Жобаның экономикалық тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 21:38, курсовая работа

Краткое описание

Жобаның міндеттері:
1. қонақ үйлік өнімнің сапасын арттыру;
2. елге келетін туристер санын көбейтуге ықпал ету;
3. әлемдік стандарттарға сай жұмыс істеу;
4. жаңа жұмыс орындарын ашу;
5. халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал ету.
Қазақстандағы барлық 5 жұлдызды қонақ үйлер франчайзинг әдісімен салынған қонақ үйлер болып табылады. Ал, «Astana Hotel» Қазақстандағы, соның ішінде Астана қаласындағы ең алғашқы 5 жұлдызды отандық өнім болмақ.

Содержание

1. Резюме........................................................................................................3
2. Қонақ үйдің сипаттамасы.........................................................................5
2.1. Қонақ үйлік өнімнің сипаттамасы........................................................5
3. Нарықты талдау.......................................................................................9
3.1. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі............................................................9
4. Ұйымдастырушылық жоспар.................................................................13
4.1. Персоналдар мен қызметкерлерді басқару........................................13
5. Өндірістік жоспар....................................................................................15
5.1. Материалды-техникалық қамтамасыз ету.........................................15
5.2. Өнім өндіру бойынша шығындар.......................................................17
6. Маркетингтік жоспар .............................................................................18
6.1. Баға, сапа, жарнама..............................................................................18
7. Қаржыландыру қажеттілігі.....................................................................19
7.1. Қаржыландыру көздері........................................................................19
7.2. Жалпы және әкімшілік шығындар......................................................21
8. Жобаның экономикалық тиімділігі.......................................................22
8.1. Әлеуметтік – экономикалық және экологиялық әсері.....................22

Вложенные файлы: 1 файл

бизнес план Алмат.docx

— 806.36 Кб (Скачать файл)

Мазмұны:

Резюме

Жобаның тұжырымдамасы  Қазақстан  Республикасының астанасы – Астана қаласында  «Astana Hotel» қазақстандық 5 жұлдызды қонақ үйін ашуды қарастырады. 

Жобаның мақсаты: Астана қаласында  отандық алғашқы 5 жұлдызды қонақ үйді салу.

Жобаның міндеттері:

1. қонақ үйлік өнімнің  сапасын арттыру;

2. елге келетін туристер  санын көбейтуге ықпал ету;

3. әлемдік стандарттарға  сай жұмыс істеу;

4. жаңа жұмыс орындарын  ашу;

5. халықтың әлеуметтік  жағдайын жақсартуға ықпал ету.

Қазақстандағы барлық 5 жұлдызды қонақ үйлер франчайзинг әдісімен салынған қонақ үйлер болып табылады. Ал, «Astana Hotel» Қазақстандағы, соның ішінде Астана қаласындағы  ең алғашқы 5 жұлдызды отандық өнім болмақ.

 Жоспарланған кәсіпорынның  нысаналы тобы – әр елден келген туристер болып табылады.  Себебі, өзге елдан келген туристер ең алдымен Астана қаласына тоқтайды.  Сондықтан,  бұл қонақ үй шет елдік туристердің талаптарын қанағаттандыратын болуы керек.

Жоба бойынша жалпы  инвестициялық шығындар мыналарды  қамтиды:

1-кесте. Жоба бойынша  жалпы инвестициялық шығындар

Шығыстар 

Млн,доллар

Негізгі капиталға инвестициялар

650

Негізгі капитал

300

Барлығы

950

Жобаны қаржыландыру тек қазақстандық инвесторлар есебінен жүргізіледі. Жоба 2013-2017 ж.ж. аралығында жүзеге асырылады.

2-кесте. Жобаны қаржыландыру  көздері мен салыну уақыты

Қаржыландыру 

көздері

Сомасы

Кезеңі

Үлесі

Қазақстандық инвесторлар

950 млн доллар

5 жыл

100%

3-кесте. Жобаның өзін-өзі  ақтау көрсеткіштері

Жылдық пайда (6 жыл), мың  тг.

950 млн доллар

Активтердің рентабельділігі

18%

  Кіріс алу көздері:

- қонақтарды орналастырудан  түсетін кіріс;

-қосымша қызметтерден  түсетін кіріс.

Отель шығындарының негізгі  тараулары:

-отель құрылысын салуға  кеткен шығындар;

- тамақтандыру шығындары;

- үстеме шығындар;

- маркетинг шығындары;

- еңбек ақы;

- салықтар.

Салық салу жүйесі: салық  салудың жеңілдетілген жүйесі, кіріске 6% салық.

2. Қонақ үйдің  сипаттамасы

2.1. Қонақ үйлік  өнімнің сипаттамасы

Астана қаласының сол  жақ бөлігінде орналасады. Хан  шатыр ойын-сауық орталығының  артқы жағындағы бос жерлерде салынуы керек.   «Astana Hotel» қонақ үйі  ежелгі сарай (қамал) түрінде болады. Ол жалпы 5 қабаттан,  300 нөмірлік қордан тұрады. (1-сурет)

Сурет 1. Қонақ үйдің сыртқы көрінісі.

Қонақ үйдің 1-қабатына кіре беріс холлдан басталады. Холл қонақтарды тіркеуге арналған. Клиенттерді тіркеудің  европалық үлгісі енгізілген. Яғни, клиенттер тек қана паспорт (шет  елдік туристер үшін), жеке куәлік (қазақстандық туристер үшін) керек.  Құжатын тіркеушіге тапсырып, клиенттің жұмсақ диванда  кофе ішіп отыруына жағдай жасалған. Әр қабатта 60 нөмірден бар. Сонымен қатар, ресепшн мен консьерж әр қабатта  орналасқан. Бұл қызмет көрсетудің ең жоғарғы дәрежесі екендігін көрсетеді.

Нөмірлердің барлығы дерлік люкс-нөмірлер. Ең кішкентай нөмір ауданы – 100 шаршы метр, ал ең үлкендері – 200 шаршы метр. Нөмірлері ерекше  интерьермен әлемдік стандарттарға сай етіп жабдықталған.

Сурет 2. Нөмірлер инетрьері.

Сонымен қатар, әр қабат сайын  қосымша қызметтердің бірнше түрлері  орналасқан.

Олар:

1-қабат: қазақы ресторан, кафе, сувинерлер дүкені (қазақы  сувинерлер «бал-бала» ойыншықтары);

2-қабат: SPA-салон, кір жуу,  химиялық тазарту, сауна, массаж  т.б.

3-қабат: бильярд залы, кинозал;

4-қабат: конференц-зал;

5-қабат: әлем елдерінің  тағамдары ұсынылатын ресторан.

1-қабаттағы қазақы ресторан  түгелдей қазақы үлгіде жасалады.  Оның тек қана интерьері емес, сонымен қатар ұсынылатын тағамдары  қазақтың ұлттық тағамдары болады. Бұл, қонақ үйдің отандық екендігін көрсететін белгі ретінде болады.

Ал, екінші қабат жалпы  қосымша қызметтердің барлық түрін  қамтиды.

Үшінші қабатта ойын-сауық  түрлері болады. Олар: бильярд залы, боулинг және үстел теннисін ойнауға  болатын зал. Сонымен қатар, қонақ  үйдің тағы бір ерекшелігі 3-қабатта  кинозал болуында. Кинозалдың қабырғалары  арнайы герметикалық материалдармен қапталады. Себебі, кинозалынан шығып жатқан дыбыс қонақтардың мазасын алмауы керек. Бұл қазақстандық отельдердегі алғашқы инновациялық жоба болмақ. Отельге демалуға келген қонақтың жақсы  демалысы үшін жан-жақты қызметтер  жүйесі қарастырылған.

Төртінші қабат  конференц-зал. Жалпы, Қазақстанға келуші туристердің  мақсаттары бойынша топтағанда, олардың 40 %-ы Қазақстанға іскерлік мақсатта келеді екен. Сондықтан, іскер-туристерге арналған конференц-зал Астана қаласындағы  ең ірі зал болмақ. (Сурет 3)

Сурет 3. Конференц-зал интерьері.

Бесінші қабатта екінші ресторан орналасады. Бұл ресторанда әлем  халықтарының озық асханалары ұсынылады.

Солардың ішінде:

  1. Қытай асханасы;
  2. Үнді асханасы;
  3. Француз асханасы;
  4. Итальян асханасы.

Келген туристің өзі қалаған  тағамдарды таңдауына мұмкіндік  бар. Қызмет көрсету уақыты – 1 минут  болмақ. Бұл Қазақстандағы ең тез  көрсеткіш.

Қонақ үй кәсіпорнының негізгі  функциясы клиенттерге уақытша  тұратын орын ұсыну болып табылады.

Қонақ үйдің негізгі белгілері  мыналар:

- нөмірлік  қорлардың  болуы;

- міндетті қызметтер жиынын  көрсету (номерлерді, санитарлық  тораптарды жинау, төмек-орынды  күн сайын жаңарту, номерлерде  қызмет көрсету);

- қосымша қызметтердің  белгілі түр-түрлерінің болуы.

Барлық қонақ үйлерде  төрт негізгі қызмет топтары қарастырылған:

• орналастыру;

• тамақтану;

• бос уақыт;

• тұрмыстық  қызметтер  көрсету.

Олар негізгі, қосымша  және ілеспе  қызметтерді қамтиды.

Қандай қонақ үйдің  болмасын  қажетті шарты екі  негізгі қызметінің болуы:  орналастыру  және тамақтандыру.

Орналастыру қызметін ұстау  біріншіден, пайдалану үшін арнайы орын-жайлар ұсынылады (қонақ үй номерлері),  екіншіден  қонақ үйдің құрамы тікелей көрсететін  қызметтері ұсыну болып табылды: қонақтарды қабылдайтын және ресімдейтін портье, қонақ үй номерлерін жинаушылар және т.б.

3. Нарықты талдау

3.1. Өнімнің бәсекеге  қабілеттілігі

Қонақ үй нарығын олигополистикалық  бәсекелестіктің нақты белгіленген  белгілері бар  монополиялық  бәсекелестік нарығын ретінде  сипаттауға болады:

- нарықта қонақ үй бизнесі  саласында жұмыс істейтін  кәсіпорындар  көрсететін  қызметтер туралы  ақпараттары жеткіліксіз сатып  алушылар саны барынша  жеткілікті.

- әлеуетті сатып алушыларды  қонақ үй және көрсетілетін  қызметтер туралы  хабардар етуге  бағытталған белсенді маркетингтік  және жарнамалық саясатты міндетті  түрде өткізу;

- нарықта барынша көп  сатушылар жұмыс істейді, олардың  қызметтері сараланған;  сәл ғана  айырмашылығы бар:  бірінде   ақылы автотұрағы бар; біреуінде  жоқ және т.б. Фирмалардың бірде  бірі  осындай қызметті көрсетпейтіндіктен  оның баға алдындағы  билігі  басым; 

- нарықта сипаты бойынша   ауыстыру-қызметтерінің болуы фирманың  бағаны  көтеруіне шек қояды,  өйткені нарықта осындай қызметтердің  болуы  олардың бағасына барынша  әсер етеді. Сондықтан нарықта   бағалық бәсекелестік әдісі   жоқ;

- олигополия элементтері  нарыққа барынша жоғары кедергілер  келтіреді:  салаға ену үшін  мол капитал болуы қажет,  қонақ  үй құрылысы мен қажетті жабдықтар   өте қымбат тұрады.

Сонымен қатар  саладан  шығу ешқандай  кедергімен шектелмеген: қонақ үй ғимаратын қайта жабдықтау  қиын емес,  номерлерді  офис ретінде  жалға беруге болады және т.б. Осындай  кіріс және шығыс кедергілерінің арақатынасы  бизнесті бірқатар сақтандыра алады.

Жобаның күшті және сыртқы жағдайын есептей отырып, SWOT-талдау жасадым.

Кесте-4. SWOT-талдау

Күшті жақтары (S):

  1. Алғашқы отандық 5 жұлдызды отель;
  2. Бағаның қызмет көрсету деңгейімен сәйкес келуі;
  3. Әлемдік стандарттарға сай жұмыс жасауы;
  4. Ресепшн мен консьерж қызметі;
  5. Тіркеудің жаңа европалық үлгісі;
  6. Шет елдік тәжірибенің енгізілуі;
  7. Қазақстанның ұлттық нақыштарының көп болуы;
  8. Қосымша қызметтердің жеткілікті деңгейі;
  9. Кинозалдың болуы;
  10. Әр қабатта өз ресепшні болуы.

Әлсіз жақтары (W):

  1. Жаңадан ашылғандықтан, адамдар арасында таралуына уақыт кетуі;
  2. Мамандардың жетіспеушілігі;
  3. Шетелдік туристердің танымауы;
  4. Маркетингтік қызметтерге көп қаржының бөлінуі.

Мүмкіндіктер (O):

  1. Танымалдыққа тез ие болуы;
  2. Жаңа мүмкіндіктердің пайда болуы;
  3. Мемлекет тарапынан қолдау көрсету;
  4. Шет елдік туристер арасында танымалдыққа ие болуы.

Қауіп-қатер (Т):

  1. Жаңа бәсекелестердің пайда болуы;
  2. Нарықта бағаның өсуі;
  3. Елдің экономикасының нашарлауы;
  4. Табиғи апаттар;
  5. Қонақ үйге деген сұраныстың төмендеуі;
  6. Елге келетін турситер санының азаюы;
  7. Басқа елдермен шекаралардың жабылуы.

Информация о работе Жобаның экономикалық тиімділігі