәби 
шағында дарыса, бұл қасиеттер өсе келе ары қарай дамып, қалыптасуына қолайлы      жағдай туады [2]. 

         Еліміз  тәуелсіздік алғалы жас ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, ол үшін патриоттық ic-әрекет ұйымдастыру, отбасы, балабақша мен мектептердегі оқу-тәрбие процесінде патриоттық тәрбие беруді жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Сондыктан, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде бұрынғы тәжірибе мен бүгiнгi практиканы және  
болашақ жоспарларды байланыстыру қажет. Сонда ғaнa балалардың бойына ұлттық  патриотизм  сезімін қалыптастыруға қол жетеді. Ұлттық патриотизм – жеке  тұлғаның өз  халқына  деген  сүйіспеншілігі. Әрине, ол адамның ерекшелігі, тегі, қоныстанғанмекені, тарихи дәстүрі сияқты категорияларға байланысты әртүрлі деңгейде көpiнic береді.

Қазақстан ғаламдық гуманистік ойлау жүйесіне енді. Сондықтан, ондағы тәрбие әрекеп адами гуманистік мақсат-мүддеге қайшы болмауы қажет. Бұл ретте, Қазақстанның көп ұлтты құрамы ескерілгені жөн. Аталған ерекшеліктерге байланысты, қaзipri тәрбие жұмысын төмендегі тәртіпте қарастыруға мүмкіндік бар:

- болашақ мамандардың, балаларды халықтық педагогика негізінде патриоттыққа тәрбиелеуі, оның нәтижесін бүгінгі өмip талабына сай пайдалану;

- жас ұрпақтың Қазақстан  Республикасының мемлекеттік рәміздерін  білуін қамтамасыз ету, оларды  құрметтеу ceзiмiн қалыптастыру;

- қазақ халқының озық гуманистік құндылықтарын басшылыққа ала отырып, жалпы қазақстандық  патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу;

- болашақ мамандарды өз  пікірлерін ашық айтуға, сөз бостандығына, басқалардың,  пікipiн  құрметтеуге  тәрбиелеу.

      Біздің елімізде жастарды азаматтық, патриоттық тәрбиелеу қaзipri уақытта жастар саясаты бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі. Оқушылар тәрбиесі ең алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандарын саяси және рухани жағынан пайымдаудан басталады. Бұл жастарды азаматтық өзіндік сана-сезімге, ұлттық нышандарды ар-намысын, борыш-парызым деп құрметтеуге үйретеді. Әлемде азаматтардың бойына мінез-құлық үлгілерінен, өнерінен байқауға болатын ұлттық мерекелеріне құрметпен карау орын алған өркениетті елдер аз емес. Көптеген елдерде мемлекеттік нышандарды пайдалану - мемлекеттің оң бейнесін жасау, ұлттық мақтаныштың мәні патриоттық ceзiм  мен ерік-жігерді көрсетудің көpiнici ретінде қызмет етеді. Мемлекеттік нышандардың көмегімен азаматтарда еліне деген мақтаныш пен патриоттық ceзiм табандылықпен тәрбиелене түседі.

Жастар арасында бос уақытты дұрыс пайдалануды ұйымдастыру күрделі процес.      

Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан балалар мен жастар ұйымдарының өз қызметін тоқтатуы, бұқаралық ақпарат құралдарының зорлық – зомбылықты насихаттауы, индивидуализм мен ішіп – жеп пайдалану психологиясы жастарды тәрбиелеу ісіне үлкен зиян келтіреді. Мәнді өлшемде азаматтық, патриоттық тәрбиенің ғана емес, сонымен қатар азамат – патриоттың жеке басын қалыптастыру идеясының беделі түсіп, оған сенім жойылмайды.

Өкінішке орай қазіргі кезде көптеген жастар маңызды азаматтық борыштарды орындауға жауапкершіліксіз қарап, рухсыздық пен әлеуметтік жетілмегендікті, басқа адамдарға келгенде шыдамсыздықты, тіпті агрессивтікті байқатады. Сонымен қатар құндылық бағдарлар, іс - әрекет түрткілері, қоршаған әлемге деген қатынасы, өз қабілет бейімдері мен Қазақстан тағдырына деген көзқарастар өзгереді. Жастардың көбінің бойында білімге, еңбекке, әдебиетке, өнерге, шығармашылық қызметпен адамгершілік құндылықтарға деген қызығушылықтар жойылған [5].

Жастар арасындағы бұндай жағдайға жол беруге болмайды, өйткені бұл  жай Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тура қатер туғызады.

Қазақстан Республикасының Елбасы Н. Ә. Назарбаев толық тұжырымдағандай қазіргі кезде білім және тәрбие саясаты Қазақстан халқының ұлттық мәдениеті мен салт – дәстүрлерін есепке ала отырып жүргізуде қалыптасқан, сондықтан, тұлға еуразиялық мәдениет пен еуразиялық ынтымақтастықта дамиды. Тәрбиенің жалпы азаматтық бастауы қайбір ағартушылық бағдарлама мен идеолгия шеңберінде іске асырылуы міндет. Ал қазіргі тәрбиенің мақсаты мен нәтижесі- бойына өз халқының мәдениетін сіңірген, басқа халықтардың мәдениетін бағалайтын, өмірінің барысында түрлі іс - әрекетті өз басымен ұйымдастыруға қабілетті адам. Адамгершілік тәрбиенің мазмұнын тәжірибеде іске асыру жастарды өмірде бағыт алып, ізгіліктілік пен демократияның мұраттарын қорғай білуге үйретуге жағдай туғызады.

Тәрбие әлеуметтік ішкі жүйе, азаматтық қоғам институты ретінде азамат тәрбиесінің негізгі факторы болады. Азаматтық тәрбие деп біз қоғам мен мемлекеттің мүшесі ретінде өсіп жатқан адамның әлеуметтік – саясаттық, құқықтық, экономикалық, экологиялық, моральдық – этикалық білімдерін, тәжірибелік іс - әрекет адамдарын қалыптастыру жүйесі мен процесі деп түсінеміз. Әлеуметтік және басқа қатынастар туралы білімдер стандарттары азаматтық тәрбиенің келелі мәселелерін әрқашан жаңа тұрғыдан көріп қарастыруды талап етеді. Бұл салада әлемдік стандарттарға интеграциялау мәні негізінде жас азамат бойында әлеуметтік іс - әрекет субъектісі ретінде көзқарастар мен сенімдер, ой – сана мен адамгершілік қасиеттер қаралыптасады. Тәжірибелік іс - әрекетте өсіп жатқан адам оның әлеуметтік ортадағы орын белгілейтін айқындалған азаматтық қасиеттермен ұстамдардың этикалық негіздерінде дамып қалыптасады. Қазіргі заманның жеке адамы қоғамда жүріп жатқан үрдістердің бәріне де белсенді әсер береді.

Айта кететін жағдай азамат пен мемлекет арасындағы саясаттық – құқықтық қатынастардың әлемдік үлгілері мен стандарттары азаматтық тәрбиенің келелі мәселелерін әрқашан жаңа тұрғыдан көріп қарастыруды талап етеді. Бұл салада әлемдік стандарттарға интеграциялау тек олардың ортасынан орын алып қана қоймай, адамның мемлекет және қоғаммен қатынастарының басқа аспектілерін де жаңдандыра  түседі. Бұл біздің Республикамыздың азаматтық тәрбие жүйесі үшін егемендік пен тәуелсіздікті нығайту жағдайында және осы салада өз тәжірибемізді жинақтауға қажетті ерекше көкейтесті мәселе.

Тәрбиенің басқа бағыттарына қарағанда азаматтық тәрбие өзінің көпқырлылығымен ерекшеленеді. Тұлғаның өмірі мен іс - әрекетінің бір ғана бөлігінде белгілі азаматтық қаситетерді дамытып қалыптастыруға болмайды. Біз белгілегендей азаматтық бейне, азаматтық белсенділік тұлғаның өмірі мен іс - әрекетімен, барлық тәрбиелеу тұлғаның барлық жасампаз іс - әрекетімен шектелінеді [12].

Сонымен, әлеуметтік – педагогикалық түсінік ретінде азаматтық тәрбие мәселелері мазмұнын зерттеуді  сана категориясын қарастырумен байланыстырған жөн. Жеке бастың бір көрнісі ретінде даралық сана, оның психикалық аспекті тек қана ара қатынаста қалыптаса алады. Яғни, өзіндік сана үшін тұлғаның ұстамы саналы түрде белгіленген болуы керек. Сана арқылы дара тұлға объективті ақиқатты қоршаған әлемді, ондағы өз орнын түсініп біледі. Тұлғаның өзіндік санасы үшін адамның мінез құлқының маңызы ерекше. Яғни, өзіндік сана «даралық мәнге» ие болды да, ол арқылы қоғамдық және даралық сананың ара – қатынасы анықталады, іс - әрекет себебі адам, оның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орны, әлеуметтік, азаматтық ұстамы бағаланады. Тұлғаның жетілгендігі оның байланыстарды аңғару дәрежесіне, азаматтық ұстама, белсенділігіне, қоғамда белгілі орын алуға тырысуына тәуелді.

Бұл жерде тоқтала кететін жай бар: кездесетін қоғамдық сана даралық санаға белгілі әсер береді. Ол рухани, эмоциялық, әлемге деген қатынастар жүйелері түрінде болады да, көңіл – күйлер, идеялар, елестер, көзқарастар, мұраттар, қоғам мүшелерінің ұмтылыстары арқылы көрініп топтық немесе жалпы қоғамдастықтарда танылады. Осыған сүйенсек, қоғамдық сана саяси, экономикалық, діни, құқықтық, адамгершілік, экологиялық, ғылыми және басқа әрекет түрлерінің лайықты өрісінде негізделінеді. Бірақ қоғамдық, жалпылама сана иланғыштыққа, консерватизімге бейім, сондықтан оны азаматтық деуге болмайды. Көпшіліктен азаматтық сананы бөлу үшін қоғам қатынастарында белгілі идеалға жету жолдары мен құралдарын іздеуші потенциалды  күштер азаматтық сана иелері болады. Олар жеке топтардың, дара тұлғаның қызығушылықтарынан биік тұрады, барлық қоғамның қызығушылығынан қорғайды және әрқашан жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталынған болды. Азаматтық тәрбиенің мақсаты азаматтық қалыптастыру болғандықтан бұл түсінікті қарастыра отырып «Азамат» деп саяси құқықты, өзіндік, қызығушылықтарын қоғам қызығушылықтарымен байланыстыра алатын мемлекет басқаратын адамдар тобының қызығушылықтарын іске асыратын құрал ретінде мемлекетке оған толық ие адам қажет. Сондықтан, адам өмірінің көбінесе өз тарапынан белгілейтін «мемлекет» түсінігі тұлғаның дамуы мен қызметін өзі шешеді.

Жоғарыда айтқандарды қорыта келе жастардың азаматтық тәрбие жүйесіне қоғам мен мемлекет жағынан көп қолдау қажет екенін тұжырымдаған жөн. Азаматтық тәрбиенің қоғамдық мемлекеттік жүйесінің мақсаты - өзіндік қызығушылықтармен қатар қоғамдық мемлекеттік қызығушылықтарды іске асыруға бағытталған әлеуметтік маңызды іс - әрекетке  жастарды даярлап қосу. Отанда орын алған әлеуметтік мәдени жағдайды есепке ала отырып педагогикалық міндеттер арқылы бұл мақсат нақтылануы мүмкін. Өйткені, жас буын ұрпақтың азаматтық тәрбиелілігінің белгілі даму дәрежесі қоғамның алғы белсенді бөлігінің демократиялық мемлекеттік мүшесі ретінде тұлғаның жаңа түрін қалыптастыру мұқтаждығы арасындағы қайшылықтар туады.Оларды шешу үшін жаңа тұлға қажетті адамгершілік дәрежесіне жетіп азаматтық мәдениетті қалыптастыруы керек болады. Бұл тұлғаның қажетті сана түрлері дамыған адамгершілік сезімдерімен байланыса отырып әлеуметтік маңызды іс - әрекетте азаматтық ұстамын көрсете алуға қабілеті бар азамат тұлғасын өмірге әкеледі.

Мемлекеттік азаматтық тәрбиеге қатысу үшін  төмендегілерді ұсынуға болады:

- әлеуметтік маңызды іс - әрекетке жас азаматтарды даярлау үшін мемлекеттік бағдарлама, стратегияны жете зерттеуді;

- педагогикалық күштердің интеграциясына, басқаруына, барлық дәрежелерде олардың қызметтерінің келісуіне қажет құрлымдарды ұйымдастыруды;

- жастардың азаматтық тәрбие процесінде бұқаралық коммуникация құралдарын мақсатқа пайдалануға;

- қоғамдық белсенділік іскерлікке, қоғамдық ұйымдар қызметіне жан – жақты қолдауды, халықаралық азаматтық байланыстардың дамуы үшін құқықтық және басқа жағдайларды қамтамасыздандыруы қажет.

Бізді мемлекетіміздің азаматтары мемлекеттен нақты осыларды күтеді, өйткені, азаматтық тәрбие жетістігінің басты талабы, жағдайы отбасының, мектептің және мемлекеттік қоғамдық басқару ұйымдарының міндеті азаматтар құқықтарының орындауын қамтамасыз етіп қолдау, заңдардың орындалуын бақылау. Оларсыз азаматтық қоғамды қалыптастыруға болмайды [9].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Курстық жұмысқа қысқаша қорытынды. Қазақстандық модернизмнің айқын айғағы тек қана жас әрі қуатты «жаңа қазақтар» емес, сонымен бірге кедейлер мен қаңғыбастар, ал олардың ішінде қаншама жасөспірімдер, балалар мен жастар бар. Жастар жұмыссыздар қатарын толықтыруда, жастар арасындағы қылмыстың көрсеткіштері өсуде.

Қажетсіз мамандықтардың көбейе түсуі жұмыссыздықтың өсуіне, жастардың бәсекелестігінің төмендеуіне, қоғамда өз орнын таба алмауына әкеліп соқтыруда. Соңғы жылдарда экономикалық реформаларды талдау жастар арасындағы жұмыссыздықтың  өсе түскендігін көрсетті. Сонымен бірге жастарды жұмысқа орналастыру да төмендеп кеткен. Ресми жағынан алғанда, жас еңбек ресурстарының саны айтарлықтай жоғары, бұл жас жұмыссыздардың өсе түскендігін болжауға мүмкіндік береді. Мұнымен бірге белгіленген жұмыс орындарында қабылдаудың қысқара түсуі және орта арнаулы оқу орындарына қабылдаудың азайғандығы байқалады. Ендеше оқу орнын бітірушілердің көпшілігі жұмыссз қалды деген сөз.

Тағы бір өткір мәселе – жастардың мүмкіндіктері мен күш – қуаты бұл қоғамға қажетсіз болып отыр. Олардың өмірінде аяғынан тік  тұруы өте қиын.

Өтпелі кезең ұраншылдықты тудырады . Бүгінде қазақстан жастары, аға ұрпақ сияқты тұрақсыздық пен жайсыздықты бастан өткізуде, түрлі айтыс – тартыстың көзі болып отыр.

Жастарға аға және орта ұрпаққа қарағанда уақыттағы түрлі жағдайлардағы деректер, пікірлер және болған уақиғалардағы сәйкессіздіктерді қатты эмоциялы қабылдайды. Басқа жағынан алсақ жастар үшін өткенмен қоштасу жеңілдеу, олар болашақтан үміткер. Бүгінгі бейбітшілік пен тұрақтылық, жаугерлік пен айтыс – керіс қарым – қатынастары ертеңгі Қазақстан қоғамының болашағында жастардың қандай орын алатындығын көрсетеді.

Егер мемлекет болашаққа бағыт ұстаған болса – болашақ та сондай болмақ. Адам төзгісіз жағдайларда өмір сүріп жатқан және соған лайық менталитетке ие болған жастар болашақты да сондай санамен құрады.

Информация о работе Жастар саясатының негізгі бағыттары