Торапты газ құбырларының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2015 в 12:21, реферат

Краткое описание

Компанияның құрамына 3 жер асты газ қоймасы (ЖАГҚ) кіреді. Олардың ең ірісі Ақтөбе облысында орналасқан Бозой ЖАГҚ. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Полторацкое ЖАГҚ, Жамбыл облысындағы Ақыртөбе ЖАГҚ жұмыс істейді. Жер асты газ қоймалары қысқы маусымдарда, сондай-ақ газ жеткізу көлемдері азайған кезеңдерде тұтынушыларды табиғи газбен қамтамасыз етуге арналған.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................2
1 УМГ Бейнеу кен орнында газ тасымалдау жүйесі............................................4
2 Интергаз Орталық Азия.......................................................................................5
3 Торапты газ құбырларының жалпы сипаттамасы.............................................9
3.1 Компрессорлық станциялардың тағайындалуы...........................................10
3.2 Газ турбиналы жетегі бар ГТА пен компрессорлық станцияның бірігуі...12
3.3 Торапты газ құбырларындағы газ турбиналы жетегі бар компрессорлық станцияның технологиялық сұлбасы...................................................................13
4 Автоматтандырудың техникалық құралдарын таңдау...................................19
5 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы.....................................................20
6 Шама бірлік Эталоны........................................................................................21

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............................................27

Вложенные файлы: 1 файл

Практика.docx

— 329.18 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.......................................................................................................................2

1 УМГ Бейнеу кен орнында газ тасымалдау жүйесі............................................4

2 Интергаз Орталық Азия.......................................................................................5

3 Торапты газ құбырларының жалпы  сипаттамасы.............................................9

3.1 Компрессорлық станциялардың тағайындалуы...........................................10

3.2 Газ турбиналы  жетегі бар ГТА пен компрессорлық  станцияның бірігуі...12

3.3 Торапты газ  құбырларындағы газ турбиналы  жетегі бар компрессорлық станцияның технологиялық сұлбасы...................................................................13

4 Автоматтандырудың  техникалық құралдарын таңдау...................................19

5 Еңбекті қорғау және  қауіпсіздік техникасы.....................................................20

6  Шама бірлік Эталоны........................................................................................21

 

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

«Интергаз Орталық Азия» АҚ 1997 жылы шілде айында құрылған. Компания өз концессиясына берілген Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін тікелей басқарады және «ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) компаниялар тобының  құрамына кіреді.

 

«Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметінің негізгі бағыттары магистральдық газ құбырлары жүйесін пайдалану әрі техникалық күту және ішкі тұтынушыларға табиғи газ тасымалын жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық транзит болып табылады.  Нақты алғанда «Интергаз Орталық Азия» республикада жалпы ұзындығы 14 мың км барлық магистральдық газ құбырларын бақылайды. Ұдайы жаңартып отыру арқылы газ құбырларының өткізу қабілеті үнемі өсіп отырады.  Компания газды Қазақстанның аумағы бойынша 14 магистральдық газ құбырымен тасымалдайды. Газ тасымалын алуан түрдегі және үлгідегі 291 газ айдайтын агрегат орнатылған 24 компрессорлық станция жүзеге асырады.  Газ құбырларының ең ірісі «Орта Азия-Орталық» МГҚ, оның бір желідегі ұзындығы жиынтығында 4892 км құрайды. 

Компанияның құрамына 3 жер асты газ қоймасы (ЖАГҚ) кіреді. Олардың ең ірісі Ақтөбе облысында орналасқан Бозой ЖАГҚ. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Полторацкое ЖАГҚ, Жамбыл облысындағы Ақыртөбе ЖАГҚ жұмыс істейді. Жер асты газ қоймалары қысқы маусымдарда, сондай-ақ газ жеткізу көлемдері азайған кезеңдерде тұтынушыларды табиғи газбен қамтамасыз етуге арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Интергаз  Орталық Азия" АҚ газ тасымалдау  жүйесінің құрылымы

«ИОА» АҚ газ тасымалдау жүйесін филиалдары - магистральдық газ құбырлары басқармалары (МГҚБ) пайдаланады:       

1. «Атырау» МГҚБ:

«Орта Азия-Орталық» МГҚ, «Мақат-Солтүстік Кавказ» МГҚ.

2. «Орал» МГҚБ:

«Союз» МГҚ, «Орынбор-Новопсков» МГҚ, «Орта Азия-Орталық» МГҚ.

3. «Ақтөбе» МГҚБ:

«Бухара-Орал» МГҚ, «Жаңажол-Октябрьск-Ақтөбе» газ құбыры, «Қарталы-Рудный-Қостанай» газ құбыры, «Жаңажол-КС-13».

4. «Оңтүстік»  МГҚБ:

«Бухара Газды Ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы» МГҚ, «Газли-Шымкент» МГҚ.

5. «Қызылорда»  МГҚБ:

«Ақшабұлақ-Қызылорда» газ құбыры.

6. «Ақтау» МГҚБ:

«Орта Азия-Орталық» МГҚ, «Окарем-Бейнеу» МГҚ.

7. «Тараз» МГҚБ:

«Бухара Газды Ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы» МГҚ, «Амангелді-КС-5».

8. «Инженерлік-техникалық  орталық» филиалы

9. Шымкент қ. Оқу-курстық  комбинат

10. Апаттық-қалпына  келтіру жұмыстары және арнайы техника басқармасы

 

 

 

1 УМГ Бейнеу кен орнында газ тасымалдау жүйесі

Нағыз технологиялық процесс тоқтаусыз жұмыс істеу мен технологиялық циклдің аяқталғандығымен сипатталады.УМГ Бейнеу кен орны СНиП 45-78 бойынша жарылыс қаупі бар өндіріс қатарына жатады және өндіріс орындары ПУЭ бойынша қондырғыларымен жабдықталған А және Б категорияларына жатады.

УМГ Бейнеу кен орны өнімі құрамына абсорберде триэтиленгликольмен (ТЭГ) құрғатылған қышқыл газ кіреді.Газ бойында метан (СН4),пропан (С3Н8),ілеспе газдарда бар,сероводород (Н2S) және көмірқышқылы (СО2)болады және тағыда басқа.Көмірқышқылы газды қайта пластка енгізу мақсатында компрессор станциясына беріледі.

Максималды жылдық өндіріп алу көлемі:

-конденсат 5,0 млн. т/жыл;

-газ 4,0 млрд им3/жыл.

Максималды газды газды қайта пластқа енгізу көлемі:

3,6млрд им3/жыл.

УМГ Бейнеу зауытының құрамына келесі технологиялық құрылғылар мен ғиматтар кіреді:

-газ тасмалдау құбыры;

-тестілеу сепараторлары  мен үшфазалы сепараторлар алаңы;

-отты сепараторлар мен  от алаңы;

-газды құрғату алаңы;

-газды қайта жүктеу  жүктеу жүйесінің алаңы;

-конденсатты босату алаңы;

-жағармайлық газ дайындау  алаңы;

-коррозия ингибитор алаңы;

-КИП жүйесі;

-электр жүйесі;

-ЛС жүйесі;

-оператор машинист жүйесі;

Кен орындары газ өндіру және өңдеу үш негізгі технологиялық құрылғыларда жүреді,өнімді экспорттау үшінде негізгі үш маршрут қолданылады.Кенішті пайдалануда компания ең жаңа кейбір жағдайларда жаңашыл технологиялар қолдануда.Мысалы,КАЗТРАНСГАЗ кен орнында тазаланып,құрғатылған газды  жер қойнауына күштеп қата жіберу технологиясы алғаш болып қолданылады.Бұл технология көмірсутегін көп көлемді өндірудегі жоғары нәтижелілігін көрсетті және де елімізге экономикалық тұрғыдан көп пайда келтірді.

 

2 Интергаз Орталық Азия

Транзиттік газ әлеуетінің Қазақстан үшін стратегиялық геосаяси және экономикалық маңызы зор. Сондықтан да, табиғи газдың халықаралық транзитінің өсіп келе жатқан көлемдерін қамтамасыз ету және құбыр жүйесінің қолда бар активтерін неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында "Интергаз Орталық Азия" компаниясының қызметінде, Қазақстан Республикасы аумағынан өтетін газ тасымалдау магистралінің транзиттік қуатын дамыту басым болып табылады.  

"Интергаз Орталық Азия" АҚ  қолданыстағы газ тасымалдау  желілерін қайта құру мен жаңартуға  ауқымды қаражат жұмсауда. Соның  нәтижесінде еліміздің аумағынан  өтетін газ құбырларының газ  өткізу қабілеті үнемі көтерілуде. 

Жаңа технологияларды қолдану, заманауи құрылғыларды, қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ететін механизмдер мен жабдықты енгізу, технологиялық процестің сенімділігі, үнемділігі және мүлтіксіздігі Компания жұмысының негізгі қағидалары болып табылады. 

Қазақтандық газ қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі, жоғары біліктілігі және күш-қуаты – Қазақстан Республикасының газ тасымалдау саласындағы табыстар кепілі. Автоматтық реттеу, орналастыру, сигналды өңдеу есептерін өз бетінше шешу мүмкіндігі бар функционалдық модульдер (FM). Функционалдық модульдер интеллектуалдық модуль болып табылады. Олар алдын ала орнатылған микропроцессормен жабдықталған және БЛК орталық процессорының істен шығуы кезінде де оларға орнатылған функцияларды орындай алады.

 

 

2009 жылы «ҚазМұнайГаздың» мұнай  мен газ конденсатын өндірудің  шоғырландырылған көлемі 18,7 млн. тоннаны  құрады, бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 4%-ға  артық.

1-сурет

2011 жылғы 1 қаңтардағы деректер  бойынша «ҚазМұнайГаз» АҚ дәлелденген  қалған мұнай қоры (қатысу үлесін  есепке алғанда) 791,3 млн. тонна мұнайды  құрады, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бекітілген  Даму стратегиясынан мұнай қорын  ұлғайту негізінен кен орындарының  қорын қайта есептеу және өндірілетін  активтерді барлау есебінен жүргізілді.

2010 жылы ГБЖ аясында  Новобогатинск Ю-В құрылымының  Лиман блогында өнеркәсіпте мұнай  құйылымдары алынды және Ракуша  теңізі құрылымындағы Н блогында  мұнай-газдылық расталды, КТ-2 корбонаттық  қалыңдық бойынша мұнай-газдылық  және Өріктау кен орнының девоны  расталды. Жүргізілген сейсмикалық  зерттеулер нәтижесі бойынша  жаңа перспективті құрылымдар  және барлау учаскелері мен  құрғақтағы жерлер белгіленді.

«ҚР шөкпе бассейндерін кешенді зерттеу» жобасы бойынша жұмыс жалғасуда және 2011 жылы Каспий маңындағы шұңқыр, Маңғышлақ және Оңтүстік Торғай бойынша мұнай-газ перспективтілігінің сандық болжамы болжануда, сондай-ақ геологиялық-геофизикалық материалдар сараптамасы бойынша жұмыс жалғасуда.

Сондай-ақ, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Даму жоспарына сәйкес геологиялық барлау жұмыстары жалғасуда.

  Шикізаттық базаның озық өсуін қамтамасыз ету және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен оның еншілес компаниялары мұнайгаз жобаларына геологиия техникалық монитроинг жүргізу. Олардың жобаларын есепке ала отырып, 2004 жылы қарашада геологиялық техникалық қызметі (ГТҚ) құрылды.

Компанияда көмірсутектің әлеуетін кеңейту шаралары үшін жоспар құрастырылған және іс жүзінде жүзеге асуда.

Бұл жоспар:

  • мұнай және газ кен орындарындағы іздестіру және барлау жұмыстарын және жердегі және теңіз блоктарындағы келісімдік аймақтардағы барлауға дейінгі жұмыстарды қамтитын геологиялық барлау жұмыстарын;

  • жер қойнауын пайдалануға, перспективалық алаңдардағы көмірсутектерді барлауға және өндіруге құқық алуға;

  • жаңа және қолданыстағы мұнай-газ жобаларындағы геология және геофизика саласына қатысуға;

  • құрылықта және теңізде көмірсутегі шикізатын ресурстарын бағалау жөніндегі ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізуге;

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) және мұнай-газ жобаларының Ұлттық деректер банкі деректерінің корпоративтік базасы – жобалары бойынша геологиялық-геофизикалық деректер базасын құруға қатысу үшін біріктіреді.

Мұнай-газ жобаларының геологиялық-технологиялық мониторингі аясында ірі мұнай-газ жобалары, атап айтқанда, көмірсутегі кен орындарын барлау, бағалау, игеру және әзірлеудің технологиялары бойынша жылдық және перспективалық бағдарламаларды қарау жүзеге асырылады.Бұл әрекеттер кен орындарының құрылатын және үнемі жұмыс істеп тұрған геологиялық және гидродинамикалық үлгілері резервуарларының сүзгіштік-сыйымдылық қасиеттерінің параметрлерін анықтаудың дәлдігі мен анықтылығын арттыруға бағытталған. Оның мақсаты:

  1. көмірсутегі ресурстарын орынды игеру;

  1. жобалардың экономикалық тиімділігін арттыру, нәтижесінде Қазақстан Республикасы үшін экономикалық тиімділікті арттыруға бағытталған.

Мониторинг мүнай-газ жобаларының және еншілес кәсіпорындардың операторларының техникалық комитеттерінің, жұмыс топтарының көмірсутегі қорларын бағалау немесе қайта есептеу жөніндегі, кен орындарын әзірлеу бойынша жобалық құжаттарға талдау жасау отырыстарына және басқа да шараларға қатысу арқылы жүзеге асырылады.

ГТҚ барлау және әзірлеу жобаларының корпоративтік басқаруға және олардың мониторингіне, сондай-ақ жаңа инвестициялық блоктарғаарналған конкурстарға қатысты келіссөздер жүргізуге және оған дайындық жасауға қатысады.  
 Ірі мұнай-газ жобаларының геологиялық-барлау жұмыстарын оңтайландыру міндеттеріне және технологиясын меңгеруге, геология барлау жұмыстарына барлау әдістерін енгізуге, резервуар параметрін болжауға және бағалауға, мұнай және газ орындарын тиімді игеруге, ғылымның техникалық заманауи деңгейінде болу және компьютердің жаңа технологиясын қолдану ескеріле отырып, үлкен көңіл бөлінеді.  

Компанияда геологиялық-геофизикалық және ұңғымалық деректерді, геологиялық және гидродинамикалық үлгілерді көру және оларға талдау жасау үшін жаңа үлгідегі компьютерлік технологиялар пайдаланылады, бағдарламалық құралдармен жұмыс бойынша мамандар сабақ береді. Бұл жобалардың операторлары орындаған зерттеулер нәтижелерін оңтайлы режимде орындауға, кен орындарын барлау және әзірлеу бойынша кепілдемелер және ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді, ол кен орындарының барлық сатысында жүргізіліп жатқан мұнай операцияларының экономикалық нәтижесін арттыруға тиіс.  
Көмірсутегі шикізаты ресурстарын бағалау жөніндегі ғылыми-математикалық зерттеулер Қазақстан Республикасының келісім жасалған және перспективалы мұнай-газ бассейндерінде -құрылықта да, теңізде де жүргізіледі.

Бұл ретте жаңа және қолданыстағы геологиялық-геофизикалық деректерді қайта өңдеу, талдау және жинақтау орындалады, Жерді қашықтықтан байқап көру аэроғарыштық әдістері қолданылады, шөгінді бассейндердің, перспективалы құрылымдардың, объектілер мен кен орындарының геологиялық үлгілері қалыптастырылады немесе нақтыланады, көмірсутегілерінің перспективалы ресурстары мен қорлары нақтыланады.

Қазақстан Республикасының құзыретті органымен жүргізілген тікелей келіссөздер нәтижесінде Р-9, Р-24 (Терескен) блоктары бойынша, Темір (Ақтөбе облысы) учаскесі бойынша, Қаратон-Сарқамыс (Атырау облысы) блогы бойынша, Өзен және Қарамандымас (Маңғыстау облысы) кен орындарына іргелес жатқан аумақтар бойынша келісімдерге қол қойылды. Қазіргі кезде Темір, Қаратон-Сарқамыс, Өзен-Қарамандыбас, Терескен жобалары бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ-ға беру рәсімдері жүзеге асырылуда.

  2014 жылдың 1-тоқсанында «Интергаз Орталық Азия» АҚ («ҚазТрансГаз» АҚ құрамына кіреді) магистральдық газ құбырларымен газды тасымалдаудың жалпы көлемі 23,8 млрд. м3 құрды. 
Магистральдық газ құбырлары желісін тиімді пайдалану Компанияға 2014 жылы газды тасымалдау жоспарын 102%-ға орындауға мүмкіндік берді.  
«Интергаз Орталық Азия» АҚ магистральдық газ құбырларымен газды тасымалдаудың жалпы көлемінде газды ішкі тасымалдаудың меншікті салмағы 18% (4,4 млрд. м3), халықаралық газ транзиті – 72% (17,1 млрд. м3), газды экспортқа тасымалдау – 10% (2,3 млрд. м3) құрды.  
«Интергаз Орталық Азия» АҚ табиғи газдың халықаралық транзитін қамтамасыз ету және құбыр жүйесінің қолда бар активтерін неғұрлым тиімді пайдалану үшін отандық магистральдық газ құбырларының желісін жөндеу мен жаңарту бойынша шаралар кешенін жүзеге асырады.  
2014 жылдың бірінші тоқсанында «Интергаз Орталық Азия» АҚ өзінің қаражаты есебінен күрделі салымдары 6 521 млн. теңгені, оның ішінде өндіріске 6 027 млн. теңгені құрды. 2014 жылы «Интергаз Орталық Азия» АҚ күрделі салымдарының көлемі 30 394 млн. тенге мөлшерінде көзделген. 
А.ж. бірінші тоқсанында компания республика бюджетіне 2 996 млн. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді енгізді. 
«Интергаз Орталық Азия» АҚ жұмысының негізгі қағидалары газды тасымалдау саласында озық технологияларды пайдалану, барынша қауіпсіздікті, технологиялық процестің үнемділігі мен мүлтіксіздігін қамтамасыз ету, компания қызметіндегі менеджменттің жоғары деңгейі болып табылады. 
 
 «Интергаз Орталық Азия» АҚ 1997 жылдың шілде айында құрылған. Компания өзінің концессиясына берілген Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін тікелей басқаруды жүзеге асырады және «ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес) құрамына кіреді. Компания елімізде жылдық өткізу қабілеті 190 млрд. текше метрге дейінгі, ұзындығы 14 мың километрден асатын магистральдық газ құбырларының негізгі желісін бақылайды.

Информация о работе Торапты газ құбырларының жалпы сипаттамасы