Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 20:14, курсовая работа
Зерттеу өзектілігі:Туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамып жатқан секторы және валюталық түсімдердің тиімді көзі болып табылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Үндеуінде: «Біз бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыратын басым салалары бар бәсекеге қабілетті экономика үлгісін таңдадық, сөйтіп қазақстандық кластерлер жүйесін дамытудың бастамасын көтердік»,– деп көрсетілген. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, осындай басым бағыттағы қызмет салаларына туризм де жатады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ,ТУРИСТІК АҒЫН КӨЛЕМІНІҢ ӨСУ СЕРПІНІ ..................................................................................................................6
1.1Туризм индустриясындағы қазақстандық туристiк өнiм және оның әлеуетi.........................................................................................................................6
1.2. Қазақстанның туристiк бейнесiн қалыптастыру.............................................9
1.3. Қазақстан Республикасы, туризм индустриясы, туристік нысандар..........11
2 ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСТЫ ДАМЫТУШЫ ФАКТОРЫ.................................................................................15
2.1. Туризм индустриясы экономикасындағы маркетингтің алатын орны..........................................................................................................................15
2.2. Қазақстандағы туризм индустриясының қазіргі жай-күйі және оны дамытудың проблемалары......................................................................................18
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.....................................................24
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының ерекшеліктері....25
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................29
Жолаушыларға темiр жол
Автокөлiк саласында: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 5 желтоқсандағы N 1809 қаулысына сәйкес республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары тiзбесiне iрi туристiк oбъектiлерге апаратын және туризмдi одан әрi дамытуда барынша қызығушылық тудыратын мынадай жолдар енгiзiлуiне байланысты соңғы жылдары туристiк мақсатта автокөлiк белсендi түрде пайдаланылып жүр:
1. Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас;
2. Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Самара;
3. Алматы - Қарағанды - Астана - Петропавл;
4. Астрахань - Атырау - Ақтау - Түркiменстан шекарасы;
5. Омбы - Павлодар - Семей - Майқапшағай;
6. Астана - Қостанай - Челябi - Екатеринбург.
Статистика деректерi бойынша 2012 жылы
қалааралық автобустардың қызмет көрсетулерiн
87615 (20,1 процент) турист, басқа да құрлықтағы
жол құралдарын 53765 (12,36 процент) турист
пайдаланған.
2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдары бойындағы бөлiнген
жолақта мынадай объектiлер жұмыс iстейдi:
925 - АМС, 108-ТҚС, 62 - қонақ үй, 1124 - тамақтану
және сауда орындары, 61 - автотұрақ.
Су көлiгi саласында:Каспий
теңiзiндегi Ақтау порты Қазақстанды Ресей,
Түркiменстан, Әзiрбайжан және Иран порттарымен
байланыстырады. Қазақстан Республикасында
Ресей Федерациясымен және Қытай Халық
Республикасымен iшкi су жолдары бойынша
қатынастар бар.
Шығыс Қазақстандық су жолдары республикалық
мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жолаушылар
тасымалдауға лицензиясы бар және туристiк
қызметке кiрiктiрiлген кемелер үшiн Өскемен
мен Бұқтырма шлюздерi арқылы шлюздеу
құнының 25 процентi мөлшерiнде жеңiлдетiлген
тариф белгiледi. Бұл ретте Өскемен және
Бұқтырма шлюздерi арқылы aз мөлшерлi флотты
шлюздеу ұзындығы 10 м. дейiнгi кеменi - шлюздеу
құнының - 10%-iмен және 10 метрден ұзын кеменi
- шлюздеу құнының 20%-iмен жеңiлдетiлген
тариф бойынша белгiленген кестемен жүргiзiледi.
Статдеректерге сәйкес 2012 жылы аталған
кәсiпорын 276 туристке қызмет көрсеткен.
Елдiң басқа да су артериялары туристiк мақсатта пайдаланылмайды. Сонымен қатар жүргiзiлген зерттеулер нәтижесiнде Еуропадан келген туристердiң Каспий теңiзi бассейнi аумағында үлкен қызығушылығы жағажай туризмiнде де және круиз ұйымдастыруда да байқалды.
3. Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының ерекшеліктері
3.1 Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының ерекшеліктері
Туризмнен түскен табыс ел экономикасына елеулі өзгеріс әкелетін әлемдік қаражат. Ол экономикалық құбылыс ретінде индустриалды нышанға айналып, ұлттық экономиканың даму катализаторы болып табылады.
Туризм арқасында жаңа жұмыс орындарының қалыптасуы, ұлттық табыстың өсуі, жергілікті инфрақұрылымның дамуы, халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруы байқалады.
Туризм индустриясы
Туристік индустриядағы қызмет көрсету түрлері:
- турлар ұсыну жөніндегі қызмет көрсету;
- тұратын орындар беру жөніндегі қызмет көрсету;
- тамақтандыру жөніндегі қызмет көрсету;
- ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;
- көлік қызметін көрсету;
- ойын-сауық;
- өзге де туристік қызмет көрсетулер;
Қазақстанның дамыған және жоғары деңгейлі кластерлерінің бірі туризм болып табылады.
Туризмнің дамуы мемлекеттің экономикалық жағдайының жақсаруына аралық салалардың қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Бұл жаhандану деңгейіндегі салмақты саясат, үлкен ақша ірі бизнес болып саналады.
Туризм үш ең ірі экспорттық салалардың құрамына, автомобиль жасау және мұнай өндіру өнеркәсіптерінен кейін енеді. Туризм өз кегінде әлемдік шаруашылық ең қарқынды және өз шығымын өзі өтей алатын түрі болып саналады.
Қазақстан Республикасындағы 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамытудың тұжырымдамасына сәйкес елдің орнықты дамуына көшуінің алғышарттарының бірі ретінде, қоршаған ортаны қорғау қызметтерін жетілдіру және экономикалық мүмкіндіктерді өрістету.
Сонымен бірге аталған
тұжырымдамада «...Қазақстан
Халық тығыздығының төмен болуы шекара созылған жағдайда әрдайым мемлекет дамуындағы тұрақсыздық факторы болып табылады.
Ел аумағының елеулі бөлігі шаруашылыққа игеру қиын және халықты Қазақстанның барлық өңірлеріне бірдей орналастыру міндетін қою мүмкін еместігіне қарамастан, халық санын белгілі бір деңгейде ұстап тұру қажет, сонымен бірге экономикалық мүмкіндігі ең алдымен еңбек нарығы, мәселесін шеше отырып, қазақстандықтардың көршілес әлем ұлттарының арасындағы генетикалық және мәдени әлеуетін сақтау, өңірлер арасындағы атап айтқанда, инфрақұрылымның әлсіздігі мен демографиялық жағымсыз шараларды еңсеру қажет» деп көрсетілген. Осы мәселелерді шешуде елде дамыған туризм индустриясы үлкен рөл атқара алады.
Өйткені, туризм дамуында дүние жүзілік тенденциясы бойынша туристік аймақтың экологиялық тұрақтылығына аса назар аударылады және
Қазақстанның түпкір түпкіріне (Қазақстанның туризм индустриясында кейбір мамандардың есептеулері бойынша, елдің әр аймақтарында белгілі бір туризм түрін дамытуға болады. Ж.Н. Алиева, С.Р. Ердавлетов) жетуі жергілікті халықтың табыс көзін қамтамассыз етер еді.
Кей жерлерде бұл табыс көзі маусымдық сипатта болса да халықтың табысына қосымша қаражат әкеледі. Ал ол өз кезегінде аталған әлеуметтік мәселерді шешуге өз себін тигізеді.
Сондықтан Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытуға қатысты зерттеулер әлі де қажет.
Қорытынды
ХХ ғасырдың 80-ші жылдары
батыс Еуропаның
Туристтік тұтынушылықтың құрылымына
басты әсерін тигізгені экономикалық
конеъюктураның нашарлауы болды. Индустриясы
дамыған елдердегі тоқырау
Экономикалық конъюктурадағы
нашарлау әлеуметтік сфераны өзгертті,
ол өз ретінде туристтік сұранысқа
әсерін тигізді. Зейнеткерлікке шығу жасы
төмендетілді, демалыс уақыты ұзартылды,
апталық жұмыс мерзімі
Қазіргі егде адамдардың туристтік сұранысы өздерінің 10 және 20 жыл бұрыңғы қатарларының сұранысынан ерекше болып келеді. Бұрыңғы аталарына қарағанда олар батыл да, қайратты келеді.
Мүгедек егде адамдар да саяхаттап, өзіне жаңа сезім, әсер алғысы келеді, бірақ оған мүмкіндіктері жоқ. Мұндай категориядағыларға арналған «төртінші жастағыларға» атты бағдарлама бойынша арнайы құрылымымен Данияда «Дайнэдж Ассоциэшн», Нидерландыда «Сенье Ваканти План», Швейцияда «Свериджес Пенсионарсфорбинд» атты демалыс клубтары жұмыс істейді.
Осындай факторлар туристтік тұтынушылықты ілгері жылжытты. Жалпы экономикалық жағдайдың нашарлауымен және бос уақыт мөлшерінің ұлғаюына байланысты халықтың рекреациялық сипатында келесі тенденциялар байқалады – демалыс уақытының бөлшектелуі және қысқа мерзімдік сапардың көбеюі. ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының басында Авсрияда және Ұлыбританияда халықтың 20 % демалысқа жазда және қыста шығып тұрды, ал 10 % жылына үш және одан да артық саяхатқа шығып тұрды. Осындай жағдайлар Германия, Италия және басқа да Еуропаның дамыған елдерінде байқалды. Турлар қысқа, бірақ жиі болып тұрды. Батыс елдерінің әдебиеттерінде бұған «үзілісті саяхат» деген ат берілді. «Үзілісті саяхат» туристтік фирмалар үшін өте тиімді болып отыр. Өйткені қысқа мерзімдік саяхаттың бір күні жай саяхат күнінен едәуір жоғары. Онымен қатар «үзілісті саяхатты» адамдар жыл бойы пайдалнылады, ол туристтік индустриядағы қиын мәселелрді шещуге мүмкіндік тұғызады (маусымдық кезеңдегі қонақ үй және көлік мәселелерін жеңілдетеді). Батыс Еуропаның халықтары демалыс және мейрам күндеріндегі маршруттарды жиі пайдаланады. Олар көрме, мұражай, галерея және дүкендерді аралап, экскурсия жасауды ұнатады. Ұлттық саяжайларда уик-энд өткізеді немесе жақын жерлердегі фестиваль, карнавал, әртүрлі тағамдардың дәмін анықтауға қатысады.
Туристік және экскурсиялық көліктік саяхаттарды ұйымдастыру үшін ең маңызды мәселе көліктің қауіпсіздігі мен сенімділігі және туристердің қауіпсіздігін ұйымдастырушылық және ақпараттық іс-шаралар арқылы жоғарылату болып отыр. Туризм мақсатында қолданылатын көліктердің бекітілген талаптарға сәйкестік сертификаттарының, ал көліктік кәсіпорындардың жолаушы тасымалдау қызметіне лицензияларының болуы тиіс.
Туристердің баратын жерлеріне
дейін жетуі мен қайтадан келуі
және саяхат кезінде пайдалануы үшін
әртүрлі көлік түрлері
Әрбір нақты жағдайларда туристердің жарақат алуы, қозғалмалы механизмдермен байланыс кезінде төнетін қауіптерді болдырмау шараларын қарастыру қажет.
Жарақат алуды болдырмау үшін туроператорлар, ең алдымен, көлік компанияларының қауіпсіздікке қатысты рейтингтерін қадағалап отыруы және тасымалдау кездерінде жеке қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу қажет.
Біздің ұсыныстар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі