Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:15, курсовая работа
Бұл курстық жобада өндірістік қалдықтар негізінде алынған керамикалық кірпішті өндіретін цехтың жобасы көрсетілген. Бұл курстық жобада кірпіштің маркасы мен түрлері МЕСТ талаптары бойынша жобаға тиімді бұйым алу жолдары қарастырылған. Мұнда кірпіштің қасиеттеріне тереңірек мәлімет берілген.
Аннотация……………………………………………………………………
Нормативтік сілтеме…………………………………………………..
Анықтамалар ………………………………………………………….
Негізгі белгілеулер мен қысқартулар ……………………………….
1. Кіріспе…………………………………………………………….
2. Өнім номенклатурасы…………………….……………………...
3. Шикізат материалдарының сипаттамасы……………………….
4. Өндірісті әдісті таңдау…………………………………………….
5. Құрал жабдықтың техникалық сипаттамасы..………………….
6. Өндірістің жұмыс істеу режимі…………………………………..
7. Өндірістік бағдарлама және жобалық қуаттылық………………
8. Шикізат құрамын анықтау………………………………………
9. Шикізат өндірісінің материалдық балансы…………………….
10. Технологиялық процесс………………………………………….
10.1. Массаны дайындау……………………………………………
10.2. Қалыптау………………………………………………………
10.3. Шикізатты кептіру………………………………………………
10.4. Бұйымды күйдіру……………………………………………
11. Өнімнің сапасын бақылау……………………………………….
12. Қондырғыларды есептеу…………………………………………
13. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелері………………
14. Қоршаған ортаны қорғау…………………………………………
15. Қорытынды…………………………………………………………
16. Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………
МАЗМҰНЫ
Аннотация………………………………………………………
Нормативтік сілтеме……………………………
Анықтамалар ………………………………………………
Негізгі белгілеулер мен
1. Кіріспе……………………………………………………………
2. Өнім номенклатурасы…………………….…………………
3. Шикізат материалдарының
4. Өндірісті әдісті таңдау…………………
5. Құрал жабдықтың техникалық сипаттамасы..………………….
6. Өндірістің жұмыс істеу режимі…………………………………..
7. Өндірістік бағдарлама және жобалық қуаттылық………………
8. Шикізат құрамын анықтау………………………………………
9. Шикізат
өндірісінің материалдық
10. Технологиялық процесс………………………………………….
10.1. Массаны дайындау……………………………………………
10.2. Қалыптау………………………………………………………
10.3. Шикізатты кептіру………………………………………………
10.4. Бұйымды күйдіру………………………………………
11. Өнімнің
сапасын бақылау………………………………………
12. Қондырғыларды есептеу…………………………………………
13. Еңбекті қорғау және
техника қауіпсіздік ережелері…
14. Қоршаған ортаны қорғау…………………………………………
15. Қорытынды………………………………………………………
16. Қолданылған
әдебиеттер тізімі…………………………………
АННОТАЦИЯ
Бұл курстық жобада өндірістік қалдықтар негізінде алынған керамикалық кірпішті өндіретін цехтың жобасы көрсетілген. Бұл курстық жобада кірпіштің маркасы мен түрлері МЕСТ талаптары бойынша жобаға тиімді бұйым алу жолдары қарастырылған. Мұнда кірпіштің қасиеттеріне тереңірек мәлімет берілген.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕ
МЕСТ 7025-91 Керамикалық кірпіш пен тастар
МЕСТ 8462-85 Қабырғалық материалдар
МЕСТ 530-80 Керамикалық кірпіш пен тастар
НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ББЗ- беттік белсенді заттар
кг/м³ – тығыздықтың өлшем бірлігі
m – үлгі немесе бұйым массасы, кг
w – үлгі немесе бұйымның ылғалдылығы
т.б. – тағы басқалары
АНЫҚТАМАЛАР
Керамикалық деп – минералды
сазды шикізаттан дайындалатын,
қалыптау және тасты күйге
дейін күйдіруден алынатын
Саздар
деп құрамы өте майда
Сазбалшық – ылғал күйінде оңай қалыпталатын, кепкеннен кейін қатты және мортты болатын, оған берілген форманы (күйді, қалыпты) сақтай отырып, ал күйдіргеннен кейін су сіңіруді жоғалтатын және қайтымсыз тасты күйге ауысатын шөгінді тау жынысы.
1. Кіріспе
Қазақстанда экономикалық және қоғамдық даму бағыты бойнша құрылыс материалдарының өнеркәсібі алдында келесідей мақсат қойылған: тиімді құрылс материалдарын дамыту,шикізаттар,күйінділер және басқа да құрылыс материалдарының қалдықтарын өндіру, бес жыл ішінде өнімнің өзіндік құндылығын 4-5 пайызға төмендету. Екілік ресурстарды қолдану,оларды өндірістік қалдықтары секілді емес,ал бағалы шикізат ретінде қолдану.
Керамика деп
"keramik" грек сөзі (керамос- саз
деген сөден шыққан) - қыш өнері
деген мағынада.Керамикалық
Өндіріс
қалдықтары мен әртүрлі жанама
өнімдерді пайдалану, әсіресе
кондициялық шикізаттың қазба
қорының азайып бара жатқанын
есепке алғагда экономикалық
жағынан маңызы зор.Бұдан
Керамикалық
кірпіш пен тас өндірісінде
қоспа болып ЖЭС күл-уносы,
Керамикалық
материалдар көптеген
Күйдіру
денесінің құрылымына қарай
Керамикалық бұйымдар құрылымының біртектілігіне қарай сындырғанда, дәнді макроқұрылымы әртекті болып келетін дөрекі керамика (кәдмгі кірпіш, кеуекті кірпіш, қуысты тастар, жол кірпіші, канализациялық кірпіштер, қыш), макроқұрылымы біртекті болатын жұқа керамика, осыған қоса бұйымдар кеуекті (қасбетті және қаптау глазуртленген плиткалар, көптеген санитарлы-техникалық бұйымдар) және тығыз (жартылай фарфор, еденге арналған плиткалар, қышқылға төзімді кірпіш) болуы мүмкін.
Табиғи жағдайда топырақты балшық, көп тараган және керамика өндірісінде қолданылатын жалғыз ғана шикізат деп саналады. Оны сумен араластырғанда, әр түрлі пішіндерді жеңіл қабылдайтын иілгіш балшыққа айналады. Kepeктi пішінді қабылдап болған соң, жоғарғы температурада күйдіріледі, нәтижесінде әр түрлі құрылыс материалдары, тұрмыстық заттар мен сәулеттк бөлшектер алынады.
Керамикалық бұйымдар өндірісінің даму тарихы өте көне заманда басталған. Ертеректе кабырғаны қалауда тұраланған сабанмен каңқаланған және ағаш балауызы немесе асфальтпен қаныққан күйдірілмеген балшықты кірпіштерді колданған.
Құрылыста колданылатын керамикалық бұйымдар өздерінің тығыздығына орай екі топқа бөлінеді: қуысты және тығыз. Қуыстыларға су өткізгіштігі 5 % көп бұйымдар жатқызылады. Мысалы, әр түрлі кірпіштep, әшекейленбеген керамикалық каптағыш плиталар, ағынды судағы дренажды құбырлар, черепица, керамзит және басқа кеуекті керамикалық бұйымдар.
Тығыз керамикалық материалдарға су өткізгіштігі 5% кем бұйымдар жатады. Мысалы, әшекейленген және клинкерлі балқымалы коспадан қалыпталған бұйымдар, жол құрылысында қолданылатын қырлы кеспелі тастар, санитарлы тазалық тораптарға және еденге керекті қаптағыш плиткалар.
2 .Өнім номенклатурасы
Мемлекеттік стандартқа сәйкес кірпішке қойылатын талаптар: кірпіштің өлшемдері (мм) : ұзындығы 250; ені 120; қалыңдығы 88 немесе 65 болуы керек. Беріктігі (кг/см2) бойынша кірпіш мынадай маркаларға бөлінеді: 300, 250, 200, 150, 125, 100, 75. Көлемдік салмағы 1700 бен 1800 кг/м сағ град, су сіңіруі кірпіш салмағының 8% аз емес болуы керек. Аязға төзімділігі алма-кезек -150С қатыру мен 15±50С температурада еріту кезінде 15 цикл болуы керек.
Керамикалық кірпіш нағыз стандарт талаптарына сәйкес келуі керек, бекітілген кезекпен технологиялық регламентпен өндірілуі керек.
Тұтынушы мен өндіруші арасындағы келісім бойынша кірпішті бір беттік қабатпен де шығаруға болады.
Жобада өедірілетін керамикалық қабырғалық кірпіш мемлекеттік стандартқа сәйкес: өлшемдері 250×120×65 мм Шартты өлшемдерінің қателіктері келесі жағдайлардан асып кетпеуі тиіс: ұзындығы бойынша ±5(±7)мм,ені бойынша ±4(±5)мм, кірпіштің қалыңдығы бойынша ±3мм
Кірпіш және тастар, орнатылған тәртіппен бектілген, технологиялық регламенттер бойынша дайындалып және нағыз стандарт талабына сай болу қажет.
Кірпіш және тастар пішіні, өлшемі, бұйымдағы қуыстық орналасуы, сыртқы қабырғасынынң қалыңдығы, цилиндрлі қуыстың диаметрі, тесікті қуыстың ендері, сыртқы көрсеткіштері бойынша бұйым бетінен ауытқу бойынша МЕСТ 530 – 90 сай барлық талаптарға сай болуы қажет.
Кірпіш және тастардың үстіңгі бетінде жарықтар болмауы қажет.
Кірпіште және таста екі үстіңгі беті болады үшкірлі және қасықты. Тұтышушымен дайындаушы кәсіпорынның келісімі бойынша, кірпіш және тастарды бір ғана бетімен шығарады.
Кірпіш және тастардың су жұтуы 6 % кем болмау керек және карбонат құрамды саздарға -12%, диатомит қосқан саздарға -20%, қалған саздарға -14%.
Кірпіш және тастар суыққа төзімді болуы қажет және сумен қаныққан жағдайда қандай да бір зақымданусыз шыдауы тиіс;
Мр3 25 маркасы үшін –мерзімді қатайту және ерітудің 25 циклі.
Мр3 35 маркасы үшін –35 цикл.
Мр3 50 маркасы үшін –50 цикл. Беріктігі 1800 кг/м3. Аязға төзімділігі 35 цикл.
Сапасы жоғары категориялы керамикалық кірпіш алу үшін жоғрыда айтылған талаптардың барлығына сай келуі тиіс.
3. Шикізат материалдарының сипаттамасы
Керамикалық бұйымдарды жасардасаздық массаны, әдетте илеуі, жұмсақ саздан, каолиннен және жұмсақ емес қоспалардан тұратын құрамалардан дайындайды. Саздар мен каолиндерді керамикалық өндірісте саздық материалдар деп біріктіре атайды. Кейбір керамикалық бұйымдарды өндірерде диатомиттерді, трепельдер мен таза немесе саз қосылған сланецтарды және т.б. қоспаларды қосады. Сазбалшық – ылғал күйінде оңай қалыпталатын, кепкеннен кейін қатты және мортты болатын, оған берілген форманы (күйді, қалыпты) сақтай отырып, ал күйдіргеннен кейін су сіңіруді жоғалтатын және қайтымсыз тасты күйге ауысатын шөгінді тау жынысы.
Сазбалшық – құрамында каолинит Al2O3•2SiO2•2H2O, монтмориллонит Al2O3•4SiO2•H2O•nH2O, иллит (гидрослюда) K2O•MgO•Al2O3•7SiO2•2H2O және тағы басқа сазбалшықты минералдардан тұрады. Ол минералдар сазбалшыққа пластикалық-иілгіштік қасиеттер береді және оның құрамында кварцты, карбонатты, темірлі, сульфатты, органикалық ерігіш тұздар және тағы басқа қосылмалар да болады. Балшықтағы химиялық және минералогиялық қасиеттерінің өзгеруіне орай керамиканың физика-механикалық құрылыстық қасиеттері және түсі өзгереді.
Сазбалшықтың қасиетіне қосылмалар үлкен әсер етеді. Al2O3-пен байланысқан SiO2-нің көп мөлшерінде сазбалшықты минералдарға саздың байланысу, жабысу қасиеттері азаяды, күйдірілген бұйымның кеуектері көбейіп, оның беріктігі төмендейді.
Сазбалшықтың ең негізгі қасиеттерінің бірі – олардың сумен қатынасқанда (пластикалық, тұтқырлық қасиеттері), бұйымдарды кептіргенде (ауалық шөгу) және оларды күйдіргендегі (оттық шөгу, отқа төзімділіг, пісу) көрсететін қасиеттері. қалыпталып, кептіргендегі шөгуі өте үлкен болады. Сазбалшықтың иілгіштігін қалыптастырып өзгерту үшін: кептіргенде өте қатты шөгетін пластикалық жүдеудеткіш қоспалар қосу; жұқа сазға иілгіштігі жоғары сазды немесе пластифицирлеуші қоспалар енгізу; арнайы тәсілдермен сазды өңдейтін механикалық құрадарда сазбалшықты ылғалдап, вакуумдап, оны бумен өңдеуге болады.