Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 08:34, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі өндірістің төмендеуін тежеу мен тұрақты экономикалық өсу үшін негіз құруға бағытталған нарықтық қайта құру фазасына өтумен сипатталады. Нақ осы мәселе Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді мақсаттар мен стратегияларында көрініс тапқан – “шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтардың жоғары деңгейі тән ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу”.
Осындай нарықтық қоғамда пайда болатын тұрлаусыздық пен тұрақсыздық, экономикадағы үнемі болатын өзгерістер тәуекел тудырады. Әсіресе мұндай жағдай кәсіпкерлікте жиі болады
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Сақтандыру нарығының түсінігі мен мәні..............................................5
1.2 Сақтандыру нарығының құрамы мен құрылымы....................................7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау......................................................................................................................17
2.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары.......................................................21
3. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Сақтандыру нарығының қызмет етуінің шетелдік тәжірибесі........24
3.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары....................................................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................38
2 кесте – Сақтандыру компанияларында өмірді сақтандыру бойынша жасалған сақтандыру төлемдері
№ |
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары |
2007 |
2008 |
2009 |
2009 жылды 2007 жылмен салыстырғанда, % |
1 |
"Альянс-Полис" СК" АҚ |
108 281 |
156 466 |
231657 |
144 |
2 |
" Amanat insurance" СК" АҚ |
29 952 |
53 541 |
110465 |
2,5 |
3 |
"АМСГ" СК" АҚ |
61 740 |
56 018 |
17063 |
-27,6 |
4 |
"Еуразия" СК" АҚ |
248 501 |
498 394 |
669542 |
169,4 |
5 |
"Казахинстрах" КИС" АҚ |
1 016 811 |
2 592 990 |
1810008 |
78 |
6 |
"Алтын-Полис" СК" АҚ |
19 732 |
78 126 |
0 |
0 |
7 |
"Казкоммерц-Полис" СК" АҚ |
189 113 |
481 397 |
550778 |
191,2 |
8 |
"Мұнай сақтандыру компаниясы" АҚ |
317 299 |
388 311 |
396160 |
24,2 |
9 |
"БТА Сақтандыру" АҚ |
1 033 |
724 |
0 |
0 |
10 |
ТұранӘлем Банктің еншілес сақтандыру компаниясы "БТА Қамқорлық" АҚ |
460 218 |
807 383 |
692037 |
50,3 |
11 |
"Коммеск-Өмір" АСК" АҚ |
124 762 |
179 168 |
167813 |
34,5 |
12 |
"НОМАД Иншуранс" СК АҚ |
23 347 |
25 465 |
45788 |
96,1 |
13 |
"ИНТЕРТИЧ" ДС ж МС ҚК" АҚ |
483 629 |
972 502 |
1426874 |
195,1 |
14 |
ТұранӘлем Банктің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы "БТА Өмір" АҚ |
485 992 |
773 622 |
513530 |
5,6 |
15 |
"АТФ Полис" СК " АҚ |
214 278 |
- |
- |
- |
16 |
"PREMIER САҚТАНДЫРУ" АҚ |
783 |
21 845 |
24693 |
3053,6 |
17 |
"Қазақмыс" СК" АҚ |
61 791 |
60 515 |
35483 |
-42,6 |
18 |
"Атланта-Полис" СК" АҚ |
517 |
9 360 |
2703 |
443 |
19 |
"ТрансОйл" СК" АҚ |
8 057 |
1 898 |
2074 |
-74,2 |
20 |
"Нұрполис" Сақтандыру компаниясы" АҚ |
9 292 |
30 146 |
29035 |
212,4 |
21 |
"Лондон-Алматы" СК" АҚ БК |
2 178 |
521 |
1724 |
-21 |
22 |
"Cентрас Иншуранс" СК" АҚ |
19 000 |
60 258 |
53976 |
184 |
23 |
"ӨСК Мемлекеттік аннуитеттік компаниясы" АҚ |
140 777 |
368 730 |
703384 |
399,6 |
24 |
"Астық сақтандыру компаниясы" АҚ |
0 |
0 |
0 |
0 |
25 |
"Виктория" СК" АҚ |
1 530 |
552 |
836 |
-45,3 |
26 |
"АСКО" СК" АҚ |
8 130 |
9 408 |
9304 |
14,4 |
27 |
"НАСКО-Казахстан" ҰСК" АҚ |
0 |
0 |
0 |
0 |
28 |
"Валют-Транзит-Полис" СК" АҚ |
329 |
- |
- |
- |
29 |
"Эко Полис" СК" АҚ |
42 808 |
100 888 |
83920 |
96 |
30 |
"ЭйАйДжи Казахстан" СК" АҚ |
39 678 |
78 315 |
71002 |
78,5 |
31 |
"Казкоммерц-Life" ӨСК" АҚ |
34 746 |
91 342 |
281761 |
711 |
32 |
"Валют-Транзит Life" ӨСК АҚ |
33 372 |
53 400 |
0 |
0 |
33 |
"САЯ" СК" АҚ |
9 757 |
13 712 |
19055 |
95,2 |
34 |
"Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ |
237 |
0 |
0 |
0 |
35 |
"ЦАСО" СҚ" АҚ |
0 |
0 |
0 |
0 |
36 |
"Пана Иншуранс" СК" |
4 524 |
2 921 |
2013 |
-55,5 |
37 |
"Алатау" СК" АҚ |
0 |
0 |
0 |
0 |
38 |
"Халык-Life" ӨСК" АҚ |
10 404 |
59 931 |
449143 |
4217 |
39 |
"Темір Ат" СК" АҚ |
0 |
0 |
0 |
0 |
40 |
"Чешска поиштовна" АҚ ЕК Қазақстан Чех сақтандыру компаниясы - ӨС" АҚ |
102 |
9 308 |
- |
- |
41 |
"Alliance-Өмірді сақтандыру "Сақтандыру компаниясы АҚ |
0 |
20 772 |
85670 |
0 |
42 |
"Allianz Kazakhstan СҚ" АҚ |
- |
159 791 |
85510 |
0 |
43 |
"Астана-финанс"ӨСК" АҚ |
- |
2 169 |
114274 |
0 |
44 |
АО "Медициналық сақтандыру компаниясы "Архимедес - Казахстан" |
- |
19 940 |
264530 |
0 |
Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай өмірді сақтандыру саласы бойынша Қазақстан Республикасында сақтандыру(қайта сақтандыру) ұйымдарының саны 2007 жылы 41 және 2008 жылы 44 болса,ол көрсеткіш 2009 жылы 39 –ға дейін қысқарған. Берілген мәліметтер бойынша «АТФ Полис «СК» АҚ, «Валют-Транзит-Полис «СК» АҚ, «Валют-Транзит Life» ӨСК АҚ және "Чешска поиштовна" АҚ ЕК Қазақстан Чех сақтандыру компаниясы - ӨС" АҚ компаниялары 2007-2009 жылдар аралыгында өз қызметтерін тоқтатқан. Жалпы алғанда соңғы 3 жыл ішінде өмірді сақатандыру компанияларының көбісінде тұрақты өсу байқалады. Мысал келтіретін болса, өз қызметін атқаруымен және де даму темпінің жылдамдығымен елеулі жетістіктерге жеткен бірнещше сақтандыру ұйымдарын атап көрсетуге болады.Осы ұйымдардың ішінде ең көзге түсетін компания "Халык-Life" ӨСК" АҚ болып табылады. Бұл компанияның 2007 ж төлемдері 10404 мың теңгені құраса, бұл көрсеткіш 2009 ж 449143 мың теңгеге жеткен. Осыған байланысты сол жылдар аралығындағы өсімі 4217% құрады. Келесі орынды "PREMIER САҚТАНДЫРУ" АҚ иеленеді. Оның 2007ж төлемдері 783 мың т. болса,2009ж ол көрсеткіш 24693мың т. дейін жетті, ал өсімі 3053,6% жетті. Ал 3 орынды "Казкоммерц-Life" ӨСК" АҚ алды. Оның 2007ж төлемдері 34746 мың т. құраса, 2009ж ол көрсеткіш 281761 мың т. жетті, ал өсімі 771% құрады. Сонымен қатар осы жылдар ішінде керісінше сақтандыру төлемдері төмендеген компаниялар да жоқ емес. Олардың ішінде ең алғашқы орында "ТрансОйл" СК" АҚ тұр. Кестеден көріп отырғанымыздай бұл компанияның 2007ж жүргізген төлемдері 8057мың т. болса, ол көрсеткіш 2009ж 2074 мың т. төмендеген, сәйкесінше осы жылдар аралығында оның төлемдері 74,2% төмендеген. Екінші орынды "Пана Иншуранс" СК" иеленеді. Оның 2007 ж төлемдері 4 524мың т. болса, ал 2009ж ол 2013 мың т. құрады, яғни компанияның төлемдері 55,5% төмендеген. Ал келесі орындарды Виктория" СК" АҚ, "АМСГ" СК" АҚ, "Лондон-Алматы" СК" АҚ БК компаниялары өзара бөліскен. Олардың төлемдері сәйкесінше 42,6%, 27,6% және 21% төмендеген. Өкінішке орай, бұл берілген тізімде мүлдем 3 жыл бойына да ешқандай іс жүргізбеген компаниялар да бар. Олар: "ЦАСО" СҚ" АҚ, "Астық сақтандыру компаниясы" АҚ, "Темір Ат" СК" АҚ және т.б компаниялар болып табылады.
2.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары.
Бүгінгі таңда сақтандыру нарығының даму проблемаларының негізгілері болып республикада өмірді және жеке басты сақтандырудың басқа түрлерінің, сақтандыру ұйымдарын корпоративті басқару жүйелерін енгізудің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметі туралы статистикалық және өзге де мәліметтер базасының қол жетерлігін қалыптастыру мен қамтамасыз етудің жеткілікті түрде дамымауы табылады.
Сақтандыру секторының проблемаларының ішінде келесілерді атап өткен жөн:
Сақтандыру нарығының құқықтық базасындағы едәуір өзгерістердің, сондай-ақ жоғарыда атп өткен проблемаларды шешу жолындағы шаралар ішінде Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамытудың 2006-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын ерекше атап өткен жөн. Мақсаты – ұлттық сақтандыру индустриясын одан әрі реформалау. Бағдарламаның алдына қойған негізгі жұмыстары:
Осы бағдарламадан күтілетін нәтижелер:
Сақтандыру ұйымдарының қызметінің стандарттарын белгілеу, ұжымдық басқаруды жақсартуды ынталандыру және жинақтаушы өмірді сақтандыруды дамыту үшін ынталандырушы жағдайлар қалыптастыру мақсатында 2004 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасының салық салу бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы” Заңына бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы Заң бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ұжымдық табыс салығының мөлшерлемесін алынуға тиіс сақтандыру сыйақыларының сомасынан 2%-нан 1%-ға төмендетті. Сондай-ақ, 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалар мен оларға жұмыс берушілерді жинақтаушы сақтандыруға, соның ішінде аннуитеттік сақтандыруға деген қызығушылығын жоғарылату мақсатында келесідей өзгерістер күшіне енді:
Нарықтың негізгі көрсеткіштерін, соның ішінде нарық сыйымдылығын арттыру және шетелде қайта сақтандыру үлесін төмендетуді ынталандыру мақсатында Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігі сақтандыру ұйымдарының капитализациялаудың үш жылдық жоспарын дайындады. Сонымен қатар, осы бағдарламаның мақсаты болып сақтандыру ұйымдарының жеткіліктілігінің негізгі көрсеткіштерін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру табылады. Бұл өз кезегінде ұйымдардың қаржылық жағдайын нығайтуға және сақтанушылардың тарапынан сенімділіктің жоғарылауына көмегін тигізеді. Жаһандану және интеграция жағдайларында эффективті сақтандыру секторы жалпы инвестициялық қызықтылығы жағынан да, жеке ірі жобаларды жүзеге асыру жағынан да тиімді. Кешенді түрде сапалы сақтандыру қор нарықтарындағы қаражаттардың шоғырлануына, арзандау несие ресурстарын тартуға және шетел компанияларымен келісім-шарт жасасуға көмегін тигізеді.
Қазіргі кезде әлемдік тәжірибені пайдалану, жаһанды масштаб бағдарламаларына қатысу қажеттілігі анық көрінуде. Және де қазіргі кездегі Қазақстанның сақтандыру нарығындағы позитивті тенденцияларды қарай отырып, 2010 жылға қарсы біз әлеуметтік және қаржылық қауіпсіздікті максималды қамтамасыз ететін жан-жақты дамыған қаржы қызметтерінің нарығына жетеміз деп айтуға болады.
3. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Сақтандыру нарығының қызмет етуінің шетелдік тәжірибесі
Шетелдік тәжірибе ретінде мен еліміздің экономикалық, саяси және басқа
да қатынастары бойынша серіктес елдерінің сақтандыру нарықтары жайлы айтқым келіп отыр. Осылайша, мен Қытай Халық Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының нарықтарын қарастырып өтпекпін.
Қытай Халық Республикасының сақтандыру нарығы. Сақтандыру нарығы Қытайдың ақша-несие нарығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қытай Халық Республикасындағы сақтандыру негізінен мүлікті сақтандыру, азаматтық жауапкершілікті сақтандыру, кепілді сақтандыру және жеке сақтандыру сияқты төрт негізгі сақтандыру түріне бөлінеді. Қазіргі кезде Қытайда сақтандыру компаниялары сақтандырудың 400 түрі бойынша қызмет көрсетеді. Қытайдың сақтандыру мекемелерінің ішінде ерікті және міндетті болып бөлінетін қайта сақтандыру операциялары кеңінен тараған.
Реформалардың тереңдеуі және Қытай Халық Республикасының сақтандыру нарығының ашыла түсуіне байланысты сақтандыру операцияларының, әсіресе өмірді сақтандыру операцияларының қарқынды дамуы өтіп жатты. Егер 2006 жылы өмірді сақтандырудан түсетін табыстар сақтандыру табыстарының 55%-н құраса, 2007 жылы 60%-ды құрады. 2007 жылы Қытай Халық Республикасының сақтандыру саласының табыстары 124,7 млрд юань (15 млрд $), оның ішінде 49,96 млрд юань (8,2 млрд $) - мүлікті сақтандырудан, 68,3 млрд юань (8,2 млрд $) - өмірді сақтандырудан түссе, қалған сақтандыру операцияларынан түскен табыс - 6,5 млрд юань немесе 783 млн $ құрады. Дәл сол жылы мүліктік нұқсандар бойынша және қысқа мерзімді жеке сақтандыру бойынша өтемдер 31,8 млрд юань (3,8 млрд $) құрады. Өмірді сақтандыру бойынша өтемдер 23,8 млрд юань немесе 2,9 млрд $ құрады. Қытай Халық Республикасының ұлттық экономикасындағы сақтандыру саласының үлесі жылдан-жылға өсуде. Осылайша, ЖІӨдегі сақтандыру саласының үлесі 2002 жылы 0,25%-дан 2007 жылы 1,48%-ға дейін өсті. Соңғы 6 жылы Қытай Халық Республикасының сақтандыру саласының орташа жылдық өсу қарқыны 34% құрайды. Бұл жайлы 4-кесте мәліметтерінен көруге болады.
3 кесте - Қытайдағы сақтандыру саласының 2002-2007 жылдардағы табыстары. (млрд юань)
Жыл |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
Табыс |
59,5 |
77,7 |
108,0 |
124,7 |
210,9 |
388,0 |
Информация о работе Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары