Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 18:06, реферат
Тәрбиенің негізгі мақсаты -қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық жоне психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э. Торндайк, Н. К.Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Вьгготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.)
Тәрбиенің әсері дегеніміз-қалыптасып келе жатқан тұлғаның ортамен (әлеуметтік қана емес, сонымен бірге табиғат, матриалдық, рухани) мақсаттарға сай өзара қарым-катынасы болып табылады. Әлеуметгік тәрбие – өзіне тән әдістер арқылы, сонымен қатар экономикалық саяси, құқықтық идеалды қалыптастыратын тәрбие кеңістігі екенін бүгінгі педагогтық қауым мойындауда.
Тұлға - әлеуметтік қатынастарлың субъектісі және объектісі ретінде
Тұлға тек қана әлеуметтік-қоғамдық
қатынастардың жемісі ғана емес, сонымен
қатар әлеуметік іс-
Бұл жолда тұлға өзіне сәйкес қажетті құралдарды пайдаланады. Вебердің пікірінше, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық топ болып саналады. Ал, саналы емес іс-әрекеттің салдары әруақытта қалыптасқан нормадан ауытқуға (девиацияға) әкеледі. Әлеуметтік іс-әрекеттің, парасаттылығы, ақылға жеңдірушілігі – тарихи процестің басты бағыты.
Вебер әлеуметік іс-әрекетті, қимылды 4 типке бөледі:
а) ақыл-ойдың мақсатқа бағытталуы (целерациональный). Мұнда әрбір іс-әрекеттің мақсаты мен құрылымының бір-біріне сәйкестігі көзделеді.
ә) іс-әрекеттің құндылыққа бағытталуы. Мұнда әрбір іс-әрекеттің басқа құндылық, бағалық үшін өмір сүруі (мысалы, діни немесе моральдық) көзделеді.
б) аффективтік, бұл адамның эволюциялық реакциясына негізделген (аффективия).
в) дәстүрлік (яғни салт-дәстүрлік), мұнда адмның іс-әрекеті белгілі бір дәстүр, салтқа сәйкес болады.
Тұлғаның әлеуметік қызметі деп, адамның өмірді өзінше игеріп, меңгеруі және адамның өзінің қоғамдық қатынастарды, құбылыс, процестерді өзгертуші субъект ретінде дамып, жетілдіруін айтады.
Әлеуметтік іс-әрекет пен қызметтің қозғаушы күші объективтік жағдайлармен байланысты. Объективтік жағдай адамдардың қажеттілігінен, мұң-мұқтажынан, мүддесінен, мақсатынан шығады.
Басқаша айтқанда, адамды іс-әрекетке, қызметке итермелейтін негізіг себептер – қажеттілік, мұқтаждық, мүдде және мақсат. Қажеттілік өмірде болады, бірақ, ол қолда жоқ зәрулікке жатады. Қажеттілік табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи қажеттілік, ол өз кезегінде әлеуметтік қажеттілікке ұласады.
Табиғи қажеттілікке тамақ ішу, киім кию, баспана қажеттіліктер (мқұтаждықтар) жатады. Мұндай әлеуметтік қажеттілікке еңбек ету, басқа адамдармен байланыста болу, қоғамдық өмірге араласу т.б. мұқтаждықтар кіреді. Қажеттілікті адам терең сезініп, түсінесе, оны өтеуге, іске асыруға тырысса, ол мүддеге, ал, мүдде мақсатқа айналады. Мұның өзі екінші жағынан, тұлғаның қажеттілікке, мұқтаждыққа, мүддеге, мақсатқа терең көзқарасын қалыптастыруын керек етеді.
Адам мүддесі, мақсаты белгілі бір қажеттілікті (мұқтаждықты, зәрулікті) қанағаттандыру мүмкіндігіне қарай тұлғаның іс-әрекетінің, қызметтерінің бағыттарын белгілеп отырады. Жалпы мүдде, мақсат адамның қоғамда өмір сүру қызметінің қалыптасқан жағдайлар мен орындарын сақтау немесе оларды өзгерту үшін күреске жеке адамдарды жұмылдыратын шешуші себеп ретінде байқалады.
Мүдделердің, мақсаттардың негізінде әлеуметтік талап-тілектерді білдіретін адамдардың қажеттіліктері жатады. Осыған орай мүдде, мақсат бір нәрсеге, затқа деген қажеттілікті түсінудің түрі ретінде көрінеді.
Қажеттілік тұлғаны өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қатар сыртқы табиғатпен тығыз байланыстырады, өйткені адам табиғаттен керегін алып, өзінің мүддесін, мақсатын қанағаттандырып отырады. Ол табиғатқа тәуелді болады, бірақ, бұл тәуелділікті біршама бәсеңдетуге, төмендетуге тырысады. Сөйтіп ол табиғаттағы жоқ заттарды қолдан жасап, өзінің қажетілігін, мұқтаждығын қанағатандырады. Осылардың нәтижесінде тұлға табиғаттан біршама тәуелсіз болады.
Қажеттілік – объективті дүниенің даму заңдарының негізгі бір түрі. Осыған орай тұлға қажетілікті терең, жан-жақты түсініп, оны меңгеріп, өзінің ісінде, қызметінде пайдаланып отырады. Екінші жағынан, қажеттілік тұлғаның өмірдегі белсеңділігін, жауапкершілігін арттырудың басты факторларына жатады. Тұлғаның атқаратын іс-әрекеті, қызметі белгілі бір нақты мүдделерді жүзеге асыруға бағытталады.
Кейбір жағдайларда адам жаңа бір әлеуметтік жағдайда өзінің мүдделерін өзгерте алмайтын халге ұшыраса, онда ол өзінің жүріс-тұрмысын, мінез-құлқын өзгертуге, яғни бейімделуге мәжбүр болады.
Бейімделу - өмір сүру жағдайларының өзгерісіне деген сол адамның көзқарасының қалыптасуына көмектеседі, сөйтіп түсініспеушіліктің нәтижесінде пайда болатын шиеленісті жоюға, я болмаса оны бәсеңдетуге жағдай туғызады.
Қажеттіліктің мүддеге айналуы, ал, мүдденің мақсатқа айналуы бұл субъект қызметінің екі сатысы. Мұның әрқайсысы іс-әрекеттің себебі ретінде сипатталады,
Мүдденің мақсатқа айналу сатысында қозғаушы күш ретінде болатын адамдардың ынталары, бастамалары, ниеттері, т.б. маңызды рөл атқарады, осылардың өзара байланыс-қатынастары тұлғаның қызметінің әлеуметтік жағын құрайды. Әлеуметтік іс-әрекеттің, қызметтің сырт көрінісі адамның нақтылы көзқарасынан, жалпы идеологиясынан да байқалады. Тұлғадағы жоғары адамгершілік, құнды, бағалы нұсқаулар, мұраттар, бағдарламалар оны қоршаған әлеуметтік ортаға бейімделу ретінде бола отырып, тұлғаның жоғары кәсіби мамандығын, белсеңділігін, жауапкершілігін, іскерлігін ұдайы арттырып отырады. Бұл қатынастар индивидтің нақтылы қызметінің мәні мен мазмұнын, оның мақсаты мен міндетін қалай түсінетініне, осы қызметтің қажеттілігіне деген сезіміне қарай өзінің қызметінде қанағаттану немесе қанағаттанбау сезіміне сәйкес құрылады.
Жеке адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау жағдайында қалыптасып, іске асырылады.
Әлеуметтік бақылау дегеніміз, оның ішінде құқықтық түрде де реттеу арқылы әлеуметтік жүйені құрайтын элементтердің өзара әрекетін реттеу жолымен қамтамасыз етеді және сол жүйенің өздігінен басқарылу тәсілі болып табылады.
Сол сияқты әлеуметтік бақылау дегеніміз – ол жеке дара адам мен (индивидтің) қоғамның, азамат пен мемлекеттің өзара қатынастарын реттейтін құрал. Әлеуметтік бақылау шеңберіндегі әлеуметтік қатынас дегеніміз, ол – субъект (адам, адмдардың алуан топтары мен бірлестіктері) мен объектінің (сырт дүниенің), жай ғана қатынасы емес, бұлар әр түрлі сипаттағы элементтердің өзара қарым-қатынастары.
Сөйтіп әлеуметік бақылау дегеніміз, ол индивидтердің әлеуметтік тәртібін тек қана саяси мекемелердің ғана тұрғысынан емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік мекемелердің (яғни, білім берудің, мәдениеттің, мораль) тарапынан да реттеу болып табылады.
Әлеуметтік бақылау – топтың, ұжымның, қоғамның тұрақтыдығын, бірлігін сақтайды.
Адамның іс-әрекеті деп, оның мұқтаждығы мен алдына қойған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған әрекеттердің жиынтығын айтамыз.
М. Вебер атап көрсеткендей, адамның мінез-құлқы деп, оынң іс-әрекетінің, қызметінің сыртқы көрінісін айтады. Оның негізгі үш түрі болады:
а) инстинктивті; ә) қарапайым; б) әлеуметтік;
Мінез-құлықтың бірінші және екінші түрі көбінесе саналы, ерікті емес түріне жатады да, оның әлеуметтік мәні болмайды.
Мінез-құлықтың мұндай түрлерін, психология ғылымы зерттейді. Екінші жағынан, кейбір осындай тәртіптің түрлерінде әлеуметтік жақтар болуы мүмкін (мысалы, білместіктен, байқаусызда жасалған қылмыстар). Мінез-құлықтың саналы өз үлгісі тек адамға ғана тән. Ол адамның ақыл-ойының көмегімен еркін бақылауы арқылы іске асырылады. Сондықтан оынң әлеуметтік маңызы және әлеуметтік мәні болады. Мұндайды әлеуметтік мінез-құлық деп санаайды.
Әлеуметтік мінез-құлық әр түрлі болады, олар:
а) индивидуалды (яғни, жеке адамның мінез-құлқы);
ә) ұжымдық – бұл жалпы мұқтаждығы, талап-тілегі және іс-әрекет мақсатының бірлігі кезінде құрылған ұйымдасқан топтың мінез-құлықтары;
б) бұқаралық – бұл бір типті, әрі ұйымдаспаған үлкен бұқара тобының мінез-құлқы.
Жеке адам мінез-құлқының құрылымы үш элементтен тұрады:
а) мотивация, мұқтаждық пен себеп-дәлелдердің көкейтесті мәселелері;
ә) шешімдер, яғни шешімнің мақсаты, оны іске асырудағы құралдарды іріктеп алу, жоспарлау;
б) іске асыру, өмірге ендіру. Бұл қоршаған ортаға әсер ету, болатын нәтижені талдау, іс-қимылдарды жүзеге асыру.
Әлеуметтік мінез-құлықтың өлшемі болып қылық (поступок) саналады.
Қылық – бұл іс-әрекет. Мұның әлеуметтік маңызы және мәні болады. Мысалы, анасы баласына уақытында тамақ бермесе, бұл жағымсыз қылық болып есептеледі.
Әлеуметтік тәртіп белгілі бір әлеуметтік ережелерге (нормаларға) сәйкес келсе, қалыпты дейді. Ал, мінез-құлық нормаға сәйкес келмесе, оны ауытқыған (немесе девиандтық) мінез-құлық дейді. Бұл ауытқуды әлеуметтанудың арнаулы теориясы – ауытқы мінез-құлқының әлеуметтануы зерттейді.
Ауытқу тәртібіне құқық пен мораль прициптерінен кейін кету, оларды бұзу жатады.
Ауытқу тәртібі еңбек, өндіріс саласында, жеке адамдар арасында, ұцымдық қарым-қатынастарда, қызметте, жұмыста, тұрмыс-салтында жиі кездесіп отырады. Мұндай жат қылықтарға бұзақылық, ұрлық, маскүнемдік, нашақорлық, өз-өзіне қол жұмсау, жезөкшелік, т.б. жатады. Мұндай ауытқу мінез-құлықтарына қарсы күрестер еліміздің барлық салаларында алуан түрлі әдістермен қатаң жүзеге асырылуда.