Курстық жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 20:14, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу өзектілігі:Туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамып жатқан секторы және валюталық түсімдердің тиімді көзі болып табылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Үндеуінде: «Біз бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыратын басым салалары бар бәсекеге қабілетті экономика үлгісін таңдадық, сөйтіп қазақстандық кластерлер жүйесін дамытудың бастамасын көтердік»,– деп көрсетілген. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, осындай басым бағыттағы қызмет салаларына туризм де жатады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ,ТУРИСТІК АҒЫН КӨЛЕМІНІҢ ӨСУ СЕРПІНІ ..................................................................................................................6
1.1Туризм индустриясындағы қазақстандық туристiк өнiм және оның әлеуетi.........................................................................................................................6
1.2. Қазақстанның туристiк бейнесiн қалыптастыру.............................................9
1.3. Қазақстан Республикасы, туризм индустриясы, туристік нысандар..........11
2 ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСТЫ ДАМЫТУШЫ ФАКТОРЫ.................................................................................15
2.1. Туризм индустриясы экономикасындағы маркетингтің алатын орны..........................................................................................................................15
2.2. Қазақстандағы туризм индустриясының қазіргі жай-күйі және оны дамытудың проблемалары......................................................................................18
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.....................................................24
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының ерекшеліктері....25
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................29

Вложенные файлы: 1 файл

жансая.docx

— 84.32 Кб (Скачать файл)

2012 жылы республикада 430 туристiк ұйымдар, фирмалар мен әр түрлi бюролар жұмыс iстедi. Оларда 6 мың адам, оның iшiнде 1500 кәсiптiк экскурсия жүргiзушiлер (гидтер) қызмет көрсетедi. Қазақстанның туристiк фирмалары дүние жүзiнiң 80-ге жуық елiмен қарым-қатынас жасайды. Алматы қ-ның 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндiстанға, Түркияға, Бiрiккен Араб Әмiрлiгiне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т.б. елдерге чартерлiк әуе рейстерiн жолға қойған.

Қазақстанда туризмнiң барлық түрлерi (танымдық, ойын-сауық, этн., экол., денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т.б. бойынша жүргiзiледi. Бұл үшiн Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгiленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымд. 33 мың орынды 372 әр түрлi категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетедi. Мыс., Алматы қ-нда қонақтарға “Алатау”, “Қазақстан”, “Достық”, “Есiк”, “Отырар”, “Астана”, “Анкара”, “Hyatt Regency Almaty”, “Интурист”, т.б. қонақ үйлер сервистiк қызмет көрсетедi. Астанада 30 туристiк фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың iрiлерi: “Окан — Интерконтиненталь Астана”; “Комформ — Отель Астана”, “Турист”, “Есiл”, “Жiбек жолы”, “Алтын дала”, т.б. Туризм мамандары Туризм және спорт академиясында, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi ун-тiнде, Алматы мемл. ун-тiнде, Қазақ Ұлттық ун-тiнде, “Тұран” ун-тiнде, т.б. жоғары оқу орындарында дайындалады.

Туристiк нысандар. Қазақстандағы  туристiк ресурстарға — туристiк  қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеум.-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердiң рухани қажеттерiн қанағаттандыра алатын, олардың күш-жiгерiн қалпына келтiрiп сергiтуге жәрдемдесетiн өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экол., спорттық, әлеум., дiни, т.б. туризм түрлерiне бөлiнедi. Қазақстандағы туристiк нысандар табиғи-рекреациялық, тарихи-археол., тәуеп ету, т.б. топтарға бөлiнедi.

Табиғи-рекреациялық нысандарға Солт. Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығ. Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңт. Қазақстан жерiндегi Батыс, Солт. Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетiсу алабы, Бат. Қазақстандағы Үстiрт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңiрi, Орт. Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бiрге Алматы обл-ндағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмдi дамытуда маңызы зор. Оларға Iле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендерi аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есiк, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елдi мекендерi жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмдi дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келедi. Қазақстан аумағындағы 9 мемл. қорықта да ғыл.-экол. туризмдi дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.

Тарихи-археологиялық ескерткiштердiң туристiк-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археол. ескерткiштердiң кез-келген нысандары туристiк-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның iшiнде Жетiсудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңт. Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Бат. Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердiң қызығушылығы мол. Археол.-тарихи ескерткiштердiң қазiрге дейiн жеткен нысандарының iшiнде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуiр ескерткiштерiне жартастағы петроглифтердi атауға болады. Оларға әйгiлi бiрегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өз-ндегi Ешкiөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кiндiктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 6 — 3 ғ-лардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскерi киiмiн киген “Алтын адам”, 2011 — 2012 ж. Шығ. Қазақстан обл. Қатонқарағай ауд-ның Бергiел (Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археол. туристiк нысандарға жатады. Ортағасырлық Түркiстан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қ-лары, т.б. елдi мекендер қазiргi туристiк нысандар болып табылады. Түркiстан — қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесi салынған, кесене iшi мен айналасына қазақ мемлекетiнiң негiзiн қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгiр, Есiм, Абылай, Қазыбек би жерленген.

Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшiн тартымды нысандар.

Тәуеп ету (дiни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседi. Оларға түркi әлемiндегi қасиеттi Түркiстан қаласы., Қожа Ахмет Иасауи кесенесi, Абаб-Араб мешiтi, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейiтi, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиеттi жерлерге тәуеп етiп, Аллаға сиыну үшiн келедi. Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауд.) Арыстан баб кесенесi, Ибраһим-ата бейiтi, Қарашаш ана кесенесi, Тұраба а-нда — Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында — Айша бибi кесенесi мен Қарахан кесенесi, Қызылорда облысында — Артық, Айтман кесенелерi, Балқаш қаласы маңында — Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелi орындар бар. 
 Қазақ халқының азаттық күресi жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгiсi мемориалдар мен ескерткiштерде көрсетiлдi. Бұларға Райымбек пен Қарасай батыр ескерткiштерi (Алматы обл.) Қордайдағы (Жамбыл обл.) Өтеген батыр, Ақтөбедегi Есет батыр, Солт. Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткiштерi, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткiштерi, т.б. жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздiң басын қосқан жер, тарихи орындар ретiнде Жошы және Алаша хан кесенелерi, Алматыдағы тәуелсiздiк монументi, Астанадағы үш би ескерткiштерi қастерлi орындар санатында туристiк нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткiштер қатарына: Қозы Көрпеш — Баян сұлу, Еңлiк-Кебек кесенелерi, Ш.Уәлиханов, Қ.Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Д.Нұрпейiсова, Абай, Абылайхан, Әлия мен Мәншүк, А.Иманов, I.Жансүгiров, С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б. көптеген естелiк орындар жатады. 
 Республиканың әсем де әдемi жерлерiнде бiрнеше туристiк базалар орналасқан. Оларға Iле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар обл. Жасыбай к. жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды обл-ндағы таулы-орманды “Қарқаралы”, Шығ. Қазақстан обл. Бұқтырма бөгенi жағасындағы “Алтай мүйiсi”, Орал қ. Жайық өз. маңындағы “Орал”, Қостанай обл-ндағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңт. Қазақстан обл. Бадам жазығындағы “Оңтүстiк”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор” базалары жатады. Қазақстанда белгiлi туристiк маңызы бар зоол., ботан. қорықтар да жеткiлiктi. Оларға Алматы қорығы (кешендi), Iле атырауы (зоол.), Тарбағатай (зоол.), Жалтыркөл (зоол.), Ұлытау (зоол.), Бетпақдала (зоол.), Қарақия-Қаракөл (зоол.), Зерендi (зоол.) қорықшалары, Шарын каньоны (ландшафты — палеонтол.) және Шарын өз-ндегi “Шетен тоғайы” т.б.

 

2. Туризм индустриясы экономиканың басты дамытушы факторы

2.1. Туризм индустриясы  экономикасындағы маркетингтің  алатын орны

         70-жылдардың ортасында туризм сферасы сатып алушылар нарығы ретінде қалыптасты. Туризм және қоршаған орта бір  – бірімен тығыз байланысты. Туризм түсінігін қарастыруда алғашқы мезетте табиғатты және қоршаған ортадағы құндылықтар есепке  алынды.  Сондықтан  туризмнің  экологиялық  тұстарын  қамту  басты міндеттемелерінің бірі болып табылады. Экологиялық туризм – туризм индустриясы мен қоршаған орта өзара байланысқан барлық спекторларының жиынтығын қамтамасыз етеді.

         Экология құндылықтарына басымдылық берудегі басты бағытымыз, егер мемлекеттердегі табиғи қазба байлықтары мен тарихи құндылықтары болмаса, туризм индустриясы дамымаған болар еді. Сондықтан табиғаттың туризмде алатын орны ерекше. Туризмнің табиғатпен және қоршаған ортамен өзара байланысын үш негізігі аспект ретінде қарастыру керек.

         Бірінші бағыты - табиғатты қорғау туризмде негізгі басымдылықтарының бірі болып табылды. Себебі, туризм табиғат ортасының ерекше ресурстары арқылы ғана өмір сүре алатын ғылым. Адамдық қызмет сферасындағы табысты дамыту үшін  туризм – өмірлік маңызы зор орта және табиғаттың тазалығы мен сәнділігі үшін қызмет ететін кешен болып табылады.

Екінші бағыты  – туризм көмегімен табиғатты қорғау – бұл адамдардың табиғатты жақсы көруге,оны қорғауға ынталандыратын белсенді қызметтердің бір түрі ретінде қалыптасқан.

Үшінші бағыты  – туризммен  табиғатты қорғау  – табиғи кешенге  және табиғаттың жағдайын нашарлатқан  себеп-салдарын жоюға әсер ететін адамдар қызметі болып табылады.

Сондықтан туризмнің қандай түрі болмасын экологиялық талаптарды ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.Туристік кәсіпорын  – туристерге қажетті қызметтер мен өндірістік құралдарды дайындап оларды жүзеге асыратын ұйымдық-шаруашылық бірілік  деп түсінуге болады. Тек қана туризм және туристерге қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындарды алғашқы қызмет көрсетуші туристік кәсіпорындар деп аталады.

 Туроператор  –  туристердің талаптарына сәйкес  туристік өнімді өз бетінше  ұсына алатын немесе делдалдар  арқылы кешенді (қонақ үй, транспорттық  компаниялар т.б.,) туристік қызметті  жүзеге асыратын кәсіпорындар.Отандық  кәсіпорындарды басқару жүйесіне  маркетингті енгізу ерекшеліктері 1990 –шы жылдар басында пайда болып, бүгінгі күні сыртқы орта факторлармен байланысады. Маркетингтің де деңгейі мен сипатты ерекшеліктері осы қатынастар мен жаңа экономика және жекелей ішкі жүйелерінің даму деңгейлеріне тәуелді. Бүгінгі маркетингтің мәні тұтынушының қажеттілігін кәсіпорынның пайдасына айналдыратын кәсіпкерлік қызметте көрініс алады. Маркетинг - бұл тауарларды итермелеу емес, тұтынушының талаптарын, нарықтың нақты сегменттерінің талаптарын ескеретін, жаңа тауардың анықталған талаптарына сәйкес өңделген ғылыми зерттелген тұжырымдама.

Қазіргі таңда еліміздегі көптеген өндірістік және қызмет көрсетуші  кәсіпорындар, соның ішінде туризм индустриясындағы кәсіпорындары да өздерінің шаруашылық қызметтерін маркетинг жүйесімен байланыстыра отырып, нарық талаптарына икемделуде. Дұрыс ұйымдастырылған маркетингтік жүйе өзінің нәтижесін еселеп қайтаратынын туризм индустриясы да түсіне бастады

           Кәсіпорындағы маркетингтің негізгі орны, бағалық есептің бәсекеде, өндірушінің нарықтағы бәсекелестерінен өнімдерін тиімді өткізу көрсеткіштері арқылы ерекшеленуге ықпал етуімен байланысты болуы тиіс.Әлемдік  туризм  индустриясындағы ғылыми - техникалық  өзгерістер, тұтынушылардың тұтыну талғамдары мен жаңа талаптарының ерекшеліктерін ескеруді, мүмкіндігінше талаптарын қанағаттандыруды және әрдайым өзгеріске дайын болуын қадағалап отырады. Демек,еліміздегі туристік кәсіпорындар әлемдік өзгерістерден тысқары қалмауы тиіс. Өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыруға мүдделі кез келген туристік кәсіпорын тауарлық стратегияларын, турөнімді өткізу әдістері мен тұтынушылардың талғамын анықтау жолдарын басты назарға ұстағаны абзал.Ұсынылатын жаңа турөнімнің тартымды келбеті мен сату мәдениеті тұтынушыға жағымды әсер ететіндей саясат қалыптастыру, оның сапалық белгілерінің негізгі сипаттарын көрсете білу маркетингтік жүйелі саясаттың маңызды буынына жатады.

Туризм нарығындағы маркетингті  туристік кәсіпорынның тауарлары мен  қызметтеріне деген сұраныс пен  ұсынысты теңдестіруге бағытталған  механизм ретінде анықтауға болады. Туризм индустриясындағы маркетинг рөлінің өсуі туристік қызметке сұраныстың өзгеруі мен экономикалық, бәсекелік жағдайдың күрделенуі әсер етті. Ең бастысы демографиялық, экономикалық және әлеуметтік, психологиялық факторлардың өзгеруі ерекше әсер етуде.

«Туризмдегі маркетинг»  – пайда алу мақсатында туристік өнімді қалыптастыруды, баға белгілеуді, жылжытуды, өткізуді, турларды ұйымдастыруды, басқарудың нарықтағы сұранысқа  бейімделген бәсекелік артықшылықтарын  жоғарылатуға мүмкіндік беретін  туристік қызмет әзірлеп, ұсынуға бағытталған  үдеріс. Туризм индустриясындағы маркетингтік қызметті туристік кәсіпорын шарттарымен тұтынушы талаптарының үйлесімділігі орын алған жағдайдағы процесті айтады. Оның нәтижелілігін туристік компаниялар туристердің қажеттілігіне сай  турөнімдерді дайындап, олардан кәсіпорынға түсетін пайда еселенетін тұсынан көруге болады.

Туристік кәсіпорындардың  маркетингтік қызметі мыналар болып  табылады:

– нарықтық мүмкіншіліктерді талдай  отырып, келешекте мақсатты нарықты таңдау;

– таңдалған нарық сегементтеріне сәйкес стратегияларды дайындау;

– туристік өнімдерді дайындау, оларды тарату, жылжыту.

Туризм индустриясындағы маркетингтің ерекшелігі мынада:

Біріншіден, маркетинг туристердің  туристік сапарға шығуы мен келуінің ынталандырушы құралы ретінде қарастырылуымен  ерекшеленеді. Бұл жерде маркетинг коммуникациялық технологиялар арқылы туризм индустриясына қатынаса алады. Оның ішінде жарнама, PR элементтерімен, көрме және жәрмеңкелермен туристерді қызықтыруға ықпал етеді. 2011 жылы Берлинде өткен ITB халықаралық туристік көрмеде Қазақстан әлемдегі ең үздіктердің қатарына енді. Осы тұста маркетингтік көрме саясатының қолданыс тапқандығын байқаймыз.

Екіншіден, сыртқы туризмді дамытуда жергілікті жерлердегі туристік компаниялар туристік сапармен шығатын аудандар мен елдердің нарығына маркетингтік зерттеу жүргізумен ерекшеленеді. Әрбір туристік қызметті ұсынушылар ішкі және сыртқы туризмдегі компаниялардың үлесін анықтау арқылы өзінің іс-әрекетін жүйелендірудің тиімді тетігін әзірлейтін болады.

2010 жылдың жарты жылы  ішінде барлығы 245 турист еліміздің  өңірлерінің сұлулығын тамашалаған.  Оның ішінде 74,3% іскерлік мақсатпен сапар шексе, қалғандары басқа туристік сапарды таңдаған. Ақтөбе тұрғындары негізінен Алматы, Сарыағаш және Бурабай  курорттары мен санаторийлерінде демалғанды қалайды. Демалушылардың көпшілігі Каспий теңізіне, Бурабай курорттары мен санаторийіне, Түркістанға тур фирмалардың қызметіне жүгінбей, өз бетінше барады. Яғни бізде әлі туризм мәдениеті қалыптаспаған, әрі туристер қаражат мүмкіндіктерін ескеретіні байқалады. Сондай-ақ тұрғындардың есебінше, Алакөл мен Көлсайға барып демалғанша, Ыстықкөл мен Туркияның демалыс орындарына барып келген әлдеқайда тиімді. Соңғы жылдары облыста сыртқы туризмнің дамуы өсіп келеді. Мысалы, 2010 жылы Ақтөбе облыс тұрғындарының 70% Туркияны таңдаған. Себебі, барып-келушілердің пікірінше, ондағы қонақ үй лер мен жолдамаларға қол жеткізу оңай, әрі туристерді визасыз тәртіп пен жолдама арзандығы қызықтырады. Қазір Египет пен БАӘ-не баратындар екі есеге азайып кетті. Ал емделу мақсатын көздейтіндер Израйль, Ресейге, ал оқу іздегендер Ұлыбритания ға көбірек баратын болған.

2010 жылдың бірінші жарты  жылдығында туристік фирмалар  мен обьектілер барлығы 31 673 туристке  қызмет көрсеткен. Сол цифрларды тарқатсақ, турифирмалар туристердің 10%  ғана қамтыған, ал қалған 90% нысандар мейрамханалар және демалыс аймақтары үлесіне тиеді. Осы кезеңде турфирмалар заңды тұлғалар құны 181,4 млн теңге болатын 860 жолдама сатқан, 3039 туристке қызмет көрсетілген.

Информация о работе Курстық жұмыс