Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 15:41, реферат
Әлеуметтік институт қандай да бір салада қызмет ететін адамдардың жиынтығы және нақты заңдар, басқару шешімдері және практикалық кешендер жүйесі болып табылады. Әлеуметтік институттар индивидтің, топтардың, тұтас қоғамның сұраныстарын, қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Әлеуметтік институтты біздің түсінуімізге батыс социологтарының анықтамалары қайшы келмейді. Әлеуметтік институттың социологиялық сипаттамасы американдық А. және Дж. Теодорсондардың «Қазіргі социологиялық сөздігінде» берілген. Онда ол маңызды әлеуметтік қажеттіліктер мен функцияларды қамтамасыз ету үшін қалыптастырылған және қызмет ететін әлеуметтік рольдер мен нормалардың өзара байланысты жүйесі ретінде қарастырылады.
Жоспар...................................................................................................................3
Кіріспе....................................................................................................................4
Негізгі бөлім........................................................................................................5-12
Қорытынды............................................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................
1) Экономикалық инстиуттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады. Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша – тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады. Еңбек ақы – жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.
2) Саяси институттар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырып отырады.
3) Рухани саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді.
4) Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің
негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы
азаматтың қалыптасцында басты рөл атқарады.
Отбасының берекелі де беркі болуына тұтас
қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
Бұл әлеуметтік институттар арасында
тығыз байланыс бар. Мәселен, мемлекет
тек саяси билікті ғана жүзеге асырып
қоймайды, сонымен қатар экономикалық,
рухани және отбасы салаларының қызметтеріне
де елеулі ықпал етіп отырады.
Қортынды
Әлеуметтік құрылымның басты
элементтеріне: а) өзара тығыз
байланыста, қарым-қатынаста болатын
индивидтер немесе адамдар
Әлеуметтік институттар – бұл басқарудың белгілі бір құралдарына ие, оларды әлеуметтік функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланатын (мысалы, білім беру институты) мекемелердегі тұлғалар жиынтығы. Мазмұны жағынан әлеуметтік институттар-бұл жеке адамдардың белгілі бір жағдайларға тікелей бағытталған тәртіптік стандарттар жиынтығы. Әлеуметтік институттар арқылы қоғамның белгілі бір мүшелері өзінің қажеттіліктерін іске асырады. Әлеуметтік институттарды шешілетін жаттығуларына байланысты бөледі. Әлеуметтік институттарға өндіріс және міндеттерді бөлумен айналысатын мекемелер жатады.
Жоғарыда біз әлеуметтік құрылымының басты элементтеріне әлеуметтік институттар жатады дедік. Әлеуметтік институттар – қоғам мүшелерінің бірлесіп өмір сүрлеруін ұйымдастыру мен реттеп отырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасындағы қарым-қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік инстиуттар қоғамның, адамдардың қажеттілігінен пайда болды.
Информация о работе Әлеуметтік институт түсінігін анықтау, негізгі белгілері